- •Инвагинация түрлері.
- •Дәлелді педиатрия көзқарасы бойынша энурезді емдеу тәсілдері:
- •1. Основные симптомы врожденного вывиха бедра:
- •2. Осложнения паховых грыж у детей, врачебная тактика
- •2. Пупочная грыжа: классификация, клиника, диагностика и лечение
- •1. Клиника и диагностика эпифизарного остеомиелита.
- •2. Спинно-мозговые грыжи: классификация, клиника, диагностика и лечение
- •2.Грыжа белой линии живота у детей.
Дәлелді педиатрия көзқарасы бойынша энурезді емдеу тәсілдері:
-Enuresis alarms – нәрестені енді зәр бөле бастаған уақытта белгі беру арқылы нәрестені оятатын құрылғы.Бұл әдіс бірнеше айды қажет етуі мүмкін.
-Осы әдіске үйрету үшін жаттығу режимі.
-Десмопрессин-антидиуретикалық гормонның синтетикалық аналогы,ол түнгі уақытта зәрдің бөлінуін төмендетеді,ол тез әсер етеді, қысқа уақыт ішінде нәтиже алуға болады.
11- билет
1-Сан сүйегінің туа біткен шығуы – сан сүйегі басынының ұршық ойығынан толық шығуы және генетикалық және экзогендік факторлардың кумуляциялық әсері нәтижесінен пайда болатын аномалияларға жатады. Даму ақауы нәресте туған біріншілік (тератогендік) шығуы кезде айқын анықталуы (буыннан толық шығу, жартылай шығу) мүмкін.
Ерте клиникалық белгісі – науқастың алғашқы аптасында анаықталатын буыннан жылжып кету белгісі. Екінші клиникалық белгі - санды сыртқа айналдырудың шектелуі, бұл біріншілік жоғары буыннан шығуларға тән белгі.
Диагноз қоюда 2-3 айлық мерзімде пайда болатын баланың аяғының сыртқа ротациялануы, сан-бөксе және сан тері қатпарларының асимметриясы, жыныс ернеулерінің қисық орналасуы, зақымдалған аяқтың қысқалығы және басқа белгілер ескеріледі. Диагнозды нақтылау үшін жамбас-сан буындарының УДТ және рентгенографиясы жасалады.
Ерте функциялық емдеу әдістері ХХ ғасырдың 20-30 жылдары шығарылған. Балаларды емдеу үшін 4-6 ай көлемінде жаялыққа аяғынының арсын ашып орау, Фрейк жастақшасы, Павлик үзеңгісі, әртүрлі қысқыштар қолданылады. Бақылау рентгенограммасы емдеуді тоқтату немесе ары қарай жалғастыру туралы сұрақты шешеді (К.А.Крумень, 1958; П.А.Баубинас, 1965; В.Я.Вилеменский, 1971).
Орнына түспеген шығуларға операция жасалады, операция жасау кезінде ұршық ойығында сан сүйегі мойынының қисаю бұрышы (сан сүйегі мойыны мен диафиздік бұрыш, антеверсия бұрышы, вертикаль және горизонталь қисаю бұрыштары, ойықтар) ескеріледі.
Операциялық ем нәтижелерін жақсартуға ұмтылу бірнеше жаңа бағыттардың пайда болуына себекп болды:
-артропластика типі бойынша орнына салу
-сан сүйегін қысқарту және сан сүйегі мойынының жағдайын коррекциялау
-ұршық ойығы төбесін реконструкциялау
-жамбас сүйегінің остеотомиясы
Тек қана операция жасау операциядан кейін 1,5-2 жыл бойы буынға аз жүктемемен, ауырлық түсірмей, үнемі физиоем, массаж, ЕДШ курстарымен қалпына келтіру әдістерін қолданып, емді жалғастырғанда ғана жақсы нәтиже береді
12-билет
1-Гидронефроз Бұл тостағанша астау жүйесінің ұлғаюымен, бүйрек паренхимасының семуімен (атрофия)және бүйректен зәр шығуының бұзылуының нәтижесінде бүйректің барлық негізгі қызметінің нашарлауымен және бүйрек паренхимасындағы қан циркуляциясының бұзылуымен сипатталатын бүйрек ауруы.
Этиологиясы : Гидронефроз әрқашан зәрдің ағуына кедергі туған кезде дамиды. Бұл кедергілерді келесі топтарға бөледі:
1-Үрпі мен қуықта орналасқан кедергілер
2-Несепағар бойындағы, бірақ оның қуысынан тыс орналасқан кедергілер
3-Несепағар қалпының аутқуынан туған кедергілер
4-Несепағардың өз қуысында және астауында кездесетін кедергілер
5-Несепағардан немесе астаудан зәр шығуын қиындататын өзгерістер
Екіқабат әйелдерде “физиологиялық гидронефроздың” дамуына себепші болатын факторлардың бірі.
Патогенезі : Қазіргі уақытта гидронефроздың барысынан үш сатыны ажыратады:
1-Бүйректің қызметі шамалы бұзылған астаудың кеңеюі(пиелэктазия)
2-Бүйрек паренхимасы қалыңдығының кемуіне және оның қызметінің айтарлықтай бұзылуына ұласатын астау мен тостағаншаның кеңеюі (гидрокаликоз)
3-Бүйрек паренхимасының кенет семуі (атрофия)
Клиникасы : Гидронефроз көбінесе белгілерсіз өтеді және негізінен қабыну дамығанда немесе бүйрекке профилактикалық УДЗ жүргізгенде анықталады.
Бел тұсының ауырсынуы секілді шағымдар кездеседі, ол үнемі ұйып аурады. Ол кейде бүйректің шаншуына ұласады, қабырға астынан сипап сезуге болатын ісік тәрізді екінші белгі. Кейде аурудың жалғыз белгісі гематурия болады, ол астаудан зәрдің шығуы аз уақытқа қалпына келгенде астау ішіндегі қысымның кенеттен және тез арада төмендеу салдарынан болады. Бір жақты гидронефроз жасырын өтуі мүмкін. Екі жақты гидронефроз біртіндеп созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі мен уремияны күшейтеді.
Диагностикасы: Анамнез, Лабораториялық тексерулер, Радиоизотопты рентгенография, Динамикалық нефросцинтиграфия, Экскреторлық урография, Рентген, УДЗ, Рентгено контрастты зерттеу, Ретроградты уретеропиелография,
КТ, Ультра дыбыстық доплерография, Бүйрек ангиографиясы, Урографиялық зерттеулер, Телевизиялық уроскопия,
Емі : Гидронефрозды емдеу патологиялық процесстің дамуын туғызған себептерді жоюға және мүмкіндігінше мүшені сақтауға бағытталған. Гидронефроздың 1,2 сатылары пластикалық операция жасауға негіз бола алады. Қазіргі уақытта мынадай операциялық әрекеттер қолданылады: -Фенгер операциясы -Фоли операциясы -Кальп де Вирда операциясы -Хайнесс Андерсен операциясы -Реконструкциялық пластикалық операция -нефроэктомия
14-билет
