Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_1-30bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.32 Кб
Скачать
  1. Қазақстан және халықаралық экономикалық ұйымдар

. Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.

Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері,Халыкаралық валюта қорыЮНИСЕФЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.

1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қарарға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.

1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.

1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ныңПариждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.

Билет №9

  1. Орта ғасырлардағы саяси ойлар

Орта ғасырлық саяси ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі орта ғасырлық діндар-философ, ғалым Фома Аквинский болды. (1225-1274 жылдар). «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның қосындылары» деген еңбектерінде мемлекет, заң, құқық туралы мәселелерді қарастырады. Аквинский Аристотельден адам табиғаты жағынан «қарым-қатынас жасайтын және саяси жануар» деген қағиданы алды. Ол мемлекеттік биліктің үш мынандай элементін енгізді:

1) мәні.

2) формасы (шығу тегі).

3) қолданылуы.

Биліктің мәнін ол құдайдан деп түсіндірді. Алайда қолында билік бар адам құдайдың өсиетін ұмытып, зұлымдық жасауы да мүмкін дейді. Ондай тиранды халықтың тақтан түсіруі де мүмкін.

Аквинский саяси биліктің: аристократиялық, олигархиялық және демократиялық түрлерін атап көрсетеді. Сонымен қатар монархиялық құрылымның абсолюттік және саяси түрлерін ажыратады.

Араб Шығысы мен Орта Азиядағы және Закавказьедегі саяси ой-пікірлер. Бұл жерлерде феодалдық қанаудың кесірінен азаттық ой-пікірлер қалыптаса бастады. Өзекті мәселесі адам теңдігі мен бостандығы болды. «Құдайға құлшылық ету» түрінде ислам пайда болды.

Саяси ойшыл Ибн Халдун (1332-1406) өзінің «Өсиеттер кітабында» қоғамдық өмір заңдылықтарын зерттеу ерекше ғылым саласы деп көрсетті. Мемлекеттің құрылу, ыдырау және күйреу процесінде географиялық факторларға, әсіресе ауа райы жағдайларына көп назар аударды.

Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) «Тамаша қала тұрғындарының көз-қарастары туралы» деген саяси трактатында мемлекеттің шығуы, қызметі проблемалары өзара байланыста қарастырылады. 

Адамзат қоғамын Фараби мынандай жіктерге бөледі: ұлы қоғам (жер бетіндегі мекендеген барлық адамдардың, халықтардың бірлестігі), орта қоғам (белгілі бір халықтың қоғамы), кіші қоғам (адамдардың жеке қалаларға бірігуі). 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]