- •Саясаттану пәні, оның объектісі мен негізгі ұғымдары
- •3.Казақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, унитарлық мемлекет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •Саясат – қоғамдық құбылыс
- •2,,Саяси сана деңгейлері:
- •Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
- •2.Саяси мәдениет ұғымы және оның мәні
- •Қазіргі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тарту және саясат
- •Билет №8
- •Ежелгі замандағы саяси ойдың пайда болуы
- •Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі
- •Қазақстан және халықаралық экономикалық ұйымдар
- •Орта ғасырлардағы саяси ойлар
- •Тұлға – саясаттану нысаны ретінде. Саяси әлеуметтенуі
- •10 Билет
- •11Билет
- •12Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •3.Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты себептері:
- •15 Билет
- •16 Билет
- •2.Саяси элита, оның мәні мен классикалық теориялары
- •3.1993 Жылғы қр – ң Конституциясы және елдегі мемлекеттік билік жүйесінің мінездемесі
- •Билет 20
- •1.Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу
- •2.Саяси элитаның жіктелуі мен оның атқаратын қызметтері
- •3. 1998 Және 2007 жылғы конституциялық өзгерістер қр – дағы саяси өмір демократиясының куәсі ретінде
- •Билет 21
- •1.Мемлекет – негізгі саяси институт
- •2.Саяси болжам, оның мәні, түрлері мен кезеңдері
- •3.1995 Жылғы конституциялық реформа және оның негізгі себептері
- •Билет-25
- •2. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы, оның типтері.
- •28 Билет
- •1.Саяси процесс
Саясат – қоғамдық құбылыс
Қоғамдық құбылыс ретінде саясат белгілі бір әмбебаптылықпен, көпқырлылықпен сипатталады. Ол біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс тауып, өзінің негізгі қызметі - басқаруды атқарады. яғни саясат адамның тіршілік әрекетінің маңызды салаларында көрініс табады. Сондай ақ саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста , яғни дінмен , моральмен, өнермен, ғылыммен, идеологиямен байланысты. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқұғы ,еркіндігі мен міндеттері , жеке адамның саяси құқықтық жағдайы , қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінікбереді. ол бір жағынан жиналған деректерді қортады, екінші жағынан құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасаиды.
2,,Саяси сана деңгейлері:
Саяси сана деңгейлері — қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді.
Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.
Саяси сананың құрылымы қоғамдық қызметтің әр түрлі салаларын кеңінен қамтиды және жеке тұлғаның саяси процеске қатынасу варианттарын қалыптастырады. Осылайша саяси сана құрылымының, менің көзқарасымша, келесі негізгі компоненттерін гносеологиялық, аксиологиялық және әлеуметтанулық деп бөліп көрсетуге болады.Саяси сананың гносеологиялық компоненті нақты шындықты сенімді бейнелеуі көзқарасы тұрғысынан саяси сана элементтері арасындағы айырмашылықтарды ашып көрсететінін ерекше атап айтамыз. Басқаша сөзбен айтқанда, саяси сананың гносеологиялық құрылымы саясат әлемінің әр түрлі жақтарын қандай да бір деңгейде бейнелейтін субъектілердің барлық көзқарастарын білім ретінде қарастыруды ұйғарады. Осы аспектіде: саяси шындық пен өтірік, саяси ақыл-ойдың адасуы және саяси әлем құпияларына оның ену күшінің арақатынасы, бейнелеудің мифологиялық, утопиялық және ғылыми типтерінің және т.б. арақатынасы мәселелері қарастырылады.Саяси сананың аксиологиялық құрылымы саяси саладағы рухани құбылыстарды танып білуші субъект үшін олардың тиімді немесе тиімсіздігі көзқарасы тұрғысынан бейнелейді. Басқаша сөзбен айтқанда, осы құрылымда саяси түсініктер алуан түрлі пайымдаулар және баға беру ретінде түсіндіріледі, олар саясатты танушы субъектінің қайсыбір құнды басымдықтарын көрсетеді. Сондықтан сол инститтуттарды, нормаларды, процестерді және өзге де құбылыстарды субъект жағымды бағалауы мүмкін (мысалы, демократиялық көзқарастың өкілі), ал басқаларына (басқа идеяларды және принциптерді ұстанғандарға) жағымсыз болуы ықтимал. Әр түрлі бағалаудың жиынтығы түптеп келгенде саяси сананың бүкіл көлемін толтыратын болады.Саяси сананың әлеуметтік құрылымы саяси сананың барлық элементтерін, олардың алатын орны, сонымен қатар практикада рухани құбылыстарды жүзеге асыру процесіндегі олардың ойнайтын рөліне деген көзқарас тұрғысынан сипаттайды. Бір жағынан алғанда, осы құрылым шеңберінде индивидуальдық, топтық немесе бұқаралық сананың әр түрлі формалары сипатталса, ал екінші жағынан – практика саласына адам ойының мазмұнының ауысу процесінің компоненттері, дәлірек айтқанда: идеалдар, принциптер, нормалар, нұсқаулар, мотивтер және т.б. түсіндіріледі. Саяси сананың жалпы қорытынды компоненттері ретінде саяси идеология және саяси психология қарастырылады. Олардың әрқайсысы саяси өмірде маңызды, аса күрделі ерекшелікті рөл атқарады.
3 Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді.[1]
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты - «Қазақстан-2030» бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [1]. Бұл әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік өзінің саяси жауапкершілігін с Қазіргі кезеңде Қазақстанның мемлекеттік басқару тәжірибесінде қоғамның сұраныстары мен талаптарына жауап бере алатын мемлекеттің әлеуметтік саясатты орнықтыру саясаты жүзеге асырылуда. Ал өркениетті елдерде әлеуметтік мемлекет үлгісі жасалып, соған көшу үрдісі жүзеге асырылып жатқанда бұл мәселенің біздің еліміз үшін өзектілігі зор. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі тұжырымдары айқындалып, оны жүзеге асырудың тетіктері әлі де болса жетілдірілу үстінде екенін ескерсек, бұл мәселелер бойынша тиімді ғылыми ұсыныстар жасаудың да маңызы зор деп есептейміз. Сол себепті қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мәселелерінің өзектілігі оны ғылыми тұрғыда зерттеудің аса қажет екенін айқындап тұрса керек. 1999 жылы ЮНИСЕФ-тің Ұлттар Дамуы бағдарламасында: «Ұлттың болмысы әскери қуаты мен күші арқылы емес, астаналарының көркі мен қоғамдық сарайларымен емес, ондағы адамдардың өмір сүру сапасымен бағаланады; денсаулық жағдайы, тамағы мен білімі, еңбегінің жеткілікті ақысы, шешім шығара алатын мүмкіндіктері, азаматтық және саяси еркіндіктері құрметі, үйсіз-күйсіздерді қамқорлыққа алуы, өскелең ұрпақтың ақыл-есінің дамуы мен дендерінің саулығы арқылы бағаланады...» деп әлемдік саясаттың жаһандық сипаттағы қазіргі саяси үрдістерінің даму бағытына тереңірек принциптік түрде негіз қалады [2].езінетінін дәлелдейді.
№7 билет
