- •Саясаттану пәні, оның объектісі мен негізгі ұғымдары
- •3.Казақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, унитарлық мемлекет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •Саясат – қоғамдық құбылыс
- •2,,Саяси сана деңгейлері:
- •Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
- •2.Саяси мәдениет ұғымы және оның мәні
- •Қазіргі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тарту және саясат
- •Билет №8
- •Ежелгі замандағы саяси ойдың пайда болуы
- •Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі
- •Қазақстан және халықаралық экономикалық ұйымдар
- •Орта ғасырлардағы саяси ойлар
- •Тұлға – саясаттану нысаны ретінде. Саяси әлеуметтенуі
- •10 Билет
- •11Билет
- •12Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •3.Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты себептері:
- •15 Билет
- •16 Билет
- •2.Саяси элита, оның мәні мен классикалық теориялары
- •3.1993 Жылғы қр – ң Конституциясы және елдегі мемлекеттік билік жүйесінің мінездемесі
- •Билет 20
- •1.Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу
- •2.Саяси элитаның жіктелуі мен оның атқаратын қызметтері
- •3. 1998 Және 2007 жылғы конституциялық өзгерістер қр – дағы саяси өмір демократиясының куәсі ретінде
- •Билет 21
- •1.Мемлекет – негізгі саяси институт
- •2.Саяси болжам, оның мәні, түрлері мен кезеңдері
- •3.1995 Жылғы конституциялық реформа және оның негізгі себептері
- •Билет-25
- •2. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы, оның типтері.
- •28 Билет
- •1.Саяси процесс
3 Билет
1)Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен)тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды, саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады.
Саясаттану экономикалықикалық теориямен өзара байланысты. Сая-си экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.
Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі — әлеуметтапу (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мөселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.
2)Салыстырмалы саясаттану - әртүрлі елдер мен халықтардың саяси дамуындағы ортақтық пен ерекшелікті зерттейтін саяси ғылымның бір бағыты. Ал кейбір зерттеушілер салыстырмалы саясаттану ерекшелігі оның әдісінде деп есептейді. Тағы бір анықтамаға сүйенер болсақ, салыстырмалы саясаттану пәні - ұлттар мен олардың саяси жүйесін салыстырмалы зерттеу. Әртүрлі саяси жүйелер қызметін теориялық және тәжірибелік түрғыдан салыстырмалы зерттеу келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: 1) олардың негізгі ерекшеліктері мен белгілерін, әлеуметгік табиғатын, мазмұнын жақсырақ түсінуге; 2) қоғамдық теория мен тәжірибенің үдемелі дамуына көмек беретіндей олардың әлді және әлсіз жақтарын нақты анықтауға; 3) әртүрлі саяси жүйелердің экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық негіздерін, олардың икемделу тетігін тереңірек зерттеуге. Салыстырмалы саясаттану ТМД елдері үшін саяси ғылымдағы жаңа бағыттардың бірі, сондықтан бұл бағыттағы ізденістер саны да саусақпен санарлық. ТМД-дағы алғашқы оқулық 1992 ж. жарық көрді, оның авторы - Шаран. Келесі оқулық екі бөлімнен түратын Краснов Ю.-дің еңбегі (Политика: теория и практика. Основы срав. полит. - М., 1993. Ч. 1, 2). Жалпы ресейлік зерттеушілер салыстырмалы саясаттану саласында біраз жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Әсіресе, осы бағыттағы Л. Сморгунов пен Г.В. Голосов ізденістерін ерекше атап өтуіміз керек
3)Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде аталған мәселелер ерекше өзектілікке ие болуда, себебі елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер уақытында, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын саяси партиялардың тиімділігі тиісті деңгейде болмай отыр. Мұндай өзгерістер кезеңінде саяси партиялар өздерінің жақтастары болып табылатын қоғамның бір бөлігінің мүдделерін мемлекет алдында мүмкіндігінше дәл білдіре алулары тиіс, сондай-ақ өз жақтастарына жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндірулері тиіс.
4 –билет
1,, «Экономика» және «саясат» ұғымдары қоғамдық өмірдің бір – бірімен өзара тығыз қарым – қатынастағы екі маңызды саласын бейнелейді. Атап айтқанда, саясатта, саяси тай қоғамның, сондай – ақ оның жеке жіктері мен топтарының экономикалық мүдделерінің мейлінше жинақталған қалпы көрініс табады. Сондықтан да, экономика мен саясаттың адамзаттың тіршілік әрекетіндегі өзара қарым – қатынасы принципті түрде дүниетанымдық және методологиялық мәнге ие. Экономикадан қол үзген саясат пен саяси іс — әрекет өзінің шынайы мазмұнын жоғалтып, нақты базистік негізінен ажырайды.
Саяси мәдениеттің мәнін экономикамен, экономикалық қатынастар мен мүдделерге тікелей байланысты адамзаттың жалпыөркениеттік дамуының элементі ретінде қарастырмасақ тұрпайы болар еді. Саясат – объективті байланыстар жүйесі мен даму логикасы, сондай – ақ негізі субъект пен субъектінің арасындағы қарым – қатынас болғандықтан маңызды субъективтік түсінігі бар қоғамдық қатынастардың дербес сферасы. Сол себептен де «саясат» термині жеткілікті түрде көп қырлы болып келеді.
2. Партиялық жүйелердің мәні және типологиясы Қазақстандағы саяси партиялардың рөлі мен ықпалының өсуі конституциялық құқық ғылымында партиялық жүйелерді зерттеуді өзекті мәселеге айналдырып жіберді. Әдетте, ғылыми әдебиетте «жүйе» деп (гректің systema – бөліктерден құралған бүтін) бір-бірімен байланыста болатын және белгілі бір тұтастықты құрайтын элементтердің белгілі бір көптігін айтады [48]. Америкалық зерттеуші Дж. Лапаламбараның пайымдауынша, партиялық жүйе дегеніміз «екі және одан да көп бәсекелес партиялардың, ашық және еркін сайлауда бір-бірімен күрес жүргізу жағдайы». Бұл жерде партиялық жүйені сипаттайтын келесі элементтерді көрсетуге болады: 1) партиялардың белгілі бір санының болуы; 2) сайлаудағы олардың бәсекелестігі [36. 47 бет]. Оның бір партиялы мемлекеттерде партиялық жүйе жоқ деп айтқан пікірін де көп зерттеушілер қателік деп бағалайды. Жоғарыда келтірілген «партиялық жүйенің» анықтамаларын талдай отырып, біз партиялық жүйе белгілі бір қоғамдағы немесе мемлекеттегі саяси ұйымдардың ерекшеліктерін сипаттайды деген қорытындыға келдік. Партиялық жүйені заңмен рұқсат берілген және өздерінің мақсат-міндеттерін орындауға ұмтылатын партиялар қүрайды. Маңызды саяси институт ретінде таныла отырып, партиялық жүйе бір жағынан, мемлекет пен партия арасындағы қатынаспен, екінші жағынан, партиялардың саяси жүйенің өзге қоғамдық элементтерімен және азаматтармен қарым-қатынасымен сипатталады. Жоғарыда аталып өткендей, құқықтанушылар мен саясаттанушылар партиялық жүйенің әртүрлі анықтамасын беруі, партиялар типологиясының әртүрін туғызды. Қазіргі күні партиялық жүйе типологиясының кең тараған түрі тек сандық белгіге сүйенетін типология. Бұл тұрғыда, партиялық жүйелердің мынадай негізгі түрлері бар: көппартиялы, қоспартиялы және бірпартиялы. Көппартиялы жүйе. Саяси және идеологиялық әралуандылыққа негізделген көппартиялылық, кез келген демократиялық мемлекетке тән. Бұл азаматтық қоғамның маңызды белгісі, яғни, онда өмір сүретін мүдделерді қорғайтын саяси партиялардың әртүрлілігіне алып келеді. Алайда, атап өтуі керек, «нағыз көппартиялық жүйе тек қана партиялар санының көптігін ғана емес, сонымен бірге олардың билік үшін күресу процесіндегі өзара әрекетін, олардың билік үшін нақты күресін білдіреді» [30]. Көптеген елдердің Конституциялары көппартиялылықты бекіткен. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабына сәйкес, елде идеологиялық және саяси әралуандылық танылады. Демократиялық режимде көппартиялылық ерекше рөлге ие, себебі, ол қоғамдағы әр түрлі саяси күштердің бейбіт бәсекелестігі мен ынтымақтастығын қамтамасыз етеді. Конституционалист-ғалым М. Баглайдың пікірі бойынша демократиялық тұрғыдан көппартиялық жүйенің бірқатар артықшылықтары бар: ол, азаматтық қоғамның даму және өзін-өзі реттеу потециалын неғұрлым толық ашады және сонысымен саяси процестің демократизациясын қамтамасыз етеді; ол, партияаралық бәсекелестік пен өзара сынау механизмін іске қосу арқылы саясатты әлдеқайда ашық жасайды: билік құрушы элита үндемеуге ұйғарған мәселені, оппозиция әрқашан жариялап отырады; ол, шешімдерді қабылдау процесінің тиімділігін жоғарылатады, себебі, әрқашан әралуан баламалы идеялар мен концепцияларды ұсынып отырады; ол, дағдарысты жағдайларда биліктің қажетінше жұмсақ болуын қаматамасыз етеді. Блокты көппартиялық жүйелер. Әдеттегі жағдайларда бұл жүйе классикалық көппартиялық жүйеден ерекшеленбейді, өзінің ерекшелігіне сайлау кезеңінде ғана ие болады. Бұған саяси күштердің бір-біріне қарсы екі блокқа бірігуі тән. Бұл кезде партиялар өздерінің сайлауалды стратегиясын блоктардың біріне жатуына байланысты анықтайды. Блоктан тыс қалған партиялар мен кандидаттардың жетістікке жету мүмкіндігі нөлге теңеледі. Мұндай жүйе өзінің кейбір белгілеріне байланысты қоспартиялық жүйені еске түсіреді. Мұндай көппартиялық жүйенің мысалы ретінде 70-жылдардың екінші жартысы мен 80-жылдардың басындағы Францияны келтіруге болады. [4. 171 бет]. Қоспартиялық жүйе. Бұл жүйенің ерекшелігі, партиялар санының көп болуына қарамастан, билікке нақты таласа алатындары және үкіметті алма-кезек қалыптастыратындары тек екеуі ғана болады. (Ұлыбритания) Бір партия билік жүргізеді, ал екіншісі оппозицияда жүріп, оны сынайды және сайлау нәтижесінде оның орнына барады. Мұндай жүйе баламалы үшінші саяси күштердің пайда болу мүмкіндігін қиындатады. Қоспартиялықтың жағымды белгісі, ол, үкіметтің жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл жүйеде бір партиялы үкімет коалициялық келісімдердің тұрақсыздығынан зардап шекпейді. Сөйтіп, қоспартиялық жүйе үшінші партиялардың билікке келуіне жол бермейді және осы арқылы екі мақсатқа қол жеткізіледі. Біріншісі, сол режимнің радикалды қарсыластары еркін жұмыс істеулері мүмкін (заң талаптарын бұзғанға дейін), өз бағдарламаларын сайлаушылар алдында еркін насихаттауы мүмкін (яғни, идеологиялық және саяси плюрализм қамтамасыз етіледі). Екіншісі, бұл күштер билік үшін шын қауіп төндірмейді, себебі, шын мәнінде оған жете алмайды. Басқаша айтқанда, қоспартиялылықтың көппартиялылықтан ерекшелігі, ол, демократиялық режимді қорғайтын әлдеқайда сенімді құрал болып табылады. Алайда, бұл жағымды жақтарына қарамастан, қоспартиялық жүйені мінсіз модель және барлық саяси мәселелерді шешеді деп бекіту қателік болар еді. Мысалы, Ұлыбританияда консерваторлардың орнына лейбористердің келуі мемлекеттің әлеуметтік функциясының қарқындауына, ұлттандырудың (национализация) кезекті толқына, бюджеттік ресурстарды қайта бөлуге, салық саясатының өзгеруіне және т.б. алып келеді. Ал біраз уақыттан кейін партиялар орын ауыстырған кезде барлығы керісінше жүреді. Сөйтіп, биліктегі бір партияны екіншісі алмастырған кезде, мемлекеттік механизм мен қоғамдық өмірдің тұрақтылығы біршама сынаққа төтеп берулері тиіс. 3,Қазақстан қоғамындағы қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың орны және рөлі. Қазіргі қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән, Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында " көк майдан" ассоциасы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдары майда бола бастады.Солардың бірі халықаралық антиядролық Невада *-Семей қозғалысы. Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда үлкен рөл атқарды.1988 жылдың соңында Мемориал қозғалысымен бастауымен оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей, Петропавл қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын - сүргінге ұшырағандар туралы архив жұмыстарымен аиналысып және оларға қайырымдылық көмек көрсетті.Қазіргі кездегі қоғамдық саяси қозғалыстар мен ұйымдар
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық . Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былай топтпһастыруға болады.1. Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға Невадв- Семей қозғалысы, Арал- Азия -Қазақстан халықаралық қоғамдық комитеті.2.. Тарихи ағартушылық қоғамдар Мемориал, Әділет, Ақиқат3. Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар Атамекен, Алтынбесік, ЖерүйықСонымен қатар республикада ардагерлер , әйелдер, жастар одақтары және т,б, қоғамдық ұйымдар бар
5-билет
1,Дін және саясат - қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды. Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады. Мәселен, "саясат және дін", онда діннің саясатпен байланысын кәреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттың өзі де діни тұрғыда болған. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Адамзаттарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келеді:
Мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру;
Мемлекеттік діни мекемелерге бағындыру;
Мемлекет пен діннің одағы. Қазір ол екі түрлі шешіледі:
1) мемлекет пен діннің имандылық негізінде;
2) мемлекет пен діннің бәлінуі, бір-бірінің ісіне араласпауы.
Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет. Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып, имандылық ережелерін қалыптастырады. Дін әділетті, қайырымды болуға, кісі ақысын жемеуге, өтірік айтпауға, туыстарын, үлкендерді сыйлауға, ұрлық-қарлық жасамауға және т.с.с. үйретеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ол әркімнің дінге көзқарасын дербес белгілеуге, діннің кез келгенін уағыздауға, ұстануға немесе ұстанбауға құқығы бар екендігін білдіреді.[1]
Діннің саясиландырылуы - саяси құралдарды діни мақсатта қолдану. Саясиландыру дамудың белгілі бір кезеңінде барлық діндерге тән. Саяси діндер бүкіл қоғамда өз тәртібін орнатуга тырысады. Онда басқа діндегілердің, дінге сенбеушілердің де құқықтары еленбейді. Онымен қоймай, саяси діннің әлемдік және тайпалық діндерден (мысалы, индуизм мен ислам арасындағы) айырмашылығы ажыратылмайды: индуистік радикалдар Үнді шекараларында саяси-аумақтық тәртіп орнықтыруға талпынады, ал, ислам фундаментализм! - исламға негізделген шексіз дүниетаным, әлемдік тәртіп тұжырымы. Дінді саясиландыру себептері әсіресе, мұсылман әлеміне қатысты тұсы өте жақсы зерттелген. Ғалымдардың көпшілігі саяси исламның "кұрт" өсуін халық жағдайының жақсаруымен, экономиканың өркендеуіне емес, терең дағдарысқа әкелген сәтсіз модернизацияның салдарымен байланыстырады. Кәптеген белгілі жағдайлардан анықталғандай, діннің саясиландырылуы, әдетте, дәстүрлі, халықтың басым көпшілігі діндар (салт-жоралғыларын ұстанатын, ырымдарын жасайтын, дәстүрін берік сақтайтын, дін негіздерін жатқа білетін) көнерген қоғамдарда емес, керісінше, жаңғырған әрі қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан арылған қоғамдарда жүзеге асырылуда. Мұның себебі фундаментализм (діни ырым, жоралғыларды қатаң ұстау және діни "сауаттылық") және оны бетке ұстайтын игі-жақсылары мен саяси діннің арасындағы көпекөрнеу қайшылық болып табылады. Саясиландыру - қазіргі заманның өткір мәселелеріне діни жауап беруге талпыныс. Саяси діннің пайда болуы - модернизаңиядан бас тарту емес, сәтті, сол қоғамның талаптарына сай модернизация жасау.
2 ,«Саяси сана» ұғымы. Саяси өмірдің субъективтік жағы саяси санада бейнеленеді. Саяси сана, әрине, саяси болмыспен тікелей байланысты және соған тәуелді, бірақ жай ғана оның сұлық көшірмесі немесе енжар бейнесі ғана емес. Ол саяси болмысқа, тәжірибеге белсенді әсер етіп, қоғамдық-саяси үдерістердің дамуын болжай отырып, одан озып та кете алады. Жеке адамдардың, қоғамдық-саяси бірлестіктердің саяси мінез-құлқы, саяси іс-әрекеттерінің бағыт-бағдары саяси сананың деңгейіне байланысты.
Саяси сана дегеніміз — саяси субъектілердің (индивидтердің, топтардың, таптардың және т.б.) саясат саласын (саяси құбылыстарды, үдерістерді) ой-сана жүзінде бейнелеуі. Саяси сана, жалпы алғанда, қоғамдық сананың ерекше бір формасы ретінде оның басқа формаларымен (философиялық ілімдермен, адамгершілік тұғырнамалармен, құқықтық теориялармен, эстетикалык көзқарастармен және т.б.) тығыз өзара байланыста болады, олармен өзара әсерлесіп, түрленіп отырады. Саяси санаға, бір жағынан, рационалдық (әр түрлі нормалар, құндылықтар және т.б.) та, екінші жағынан, иррационалдық (эмоциялар, бейсаналық үдерістер және т.б.) та элементтер жиынтығы жатады, яғни ол саяси үдерістерді қабылдаудың, түсіну мен түсіндірмелеудің барлық деңгейлерін камтиды. Солардың негізінде саяси субъектілердің саяси бағдарлары мен мінез-құлқы, олардың мемлекеттік билікке, оның институттарына деген қарым-қатынасы калыптасады.
Саяси сананың атқаратын қызметтері. Саяси сананың коғам өмірінде атқаратын рөлі оның кызметтеріне байланысты сан килы болып келеді. Адамдардың, саяси топтардың өз мүдделерін түсінуі, басқалардың мүмкіндіктерімен салыстыра қарастыруы, мемлекеттік билік институттарымен қарым-қатынастарын сана-сезім елегінен өткізуі, саяси іс-әрекеттерге белсене қатысуға жұмылдырылуы осы саяси санаға тәуелді. Саяси сананың қызметтерін былай деп жіктеуге болады:а) танымдық (когнитивтік): саясат саласының әр түрлі қыр-сырларын танып-білуге деген мұқтаждық;ә) идеологиялық: мемлекетті, ұлтты, саяси партияны билікте қол жеткен шептерді берік ұстап, сақтап калуға топтастыру қажеттілігі;б) коммуникативтік: саясат субъектілерін билік институттарымен өзара байланыстыруды камтамасыз етуге деген кызметі;в) болжамдық: саясат субъектілерінің саяси үдерістердің барысын бағдарлауға, соған орай саяси мақсаттар қоя білуге деген қабілеттілігі;г) тәрбиелік: белгілі мақсат-мұраттарға сай саяси мінез- құлықты қалыптастыруға ықпал етуге деген мүмкіндігі.Саяси сана деңгейлері. Жүйелі құрылым ретіндегі саяси сананың өз деңгейлері бар. Ең төменгісі — оның қарапайым деңгейі, яғни адамдардың күнделікті өмірде туындайтын саяси көзқарастары, пікірлері, соларға байланысты сезімдері, жай-күйлері. Саяси ахуалға орай ол тез өзгеріп, құбылып отырады. Одан кейінгісі — субъектілердің саяси үдерістерге тікелей қатынасынан, саяси-тәжірибелік іс-әрекетінен туындайтын
эмпириялық деңгей; бұған саяси құбылыстарды қабылдаудан туатын сезімдер, елестер, күйзелулермен қатар индуктивтік қорытындылар жатады. Саяси сананың жоғары деңгейі — саяси идеяларға, тұғырнамаларға негізделген көзқарастарды құрастыратын теориялық деңгей. Теориялық деңгейдегі саяси сана саяси мақсаттар мен міндеттерді, оларға қол жеткізудің әдістері мен құралдарын анықтауға, саяси шешімдер мен бағдарламаларды қалыптастырып, олардың іске асуын бақылауға жол ашады.
Саяси сананың негізгі екі түрі бар. Біріншісі — арнайыланған саяси сана, оның басты мақсаты белгілі бір бағдарлар мен қағидаларды қалыптастыру, дамыту және оларды қоғамдық таптың, әлеуметтік топтың немесе партиялар мен козғалыстардың қатардағы мүшелерінің санасына енгізу болып табылады. Саяси партиялар, өзге де саяси ұйымдар мен бірлестіктер арнайыланған саяси сананың иегерлеріне жатады. Екіншісі — бұқаралық саяси сана, ол қоғам мұқтаждықтарының мазмұны мен деңгейін айқындап, саяси шындық жөніндегі қоғамдық білімнің тұрпатына, нақтылы тарихи ахуалдың мазмұнына сай, үнемі өзгеріп отырады. Бұқаралық саяси сананың субъектілері — күнделікті өмірдің барлық қайталанбас оқиғаларына белсене араласып жүрген өз мінез-құлқы, қадір-қасиеті бар нақтылы адамдар, бұқара халықтың өкілдері. Әрине, біріншісіне қарағанда бұқаралық сана әлдеқайда тайыз, ол көбіне саяси құбылыстардың ішкі мәнінен гөрі сыртқы сипатына ғана тоқталады.Арнайыланған саяси сана саяси идеологияға жетелейді, ал бұқаралық саяси сана саяси психологиямен шендес. Саясиидеология шындықты саналы түрде бейнелеп, ұғымдар мен принциптер негізінде жүйелі түрде құрылады.
3,, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.
Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тәжірибе этносаралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде.
Жалпы, Елбасы келешекте Ассамблеяның республикамыздың алдағы даму уақытының жаңа кезеңінде келесі төрт міндетті дәйекті түрде шешу керектігін атап көрсетті. Олар: Қазақстандағы ұлтаралық тұрақтылықтың кепілі бола алатын, елдегі бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылатын халықтардың бірлігін нығайту және Қазақстан қоғамын жаңартудың саяси идеология мен ағымдағы “сұраныстан” биік тұратын негіз қалаушы құндылықтары бойынша арнайы қоғамдық келісімді қолдау мен дамыта беру, біртұтас қазақстандық қоғам құрудың негізі болып табылатын Қазақстанның барлық азаматтары үшін олардың ұлттық, әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге негізделген біртұтас азаматтығын нығайту, қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім мен ықыластылықты одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ келеңсіз оқиғаларды болдырмау және әрбір азаматтың конституциялық мүддесін қорғауға бағытталып отырған қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кез келген көріністеріне және біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қатаң, әрі дәйекті тұру міндеттері болып табылады
Өткен уақыт ішінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы ұйымдық жағынан нығайып, өз іс-қимылдарының тиімді бағытын тапты, мемлекеттік құрылыс процестеріне, трансформациялық әлеуметтік-экономикалық жаңғырту, саяси тәуелсіздік және егемендік жағдайында принципті жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға оңды, жан-жақты және тиімді ықпал етуде. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымы аясында біз саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтай алдық. Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы арқылы тұрақтылықты сақтап, кең ауқымды әлеуметтік және саяси жаңартуларды бастадық. Ассамблея шеңберіндегі біздің жұмысымыз – Қазақстанның өркендеуінің кепілі.
6-билет
