Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_1-30bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.32 Кб
Скачать

28 Билет

1.Саяси процесс

1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі;

2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, т.с.с.Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:

1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;

2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуыЖеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;

3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;

4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.

2.Этникалық Қауымдастық,этнос, бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық байланыстағы, өзара түсінікті тілде сөйлейтін адамдар арасындағы белгілі бір аумақта қалыптасады. Олар өмір сүру жолында белгілі бір мәдени тұтастықты сақтайды және өздерін жеке дербес топ ретінде сезінеді. Этникалық көші-қонтайпа, халық және ұлт жатады. Оның қалыптасуында ең алдымен аумағы мен тілі маңызды рөл атқарады. Кейде топтасқан сан алуан халықтардан да тұруы мүмкін (мыс., АҚШАвстралияҮндістан, т.б.). Этникалық көші-қонтардың қалыптасуында дін, нәсілдік жақындық қосымша рөл атқарады. Этногенез барысында, әсіресе белгілі бір табиғи жағдайлар әсерінен жүргізілген шаруашылық қарекеттер нәтижесінде Этникалық көші-қонтың рухани және заттай мәдениеттері, тұрмысы мен топтық психол. келбеті қалыптасады. Қауымдастық мүшелерінің ортақ таным-түсініктері орнығады. Ортақ сана арасынан ең алдымен қауымдастықтың қалыптасуы жайындағы таным-түсініктері ерекше байқалады. Мұның сыртқы көрінісі тікелей этнониммен байланысады. Қалыптасқан Этникалық көші-қон әлеум. ағза ретінде ұрпақ жалғастығы арқасында сақталып отырылады әрі дамиды, неке, мәдениет, тіл, дәстүр, т.б. арқылы беріледі. Тарихи үрдістер нәтижесінде ол өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Этникалық көші-қон теориясы туралы пікір таластар әлі күнге дейін толастаған жоқ. Әсіресе этн. топтарды түрге бөлуде көмескі мәселелер жеткілікті. Әзірге Этникалық көші-қонтың тарихи түрлері – тайпа, халық, ұлт деп есептелінеді. Сондай-ақ белгілі бір жерде (аумақта) тұратын тұтас және әлеум. ұйымы бар Э. қ-тар да, терр. жағынан бөлек-бөлек (әр жерде) Этникалық көші-қонтар да кездеседі. Аталмыш термин кейде бірнеше халықты, яғни этно-лингвистик. топтарды атау үшін қолданылады (мыс., орыс, украин, поляк, т.б. “славян этникалық қа-уымдастығына”, ал қазақ, қырғыз, түрікмен, т.б. түркі халықтарының Этникалық көші-қон тобына енеді). Сонымен қатар, бір халықтың ішіндегі этногр. топтарды белгілеу үшін де Этникалық көші-қон термині қолданыла береді (мыс., орыс ішінде – поморлар, кержактар; қазақта – үйсін, қыпшақ, т.б.). Бұл айтылған екі жағдайдың екеуі де “этнос” деп аталады.

3.Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктеріАзаматтық қоғам институттарының  дамуы үшін мемлекет бұл процестің жасампаздық сипатта өрбуіне, азаматтардың саяси белсенділік танытуына қажетті жағдайлар жасап, қолдауы қажет. Бұл тұрғыда Қазақстан Президентінің Ел халқына жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға қолдау жасаудың мемлекеттік тұжырымдамасы жасалған. Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы қоғам өмірін демократияландыру мен құқықтық мемлекет қалыптасуының алғышарты екенін ескерсек, оны мемлекеттік саясат деңгейіне көтеретін уақыт келген сияқты. Яғни үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетудің мемлекеттік тұжырымдамасы жасалып қана қоймай, Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық коммисияның өкілеттілігін кеңейтіп, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен оның институттарын шынайы дамыту мемлекеттік саясаттың бір бұтағына айналуы тиіс. Мұндай кешенді іс-шаралар тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңда көрсетілген мұратқа сай құқықтық мемлекет жолында дамуына игі ықпалын тигізері хақ. Қазақстанның саяси жүйесінің демократизациялануы, өркениетті нарықтық экономика мен құқықтық мемлекетті құру үшін азаматтық қоғамның маңызы зор.Бүгінгі күні Қазақстанда азаматтық қоғамның құрылуы үшін керекті институттық негіз жасалған. Осының нәтижесінде құқықтық негізде көптеген ерікті ассоциациялар және ІІІ-ші сектор ұйымдары жұмыс істейді. Бірақ азаматтық қоғамның нәтижелі жұмыс істеуі үшін алдын ала институциялық жағдайлар жасау жеткіліксіз болып отыр. Азаматтық қоғамның Қазақстанда жетілмеу себептері оның мәдени-әлеуметтік жағдайлардың толық дамуымен байланысты. Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы үшін әлеуметтік эволюция қажет. Әрине бұл азаматтық қоғамның мәдени-әлеуметтік дамуын қол құсырып күтіп отыруын қажет етпейді. Мәдени-әлеуметтік даму уақытқа ғана байланысты емес, ол мемлекеттің, қоғамның және оның институттарының белсенді күш салуына байланысты. Азаматтық қоғамда азаматтардың халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары мен бостандықтары сақталып, заң үстемдік етеді. Азаматық қоғам материалдық, қоғамдық, саяси және мәдени тұрғыда жоғары дәрежеде дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет-конституциялық басқару тәртібі қамтамасыз етілген, шын мәнісіндегі билік бөлінісі мен олардың тиімді қарым-қатынасы мен өзара бақылауы жүзеге асырылған, саясат пен билік құрылымына әлеуметтік бақылау орнатылған, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі қалыптасқан мемлекеттік құрылым. Құқықтық мемлекеттің негізінде демократиялық жолмен қабылданған заң алдында барлық қоғам мүшелерінің тең саңылауы, заңның халықтың еркін білдіруі және жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі танылады. Бұл мемлекетте пікір алуандылығы кең өріс алады. Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйенің келешегін құқықтық мемлекеттің қалыптасып дамуымен байланыстырады. Бұл бағытта атқарылып жатқан істер баршылық. Қазақстандықтар заңдық кеңістікте өмір сүру дәстүріне үйрене бастады[1].Бірақ Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасуы ісінде елеулі қайшылықтар бар. Д.Арғымбаев негізгі төрт қайшылықтарды атап көрсетті:Бірінші қайшылық-басқарушы элита өкілдері мен қатардағы азаматтардың заңды бұзуға немесе орындамауға жол беретіндігі.Осының нәтижесінде заңдар жұмыс істеуге қабілетсіз болады.

29 билет

1.Саяси процестің негізгі сатылары мен типологиясыСаяси процестің өркениет тұрғысынан алғанда батыстық және батыстық емес екі типін көрсетуге болады. Олардың айырмашылығы батыстық және батыстық емес дүниенің өркениеттілік ерекшеліктерімен, олардың халықтың практикалық бағытын және мінез-құлқын анықтайтын мәдениетімен айқындалған.Бұл типология салыстырмалы саясаттану шеңберінде жасалған. Америка саясаттанушысы Л.Пай «Батыстық емес саяси процесс» деген мақаласында батыстық және батыстық емес саяси процестерді ажырататын 17 белгіні қалыптастырған. Оның пікірінше, батыстық емес қоғамдарда саяси және қоғамдық салалар және жеке қатынастар арасында нақты шекара жоқ; саяси партиялар белгілі бір дүниетанымды дәріптеуге және өкілдік өмір салтын көрсетуге бейім; саяси процесте сыбайластар тобы басым; саяси топтардың жетекшілері стратегия мен тактиканы анықтауда біршама еркіндікке ие; саяси процесс оған қатысушылар арасында интеграцияның болмауымен сипатталады; арнайы рөл атқаратын ұйымдасқан мүдделі топтардың ықпалы нашар, осыдан келіп рөлдерді біріктіру және өзара алмасу деңгейі жоғары; саяси әрекеттердің мақсаттары мен құралдарына қатысты консенсус жоқ; оппозициялық партиялар және билікке келуге талаптанушы элита революциялық қозғалас ретінде жиі шығады, харизматикалық лидерлердің рөлі үлкен және т.б.Батыстық дүниеніңсаяси процестерінің ізі ретінде Л.Пай англосаксондық елдердің мәдениетін қарастырған, соның негізінде, оның пікірінше, батыс демократиясы қалыптасқан.

Саяси процесті ұйымдастыру және талдау тәсілі бойынша горизонтальды-ұйымдастырылған және вертикальды-ұйымдастырылған саяси процестер деп бөледі. Горизонтальды-ұйымдастырылған және вертикальды-ұйымдастырылғансаяси процестерді, М.Вербердің термині бойынша, «идеалды типтер» ретінде қарастыру керек. Соңғылар саяси мәдениеттің этатистік емес (демократиялық) және этатистік (технократиялық,элитарлық) екі түріне сәйкес келеді.Горизонтальды-ұйымдастырылғансаяси процесс ұтымды әрекет етуші субъектілердің: үкімет, саяси партиялар, мекемелердің өзара әрекеттерін көрсетеді. Ол оған

қатысушылардың ортақ ойын ережелерін бетке ұстап, бір-бірімен ынтымақтасатын немесе қарсыласатын формальды теңдігін және салыстырмалы автономдығын мойындаудан туындаған. Мұндай процесте оған қатысушылардың арасында алға қойылған мақсатқа жету үшін әркім бір нәрсесін құрбан ететін мәдени саудаласу формасына немесе жүйенің бүкіл элементтер тұрғысында «келістіру» формасына айналады. Горизонтальды-ұйымдастырылған саяси процестің идеалы болып «дөңгелек стол», көп жақты консультациялар есептеледі, солардың арқасында маңызды саяси шешімдер қабылданады. Саяси процестің формасы ретіндегі ұйымдасқандықпен қалыптасу үкіметтің, кәсіпкерлердің және кәсіподақтардың тұрақты өзара әрекеттерін реттейтін үш жақты комиссияларда, заңда бекітілген институттарда көрініс табады.

2.Саяси дау-жанжал және дағдарыс Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Герак- лит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді.Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф "қоғамның дау-дамайлық үлгісін" алға тартты. Ол "Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер" деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген.Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг "шиеленістің жалпы теориясын" жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.

Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырық қатірейтін саяси шиеленістердің шығу зандылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.

Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: "Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз" дейді.

Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады.

Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер және т. с. с.

Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т.т.с

Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және антагонистік емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қыска мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр.Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туадьі. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адам- дар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сияқты.

3.ҚР – дағы сот билігі: қызметі, құрылымы Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды.Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен тіпті, жоғары шонжарлар – сұлтандар мен хандар санасты. Билердің көшпенді ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде соттар аса құрметті және тәуелсіз орган болған.Пролетариат төңкерісінен кейін Кеңес өкіметінің ең алғаш рет сот құрылысы туралы №1 декретті 1917 жылы 17 қарашада қабылданды. Бұл декретте жергілікті соттарды және революциялық трибулналдарды құру қаралған болатын. Яғни, жергілікті соттар тұрақты және екі халық заседательдерінен тұрады деп көрсетілді.Соттар және халық заседательдері демократиялық принцип негізінде сайланды.1 Сот құрылысы туралы №1 декркетте жергілікті соттардың қылмыстық және азаматтық істерді қарай алатыны және олардың қылмыстық іс бойынша екі жылға дейін, ал азаматтық істер бойынша 3000 рубльге дейінгі айып салынатын істерді шеше алатындығы атап көрсетіледі. Осы жергілікті соттың шешімдеріне келіспеген жағдайда, іс кассациялық инстанция ретінде жергілікті уездік судьялар кеңесінің сьезінде қаралды. Ал, революциялық трибуналдың құрамына бір төраға мен губерниялық және уездік жұмысшылар кеңесінің арасынан және шаруалардан, солдаттардан депутат болып шыққан алты заседательдері сайланды. Революциялық трибуналдар – революцияға қарсы шыққандармен, пара алушылармен және басқа қылмастармен күресу үшін құрылды.2918 жылы 21 ақпанда жарияланған сот жөніндегі №2 декрет ең алдымен соттың атын – “ Жергілікті халық соты” деп өзгертті және бұл соттардың ауыр қылмыстық істерді немесе азаматтық істер бойынша кең ауқымда қарау үшін олардың өкілеттігін кеңейтуді алдына мақсат етіп қойды. Сөйтіп, округтік соттардың мүмкіндіктерін молайтып, қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі бөлімдерді ашты. Сатылы кезеңге негізделген сот инстанцияларын құрып, сот жүйесін мыныдый құрылымға ыңғайлады: жергілікті халық соты;аймақтық сот;облыстық сот;жоғарғы бақылайтын сот. Сот құрылысы туралы №2 декреттің ең негізгі ерекшілігінің бірі – істі қараған уақытта халық заседательдерінің дауысы шешуші дауыс болып саналды. Өйткені, төрағалық етуші көп жағдайда бұрынғы бітімгер(мировой) судьяның білімін және тәжірибесін пайдалана отырып, оның қызметін бақылады.

30 билет

1.Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы. Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол. Тағы бір ескертетін мәселе «азаматтық қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда «азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз. Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті. Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б. Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді. Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады. Локк - Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау. Кант — құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін калыптастыру деп түсіндірді. Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқықпен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы. Маркс — құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық - Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде—мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады. Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші — адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет.

2.Саяси терроризм - [лат. terror - қорқыныш] - қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру мақсатында бұзақылық әрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату. Терроризм мемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады. Терроризм қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды. Терроризмге күрестің басқа жолы қалмаған немесе адамдардың мінез-құлқын түбегейлі өзгерткілері келген жағдайда баруы мүмкін. Терроризмнің психологиялық негізі - радикализмэкстремизм.

Қазіргі заманда экстремистік ұйымдардың террористік қызметі үдеуде. Олардың сипаты күрделеніп, адамгершілікке жатпайтын мән алуда. Терроризм әлемдік деңгейдегі ұйымдасқан күшке айналып отыр. Терроризмнің өсу себептері - дағдарыстық құбылыстардың өсуі, саясаттың бақылаушылық-реттеушілік қызметінің әлсіреуі, кейбір елдердің, тіптен әлемдік қауымдастықтың күрделі әлеуметтік-саяси үрдістерді реттей алмауы, идеалдар мен құндылықтардың жылдам өзгеріп отыруы.

Терроризмнің орталық элементі нақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейде символдық мақсаттарды көздейтін террористік актілер. Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады. Ал жалпы, символдық мақсаттарға Шешенстанды Ресейден бөлуді талап етуді жатқызуымызға болады. Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты - қорқыту, үркіту, хаосты туындату.

Терроризм субъектілері жеке тұлғалар, арнайы террористік ұйымдар және мемлекет болуы мүмкін. Террористік актілерді террористер өздерінің талап-тілектерін жеткізу үшін пайдаланады.

Терроризмді іс-жүзінде келесі түрлерге бөлуге болады: террор бейбіт және соғыс уақытындағы саяси күрес әдісі ретінде; жеке немесе ұйымдасқан террор мемлекеттік саясат ретінде; террор ішкі саяси күрес құралы ретінде; мемлекетаралық сипаттағы террористік актілер; халықаралық терроризм

3.ҚР – дағы мемлекеттің зайырлы мінездемесі, діни толеранттылығын жүзеге асыру

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» «Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік ер­кіндігі принциптерін қастер тұ­туы­мыз керек», – деп атап көр­се­тілді.

Қазіргі уақытта адамның наным-сенім бостандығы құқын сақтау мәселелеріне Қазақстанда аса үлкен назар аударылып келеді деп сендіре аламыз. Діни саламыз бірқатар заңнамалық және құқықтық-нормативтік актілер, сондай-ақ,Конституция, Азаматтық кодекс, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң арқылы реттелуде.

Зайырлылық принципін заң­намалық деңгейде бекіту құқықтық мемлекет құрылымындағы ма­ңыз­ды қадам және өнегелік өл­шемдер жүйесін таңдаудың ма­ңызды нышаны болып табылады. Конституцияның 1-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

Айта кетері, Қазақстанда мемлекет пен дін бөлінген деп мәлімдеуіміз мемлекеттің діни бірлестіктердің қызметіне араласпауын ғана емес, сонымен бірге, бұл өте маңызды, түрлі сенім ілімдерінің өзіндік ка­нондарын конституциялық мін­деттер мен жалпы ережелерді бұ­зуға  пайдалануына жол бермеуді де білдіреді. Бұл тезистің дәлелі ретінде Негізгі Заңның: «Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс» деген 22-бабын келтіруге болады.

Біздің мемлекетіміз көздеген мақсаттарының бірі – кең құқық шеңбері мен бостандықтың үйле­сімдігі. Соған сәйкес денсаулық сақтау, медициналық көмекке жүгіну, білім алу сияқты жалпы­адамзаттық құқықтар мен бостан­дықтар наным-сенім мен ар-ождан бостандығымен шиеленіске келуге тиісті емес. Зайырлы сипаттағы мемлекеттік құрылымның бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында діни ілімдерді насихаттауға мүмкіндік бермеуі, оны кері серпуі, міне, осы жәйтпен өз түсінігін табады.

Бұл, сондай-ақ, идея бостан­дығына және қоғам өміріне жаңа да пайдалы нәрсені енгізуге, тех­никалық және ғылыми прогрес­ке мүмкіндік туғызуға дайын бо­­лу деген сөз. Сонымен бірге, осы орайда еліміздің ілгерілеуі мен тұрақтылығының негізі болып отырған рухани мәдениет пен ұлттық дәстүрді дамытудағы зайырлы қоғам әлеуетін атап айтпау мүмкін емес.

Мемлекет пен діни бірлестіктер қарым-қатынасындағы ұстанымдар қоғамдағы ар-ождан бостандығы деңгейінің бірден-бір көрсеткіші болып табылады. Осы орайда, қазіргі таңда біздің мемлекет еліміздегі діни бірлестіктердің өз қызметтерін жүргізудегі теңдігін, құқығы мен бостандығын қамтамасыз етеді, дәстүрлі конфессиялар ғана емес, тіркеуден өткен барлық діни бірлестіктермен бірлесе жұмыс істейді. Бұл әріптестік, ең алдымен, адамдардың мәдени және өнегелік дамуын, қоғамда толеранттылық пен өзара сыйластық ұстанымдары нығаюын, әлеуметтік қызметтің сан алуан саласында осы мақсатта тізе қосуды көздейді.

Бүкіл әлемде толеранттылық теңдікті құрметтеу, адамзат мә­де­ниетінің, наным-сенімінің көп­түрлілігін мойындау және ба­сым­дықтар мен зорлық-зом­бы­лықтан бас тарту ретінде қарас­тырылады. Сол себепті діни толе­ранттылық – қазақстандық мемлекетті бекітудің маңызды шартының бірі, діни, этностық қақтығыстардың алдын алудың кепілі. Қысқасы, толеранттылық пен діни төзімділік азаматтық бейбітшіліктің негізі, біздің мемлекетіміздегі әлеуметтік прогрестің маңызды факторы саналады.

1

2 Тимофеев В. Судебная система суда РФ. 1994 г.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]