Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_1-30bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.32 Кб
Скачать

Билет-25

1.Демократиялық саяси режимге халықты биліктің қайнар көзі деп оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі,қоғамның мемлекттік саяси құрылысы жатады.Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі.Саяси мәселелер ашық талқыланады,биліктің шектен тыс шоғырлануына жол бермейтін тетіктер жасалады,азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер , олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады,жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.Сонымен қатар демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:билік козі халыкта;сөз бостандығы;азаматтардың тең құқықты болуы;азшылықтың көпшілікке бағынуы.

2. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы, оның типтері.

Қазіргі жаһандандыру заманында өмірдің әлеуметтік - саяси, мәдени және рухани салаларының бәрінде де де, адамзат өзінің әр алуан тіршілігінің жазмыштық стадиясын бастан кешіп отыр. Интеграцияның осынау ерік бермес процесі, іс жүзінде тежеуге көнбейтін, мәні бойынша жазмыштық сипат алып отыр, яғни бір қоғам бар қорғанғысы келеді - ақ, бірақ мүмкіндігі жоқ, енді бір қолқам бар өзінің даму өресінде жаһандық экспансиялық бағдарламасына қандай да бір тосқауылды сезінбейді. Жаһандану ұғымы мен құбылысына және жағымды - жағымсыз жақтарына қатысты ойдың жосығын былай қоя тұрып, мен оның принципті мәні бар бір қасиетін түсіндіре кетуді қажет деаймын. Жаһандану барлық елдер мен халықтар үшін ортақта жазмыштық құбылыс емес. Саяси құрылымдағы және экономикалық ықпалдастықты кеңейтуде байқалып отырған кейбір үрдістер жаһандану процесіне үйлесе алмайтын немесе ол үшін қандай бір геосаяси яки экономикалық мүдделестік туғызбайтын елдерді қамти алмайды. Бір сөзбен айтқанда, жаһандану процесіне етене кірігу немесе барлық күш - қуаттар мен одан сырт қалуға тырысу – мұның бәрі әлемдегі көптеген елдердің ішкі және сыртқы саясатына бірден – бір байланысты . Жаһандану да романтикалық оптимизм де немесе түнеріңкі философия шылықта жоқ. Оның есесіне таза экономикалық прагматизм де, технологиялық прогресс әлемінің реализмі де, тұтыну мен өндірістің стандарттау режимі де бар. Бұл мәңгі шиеленістің әлемі, себебі, әзірше таза және қалаулы қалпында жаһандану жүзеге аспайды: жаһандану мен мемлекеттік идеясы өлмей тұрып, регионализм мен сеператизм өлмек емес. Кеңестік кеңістіктегі жаһандануға қарсылық және бір сәттік проблемалар мен өткінші мәселелердің «тоғызыншы толқыны», бүгінгі геосаяси ахуал да біз үшін, Қазақстан үшін қазақстандық социумның әлдебір жарастықты құрылымын жасақтаудан жалтартпай қалған жоқ. Міне ең бір қарапайым нұсқада айтқанда, әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның геостратегшиялық және геосаяси интеграцияның схемасы осындай. Мемлекет аралық кооператсия мен жаһандану процесін одан әрі унификатциялаудың болашақты нысана еткен процесі, осынау әрі мағаналы, әрі керағар мәндегі процеске ерікті – еріксіз түрде мемлекеттің құрылысына әсер ететін өзінен - өзі белгілі. Жаһандану барлық елдермен халықтар үшін ортақ жазмыштық құбылыс емес. Бір сөзбен айтқанда жаһандану процесіне етене кірігу немесе барлық күш – қуаттар мен одан сырт қалуға тырысу - елдердің ішкі және сыртқы саясатына байланысты Жаһандану заманында өмірдің әлеуметтік, саяси ,мәдени және рухани салаларының бәрінде де адамзат өз тіршілігінің жазмыштық кезеңін бастан кешеді.Н.Назарбаев:«сондай-ақ біздің өмірімізге енетін жаһанданудың жағымды-жағымсыз болуы тек бізге ғана, жарасым мен жақсылыққа ұмтылған біздің сезуіміз бен түйсігімізге ғана байланысты емес қой. Мәдени мүмкіндіктер, тарихи дәстүрлер, экономикалық ахуалдар, ресурстық негіздер, сонымен бірге логика мен конструктивті негізге көне бермейтін төл немесе ұлттық дүние түйсінулер мен үн ие танымдар дегеннің бәрі демесек те, осы сияқты көптеген жағдайлар мен кейде аңғарып болмас факторлар өзгелермен санасуды қажет еттедің деп, кез келген қатердің алдына тосқауыл қою арқылы «Қауіп-қатерді жеңу үшін оны қаперден шығармау керек және одан тайсақтамаған жөн» дей отырып, ол іске жайбарақат қарамау керектігін баса айтады. Біз ішкі –сыртқы проблемаларымызды бейбіт жолмен шешудеміз. Егер мемлекет өзінің қарым-қатынасын келісім мен сенімге негіздейтін болса, қашан да тіл табатыны аян. «Егер саясаттың негізінде шынымен бейбітшілік пен адамгершілікке ұмтылыс жатса, онда бастауы да, қоштауы да бір нысанадан табылмақ» дей отырып, Н.Назарбаев: «Сөз жоқ мұның айғағы – шиеленісті бейбіт жолмен шешу жолындағы Қазақстанның көп жыл бойғы ұмтылыстар және еуразиялық елдердің басын қосқан, сөйтіп біздің өңірдегі аса ірі бейбітшілік форумға айналған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөнінде Алматыда өткен бірінші Саммит Кеңесі болып табылады» - деді. Күллі өркениетті адамзат үшін аса күрделі және жауапты кезеңде өткен тарихи оқиға – 2002 жылы 4 маусымда Алматыда 16 мемлекеттің қатысуымен өткен Азиядағы өзара ықпалдаст

3. Жергілікті мемлекет билігі және ҚР – дағы жергілікті билеу мәселесі. ҚР-сы Конституциясының ҮІІІ-бөлімінің (85,87-б-дың) нормалары бойынша тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және аткарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқарүды жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының бірынғай жүйесіне кіреді, тиісті аумактың мүддесі мен даму қажеттілігін үштастыра отырып, аткарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

1) аумақты дамыту жоспарларын, эканомикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;

2) коммуналдык меншікті басқару;3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруғабайланысты өзге де мәселелерді шешу;жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай заңдармен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктердіжүзеге асыру.

Жергілікті аткарушы органдардың қүзыреті, үйымдастырылуы және олардың кызмет тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 ж. 23-каңтардағы заңмен және басқа заңдармен, Презвденттің және Үкіметтің нормативтік кесімдерімен белгіленеді.

Аталған заң бойынша облыстың (республикалык маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстык маңызы бар қаланың). әкімі баскаратын, өз кұзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік баскаруды жүзеге асыратын алқалы аткарушы орган жергілікті атқарушы орган (әкімдік) болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады. Әкімдіктің дербес кұрамы тиісті аумақтың мослихат сессиясының шешімімен келісіледі. Облыстық бюджеттен каржыландырылатын аткарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары да жоғары түрған тиісті органдар басшыларымен келісім бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктін мүшелері болуы мүмкін. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саясатын іске асыру үдерісі кешенділігімен де, сондай-ақ, қойылған мәселелерді шешудің белгілі кезеңділігімен, іске асырудың белгілі кезеңінде саясаттың басым бағыттарын анықтау қажеттілігімен сипатталады.

Осыған байланысты Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды бұдан әрі дамыту екі кезеңге болжанған.

Бірінші кезең (2012-2016 жылдар) – қолданыстағы басқару схемасын, ең алдымен биліктің ең төменгі деңгейлердегі әлеуетті кеңейту.

1. Ауылдар (селолар), кенттер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейлерінде жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі халықтың рөлін арттыру.

Мыналарды көздейтін нормаларды заңнама түрінде бекіту ұсынылады:

1) жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастыру құрылымдардың өкілеттігін және жауапкершілігін айқындау;

2) жергілікті маңызы бар іс-шараларды қаржыландыру мәселелерін жиналыстардың (жиындардың) талқылауына шығару міндеттілігі (басқарудың төменгі деңгейіндегі әкімдерде дербес бюджет жоқ, бірақ аудан бюджетінің құрамында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады);

3) жиналыстарды (жиындардын) құру, өткізу және өкілеттігі мен олардың шешімдерін ресімдеудің тәртібіні нақты регламенттеу.

Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті сипатқа тек мемлекеттік органдардың шешімдері қана жатады. Басқа органдардың шешімдері (консультативтік-кенестік, жиналыстардың), әдетте ұсыныс сипатында болады.

Әкімдердің заңға қарсы шешімдерді орындауын жол бермеу және халықтың жекелеген топтарының мүдделелерін қорғауды болдырмау мақсатында, әкімнің жиналыстар (жиындар) шешімдерін міндетті түрде қарау және халыққа заңңаманы ескере отырып шешім қабылдау (немесе қабылдамау) туралы ақпарат беру жөнінде ережесі бекітілетін болады. Сол ережеде сондай-ақ қабылданатын шешімдердің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау тетігі және оларды іске асыруға қоғамдық бақылау көзделетін болады.

Ірі қалаларда жалпықалалық шаруашылықты басқару ерекшелігін есепке ала отырып, жоғарыда аталған шараларды басқарудың төменгі деңгейіне жататын Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының аудандарына тарату ұсынылады.

Әкімшілік жағынан Қазақстан 14 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қалаға (Астана, Алматы) бөлінеді. Олардың әкімдерін президент тағайындайды. Биліктің өкілетті органдары — мәслихатты облыстар мен елді мекендерде жергілікті халық сайлайды.

Билет-26

1.Тоталитарлық саяси режим. Тоталитарлық режім биліктің тотальділігімен, азаматтық қоғамның жоқ болуымен сипатталады, тоталитарлық билік қоғам өмірін төтенше жағдайлар принципі бойынша мәжбүрлеп ұйымдастырады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды. Қоғам милитарланады. Тоталитаризмнің екі нұсқасы болады: оңшыл радикалистік және солшыл экстремистік. Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің қимылы өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады. Ондай қоғамда идеологияның рөлі үстемдік етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдаланады.

2.Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. ХХ ғасырдың соңғы 10 жылы дүние жүзі халықтары алдында көптеген шиеленіскен және күрделі проблемаларды қойды. Олар жаһандық проблемалар деген атқа ие болды.

Жаһандық проблемалар дегеніміз – бүкіл адамзатқа қатысты проблемалар. Олар дүниежүзілік қоғамдастық елдерінің арасындағы қарым - қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін қамтиды. Ғаламдық сұрақтар мен қоғамдық жауаптардың болуын, оларды шешу үшін кең көлемді халықаралық ынтымақтастық болуын талап етеді.

Проблема түрлерінің байланысы:ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ПРОБЛЕМА:МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРОБЛЕМА: Нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес,

ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМА:Ғаламдық проблема түрлеріСипаттары жағынан ғаламдық проблемалар әр түрлі, бірақ олардың бәрінің арқауы адамзаттың географиялық бірлігі және оның аман қалуы идеясы.Жаһандық проблемаларды қаншалықты қуатты болса да бірде - бір мемлекет, не мемлекеттердің бірде - бір тобы өз күшімен шеше алмайды. Тек бейбітшілік жағдайында барша елдер күш біріктіргенде ғана, өзара тәуелді екендігін баршамыз ұғынып, жалпы адамзаттық міндеттер бірінші орынға қойылған күнде ғана халықтар ертеңгі күнге сенімді бола алады, әлеуметтік және экологиялық апаттардың алдын алуға болады және түптеп келгенде аман қалудың амалы да осы.Дүниежүзілік соғысты болдырмауАдамзат тарихында 14500 астам соғыс болған.3, 5 млрд. адам қаза тапқан. Осы соғыстар ішінде бүкіл дүние жүзін қамтыған соғыс болған жоқ. Қазір бір дана термоядролық зарядта Екінші Дүниежүзілік соғыста қолданылған барлық қарудың күші бар немесе бір сүңгуір қайықтың тигізетін әсері қамтыған Екінші Дүниежүзілік соғыс шамасына тең.Жанталаса қарулану жыл сайын адамзаттың 1трлн. доллар қаражатын жұтады. Бұл Жапония сияқты елдің ұлттық табысымен шамалас. Дүние жүзі мемлекеттерінің армияларында еңбектен қол үзіп 26 мил. адам сапта жүреді.

3.Қазақстандағы патриотизм: қалыптасу мен негізгі мазмұны. Қазақстандық патриотизм дегеніміз не? Ол – Отанға деген сүйіспеншілік пен азамзаттық ерлік, өнеге көрсетушілік, өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт дәстүрін қастерлеу, Туымыз бен Әнұран, Елтаңбамызды құрметтеу.Отанын, жерін қорғау.Патриотизм – ақыл, ой-сананың салтанаты, табынды тәрбиенің жемісі. Әрбір жеке тұлғаны патриоттық сезімге тәрбиелеу керек, ол отбасынан, балабақшадан басталып, мемлекет, жоғарғы оқу орындары, қоғамдық ұйымдар ортасынан қалыптасады.Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтаудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру Қазақстан халқының міндеті.Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары (10) бар.Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін.Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да.Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. “Қос азаматтық”, “Қос тілдік” деген ұғымнан арылу. Біз мұнда түгелдей орыс тілінен бас тартып отырғанымыз жоқ. Орыс тілі арқылы батыс мәдениетін игеруіміз тиіс.Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. қазақстандық патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары-ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гумнаитарлық пәндердің мазмұны.

27-билет

1.Авторитарлық саяси режим.Авторитарлық саяси режим-билік құрушы элитаның бөлініп шығуы,жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі,адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік саяси факторлар тән ерекше саяси режим.Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестіккүрес жоқ.Билік үшін күрес, көп жағдайда саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді.Қоғам құрылымданған,саяси рөлдер анықталынған, саяси жинақылық төмен.Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының режимнің әр түрлі формалары көрініс тапқан.Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік мәдени деңгейімен анықталынады.

2.Жаһандану:себептері,белгілері,болашағы:Халықаралық қатынастардың тарихи дамуы барысында оның қатысушыларының сипаты, қызмет тәсілдері, өзара іс-қимыл көлемі айтарлықтай өзгерді.Бұл жеке мемлекетаралық іс-қимылдардың белгілі біраймақ шеңберімен шектеліп қалуынан әлемдік жаһандануға өту белгісі. Қазіргі кезде бүкіл әлем іс жүзінде халықаралық саясат кеңістігі болып, бірте-бірте жаһандануға өту барысы аңғарылады.Ғаламдасу (жаһандану) саяси бағытымен бірге мемлекеттер арасындағы “ұлттық мүдделер” бәсекелестігі тұрғысындағықатынастар қалыптасты олар, бір жағынан,бірнеше ұлы державаның даму жолындағы бірігуіне айналса, екінші жағынан, саналы түрдегі өзінің стратегиялық, перспективалық болашақтағы бірігу процесінде жетекшілік етугемүдделі.Бұл құбылыстар жаңа халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуын бейнелейді.Халықаралық қатынастардың еуропалық жүйесінің қалыптасуы ортағасырлық және Жаңа дәуір (ХYІ ғ.) кезеңінде жүзеге аса бастады.Бұл процестің маңызды алғышарттары: 1) ХY ғасырдың соңы мен ХYІ ғасырдың басындағы ұлы жағырапиялық ашулардан туындаған халықаралық саясат кеңістігінің ұлғаюы; 2) халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік жүйесінің пайда болуы; 3) халықаралық ынтымақтың әртүрлі үлгілерін ің жетілуі; 4) аса ірі ұлттық мемлекеттердің құрылуы.Халықаралық қатынастарды жаһандастыру бағыты өзіне қарсы(идеологиялық және экономикалық басым болу) саясатымен қатар жүрді.Саяси саладағы конфессиялық әртүрлі пікірлер мен көзқарастардың оқшаулануы,өзара бірлігінің болмауы, еуропалық елдердің біркелкі емес экономикалық дамуы орын алды. Жеке мемлекеттердің бірте-бірте жаңа халықаралық қатынастарға өтуі олардың саяси-экономикалық оқшаулануын тоқтатты.Бұл қатынастардың нәтижесінде ХYІІ ғасырдың ортасына қарай халықаралыққатынастардың жалпыеуропалық үлгісі – еуропалық мемлекеттер іс-қимылының күрделі жүйесінің қалыптасуына негіз болды. Осы халықаралыққатынастар жүйесінің негізгі сипаттары:1) жеке мемлекеттер арасындағы қатынастардың күрделенуі (саяси,идеологиялық, экономикалық салаларда);2) ортақ мүдделері негізінде құрылған және Еуропадағы саяси күштердің қызметін атқаратын жүйенің қалыптаса басталуы;3) мемлекеттердің сыртқы саяси концепцияларына сәйкес олардың халықаралық алаңдағы іс-қимыл бағдарламаларының болуы.ҚР-да мемлекетті демократияландыру процестері үнемі халықаралық деңгейге сәйкес дамытылып келеді.Осы саладағы жаңа жетістіктердің бірі 2007жылғы 21-ші мамырда ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы Қазақстанның Президенттік Республика формасынан Президенттік-парламенттік Республика формасына көшуі.Жаңа мемлекетіміз Қазақстан Республикасының бірінші күндерінен бастап дамудың басты басымдығы экономика саласы болды. Мақсат:біріншіден, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қолжеткізу, екінші жағынан – инфрақұрылым жасау және маңызды салаларды дамыту жеке меншік секторын жандандыру болды.ҚР сыртқы саясатының басты идеясы интеграциялық мәселелер болды.Алғашқы кезеңде ұсынылған Евразия одағытуралы идея осы заманғы көптеген көкейкесті саяси мәселелердегі ұстанымдарды жақындастыруға алып келгені ақиқат. Еуразиялық интеграция идеясын жүзеге асыру барысында, ғалымдар мен зиялылардың еуразиялық клубын құру ұсынысы мақұлданып (2007 ж.) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен 2008 жылы Астанада өткен «Жаһандану жағдайындағы экономикалық дамудың қазіргі заманғы қырлары» атты ғалымдардың Еуразиялық экономикалық форумында еліміздің экономикалық дәрежесіне ерекше мән берілді.

3.ҚР- халықаралық қатынастар субъектісі.Бүгінгі күні қазақтардың ұлттық сана-сезімі өсті. Басқа ұлт өкілдерін қолдау мақсатында Қазақстан халық ассамблеясы өз қызметін атқарып келеді. Мәдени ана тіл, рухани дәстүрлер жаңарып жатыр. Елде барлық негізгі ұлыстар мен ұлттардың өкілдерінің мәдени орталықтары белсенді жұмыс істеп жатыр. Ұлтаралық келісім нығайып отыр. Басқа дінге деген төзімділік, басқа мәдениеттке деген құрмет елімізде дұрыс жолға қойылған. Ұлт саясатының қызметі және әртүрлі ұлтық бірлестіктер оң бағытта қызмет жасайды. Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың негізгі принципі мыналар: тіліне, ұлтына және дініне қарамай дербес тұлғаның бостандығы және құқық теңдігі; лайықты белгілер бойынша азаматтардың берілген құқықтарына шек қоюға тыйым салу; Қазақстанның тарихи пайда болған бүтіндігін сақтау; республика халықтарының конституция және халықаралық құқық нормалармен сәйкес құқық кепілдігі; олардың ұлттық мәдениеті мен тілінің дамуына көмектесу және т.б. Қазақстан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бар күш жігерін салуда. Қазақстанның Ресей, АҚШ, Ұлыбритания жағынан қауіпсіздік кепілдіктері туралы Будапешттік меморандумға қол қоюға қолы жетті. Сондай кепілдіктер Франция және ҚХР-дан алынған болатын.Бүгінгі таңда әртүрлі діндер арасындағы сұхбатты тұрақтандыру өте-мөте қажеттілік. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ықыласымен Астанада тұңғыш рет ғаламдық және дәстүрлі діндердің өкілдерінің қатысуымен съезд өткізілді. Бұл дәстүрге айналып отыр. Бірегей унитарлы мемлекет аймағындағы әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың бейбітшіл көңіл-күйі үлгілі мемлекет мұратының негізгі нысаны. Біз әлемге үлгі боламыз. Планетарлы этика принциптерін қабылдауға дайынбыз. Бүгінгі таңда ұлттық гуманистік қозғалыстар адамилық мәнге ие болып отыр. Қазақстан Республикасы еуразия өркениетінің бір бөлігі, статусы жағынан еуразиялық мемлекет болып табылады. Бүгінгі Қазақстанның дамуы тілі, салт-дәстүрі ортақ көпғасырлық тарихы бар көп ұлтты түркі-ислам мәдениетінен бастау алатыны сөзсіз. Ұлттық және азаматтық консолидация түріндегі сұхбатты жетілдіру мен орнықтыру мақсатында барлық жағдайлар жасалып отыр, жас мемлекеттің әлемдік даму контекстіндегі тұрақты және сенімді экономикалық өсімі, демократиялық және азаматтық қоғам институттарының дамуы, тұрақтылық, қауіпсіздік, егемендік идеяларының нығаюы осы бағыт үшін ынталанады. Қазақстан Республикасындағы ұлт аралық сұхбат кеңістігі жоғарыда айтып өткен мәдени-тарихи алғы шарттылықтардан қуат алып, рухани кең пейілді даналыққа қол жеткізіп отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]