- •Саясаттану пәні, оның объектісі мен негізгі ұғымдары
- •3.Казақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, унитарлық мемлекет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •Саясат – қоғамдық құбылыс
- •2,,Саяси сана деңгейлері:
- •Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
- •2.Саяси мәдениет ұғымы және оның мәні
- •Қазіргі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тарту және саясат
- •Билет №8
- •Ежелгі замандағы саяси ойдың пайда болуы
- •Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі
- •Қазақстан және халықаралық экономикалық ұйымдар
- •Орта ғасырлардағы саяси ойлар
- •Тұлға – саясаттану нысаны ретінде. Саяси әлеуметтенуі
- •10 Билет
- •11Билет
- •12Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •3.Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты себептері:
- •15 Билет
- •16 Билет
- •2.Саяси элита, оның мәні мен классикалық теориялары
- •3.1993 Жылғы қр – ң Конституциясы және елдегі мемлекеттік билік жүйесінің мінездемесі
- •Билет 20
- •1.Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу
- •2.Саяси элитаның жіктелуі мен оның атқаратын қызметтері
- •3. 1998 Және 2007 жылғы конституциялық өзгерістер қр – дағы саяси өмір демократиясының куәсі ретінде
- •Билет 21
- •1.Мемлекет – негізгі саяси институт
- •2.Саяси болжам, оның мәні, түрлері мен кезеңдері
- •3.1995 Жылғы конституциялық реформа және оның негізгі себептері
- •Билет-25
- •2. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы, оның типтері.
- •28 Билет
- •1.Саяси процесс
Билет 21
1.Мемлекет – негізгі саяси институт
Мемлекет саяси институт ретінде Мемлекет туралы мөселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет аткдратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтіксаяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады. Мемлекет жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының тиімді құралы ретінде барлық кезеңдердегі ойшылдардың назарын өзіне аударды. Өркениет тарихында мемлекеттілікгің дамуы үлкен дәрежеде толыққанды әрі проблематикалы және орасан зор танымдық мәнге ие болуы себепті мемлекетгің пайда болуын зерттеу кең тарихи негіздерге құрылуы керек. Мемлекет тарихы мәні мен мазмұны бойынша ел тарихы, оның халқының тағдырының тарихы, өйткені мемлекет — биліктік құрылымдардағы халық субъектілігі. Осыған орай, халық қандай болса, мемлекеттік билік пен мемлекет соған сай болады.
Тағы да ескерер жайт, мемлекеттің қоғам өміріндегі пайда болуьш, рөлі мен орнын сипаттайтын теориялық мәселелер идеологиялық қабаттарға ие, оларды сыни тұрғыдан қайта зерделеу Бұл мөселелерге ғылыми түрде дәлелді, саясаттанулық сараптау беру үшін кажетті. Саяси ойлар тарихында парадигмалардың алмасуы мемлекет туралы ілімнің теориялық мөселелерінде, яғни оның генезисінде, әлеуметтік қажеттілікті негіздеуінде, функцияларды айқындауында, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы мен құрылымдануында, халық пен биліктің арақатынасын анықтауында мейлінше дәл және тікелей көрінеді. Мемлекет туралы ілімнің парадигмалық ерекшеліктері келесі негізгі концепцияларда көрінеді:
1. Діни-мифологиялық, теократиялық.2. Табиғи-тарихи, натуралистік.3. Келісімдік.4. Әлеуметтік-экономикалық, таптық.
5. Либералды-демократиялық, құқықтық.
Мемлекеттің қазіргі түсінігі ізденудің қиьш жольшан өткен, ол мультипарадигмалық болып табылады және мемлекет пен биліктің шығу тегінің мифологияландырудың қажеттігін, табиғи-тарихи, натуралистік негіздердің бар екендігін, мемлекет пен мемлекеттік билікті әлеуметтік-таптық мүдделердің басымдығын қамтамасыз ету үшін пайдаланудың, тұлғаның, оның мүдделері мен бостандығын және оларды Құқықты тұрғыда қамтамасыз ету маңыздылығын қамтиды.
2.Саяси болжам, оның мәні, түрлері мен кезеңдері
Саяси болжам, жалпы болжам ретінде білімнің барынша қиын берілетін түрі. Бұл осы білімнің нысаны, әдеттегідей, әзірге орын алмаған оқиға немесе құбылыс болып табылатындығымен байланысты. Орын алған құбылысты, оқиғаны немесе үдерісті сипаттау мен түсіндіру анағұрлым оңай екендігі әбден түсінікті де. Өйткені, біріншіден орын алған оқиғаның орны бар және ол белгілі бір формада, өзіне тән мазмұнда көріне береді, екіншіден бұл орын алған оқиғаға дамудың белгілі бір бағыты берілген.
Алда не болатындығын және білмейтін саладан не келетіндігіне қатысты айтар болсақ, оның не өзіндік формасы, не өзіндік мазмұны жоқ, бұл орын алмаған оқиғаның абстракциясы өзінің дамуында көп нұсқалығы мен баламалылығының алуан түрлігімен біздің алдымыздан шығып тұрады.
Саяси болжамдау – саяси нарықтың маңызды сипаттамаларының динамикасы туралы, қайсыбір саяси құбылыстың болашақ жағдайының перспективалары туралы және алдын ала жасалған көземелдер мен алғышарттардың орындалуы жағдайындағы олардың баламалы нұсқалары туралы өзінің табиғаты бойынша ықтимал пайымдау. Саяси болжамдаудың мақсаты ықтимал болашақтың көріністерін анықтау болып табылады. Олар: саяси оқиғалардың, құбылыстар мен үдерістердің болуы мүмкін жағдайларын, айқындау, қажетті және қажетсіз (тілекке сай және сай емес) оқиғаларды дер кезінде алдын ала болжай білу. Болжамдау тек ғылым ғана емес, сондай-ақ өнер болғанымен болжам үшін қолданылатын әдістер ғылыми теориялық болжаушылық қызметін пайдалана отырып, ғылыми заңдарға сүйенеді.
Саяси болжам жасаудың маңызды операцияларының алгоритмі мынандай негізгі кезеңдерден тұрады: алдын ала болжаушылық әзірлік сатысы (зерттеудің бағдарламасын жасау және болжам тапсырмаларын нақтылау); жүйелік талдау, математикалық үлгілеу және т.б. әдістермен болжам жасайтын саяси нысанның бастапқы (негіздік) үлгісін құру; болжамдық ортаның (мысалы, әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері, әлеуметтік және ұлтаралық жағдай, қоғамдық пікірдің беталысы және т.б.) мәліметтерін жинақтау және олардың өзгерісі; болжамдық принциптер мен ерекше әдістер негізінде динамикалық, алдын ала ізденушілік үлгілердің қатарын құру; негізгі және қосымша көрсеткіштерге талдау жасау негізінде нормативті идеалды үлгілер қатарын құру; дұрыстық пен дәлдікті, сондай-ақ, болжамның негізділігін бағалау; саяси шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар жасау; әзірленген болжамды сыни талдау және т.б. Осыған сәйкес, саяси-болжамдық үлгілеу мынандай формаларда іске асырыла алатындығын атап көрсеткен жөн: ауызша сипаттау, графикалық түсінік, блок-схемалар және математикалық сипаттау.
