Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_1-30bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.32 Кб
Скачать

2.Саяси элита, оның мәні мен классикалық теориялары

«Элита» термині француздың elite деген сөзінен шыққан таңдап алынған, сұрыпталған деген мағына береді. Элитаның түрлері өте көп: саяси, басқарушы, экономикалық, рухани, әскери т.б.

«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.

Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:

Еңбектік бөлінуі;Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.

Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:Жоғарғы элита;Ортаңғы элита;Әкімшілік элита. Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, амандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.

Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.

3.1993 Жылғы қр – ң Конституциясы және елдегі мемлекеттік билік жүйесінің мінездемесі

1993 жылғы Конституция жобасының ең маңызды мәселелері Конституция комиссиясының мәжілісінде қызу пікірталас жағдайында өтті. Жоғары Кеңестің консервативтік бағыттағы топ мүшелері Кеңесті сақтап қалуға тырысты. Олар екі палаталы Парламент құруды жоққа шығарды. Бір жылдан кем уақытта Конституцияның жобасы жасалып бітіп, Жоғарғы Кеңестің сессиясы қарауына жіберілді. Сессия қарап болысымен, 1993 жылдың 28 қаңтарында мақұлданып, заңдық күшіне ие болды. Конституция қоғамда болып жатқан өзгерістерге жауап беруге тиіс болғандықтан, оған да кезең-кезеңімен көптеген өзгерістер еңгізіп отыруға тура келді. Мемлекеттік құрылыс, жүйе өзгеріске ұшырап жатқанда, мұның да қисыны бар еді.Конституция мазмұны «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңның ережелері мен ұстанымдарына сәйкес айқындалды. Конституцияның кіріспе бөлімінде Қазақстанның тәуелсіз, құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім және 21 тараудан тұрды. Демократиялық және құқықтық мемлекет құруда республика халықаралық нормалар мен курстарды ұстана отырып, Қазақстан алғаш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі ретінде жарияланды. Конституция елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға негізделіп жасалды. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына теңдей құқық беру қамтамасыз етіліп, адамдардың міндеттері мен құқықтары және бостандықтары бекітілді. Конституция бойынша қазақ тілі — мемлекеттік тіл болып бекітіліп, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды. Мемлекеттік немесе ұлтаралық қатынас тілін білмеу белгілеріне байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелуіне тыйым салынды. Сөйтіп, Қазақстанның толыққанды мемлекеттік тәуелсіздігін конституциялық-кұқықтық түрғыдан рәсімдеу 1993 жылғы 28 каңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституцияның қабылдануымен жүзеге асты.

Казақстан қоғамын дамыту барысында Конституциядағы кемшіліктер мен оның шындықтан алыс жатқандығы байқала бастады. Онда Қазақстан демократиялық мемлекет деп жарияланды. Ал шын мәнінде 1993 жылдары демократиялык қайта құрулар енді-енді ғана өзіне жол ашып жатқан болатын.

1993 жылғы Конституцияда мемлекеттің құқықтық және әлеуметтік бағдары анықталғанмен, басқару түрі туралы нақты айтыл-мады. Бұл уақытта президенттік және парламенттік республиканың екеуінің де белгілері бар еді. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің бірыңғай жүйесі мәртебесіне ие болды. Мұның ерекшелігі, Қазақстанда Президент мәртебесіне қарай атқарушы биліктің қызметін атқармайды. Бірақ шын мәнісінде президенттік билік атқарушы билікке жататын еді.

1993 жылғы Конституция бойынша Үкімет басшысын, соңдай-ақ оның орынбасарларын, министрлер және ведомствалардың басшыларын Жоғарғы Кеңестің келісімімен Президент бекітетін. Конституцияның құрылымында Жоғарғы Кеңес туралы тарау Президент туралы тараудың алдында тұрды. Бұл жоғарғы өкілеттік органның мемлекеттік сатыдан жоғары тұрғанын көрсетеді, мұның өзі мемлекеттік иерархияда жоғарғы өкілетті органның белгілі дәрежеде үстемдігін көрсетті. «Мемлекет және онын органдары мен институттары» атты ережеде Қазақстанның халқының атынан сөйлеу құқығы тек қана Жоғарғы Кеңес пен Президснтке тән деп көрсетілген. Экономикалық салада жерді жеке меншікке беруге тыйым салынған.

Бірақ іс жүзінде 1993 жылғы қабылданған Конституцияның Қазақ-стандағы шынайы әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерден алшақтығы мемлекет тұрғындарының тіл мәселесі, меншік нысандары, жерге, азаматтыққа, мемлекеттік сипатына қатысты сәйкессіздіктерін туындатты. Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін тетіктер болмады. Әсіресе, мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қайшылық күшейе түсті. Үкіметтің биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті баскарудың мүдделеріне қауіп төндірді. Осы себептерге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта қарау және жаңа Конституцияның қажеттілігі туралы пікір туындады. 1993 жылғы Конституцияда жазылған құқықтық мемлекетті құруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында 1994 жылы елімізде құқықтық реформалардың бағдарламасы қабылдаңды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]