Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_1-30bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.32 Кб
Скачать

16 Билет

16-1. Саяси билік - таптықтоптық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партияларкәсіподақтархалықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.

Принциптері

Саяси билік принциптері - легитимдік принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі.

Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқықбеделсендірудәстүралдап-арбау,зорлаукүштеу арқылы жүзеге асырылады. Саяси билік ресурстары

Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық. Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б. Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі. Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б. Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды. Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.

16-2.

16-3. Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сьіртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатьінастарЛСондьікхан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық. Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықгай айырма бар. Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатад мем-лекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытгалған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, қққыктық, дапломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды ісқе асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатьшастарының жиынтығын айтады. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралыққатынастар-ға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы жәнехалықаралық саясаттардыңнегізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсеңділігі артьш келе жатыр дедік. Бірақ халыңаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар жасау, соғыс ашу және т.б. занды түрде іске асыруға мүмкіндіктер беріледі 17-билет

17-1

1. Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен,ережелермендәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:

1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;

2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:

1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді;

2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету;

3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

17-2. Өткен ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарының басы мен қырықыншы жылдарының ортасында фашизм сияқты ұйымның пайда болуы адамзат алдына көптеген күрделі сауалдарды қойды. Бұл сауалдарға жауап табу мәселесі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Фашизм - XX ғасырдағы контрреволюцияның туындысы. Ол демократиялық қозғалыстың көтерілуіне қарсы бағытталған реакция. Қоғамның қайшылықтары шиеленіскен кезде үстем тап бұрынғы нағыз реакцияшыл тәжірибелерін жинақтай отырып, қайшылықтан шығу жолын іздейді. Сондықтан бұл шараларды жүзеге асыруда оларға ұйымдасқан күш керек. Ол күш - адамзаат баласын бүрын тарихта болмаған алапат қырғын әкелген фашизм еді. Фашизм - диктатураның басып-жаншу мен құрту жолынан басқа шарасы қалмаған кезде пайда болады және оның негізгі ұйымдастырушысы ролін атқарады. Фашизм - интернационалдық құбылыс. Неліктен ол Еуропада пайда болды? Себебі, Еуропа демократиялық, революциялық қозғалыстың орталығы болды.

17-3 Стратегиясының міндеттерін орындау жалғасын табатын болады. Уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасы сияқты біздің жоспарларымызға түзетулерін енгізетінін нақты түйсінуіміз керек.

2050 жыл - жай бейнелі дата емес.

Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім.

БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді.

2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жариялады.

Қазір елдердің дені  осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды.

Ірі трансұлттық компаниялардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде.

Он бес жыл бұрын, 2030 Стратегиясы қабылданғанда біздің жаңа мемлекетімізде дүниеге келген қазақстандықтардың жаңа буыны енді ғана мектепке баруға даярланып жатты.

Бүгінде олар еңбек етуде немесе жоғары оқу орындарын аяқтауда.

Енді екі-үш жылдан соң Тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келе бастайды.

Сондықтан қазірдің өзінде оларға дұрыс бағдар нұсқау туралы ойланғанның маңызы зор.

Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.

Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.

Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс.

Қазақстан-2050 стратегиясы - Қазақстан-2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін.

Осыған орай,  ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсынамын. Бұл менің Қазақстан халқына жолдауым болады.

***

Біз қайда бара жатырмыз? Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс.      Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:

  • Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.

  • Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.

  • Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.

  • Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.

  • Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.

  • Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.

  • Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.

Бүгін, сонымен қатар, мен 2050 жаңа саяси бағыттың табысты басталуын қамтамасыз ететін 2013 жылғы бірінші кезектегі міндеттерді атағалы отырмын.

Осы міндеттерге сәйкес Үкімет шұғыл түрде 2013 жылғы жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс.

Осынау аса маңызды құжат нақты тапсырмаларды қамтуы және биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары басшыларының дербес жауапкершілігін көздеуі тиіс. Президент Әкімшілігі оны дайындау және кейіннен іске асыру барысын ерекше бақылауға алуға тиіс.

Енді мен Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі бағыттары туралы өз пайымдауымды алға тартқым келеді.

18-билет

1. Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік

Қоғамды жүйелік зерттеудің мейлінше толық үлгісі американ әлеуметтанушысы Талкотт Парсонстың (1902-1977 ж.ж.) еңбектерінде қарастырылған. Ол әлеуметтанудағы жүйелік-функционалдық мектентің негізін қалаушы болып саналады. Оньщ анықтамасы бойынша, адамдар қауымдастығындағы индивидтердің әрекеті әлеуметтік жүйеге ауысады, сондықтан да "жүйе" және "функция" ұғымдары қоғамды зерттеудегі негізгі әдістемелік ұғымдар болып табылады. Әлеуметтік жүйелерді құратын, қоршаған ортаны өзгерте алатын белсенді қызметімен антропологиялық әрекет биологиялық және физикалық әрекеттерден ерекшеленеді. Т. Парсонс қоғамды (адамдардың шексіз көптігі) салыстырмалы тұрғыдағы тұрақты аспектілерге (құрылым және функция) ие құрылым ретінде қарастырады. Функция кұрылымды әлеуметтік процеске, белгілі-бір тұтастыққа байланыстырады. Жүйенің негізгі функциялары: бейімделу, мақсатқа жету, біріктіру, үлгіні қолдау. Бұл функциялар жүйенің экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық-идеологиялық тармақтарында жүзеге асады. Әлеуметтік жүйелілік:

  • а) рәмізділігімен (тіл,құндылықтар)ә)нормативтілігімен (яғни жеке адамның әрекеті жалпы кабылданған нормаларға тәуелді)

  • б) волюнтаристілігімен (яғни әрекет жағдайдың субъективтік айқындалуына тәуелді) сипатталынады.

Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясына арналған еңбектері мыналар: "Структура социального действия (Әлеуметтік әрекет құрылымы)" (1937); "Социальная система (Әлеуметтік жүйе)" (1937); "К создании общей теории действия (Әрекеттің жалпы теориясын құру)" (1951); "Теория действия и человеческое существование (Әрекет теориясы және адамзаттың ғұмыр кешуі)" (1978); "Система современных обществ (Қазіргі қоғамдар жүйесі)" (1971). Соңғы кітабы 1998 ж.орыс тілінде жарық көрді. Саяси ғылымға саяси жүйе ұғымын енгізген және оны жеткілікті түрде талдаған Канада саясаттанушысы Давид Истон болды. Оның қарастырылып отырған проблемаға арналған еңбектері: "Политическая система: введение в область политической науки (Саяси жүйе: саяси ғылым саласына кіріспе) " (1953) - Бұл еңбек, сөзсіз, концептуальдық сипатта; "Системный анализ политической жизни (Саяси өмірді жүйелі түрде сараптау)" (1965); "Введение в политический анализ (Саяси сараптамаға кіріспе)" (1979), "Анализ политической структуры (Саяси құрылымның сараптамасы)" (1990). Д. Истонның пікірі бойынша, саяси жүйе қоғамның саяси өмірінің агенттері — адамдардың саяси жүріс-тұрысын қамтитын жүйе болып табылады. Ол саяси жүйе теориясына іштей тән бірнеше сипаттарды бөліп көрсетеді:

  • 1. Қоғамдағы өзара саяси әрекеттесу жүріс-тұрыс жүйесі

ретінде көрінеді.

  • 2. Саяси жүйе бос кеңістікте емес, керісінше физикалық, биологиялық, әлеуметтік, психологиялық қоршауда болады. Бұл қоршау орта сияқты өзгеріп отырады.

  • 3. Саяси жүйе ашық, себебі ол — әлеуметтік жүйенің бір

бөлігі және ауқымды әлеуметтік жүйенің шеңберінде және оның әсерімен қызмет етуі керек.

  • 4. Саяси жүйенің өміршеңдігі қоршаған ортаның теріс

әсерлеріне жауап қату қабілеттілігімен және өзгерген жағ- дайларға бейімделе алуымен анықталынады.

  • 5. Саяси жүйенің өзіне тән маңызды сипаты әлеуметтік

өмірдің тұрақтылығы мен түрлаулығын қамтамасыз ететін тепе-тендікті сақтай алу қабілеттілігі болып саналады.

  • 6. Барлық саяси жүйелердің ортақ қасиеті — олардың тұтас-

тығы мен амандығын қамтамасыз ететін бейімделу қабілеті, осының арқасында дағдарыстардан шығуға болады.

18-2. Марксизм дегеніміз қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология.

Бұл идеологияға негіз болған жоғарыда айтылған неміс ойшылы, ғалымы К.Маркстың(1818-1883)идеясы. Оның идеясы бойынша, «таптық қоғамда әділеттік жоқ, байлар, капиталистер, фермерлер — қарапайым жұмысшыларға, шаруаларға қанаушылық жасайды, олардың еңбегін толық төлемейді, соның арқасында өздері байиды. Бұл жағдай әлеуметтік экономика саласында орын алса, ал саяси салада әділеттілік, демократия жоқ. Билік басында отырғандардың бәрі байлар. Халықтық сайлауға қалай бақылау қойылса да – бәрі бір билікке байлар ғана келеді. Соңында қоғам олигархиядан шыға алмайды». «Осындай әділетсіз жағдайдан жұмысшыларды, шаруаларды, жалпы қарапайым еңбекшілерді құтқару, оларға саяси және әлеуметтік теңдік алып беру үшін, социалистік революция арқылы биліктің басындағы олигархтарды жойып, қоғамды буржуазиялық мемлекеттен босатып, жеке меншікті құртып, меншіктің мемлекеттік ғана түрін қалыптастырып, социализм, содан кейін коммунизм орнату керек. Осындай қоғамда ғана жан-жақты дамыған, еркін адам қалыптастыруға мүмкіншілік туады» -деп есептеді К.Маркс.

Маркстік идеяны іске асыру үшін, яғни, бұл идеяны идеологияға айналдыру үшін орасан зор белсенділікпен күрес жүргізген саяси топ –Ресейдегі 1898 жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП) еді. 1917 жылғы қазан айында В.И.Лениннің басқаруымен осы партия революция арқылы билікке келіп, бүкіл Кеңес Одағында марксистік(коммунистік) идеологияны орнатты. Бірақ күшпен енгізілген идеологияжыл бойы өз мақсатына жете алмады, себебі экономика саласындағы жеке меншік жойылғаннан кейін қоғам тоқырауға ұшырады. Бұл саяси оқиға идеологияның бәрі бірдей сәтті бола бермейтінін дәлелдейтін бұкіл әлемдік тарихи сабақ болып саналады.

К.Маркстің ең үлкен қателігі – «капитализмнің өзін-өзі дамытуға мүмкіншілігі жоқ» — деген қағидасы болатын.

18-3. 1991 жылы 16 желтоқсанда

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына[9] қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды.

19-билет

1. Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік.Қоғамды жүйелік зерттеудің мейлінше толық үлгісі американ әлеуметтанушысы Талкотт Парсонстың (1902-1977 ж.ж.) еңбектерінде қарастырылған. Ол әлеуметтанудағы жүйелік-функционалдық мектентің негізін қалаушы болып саналады. Оньщ анықтамасы бойынша, адамдар қауымдастығындағы индивидтердің әрекеті әлеуметтік жүйеге ауысады, сондықтан да "жүйе" және "функция" ұғымдары қоғамды зерттеудегі негізгі әдістемелік ұғымдар болып табылады. Әлеуметтік жүйелерді құратын, қоршаған ортаны өзгерте алатын белсенді қызметімен антропологиялық әрекет биологиялық және физикалық әрекеттерден ерекшеленеді. Т. Парсонс қоғамды (адамдардың шексіз көптігі) салыстырмалы тұрғыдағы тұрақты аспектілерге (құрылым және функция) ие құрылым ретінде қарастырады. Функция кұрылымды әлеуметтік процеске, белгілі-бір тұтастыққа байланыстырады. Жүйенің негізгі функциялары: бейімделу, мақсатқа жету, біріктіру, үлгіні қолдау. Бұл функциялар жүйенің экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық-идеологиялық тармақтарында жүзеге асады. Әлеуметтік жүйелілік:а) рәмізділігімен (тіл,құндылықтар)ә)нормативтілігімен (яғни жеке адамның әрекеті жалпы кабылданған нормаларға тәуелді)б) волюнтаристілігімен (яғни әрекет жағдайдың субъективтік айқындалуына тәуелді) сипатталынады.Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясына арналған еңбектері мыналар: "Структура социального действия (Әлеуметтік әрекет құрылымы)" (1937); "Социальная система (Әлеуметтік жүйе)" (1937); "К создании общей теории действия (Әрекеттің жалпы теориясын құру)" (1951); "Теория действия и человеческое существование (Әрекет теориясы және адамзаттың ғұмыр кешуі)" (1978); "Система современных обществ (Қазіргі қоғамдар жүйесі)" (1971). Соңғы кітабы 1998 ж.орыс тілінде жарық көрді. Саяси ғылымға саяси жүйе ұғымын енгізген және оны жеткілікті түрде талдаған Канада саясаттанушысы Давид Истон болды. Оның қарастырылып отырған проблемаға арналған еңбектері: "Политическая система: введение в область политической науки (Саяси жүйе: саяси ғылым саласына кіріспе) " (1953) - Бұл еңбек, сөзсіз, концептуальдық сипатта; "Системный анализ политической жизни (Саяси өмірді жүйелі түрде сараптау)" (1965); "Введение в политический анализ (Саяси сараптамаға кіріспе)" (1979), "Анализ политической структуры (Саяси құрылымның сараптамасы)" (1990). Д. Истонның пікірі бойынша, саяси жүйе қоғамның саяси өмірінің агенттері — адамдардың саяси жүріс-тұрысын қамтитын жүйе болып табылады. Ол саяси жүйе теориясына іштей тән бірнеше сипаттарды бөліп көрсетеді:

1. Қоғамдағы өзара саяси әрекеттесу жүріс-тұрыс жүйесі ретінде көрінеді.2. Саяси жүйе бос кеңістікте емес, керісінше физикалық, биологиялық, әлеуметтік, психологиялық қоршауда болады. Бұл қоршау орта сияқты өзгеріп отырады.3. Саяси жүйе ашық, себебі ол — әлеуметтік жүйенің бір

бөлігі және ауқымды әлеуметтік жүйенің шеңберінде және оның әсерімен қызмет етуі керек.4. Саяси жүйенің өміршеңдігі қоршаған ортаның терісәсерлеріне жауап қату қабілеттілігімен және өзгерген жағ- дайларға бейімделе алуымен анықталынады.5. Саяси жүйенің өзіне тән маңызды сипаты әлеуметтікөмірдің тұрақтылығы мен түрлаулығын қамтамасыз ететін тепе-тендікті сақтай алу қабілеттілігі болып саналады.

6. Барлық саяси жүйелердің ортақ қасиеті — олардың тұтастығы мен амандығын қамтамасыз ететін бейімделу қабілеті, осының арқасында дағдарыстардан шығуға болады.Бүгінгі заман ұғымында саяси жүйе төмендегідей құрылымдық элементтерді қамтиды, олар: мемлекеттік билік, оның тармақтары, саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, сондай-ақ саяси процеске қатысуға ұмтылатын уақытша немесе тұрақты ассоциациялар және адамдар саласындағы саяси процестердің идеологиялық көрінісі. Яғни, саяси жүйе, бір жағынан алғанда, саяси өмір агенттерінің жүріс-тұрыс жүйесі. Оны адамдар жасаған және оның қызмет ету процесінде адамның шығармашылық саяси әлеуеті жүзеге асады. Алайда, басқа жағынан қарасақ, саяси жүйе — адамдардың саяси жүріс-тұрысы жүзеге асатын және саяси процесс жүретін объективті тұрғыда болатын құрылымдық жүйе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]