Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_1-30bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.32 Кб
Скачать

14 Билет

1.А. Байтұрсынов оқу ісі, мектеп жұмысымен байланыстырады. Оның пікірінше, мектептің жұмысына қатаң бақылау қою дұрыс емес. Мектеп автономия болып, өзін-өзі басқаруы тиіс. Мектеп басшылары мен ұстаздары жоғарыдан тағайындалмауы, олар дауысқа салу арқылы сайлануы керек. Сонда ғана оқыту мен тәрбие жұмысы демократиялық принциптер негізінде іске асады. Ол бастауыш мектептерде оқу процесін тек ана тілінде жүргізуді талап етті.

2.Электорат - [лат. elector - сайлаушы] - парламенттік, президенттік немесе жергілікті билік органдарына сайлау барысында қандай да бір үміткерді, саяси партияны қолдап, дауыс беруші сайлаушылар тобы. Қандай да болсын мемлекеттің электораттық жүйесінің жай-күйі - саяси тұрғыдағы аса маңызды, көпшіліктің назарын тартатын өте маңызды жәйттердің бірі. Мемлекетте ашық, әділ және адал сайлау өткізу демократиялық даму мен құқықтық жүйенің қалыптасуына тікелей байланысты. Қазақстанның сайлау жүйесі өзінің дамуында бірнеше белестерді нәтижелі өткізсе де, бүкіл әлемдік стандарттарға және елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға байланысты әлі күнге дейін жаңару жолында.Сонымен қатар, еліміз егемендік алғаннан бергі сайлау туралы ұлттық заңнаманың жетілуіне халықаралық тәжірибенің де қосқан үлесі зор болды. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — ҚазақстанРеспубликасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент,парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

3.Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты себептері:

Біріншіден, әлемдік экономика АҚШ секілді негізгі тұтынушы нарықтың көрсеткішіне арқа сүйеді. Яғни американ экономикасының жағдайына байланысты өзге елдер өз экономикалық стратегиясын анықтап, соған қарап бой түзеді.

Дағдарыстың екінші себебі АҚШ экономикасының өсу орнына тежелуі болатын. Бұл бірінші кезекте экономиканың жүйелік диверсификацияланбауынан туындаған дағдарыс еді. Яғни ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бері дамыған елдердің экономикасында өндіріс, ауыл шаруашылығы секілді материалды секторларға қарағанда қызмет көрсету саласы басымдыққа ие болды. Жалпы ұлттық өнімнің негізгі бөлігін интеллектуалды еңбек пен қызмет көрсетуден құралуы және экономиканың дамығандығының негізгі көрсеткіші ретінде мойындалуы бұл салаға басымдық беруге итермеледі.

Дағдарыстың үшінші себебі - ретсіз тұтынудың нәтижесінде материалдық құндылық құнының өсуі. Инвестициялардың ең жылдам пайда әкелетін, қайтарымдысы - құнды қағаздарға салынған инвестициялар болып табылады. Бұл қаржы нарығының жылдам өсуіне тікелей ықпал еткен факторлардың бірі. Қаржы нарығындағы алыпсатарлық (спекуляция) құнды қағаздардың құнын еселеп арттырып жіберді. Ал компаниялардың табысы өзгерісссіз қалды. Бұл жағдайда табыстың инвестициялар көлеміне сай келмеуі инвестициялардың бұл салалардан кетуіне себепкер болды.Бұл дағдарыс Қазақстанға әсері: Қазақстан экономикасының негізгі экспорттаушы өнімдері шикізат болғандықтан әлемдік экономиканың дамуының тежелуі шикізат тұтынуды шектейді, оның үстіне Ресейге қолданылатын санкциялар шикізатпен байланысты болса экономикалық шығындардың көбеюіне алып келуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]