- •Саясаттану пәні, оның объектісі мен негізгі ұғымдары
- •3.Казақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, унитарлық мемлекет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •Саясат – қоғамдық құбылыс
- •2,,Саяси сана деңгейлері:
- •Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
- •2.Саяси мәдениет ұғымы және оның мәні
- •Қазіргі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тарту және саясат
- •Билет №8
- •Ежелгі замандағы саяси ойдың пайда болуы
- •Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі
- •Қазақстан және халықаралық экономикалық ұйымдар
- •Орта ғасырлардағы саяси ойлар
- •Тұлға – саясаттану нысаны ретінде. Саяси әлеуметтенуі
- •10 Билет
- •11Билет
- •12Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •3.Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты себептері:
- •15 Билет
- •16 Билет
- •2.Саяси элита, оның мәні мен классикалық теориялары
- •3.1993 Жылғы қр – ң Конституциясы және елдегі мемлекеттік билік жүйесінің мінездемесі
- •Билет 20
- •1.Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу
- •2.Саяси элитаның жіктелуі мен оның атқаратын қызметтері
- •3. 1998 Және 2007 жылғы конституциялық өзгерістер қр – дағы саяси өмір демократиясының куәсі ретінде
- •Билет 21
- •1.Мемлекет – негізгі саяси институт
- •2.Саяси болжам, оның мәні, түрлері мен кезеңдері
- •3.1995 Жылғы конституциялық реформа және оның негізгі себептері
- •Билет-25
- •2. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы, оның типтері.
- •28 Билет
- •1.Саяси процесс
11Билет
1.Жаңа замандағы саяси идеялар. XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588 – 1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689 – 1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді. Жаңа эаманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің класскалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724 – 1804). Оның саяси пікірлері “Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары”, “Өмірлік бейбітшілікке” деген еңбектерінде баяндалған.
Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар – намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыруы жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Кант мұны “категориялық императив” деп айтады. Оның мәні - әрбір адамның іс - әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.
2.Билікті бөлу принциптері. Мемлекеттік биліктің 3 түрі. Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз жылдар бұрын пайда болған. Оның негізін қалаушылар болып ағылшындық философ — материалист, материализмнің идеялық — саяси доктринасын құрушы Джон Локк (1632 –1704) пен француздық философ және құқықтанушы Шарль Луй Монтескье (1689-1755) шықты. Мемлекеттік билік бөлудің маңыздылығы мен қажеттіліктері жөніндегі Джон Локктың идеялары 1690 жылғы жарық көрген «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген басты еңбегінде көрініс тапса, Монтескьенің идеялары «Персиялық хат» романында мазмұндалады. Бұл еңбегінде Джон Локк «билікті бөліске салу керек, себебі абсолютті монархия-тирандық режимнің қалыптасуына ықпал етсе, заңсыздық — адамзат болмыс — бітіміне қарама-қайшы келеді, ал билікті бөлу қағидасы негізінде пайда болған жария саяси (мемлекеттік) билік адамдардың табиғи болмыс-бітімін сақтап, мүдделерін көздейді» десе,1 Шарль Луи Монтескье. Әрбір мемлекеттік биліктің үш тегі болуы керек: заң шығарушы билік, халықаралық құқық сұрақтарын жүргізетін атқарушы билік және азаматтық құқық мәселелерімен айналысатын атқарушы билік. Осы аталғандардың біріншісінде мемлекет басшысы немесе мекеме уақытша немесе тұрақты заңдар шығарады және әрекет етіп жатқан заңдардың күшін тоқтатады немесе оларға өзгертулер енгізеді. Ал екінші биліктің құзыретіне соғыс жариялау, бейбітшілік орнату, өкілдерді қабылдау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты күрделі мәселелер енеді. Сондай-ақ, үшінші билік қылмысты жазалауды, жеке тұлғалардың қақтығыстарын реттеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар ең соңғы билікті соттық билік деп қарастыруымыз керек» деп салиқалы пікір айтқан. Мемлекеттік билікті бөлу қағидасының тарихы ежелден бастау алған. Француз құқықтанушысы Монтескье 1748 жылғы атаулы бір еңбегінде «Жеке тұлға саяси бостандықта болу үшін үкімет адамдар бір — бірінен қорықпайтындай дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. Егер заң шығарушы және атқарушы билік бір адамның немесе бір магистратура органдарының иелігіне шоғырланса, онда бостандық болуы мүмкін емес, мұндай жағдайда қоғамда үрей, қорқыныш пайда болады және бүкіл билікті бір өзінің қолына алған монарх немесе сенат тирандық заңдар шығарып, оны тирандық сипатта қолдануы мүмкін. Билік бөлу теориясының негізгі ережелері мынадай:
1) Билікті бөлу Конституциямен бекітіледі.
2) Конституцияға сәйкес Заң шығарушы, атқарушы және соттық билік әр-түрлі органдармен және адамдармен ұсынылады:
3) Барлық, билік тең
4) Ешқандай билік өзге билікке тиесілі құқықтарға ие бола алмайды.
5) Соттық билік саяси ықпал етуден тәуелсіз.
Билікті бөлу қағидасының теориялық және практикалық қайнар көздері — Ежелгі Греция мен Римде. Билiктi тармақтаға бөлу — демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару (низамдық), атқару және сот қызметіне бөлу принципі. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақсаты — билікті бір адамның, не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғырландыруға жол бермеу. Яғни, мемлекеттік органдар тиесілі билік түрін өз өкілеттерінің шегінде, өзге факторлардың ықпалынсыз жүзеге асыруға тиіс. Жалпы, билікті тармақтарға бөлу — көне замандарда пайда болған саяси-құқықтық қағида.
3.Қазақстанның ТМД елдерімен сыртқы саясаттағы таяудағы мақсаты. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б. 1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
