- •Саясаттану пәні, оның объектісі мен негізгі ұғымдары
- •3.Казақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, унитарлық мемлекет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •Саясат – қоғамдық құбылыс
- •2,,Саяси сана деңгейлері:
- •Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
- •2.Саяси мәдениет ұғымы және оның мәні
- •Қазіргі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тарту және саясат
- •Билет №8
- •Ежелгі замандағы саяси ойдың пайда болуы
- •Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі
- •Қазақстан және халықаралық экономикалық ұйымдар
- •Орта ғасырлардағы саяси ойлар
- •Тұлға – саясаттану нысаны ретінде. Саяси әлеуметтенуі
- •10 Билет
- •11Билет
- •12Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •3.Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты себептері:
- •15 Билет
- •16 Билет
- •2.Саяси элита, оның мәні мен классикалық теориялары
- •3.1993 Жылғы қр – ң Конституциясы және елдегі мемлекеттік билік жүйесінің мінездемесі
- •Билет 20
- •1.Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу
- •2.Саяси элитаның жіктелуі мен оның атқаратын қызметтері
- •3. 1998 Және 2007 жылғы конституциялық өзгерістер қр – дағы саяси өмір демократиясының куәсі ретінде
- •Билет 21
- •1.Мемлекет – негізгі саяси институт
- •2.Саяси болжам, оның мәні, түрлері мен кезеңдері
- •3.1995 Жылғы конституциялық реформа және оның негізгі себептері
- •Билет-25
- •2. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы, оның типтері.
- •28 Билет
- •1.Саяси процесс
10 Билет
1.Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ой. Қай заманның ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана мәселе – халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады:
Ерте дүние Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит, Платон, Аристотель.
Ортағасырлық А. Августин, Ф. Аквинский, М. Лютер.
Қайта өрлеу Н. Макиавелли, Томас Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс, Д. Уинстенли, Джон Локк. Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар.
Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу.Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу.
Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау.
Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы.Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы.ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм.Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету.Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді."Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған.Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.
2.Құқықтық мемлекет: мәні мен мінездемесі. Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске асқан конституциялық мемлекет. Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты.
3.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» - деген мақаласындағы басты тұжырымдамалары.Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына көшу мәселесі – Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленген тапсырмалардың жалғасы болып табылады. Бүгінгі күні біз көп жағдайда ілгеріледік. Жалпы, Қазақстанға әлеуметтік жаңғыртудың біртұтас моделін жасау маңызды екенін ескерсек, Президентіміздің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам – әлеуметтік модернизацияны іске асыру бойынша 20 тапсырма беруі өте орынды болған. Мемлекет басшысының
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қадамына қарай 20 қадам» атты мақаласы жұмыспен қамту орталықтарына да жаңа міндеттер жүктеді. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын бұрынғыдан да жақсарта түсу жайын да айтқан болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы көпшіліктің көңіліндегісін дөп басқандай болды. Себебі, Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ қоғамындағы барлық азаматтарды еңбекпен, жұмыспен қамту қазіргі ең басты міндеттердің бірі екенін ерекше атап көрсетті. Сөзіміздің соңын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласындағы түйіндемемен аяқтасақ: «...Біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН құруға бағытталуы тиіс. Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек ЕҢБЕК қана барлық қазақстандықтардың ӘЛ-АУҚАТҚА және жаңа ӨМІР САПАСЫНА қол жеткізуін қамтамасыз ете алады. Мен қазақстандықтардың әлеуметтік жаңғырту саясатына қолдау көрсететініне, оның сыртында оны жүзеге асыруға барынша тікелей және мүдделі түрде атсалысатынына мейлінше сенімдімін».
