- •8. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •9. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •10. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •11. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •12. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •13. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •14. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •15. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •16. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •17. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •18. Қандай диагноз қоюға болады?
- •19. Қандай диагноз қоюға болады?
- •20. Қандай диагноз қоюға болады?
12. Дәрігердің тактикасы қандай?
Пневмония әсерінен әлсіреген науқаста антибиотикотерапия фонында дене қызуы жоғарлап, тамағында ауырғандық, аран кілегей қабығының қызаруы, бадамша без беткейінде жамылғылар пайда болып, бір-бірімен қосылып таңдай доғаларына және жұтқыншақтың бүйір қабырғаларына тарады.
А. флораға жағынды алу, биопсия, жақ асты, шап, шынтақ лимфа түйіндерің пальпациялау;
В. жақ асты, шап, шынтақ лимфа түйіндерің пальпациялау, ҚЖА;
С. ЗЖА;
D. флораға жағынды алу, жақ асты, шап, шынтақ лимфа түйіндерің пальпациялау, ҚЖА, ЗЖА;
E. ҚЖА, ЗЖА;
13. Дәрігердің тактикасы қандай?
Үш жасар қыз клиникаға жеткізілді. Ата-анасының айтуы бойынша, екі сағат бұрын ойнап жүрген кезде мұрыннын оң жақ жартысына түйме салып жіберген. Бөгде денені алуға әрекет жасалған, түйме бірақ мұрыннын артқы бөлігіне ығысып кеткен.
Объективті: оң жақ мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған, тереңде бөгде дене анықталады. Оң жағында мұрынмен тыныс алу қиындаған.
А. ілмектің көмегімен бөгде денені алу, эндотрахеальды наркоз, мұрынды тазарту;
В. мұрынды тазарту, пинцеттің көмегімен бөгде денені алу;
С. ілмектің көмегімен бөгде денені алу;
D. антибиотикотерапия;
E. эндотрахеальды наркоз, пинцеттің көмегімен бөгде денені алу;
14. Дәрігердің тактикасы қандай?
14 жасар қызда тамағының өзіндік ауруы, қызба, әлсіздік бар. Бірнеше күнгі жеңіл әлсіздіктен кейін, 3 күн бойы жоғарыда келтірілген шағымдар мазалайды.
Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері – ылғалды, қызуы 40ºС. Жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарған. Бадамша ақ жамылғымен жабылған. Жоғарғы мойын, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған оданда басқа қолтық, шап бездері пальпацияланады.
ЖҚА: лейкоцит 12х109/л, эозинофил – 0 %, базофил - 1%, таяқша ядролы - 0%, сегмент ядролы - 23%, лимфоцит - 50%, моноцит - 26%.
А. флораға жағынды алу, биопсия, КТ;
В. КТ, ҚЖА;
С. ЗЖА;
D. флораға жағынды алу, ҚЖА;
E. ҚЖА, ЗЖА;
15. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқастың шағымы: мұрынмен тыныс алуы қиындауы. Анамнезде: 1 апта бұрын жарақат алған, мұрыннан қан кету болмаған. Есінен танбаған. Мұрыны бірте-бірте бітелген. Жалпы жағдайы өзгеріссіз.
Қарағанда: мұрын қыры ортаңғы сызықта, тері жамылғысында гематомалар, мұрын арқылы дем ала алмайды. Алдыңғы риноскопияда: мұрын кіреберісінде мұрын пердесі симметриялы қалыңдаған. Мұрын қуысы, кеуілжірілер көрінбейді. Диагнозы: Мұрын пердесінің гематомасы.
А. пункция;
В. пункция, сору;
С. пункция, алдыңғы тампонада, антибиотиктер;
D. пункция, сору, алдыңғы тампонада, антибиотиктер;
E. пункция, тілу;
16. Дәрігердің тактикасы қандай?
Қыз 5 жаста жергілікті анестезия арқылы аденотомия жасау кезінде науқаста бірден тұншығу ұстамасы пайда болды. Бала есінен танып, құрысу белгілері байқалды.
А. коникотомия;
В. коникотомия, трахеотомия;
С. гормонотерапия;
D. гормонотерапия, антигистаминді препараттар;
E. жасанды дем алдыру;
17. Дәрігердің тактикасы қандай?
Ер адам 43 жаста құлағының кенеттен естімей қалуына шағымданады, ауруын байланыстырады шомылған кезде құлағына судың кіруімен. Диагнозы: Сыртқы есту жолының құлығы.
А. ілмектің көмегімен алу;
В. пинцеттің көмегімен алу;
С. құлақты жуу;
D.құлақты тазарту;
E. тамыр тарылтқыш дәрі дәрмектерді құлаққа тамызу.
