
- •8. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •9. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •10. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •11. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •12. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •13. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •14. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •15. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •16. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •17. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •18. Қандай диагноз қоюға болады?
- •19. Қандай диагноз қоюға болады?
- •20. Қандай диагноз қоюға болады?
1. Отоскопияға қажетті инструметті атаңыз:
А. құлақ воронкасы;
B. құлақ пинцеті;
C. мұрын айнасы;
D. көмей айнасы;
E. мұрын-көмей айнасы.
2. Артқы риноскопияға қажетті инструмент:
А. құлақ воронкасы;
B. құлақ пинцеті;
C. мұрын айнасы;
D. көмей айнасы;
E. мұрын-жұтқыншақ айнасы.
3. Орофарингоскопияға қажетті инструментті көрсетіңіз:
А. құлақ воронкасы;
B. шпатель;
C. мұрын айнасы;
D. көмей айнасы;
E. мұрын-жұтқыншақ айнасы.
4. Алдыңғы риноскопияға қажетті инструментті атаңыз:
А. құлақ воронкасы;
B. құлақ пинцеті;
C. мұрын айнасы;
D. көмей айнасы;
E. мұрын-жұтқыншақ айнасы.
5. Тікелей емес ларингоскопияға қажетті құрал:
А. құлақ воронкасы;
B. құлақ пинцеті;
C. мұрын айнасы;
D. көмей айнасы;
E. мұрын-көмей айнасы.
6.Мұрын қуысының зерттеу әдісін таңдаңыз:
А. отоскопия;
B. алдыңғы риноскопия;
C. мезофарингоскопия;
D. тікелей емес ларингоскопия;
E. артқы риноскопия.
7. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқастың шағымы: оң жақ құлағының қатты ауруына, ауырсыну самай және төбе тұсына беріледі және шайнаған кезде күшейе түседі. Дене температурасы 37,8°С-қа дейін көтерілген.
Объективті: оң жақ құлақ қалқаны қалыпты. Сыртқы есту жолының қабырғасында конус тәрізді түзіліс, терісі қызарған. Дабыл жарғағы көрінбейді. Құлақ қалқанының алдыңғы жағындағы лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауырады, құлақ түйінін басқанда ауырсынады. Екі жақ құлағы сыбырлап сөйлегенді 6м естиді. Диагнозы: Сыртқы құлақ шиқаны
А. пункция;
В. пункция, сору, қатты таңу, тілу;
С. пункция, қатты таңу, тілу;
D. тілу, дренаждау, антибиотиктер;
E. пункция, дренаждау;
8. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқас оң жақ құлағының ауырсынуына, бұлақ ағуына, естуідің төмендеуіне, бас ауруға шағымданады. Ауырғанына 2 апта. Амбулаторлы емделген құлақтың ауруы басылмаған, дене қызуы қалыпты, ірің ағуы тоқтамаған. 2 күн бұрын оң жақ құлақ арты аймағы ісініп, ауырсынған, дене қызуы 37,5°С көтеріліп, ірің ағу күшейген.
Объективті: емізік тәрізді өсінді тұсындағы жұмсақ тканьдар ісінген, перкусия, пальпация кезінде ауырсынады.
Отоскопияда: оң жақ есту жолында көп мөлшерде қаймақ тәрізді ірің бөлініс. Сыртқы есту жолының сүйекті бөлігі артқы-жоғарғы қабырғасының ығысуынан тарылған. Сыбырлап сөйлегенді 2-2,5м естиді. Диагнозы: Жедел ортаңғы іріңді отит. Мастоидит
А. парацентез;
В. антибиотиктер, көз дәрігерінің кеңесі, невропатолог дәрігерінің кеңесі;
С. парацентез, ортаңғы құлақтың жалпы қуыстық операциясы, антибиотиктер;
D. парацентез, мастоидотомия, ортаңғы құлақтың жалпы қуыстық операциясы, антибиотиктер;
E. мастоидотомия, антибиотиктер, көз дәрігерінің кеңесі, невропатолог дәрігерінің кеңесі;
9. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқас оң жақ құлағының ауырсынуына, бұлақ ағуына, естуідің төмендеуіне, бас ауруға шағымданады. Ауырғанына 2 апта. Амбулаторлы емделген құлақтың ауруы басылмаған, дене қызуы қалыпты, ірің ағуы тоқтамаған. 2 күн бұрын оң жақ құлақ арты аймағы ісініп, ауырсынған, дене қызуы 37,5°С көтеріліп, ірің ағу күшейген.
Объективті: емізік тәрізді өсінді тұсындағы жұмсақ тканьдар ісінген, перкусия, пальпация кезінде ауырсынады.
Отоскопияда: оң жақ есту жолында көп мөлшерде қаймақ тәрізді ірің бөлініс. Сыртқы есту жолының сүйекті бөлігі артқы-жоғарғы қабырғасының ығысуынан тарылған. Сыбырлап сөйлегенді 2-2,5м естиді.
А. ҚЖА;
В. КТ, көз дәрігерінің кеңесі, невропатолог дәрігерінің кеңесі;
С. ҚЖА, емізікше өсіндінің рентгенографиясы, КТ ;
D. ҚЖА, ЗЖА, емізікше өсіндінің рентгенографиясы, КТ ;
E. ҚЖА, ЗЖА, емізікше өсіндінің рентгенографиясы, КТ, көз дәрігерінің кеңесі, невропатолог дәрігерінің кеңесі;
10. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқас 31 жаста клиникаға мұрыннан қан кетумен жеткізілді, себебін мұрын жарақатымен байланыстырады. Есінен танбаған, лоқсу, құсу болмаған. Қарағанда: мұрын қыры орталық сызықта, жұмсақ ткандары инфильтрацияланған, басқанда қатты ауырсынады. Мұрын қуысында тампон, бірақ оған қарамастан мұрынның артқы бөлігінен қан кетуде. Рентгенограммада мұрын сүйектерінің ығыспаған сынығы анықталады. Диагнозы: Мұрын сүйектерінің сынығы. Мұрыннан қан кету.
А. алдыңғы тампонада;
В. антибиотикотерапия, мұрын сүйектерінің репозициясы,6;
С. алдыңғы тампонада, гемостатикалық препараттар, антибиотикотерапия;
D. алдыңғы тампонада, артқы тампонада, гемостатикалық препараттар, антибиотикотерапия;
E. алдыңғы тампонада, артқы тампонада, гемостатикалық препараттар, антибиотикотерапия, мұрын сүйектерінің репозициясы;
11. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқас сол құлақ қалқанының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. Ол екі күн бұрын күресіп жаттығу кезінде құлағынан жарақат (соққы) алған.
Объективті: құлақ қалқанының жоғары алдыңғы беткейінде дөңгелек пішінді, алқызыл түсті ісік бар ұстағанда ауырады. Басқа ЛОР мүшелері ерекшеліксіз. Диагнозы: Отгематома
А. пункция;
В. пункция, сору;
С. пункция, қатты таңу, антибиотиктер;
D. пункция, сору, қатты таңу, антибиотиктер;
E. пункция, тілу;