
- •I тарау. Патриоттық тәрбиенің маңызы
- •Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны.
- •. Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізі
- •Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолдары
- •2.1. Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу
- •2.2. Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны.
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолдары
Бүгінгі таңда патриотизм ұғымы тек мемлекеттік тұрғыда ғана емес, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдік тыныштық пен бейбітшілікті сақтаудың негізгі бір тұғыры деп айтуға болады. Еліміздің алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын жабуы, бұл әлемдік бейбітшілікті сақтауға жасалған негізгі қадам болып табылады. Патриотизмнің қалыптасуының тарихи алғы шарттары ежелгі сақ, ғұн, Түркі қағанаты, Алтын Орда, XYI - XYIII ғ. ғ., XIX ғасырдың басындағы ұлт - азаттық көтеріліс, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде негізі қаланып, 1986 жылғы қазақ жастарының еліміздің тәуелсіздігі үшін күресі арқылы жалғасын тауып, бүгінгі еліміздің дамуы үшін өз үлестерін қосып жатқан Қазақстан халықтарының еңбектерінен көрініс тауып жатыр. Бүгінгі мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұны: әр азамат тың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну, мемлекеттік рәміздеріне, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау, сонымен қатар өзге ұлтты, олардың салтына, дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарау.
Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесі“мектеп - отбасы - әлеуметтік ортаны” кіріктіре отырып, сабақ үрдісіндегі және сабақтан тыс уақытта тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Жеке тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты сабақта және сабақтан тыс уақытта шараларды жүргізу бары - сында алдыма төмендегідей мақсат қойдым: пән сабақтарындағы білім мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардан білім мен тәрбие бере отырып, елін, жерін сүйетін және оны қорғай білетін патриот - азамат тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыруда негізгі міндеттер: -тұлғаның патриоттық құндылықтарын қалыптастыру;
- ұлттық ерлік дәстүрлерден, әдет - ғұрыптардан нәр ала отырып, туған елге, жерге, ана тілге деген сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін туғызып, дамытып, қалыптастыру;
- ұлттық рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихын біле отырып, еліміздің рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру;
-Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу. Ұрпақтарымызды парасатты да бойында азаматтық намысы бар елін, жерін сүйетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет. Бұл бағытта тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәрбиесін баяндайды. Тарих сабағы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырады, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейді. Мысалы:“Біздің өлке - Қазақстан Республикасы ” тақырыбын өткенде “Отан” ұғымына кеңірек тоқталып, Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Елінің кеңдігі, байлығы туралы білгенде мақтаныш сезімі оянып, білуге құштарлығы артады. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде патриоттық тақырыптардағы өлең жолдарын оқыту, мақал - мәтел айтқызу үлкен роль атқарады. Сабақта өлкенің, туған ауылдың тарихын оқыту, мұражай деректеріне сүйену, отаншылдық сезімді тереңдетеді.
Кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол мемлекеттің жүргізіп отырған саясатымен анықталады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да. Таза біржақты ұлттық тәрбие – ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер “ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен” десе, ал кейбіреулер “ұлттық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен”, дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді. Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. “Қос азаматтық”, “Қос тілдік” деген ұғымнан арылу. Біз мұнда түгелдей орыс тілінен бас тартып отырғанымыз жоқ. Орыс тілі арқылы батыс мәдениетін игеруіміз тиіс. Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары – ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны. «Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады» – деп атап кетті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады: - Ең алдымен тарихымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білу; - Туған халқымыздың тілін ардақтап, оның кәусар бұлағынан сусындау; - Атадан балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жалғастыру. - Өткен тарихымыздың жақсылықтары мен тәрбиелік мәні бар жақсы қасиеттерін сақтап, одан әрі жан-жақты дамыту, оның өркендеуі үлес қосу; - Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, ұлт атына кір келтіретін жат пиғылдан аулақ болу. Қай заманда болса да адамзат өз алдына – есті, еңбек сүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеуді қояды. Соның ішінде қазақ халқы өз ұрпағын, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты, әділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін қалайды. Бұл қасиеттер дұрыс тәрбие арқылы қалыптасады. Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин тәрбиенің басты құралы етіп – дінді алған да, оның тиімді жақтарын өмірмен ұштастыра білгеннің артықшылығы жоқ деген. Ата-баба салтының Жер-Анаға деген ыстық сезімі бірінші кезеңде тұрады. Сондықтан да бұл әр адамның ойындағы қасиеті, дарыны ата-баба жерімен тығыз байланысты. Міне, осылардың барлығы жалпыадамдық педагогиканың бір бөлігі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінің ізгілікті де игі бастауларын құрайды. Республикадығы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алалмай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады. Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін-өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады.
ІІ тарау. Патриоттық тәрбиенің міндеттері.