Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАЗМҰНЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.93 Кб
Скачать

2.2. Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны.

Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды айта отырып, түсіндіру қажет.

Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының маңызы зор.  Өйткені, тарих адамзаттың басынан өткізген тарихи – мәдени тәжірибесін, алдымен құндылықтарын оқытып үйретуді мақсат етеді.

Сабақтың тәрбиелік міндетін толық жүзеге асыру үшін мұғалімге қосымша материалдар пайдалануға тура келеді. Сабақтың тәрбиелік міндетін анықтау өтілетін тақырыптың мазмұнына байланысты негізінен, бұрыннан белгілі оқу – тәсілдерінен  бөлек, өлке материалдарын пайдалану да оқушыларға Отан тарихын, өлке тарихын сүюге, құрметтеуге шақырады. Өз жерінің қадір – қасиетін біліп, танып өскен ұрпақ сол елдің азаматы болмақ. Тарих пәні небір қаншама тарихи фактілерді, оқиғаларды баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары сапалы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.

Оқушыларды тарих сабақтарында тарихи материалдарды оқыта отырып, ерлікке, жауынгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу де отаншылдыққа тәрбиелеумен тікелей байланысты. Қазақ халқы кейінгі тарихи оқиғаларда өзгерісті кезеңдер де, әсіресе Ұлы Отан соғысында,  өзін патриотизм мен халықтар достығының жолын ұстаушы ретінде көрсетті. Бұл туралы мерзімдік басылымдардың беттерінде де жарияланды. Александр Берт өзінің кітабында былай деп жазды: «Қызыл армияның солдаттарының көбі қазақтар болды: жалпы алғанда бүкіл соғыс барысында қазақтар өздерін жақсы жағынан көрсете білді, ал Сталинградта өте жақсы солдаттардың көбісі орта азиялық халықтар – қырғыздар, қазақтар және башқұрттар болды».

Бір жылға жоспар құрсаң егін ек,

Жүз жылға жоспар құрсаң ағаш ек,

Болашаққа жоспар құрсаң баланы тәрбиеле, деп шығыс нақылында айтылғандай, жас ұрпақты патриоттық тәрбие негізінде тәрбиелесек егеменді еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгілік желбіремек.

Кезіндегі «Ұлы Отан соғысы» де­ген термин Тәуелсіздік алған 20 жы­лымыздың ішінде кейбір та­рих­ш­ы­­лардың пікіріне сәй­кес өзгеріп жа­тыр. Қазақстан – қазір  Тәуел­сіз ел. Сол кезде енді Кеңестер Одағы деп ата­ла­тын империяның немесе Ресей им­пе­рия­сы­ның қол астында болдық. Сон­дықтан «бұл соғыс тікелей қа­зақ­тікі емес, Германия мен Ресей ара­сындағы жағдай» деген тұ­жы­­рым­ның бары рас. Дегенмен 70 жыл­­дың ішінде бір Отан, бір ел бо­лып өмір сүр­дік. Тіпті бәрімізді ұлты­мыз­ға қарай бөлген жоқ, кеңес хал­қы деп атады. Ал соғыс бар­лық жағынан да алапат соғыс болды: ау­қы­мы жағынан да, адам шығыны жа­ғынан да, тех­ника жағынан да. Қазіргі деректер бо­йын­ша, сол кезде Қазақстаннан барған адам­дардың 500-ден астамы Кеңес Ода­ғы­ның батыры атанды. Оның ішінде ер­лік­­тің небір үлгісін көрсетіп, батыр атанған қа­зақтар 100-ден асады.

Батыр атанбаса да, бұл соғыста сансыз отан­да­сы­мыз қаза тапты. Қаншама отбасы қара­лы ха­бар ал­ды?! Орден-медаль алғандар қан­шама?! Со­ғысқа аза­матын жібермеген ша­ңырақ бол­мады. Олардың бі­разының бүгінде кө­зі тірі, бірақ жыл сайын қа­тары азайып ба­р­а жатыр. Со­лардың ерлігін енді қа­лай жоққа шы­ға­ра­мыз?! Соғыстың зардабы ауыр болды, бірақ біз­дің азаматтар бір­лік­тің, ын­тымақтың ар­қа­сында әйтеуір Же­ңіске жетті. Қан­ша жер­ден «біз ол кезде отар ел едік, со­ғыс­та КСРО-ның жең­ген-жеңіл­генінен бізге ке­­ліп-кетері шамалы еді» деген пікірлер бол­­са да, сол кезде дү­ниежүзіндегі ең про­грес­сивті адам­зат баласының бәрі бұл со­ғысқа қар­сы болғаны – ақиқат. Аме­рика мен Ұлыбритания КСРО-ны қан­ша жек көр­се де, бұл соғыста фа­шизм­­­нің же­ңуі­не қарсы болды. Ке­ңес әс­кер­лерінің бұл соғыстағы ерлігі кейінгі ұрпақты отан­шылдыққа тәрбиелеуге зор ықпалын ти­гізіп келеді.

Қорытынды.

Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз

мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде және жоғарыда аталған іс- шараларды өткізуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, ерлікке мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырларды атап өтуге болады. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылатын ел қорғау, батырлық істер жайында туған мақал- мәтелдер халықтың ой- тілегі, арман- мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Бір сәт «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөздің мәніне үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан- ақ көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес.

Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен,халқымызға бағыт- бағдар беріп отырған Қазыбек бидің:

Біз қазақ мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,- деп қазақ елінің ешкімге барып

соқтықпағаны, «Жаным- арымның садағасы»- деп адамгершілік рухты биік ұстағанын жырласа, ал ХХ ғасырдың өр ақыны Ж. Молдағалиев:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,- деп еліне, жеріне деген

сүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін басқаларға таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік істерін асқақтата дәріптейді. Мазмұны батырлық, ерлік, ар- намысқа берік, қайтпас ер, жауына мейілінше қатал, өз еліне мейірімді, оны қорғауға әрқашанда дайын, өнегелі ісі бар адамдарды суреттейтін көркем шығармалар арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені кеңінен беруге болады. Мұндай шығармалар оқушыларды ерлік ісіне, табандылыққа, ақылдылыққа,елін, жерін сүйетін намысына беріктікке, отаншылдыққа үйретеді.К.Д.Ушинский айтқандай, «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс»- дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу- біздің басты міндетіміз болмақ. Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғаты, ана тілі, салт- дәстүрі, тарихи ата- бабаларымыздың ерлігі- Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс- әрекеттеріміз, іс- шараларымз арқылы көз жеткізуіміз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006- 2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы. Астана, 2006.

2. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006- 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2006.

  1. Павлодар облысының білім беру ұйымдарында 2006- 2011 жылдарға арналған «Тәрбие» кешенді аймақтық бағдарламасы. Павлодар, 2006.

  2. http://bilimsite.kz

  3. http://kerekinfo.kz