- •I тарау. Патриоттық тәрбиенің маңызы
- •Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны.
- •. Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізі
- •Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолдары
- •2.1. Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу
- •2.2. Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны.
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолдары
Бүгінгі таңда патриотизм ұғымы тек мемлекеттік тұрғыда ғана емес, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдік тыныштық пен бейбітшілікті сақтаудың негізгі бір тұғыры деп айтуға болады. Еліміздің алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын жабуы, бұл әлемдік бейбітшілікті сақтауға жасалған негізгі қадам болып табылады. Патриотизмнің қалыптасуының тарихи алғы шарттары ежелгі сақ, ғұн, Түркі қағанаты, Алтын Орда, XYI - XYIII ғ. ғ., XIX ғасырдың басындағы ұлт - азаттық көтеріліс, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде негізі қаланып, 1986 жылғы қазақ жастарының еліміздің тәуелсіздігі үшін күресі арқылы жалғасын тауып, бүгінгі еліміздің дамуы үшін өз үлестерін қосып жатқан Қазақстан халықтарының еңбектерінен көрініс тауып жатыр. Бүгінгі мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұны: әр азамат тың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну, мемлекеттік рәміздеріне, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау, сонымен қатар өзге ұлтты, олардың салтына, дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарау.
Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесі“мектеп - отбасы - әлеуметтік ортаны” кіріктіре отырып, сабақ үрдісіндегі және сабақтан тыс уақытта тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Жеке тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты сабақта және сабақтан тыс уақытта шараларды жүргізу бары - сында алдыма төмендегідей мақсат қойдым: пән сабақтарындағы білім мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардан білім мен тәрбие бере отырып, елін, жерін сүйетін және оны қорғай білетін патриот - азамат тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыруда негізгі міндеттер: -тұлғаның патриоттық құндылықтарын қалыптастыру;
- ұлттық ерлік дәстүрлерден, әдет - ғұрыптардан нәр ала отырып, туған елге, жерге, ана тілге деген сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін туғызып, дамытып, қалыптастыру;
- ұлттық рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихын біле отырып, еліміздің рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру;
-Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу. Ұрпақтарымызды парасатты да бойында азаматтық намысы бар елін, жерін сүйетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет. Бұл бағытта тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәрбиесін баяндайды. Тарих сабағы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырады, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейді. Мысалы:“Біздің өлке - Қазақстан Республикасы ” тақырыбын өткенде “Отан” ұғымына кеңірек тоқталып, Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Елінің кеңдігі, байлығы туралы білгенде мақтаныш сезімі оянып, білуге құштарлығы артады. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде патриоттық тақырыптардағы өлең жолдарын оқыту, мақал - мәтел айтқызу үлкен роль атқарады. Сабақта өлкенің, туған ауылдың тарихын оқыту, мұражай деректеріне сүйену, отаншылдық сезімді тереңдетеді.
ІІ тарау. Патриоттық тәрбиенің міндеттері.
