
- •1 Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.1 Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы
- •1.2 Ақшаның нарықтық жағдайдағы мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •2 Ақша қаражаттар есебі
- •2.1 Хқес бойынша ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері
- •2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі
- •2.3 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі
- •Кассадағы ақшаның есебі
- •3 Ақша қаражатының аудиті
- •3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы
- •3.2 Кассалық операцияларды тексеру
- •3.3 Банк операцияларының аудиті
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………...5
1 АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы............................................. 8
1.2 Ақшаның нарықтық жағдайдағы мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері ........................................................................................................11
1.3 «К-Елдос ЛТД» қоғамының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама ..................................................................................17
2 АҚША ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБІ
2.1 ХҚЕС бойынша ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері..........................20
2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі...............................................29
2.3 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі...........................................................32
2.4 Кассадағы ақшаның есебі..............................................................................40
3 АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ АУДИТІ
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы...........................46
3.2 Кассалық операцияларды тексеру.................................................................53
3.3 Банк операцияларының аудиті ......................................................................60
Қорытынды............................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................67
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы – материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді – ағымдағы активтерін талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе, ақшаның нысаналы мақсаттарға тиімді жұмсалуына баса назар аударған жөн.
Осылайша, ақшаны есепке алудың басты міндеті – экономикалық шешімдерді қабылдауға қажетті ақша жөніндегі мәліметтердің нақты, әрі шынайы болуын қадағалау: осы кезде қажетті нәтиженің дәл деңгейі нақты жағдайлар мен талдаудың мақсатына тәуелді болады.
Ақшаның түсуі мен ағымдық жұмсалуы уақыт бойынша бір – бірімен сәйкес келмейді, нәтижесінде ұйымның төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін қосымша қаржыландыру көлеміне қажеттілік пайда болады. Сондықтан ақшаны тиімді басқару капиталға деген қажеттілікті қанағаттандыру әдістерінің бірі ретінде қарастырылуы кездейсоқтық емес.
Дегенмен де, атап өту керек, қаражаттың айналымда болу кезеңі көп жағдайда ұйым қызметінің ішкі ахуалымен, бірінші кезекте активтерді басқару стратегиясының тиімділігімен анықталады. Шынында да, қолданылатын баға саясатына, активтердің құрылымына тәуелді түрде ұйым өз қаражаттарының айналым ұзақтығына ықпал ете алады.
Ақшаның басы артық бөлігінің жеткіліксіздігі ұйымның қаржылық қиындықтарға душар болғанын көрсетеді. Сондай - ақ ақшаның шектен тыс көп болуы да серіктестің тиімсіз қызметін байқатады, бұл біріншіден, ақшаның құнсыздануына, екіншіден қаражатты пайдалы іске қоспай, қосымша табыстан қарап отырып айырылу дегенді білдіріеді.
Тақырыптың ғылыми зерттеу дәрежесі.Ақша қаражаттар есебі бойынша зерттеу жұмыстары негізінен ақша қаражаттар есебінің қалай ұйымдастырылатыны, ХҚЕС бойынша ерекшеліктері, оны дамыту жолдары және «Ақша қаражаттар туралы есептілікті» ХҚЕС сай құруға арналған. Бұл зерттеу тақырыбы тақырыбы бойынша К.Т.Тайгашынова, Қ.К.Кеулімжаев, В.Л.Назарова, Ә.Ә.Әбдіманапов, С.Б.Баймуханова, В.К.Радостовец, А.Д.Даулетбеков, Э.О.Нұрсейітов, С.Т.Міржақыпова Л.В.Горбатова, В.П.Палий және тағы басқа ТМД елдері мен отандық ғалымдар елеулі үлес қосып еңбек сіңірді.
Ақша қаражаттардың жалпы аудиті мен талдауы жөнінде ТМД елдер мен еліміздің көрнекті ғалымдары М.С.Ержанов З.Н.Әжібаева, Н.Ә.Байболтаева, Ж.Ғ.Жұмағалиева, Д.О.Абленов, А.Д. Шеремет, К.Ш. Дүйсенбаев Ф.С.Сейдахметова және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелінген.
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмыстың мақсаты зерттелініп жатқан ұйымның ақша қаражаттар есебінің 2007ж 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес жүргізілетінін қадағалау және ХҚЕС көшуге байланысты ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:
Ақша ұғымы және оның нарықтық жағдайдағы мәні ;
Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыру ерекшеліктері;
Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру;
Халықаралық стандарттарға көшудегі ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері;
Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі;
Есеп айырысу шотындағы ақша есебі;
Кассадағы ақшаның есебі;
Ақша қаражатының аудиты.
Зерттеудің пәні мен объектілері. Зерттеудің пәні ақша қаражаттар есебі мен аудитін және оның ХЕҚС бойынша өзгешеліктерін зерттеу және жетілдіру болып табылады. Зерттеу объектілері ретінде «К – Елдос ЛТД» ЖШС мәліметтері алынды.
Зерттеу жұмыстың жаңалығы. Халықаралық стандарттарға көшуге байланысты ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері және халықаралық стандарт бойынша есебі мен аудитын жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысындағы ұсыныстар мен қорытындылар халықаралық стандарттарға сай ақша қаражаттар есебі мен аудитін жетілдіруге арналған. Зерттеу нәтижелерін сыртқы және ішкі аудитты және ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда, ұйым басшыларын нақты ақпараттармен қамтамасыз етуде пайдалануға болады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
1 Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.1 Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы
Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономикның әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өдірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстың Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т) сатып алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігіне байлагысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама – қайшы болады. Тауар мен ақша бір – бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен, ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі.
Демек, ақша – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әртүрлі жіктелуі кезіндегі әртүрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса, ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету мақсатында Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасын көрсетуіміз тиіс.
Сызба 1 – Тауарар мен қызметтер ағымы
Өнім нарығы
тауарлар
тауар
ұлттық өнім шығыны жиынтық шығын
Отбасы шаруашылығы
Ұйымдар
Ресурстар нарығы
ресурстардың
Ұлттық
төлемі табыс
ресурстар – ақша ресурстар
Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй шаруашылықтары және ұйымдар айырбастайды, бұл ғым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшалай төлемдердің қарама – қарсы ағымымен теңестіріледі. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер және ұйымдар өндіретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген ұйымдар нарығындағы ұйымдар өз өндірістері үшін қажетті ресурстарды сатып алады.
Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол шығыдалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан еңбек ақша шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаға еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады.
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс және тағы басқа еңбектерінде қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал, П.Самуэльсон, Дж.Тобин, Дж.Хикс, Ф.Мишкин, М.Фридмэн және тағы басқа сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Бірінішісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаны туындауын мемлекеттік немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітудің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырмайды.
Ал екінші көзқарас ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болады. Айырбастық құн – бұл адамдардың салыстырмалы өрнектеуі немесе сатып алушылық құны.
Құн тауарларды бір – біріне айырбастау кезінде ғана анықалуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар – бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны болады. Тауарлардың пайдалылығына байланысты құнының әртүрлі формалары бар, олар тауарлардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауарлардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.