Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеден жауаптар 11,22,33,44,55,66,77,88..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27 Кб
Скачать

77) Кеден ісі бойынша ең негізгі халықаралық кеден конвенциясын атаңыз.

ҚР Парламент сенатының депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста «Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Халықаралық конвенция Дүниежүзілік кеден ұйымы аясында қабылданған мемлекетаралық сипаттағы жалпыға бірдей халықаралық құжат болып табылады. Қазіргі уақытта ұйымның қатысушылары 174 мемлекет, оның ішінде конвенцияға - 59 ел қатысады.

Аталған заң жобасы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің қарсаңында және әлемдік саудаға барынша жәрдемдесу жағдайында кеден ісі саласында халықаралық стандарттарды енгізу мақсатында әзірленген.

88) Кедендік бақылау формасы, әдіс-тәсідері.

Кедендік бақылау– Қазақстан Республикасының кедендік органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кедендік іс және халықаралық шарттар жөніндегі заңдарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік органдарының жүзеге асыратын іс-шараларының жиынтығы.

Кедендік бақылау кедендік істі тәжірибеде іске асырудың басты құралы ретінде, сондай-ақ мемлекеттік кедендік саясатын жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылады.

Кедендік бақылаудың негізгі мақсаты – түрлі тексерулер көмегімен өткізілген операциялар мен әрекеттердің кедендік заңдарға сай болуын, кедендік қызметке қатысушы жеке және заңды тұлғалардың белгіленген кедендік ережелер мен процедураларды орындауын анықтау.

Кедендік құжаттарды кедендік органдардың лауазымды тұлғалары береді және куәландырады – бұлар кедендік декларациялар, жеткізуді бақылау құжаттары, кедендік мөрі мен поломбасы басылған тауарларды тасымалдау үшін көлік құралдарын (контейнерлерді) жіберу туралы куәліктер, әр түрлі лицензиялар және біліктілік аттестаттары және басқалар.

Кедендік бақылауға қажетті басқа құжаттар: сапа сертификаттары, тауардың шығу тегі, әскери рұқсаттамалар, сыртқы экономикалық қызметтпен айналысуға құқық беретін құрылтайшы құжаттар және басқалар.

Кедендік бақылау – бұл тәжірибеде қолдануда бір-бірімен өзара байланысты және ұқыпты зерделеуді қажет ететін белгіленген ережелер, әдістер мен формалар бойынша жүзеге асырылатын процедура.