- •11) Кеден органдарының негізгі қызметі.
- •22) Мемлекеттік сыртқы сауданы басқарудағы кедендік-тарифтік әдісі.
- •33) Тауарларды экспорттау.
- •44) Кедендік преференция.
- •55) Шекара және уақытша сақтау органдарының және кедендік складтың тексерілуі.
- •66) Қандай кедендік саясаттың түрлері бар.
- •77) Кеден ісі бойынша ең негізгі халықаралық кеден конвенциясын атаңыз.
- •88) Кедендік бақылау формасы, әдіс-тәсідері.
33) Тауарларды экспорттау.
Экспорт дегеніміз басқа ел тұрғындарының ұлттық экономика салалары өндірген тауарларды сатып алуы. Мысалы: Қазақстанда өндіріліп басқа елге сатылған тауар-Қазақстан үшін экспорт болып саналады. Қазақстан шет елге үш жүзден жоғары өнім түрін шығарады. Бірақ Қазақстан экспортының төрттен үш бөлігін бес-ақ тауар түрі құрайды: 1-мұнай, 2-қара металдар пракаты, 3-тазартылған мыс, 4-бидай, 5-ферро қорытпалар. Негізгі экспорттық тауар-шикі мұнай барлық экспорттың бестен үш бөлігін құрайды. Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар: Ресей, Швейцария, Қытай, Италия мемлекеттері. «Экспорт» деген ұғым латынның «exportо» деген сөзінен шығады, яғни оның түпкі мағынасы «порттан немесе кемежайдан тасып шығару» дегенді білдіреді.
Экспорттық операция-бұл тауарларды шекарадан шығарып, шет елдің сатып алушысына (контрагент) сол тауарды сатумен байланысты болатын әрекеттер.
Экспорттың артықшылығы
Сату мен табыс көлемін арттыру. Компания жаңа нарыққа шығу арқылы табыс пен сатылым көлемін арттырады. Экспортты дамытуға кеткен шығынның орны толтырылғаннан кейін,шет елдік сатулар ұзақ мерзімді келешекте компанияның жалпы тиімділігін арттыруға бағытталады.
Осалдылықты азайту-өнімді өткізу нарығын қайта бағдарлау, тауар мен қызметтердің бір ғана жерден шығуын шектейді. Мысалы, егер кәсіпорында сұранысы жоғары басқа да өткізу нарықтары болса, онда экономикалық белсенділіктің төмендеуі көп ықпалын тигізе алмас еді.
Ауқымдыэкономиялау – тауарды тұрмыстық нарығына өткізуге қол жеткен кезде, ауқымда экономияға айналады. Өндіріс қуатының толық іске қосылуы қолда бар қорларды бүтіндей қолдануға мүмкіндік береді.
Жаңа білім мен тәжірибені алу - өнімді тұрмыстық техника мен жаңа идеялармен келіп ғаламдық нарықта таныту. Ал халықаралық нарыққа шықпайтын компаниялар мұның не екенін тіпті білмейді.
Маусымдық сұраныстың өтемі - егер компаниялардың өнімдерін ішкі нарықта тек нақты мезгілде ғана қолданылатын болса, олар өз тауарлары мен қызметтерін жылдың кез келген уақытында шет елдік нарыққа шығара алады.
Ғаламдық бәсекелестік- компания жаңа шет ел нарықтарын игеру кезінде баға жетпес тәжірибе алады. Соның арқасында кәсіпорындар әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып қалады.
Өндірістік артық тауарды сату-артық өнімі бар компаниялар өз тауарларын шет ел нарығында үлкен жеңілдікпен сатуға мәжбүр болады, кейде артық өнімді жойып та жібереді.
Жалпы алғанда, экспорттық операциялар кәсіпорындарды халықаралық бәсекеге және ғаламдық технологиялық өзгерістерге дайындайды, соған қоса бәсекеге қабілеттілікті күшейте отырып, олардың бизнестен тысқары қалуын болдырмайды.
44) Кедендік преференция.
Преференция (лат. praeferentia - артық көру, артықшылық) - жеңілдік; белгілі бір елдерден әкелінетін тауарларға, басқаларға қолданылмайтын баж салығы жеңілдігі; бұлда преференциялық тәртіп
55) Шекара және уақытша сақтау органдарының және кедендік складтың тексерілуі.
66) Қандай кедендік саясаттың түрлері бар.
Кеден саясаты
Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары:
— Қазақстан нарығын қорғау;
— Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;
— Экономиканың дамуын ынталандыру;
— Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;
— Бәсекені ынталандыру және монополимге қарсы әрекет ету;
— Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;
— Сауда саясаты міндеттерін шешу;
деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.
Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден огандары қызметі аумағынан шығып кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дап отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады.
