
- •11) Кеден органдарының негізгі қызметі.
- •22) Мемлекеттік сыртқы сауданы басқарудағы кедендік-тарифтік әдісі.
- •33) Тауарларды экспорттау.
- •44) Кедендік преференция.
- •55) Шекара және уақытша сақтау органдарының және кедендік складтың тексерілуі.
- •66) Қандай кедендік саясаттың түрлері бар.
- •77) Кеден ісі бойынша ең негізгі халықаралық кеден конвенциясын атаңыз.
- •88) Кедендік бақылау формасы, әдіс-тәсідері.
Халықаралық кеден құқығы пәнінен емтихан сұрақтары
11) Кеден органдарының негізгі қызметі.
Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары:
— Қазақстан нарығын қорғау;
— Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;
— Экономиканың дамуын ынталандыру;
— Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;
— Бәсекені ынталандыру және монополимге қарсы әрекет ету;
— Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;
— Сауда саясаты міндеттерін шешу;
деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.
22) Мемлекеттік сыртқы сауданы басқарудағы кедендік-тарифтік әдісі.
Сыртқы саудадағы кедендік-тарифтік реттеу: оны қолдануды реттейтін ұлттық заңнама 1. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу сыртқы экономикалық қызметтің мемлекеттік реттеу әдістерінің бірі болып табылады және мыналарды ққолдану жолымен іске асырылады:
• кедендік баж; • тарифтік жеңілдік; • тарифтік преференциялар; • тарифтік квоталар. 2. Кедендік-тарифтік реттеудің аталған шаралары протекционистік және фискальды функцияны іске асыру арқылы ұлттық өндірісті дамытуға тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар ұлттық сауда келісімдерін жасасу, соның ішінде тауарды шығаратын елге тәуелді түрде сараланған кедендік-тарифтік реттеуді қолдануды білдіретін преференциалдық келісімдер арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды ынталандыру жүреді және соған сәйкес әлемдік экономикалық қауімдастықты интеграциялау жүреді. 3. Сыртқы сауданы кедендік-тарифтік реттеу жалпы құқықтық, конститутциялық және салалық принциптерге негізделеді.
Бірінші топқа заңдылық, әділдік және т.т. принциптер; екіншісіне – кедендік аумақтың бірлігі, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың теңдігі және т.т.; үшіншісіне – ұлттық өндірушілер мен тұтынушылардың заңды мүдделері жатады.
Сонымен қатар кедендік-тарифтік саясатты салу кезінде жариялық, алдын ала хабардар ету қажеттілігі және мемлекетаралық ынтымақтастық сақталуы тиіс.
4. Сыртқы сауданың кедендік-тарифтік реттеу саласын реттеуші ұлттық заңнамаға:
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңы; Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296 –IV Заңымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы кедендік іс туралы» Қазақстан Республикасының кодексі; Сондай-ақ халықаралық шарттар, соның ішінде Кедендік одақ аясында жасалған және Қазақстан Республикасында бекітілген шарттар. 5. Қазақстан Республикасы үшін Кедендік-тарифтік реттеу құрылғанға дейін сыртқы сауданың жеткілікті либералды режимін пайдалану тән болатын. Осылайша, кедендік тарифтің орташа арифметикалық деңгейі тәртіппен 6% құрайды, бұл жағдайда өнеркәсіптік тауарларға орташа деңгей 4,6%-ды, ал ауыл шаруашылығына – 12,1% құрады.
Өндірістік еместерді жинақтайтын шикізатқа, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар тауарларға төмен баж орнатылды, ол көбінесе 0%.
Өндірістері жүзеге асырылған дайын тауарларға (конденсторға, аккумуляторға және т.б.), сондай-ақ тамақ өнімдеріне (колбасалар, шырындар және т.б.) неғұрлым жоғары 10-15% жоғары баж белгіленді.
Үкіметтің кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану туралы, оның ішінде кедендік баж мөлшерлемесі деңгейінің өзгерістері туралы, уақытша, преференциалды немесе жеңілдік кедендік бажды қолдану Қазақстанның экономикасы үшін аталған шаралардың экономикалық мақсатқа сай екендігіне негізделді