Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar_KDS_OSPE.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.01 Mб
Скачать

Емтихан қабылдаушыға бақылау материалдары

1-кезең

Микроскоптың құрылысы.

Студенттердің сабақтарда қолданатын негізгі аспабы жарық микроскопы болып табылады. Ол объектінің үлкейген және керісінше кескінін көруге мүмкіндік береді.

1. Сызба - жарық микроскоптың құрылысы.

Микроскопта 3 жүйе болады - оптикалық, жарық беруші механикалық.

1. Оптикалық жүйенің құрамына объектив және окуляр кіреді.

а) Объектив (1) – тубусқа (2) төменгі жағынан қондырылатын және объектіге тікелей бағытталған (аты осыдан шыққан) линзалар жүйесі болып табылады.

объективтің әдеттегі үлкейтулері:

х8, х20, х40 (құрғақ объективтер), х90 (иммерсиялық объектив).

Соңғы объективті қолдану үшін препараттың жабынды шынысына тамызылған 1 тамшы май қарағайдың (иммерсиялық) майына объективті матырып, содан соң қарайды.

б)Окуляр (3) тубусқа жоғарғы жағынан орнатылады. Қолданылатын окулярлардың үлкейту дәрежелері х7, х10, х15

в) микроскоптық қортынды үлкейтуі – объектив пен окулярдың үлкейту дәрежелерін көбейту көрсеткішіне тең болады, мысалы:

20 10 = 200 есе.

2. Жарық береу жүйесі - жарық көзі (4) айна (5) конденсор (6) диафрагма (7).

а) жарық көзі (4) біріншіден микроскоп құрамына кіруі мүмкін, немесе микроскоптан тыс орналасуы мүмкін (мысалы, кәдімгі үстел лампасы).

3. Механикалық жүйе - тубус (2), штатив (8), бағана (9) және заттық үстел (10).

Микроскоптау техникасы

1. Гистологиялық препаратты қарау, әуелі жарықты дұрыс тұрғылаудан басталады.

2. Препаратты заттық үстелге жабынды шынысын жоғары қаратып орналастырады.

3. Препаратты зерттеуді кіші үлкейтумен бастайды, бұл тұрғыда кіші үлкейту объективі линзасының фронталды беті мен препараттың жабынды шынысының арасындағы арақашықтық 1см маңайында болуы шарт.

4. Анық көріну дәрежесін макробұранда көмегімен келтіреді.

5. Объектіні кіші үлкейтумен зерттеп болған соң, препараттың үлкен ұлғайтумен зерттелуін қажет ететін учаскесін көру алаңының орталығына дәлдеп қояды.

6. Ауыспалы револьверін қондырғының көмегімен үлкен ұлғайту объективін (х40) қояды.

7. Анық көріну дәрежесін ендігі жағдайда, тек қана микробұранданы жартылай ғана, алға және артқа бұрау нәтижесінде іске асырады.

Билет № 1

1. Анабездер, жатыр түтікшелері, жатыр, қынап.

2. Сүтқоректілердің аналық жасушасы. № 1 препарат.

Толық өлшем

Аналық жасушасы.

Гематоксилин - эозин бояуы.

Овоцитті қоршап орналасқан фоликулляры (5) жасушалар сәулелі тәж құрайды. Овоцитпен сәулелі тәж арасында жақсы көрінетін мөлдір қабық (4) орналасады. Овоцит цитоплазмасында ядро (2), оның ішінде ядрошықтар (2) және сарыуыз (3) қосындылары болады. Перифериясында кортикальді түйіршіктер орналасқан.

Қызметі – ұрықтануға қатысады.

Билет № 2

1. Аталық жыныс бездері, ұрық шығаратын өзек, шәует көпіршіктері, қуық асты безі, бульбоуретальды бездер, жыныс мүшесі, ұма.

2. Сперматозоид. № 2 препарат.

Сперматозоид.

Гематоксилин бояуы.

Суретте сперматозоидтың негізгі компоненттері көрінеді:

басы (1) және құйрығы (2),

Басы ядро мен акросомадан (3) тұрады.

Адам сперматозоидының суреті.

Мойнында центриоль (4,5) орналасады. Аралық бөлімі митохондриялармен толтырылған митохон-дриалды спираль (6) құрайды. Аралық бөлімнің өзекті бөлігінде микротүтікшелер 9+2 типті құрылым құрайды.

Құйрық жағында тығыз фибриллдер электронды тығыз материалдан тұратын фибриллярлы футлярмен (8) қапталған.

Аксонеманың (7) сыртында, электронды тығыз материалдан тұратын 9 тығыз фибрилл орналасады. Фибрилл мойыннан басталып, дене арқылы өшіп, құйрықтың ортасында бітеді.

Қызметі – ұрықтануға қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]