- •55.1783-1797Жж.Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс.Игельстром реформасы.
- •76. XXғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы.Тауар-ақша қатынасының енуі.
- •101.Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •22.Батыс Түрік қағанатының әкімшілік-қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •100. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •93.Крлаг,алжир Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
- •84.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •108.Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- •99. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •110.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •96. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •115.Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •106.ҚазКср-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.
- •102. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •85.Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •11.Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •10.Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •36.Тәніршілдік Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •90.Ұжымдастыруга қарсы бағытталган шаруалар көтерілістері
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •73.Ш.Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •75.Ы.Алтынсарин - педагoг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
108.Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды. Олардың арасында мынадай елдер болды: Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкстан, Швейцария, Канада. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түрік Республикасы таныды.Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды. Сол жылы маусымда «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба баспасөзде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер одағы ретінде анықталды. Оның қызметі әрбір қатысушы елдердін, ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталатыны айқындалды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін ойдағыдай қамтамасыз ету деп жарияланды. Одақты ұйымдастыру барысында мұндай бірлестіктердің демократиялық принциптері қарастырылды. Қазақстан сыртқы саяси-экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастарда әлі де болса Ресейге бұрынғыдай айрықша орын берді. Республика тәуелсіздігінің аз ғана кезеңінде Ресеймен ынтымақтастыктың барысында үлкен істер басталды, екі жақтың экономикалық қарым-қатынастарын реттейтін, ғарыш кеңістігін игерудегі ынтымақтастық, жаңа типтегі армия құру сияқты бірнеше келісімшарттарға қол қойылды. Азаматтық мәселесіне ерекше мән берілді. Екі жақты қатынастар деңгейінде Украинамен, Белоруссиямен, Кавказ елдерімен, сондай-ақ Балтық жағалауы мемлекеттерімен ынтымақтастық жандандырыла түсті. Қазақстанның байланыстары әсіресе Орта Азия аймағындағы жақын көршілер - Өзбекстан, Қырғызстанмен, ал экономикалық блок шеңберінде - Түркіменстан, Тәжікстанмен қарқынды түрде дамыды.Қазақстан дипломатиясы Азия бағытында елеулі табыстарға жетті, бұл аймақта экономикалық жағынан жақсы дамыған Қытай, Үндістан, Вьетнам, АСЕАН-ға кіретін елдер бар. Бұл жағдайда Қазақстанға планетаның осы үлкен кеңістігіндегі экономикалық даму динамикасынан қалып қоймау зор маңызға ие болды. Қазақстанның азиялық Тынық мұхит процесіндегі интеграцияға араласуы оның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы қызметіне қатысуына маңызды жағдай туғызды. 1995 жылы Индонезия, Пәкстан, Түркия басшыларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Қазақстанның Түркиямен байланысы кең көлемде дамыды. Мысалы, Қазақстан аумағында жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда қысқа мерзім ішінде «Анкара» қонақ үйі тұрғызылды. Қазақстан делегациясы Түркияда өткізілетін конференциялар мен кездесулердің тұрақты қатысушыларына айналды. Жүздеген жігіттер мен кыздар Стамбұл жәнө Анкара университеттерінде оқыды. Қазақстан телеарнасынан түрік тіліндегі хабарлар тұрақты түрде жүргізіле бастады.
Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен де өз байланыстарын жемісті дамытып келеді. 1993 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстан Республикасы Президенті мен Германия және Франция басшылары арасындағы келіссөздер Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағытты жандандырды. Мәселен, Герхард Шредер Астанаға келген сапарында: «Қазақстан Орта Азиядағы маңызды ел және Германияның басты әкономикалық әріптесі» деп атап көрсетті. 2003 жылға қарай республикада неміс банкі және ірі компанияларының 145 өкілдігі мен бөлімшелері жұмыс жасады, ал тіркелген Қазақстан-герман біріккен кәсіпорындарының саны 266-ға жетті. Танымал неміс компаниясы «Сименс» пен «Қазақтелеком» арасында байланыс және халықаралық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолымен» құрал-жабдық тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының бірнеше министрліктері арасында қазақстандық менеджерлердің біліктілігін көтеру және негізгі экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.Республика Президентінің Германия үкіметінің басшысы Гельмут Кольмен, Франция президенті Жак Ширакпен жүргізген келіссөздері Қазақстанның Еуропа бағдарындағы сыртқы саяси бағытын жандандыруға елеулі үлес қосты.1995 жылы тамызда Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқасында республика Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев атап еткеніндей, «Шығыс Еуропа елдеріндегі Қазақстан сыртқы саясатының қамалы рөлін Венгриядағы елшілік атқарды». Қазакстан Республикасы Президентінің Венгрияға сапары барысында екі ел арасындағы саяси және экономикалық тығыз ынтымақтастыққа берік негіз қаланған көптеген келісімдерге қол қойылды. Қазақстан Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен екіжақты тиімді қарым-қатынастар орнатты./Қазақстан Республикасы үшін АҚШ-пен ынтымақтастық аса маңызды, олардан республика экономикасына көптеген инвестициялар алынды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында да үлкен қолдау көрсетті. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан студенттері АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды./Қазақстан Республикасы мәртебелі халықаралық ұйымдар мен қауымдастық мүшесі. Қазақстан 1992 жылдан бастап беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ) байланыстарын нығайтты. Мәселен, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы тойланды. Орталық Азиядағы осы ұйымның бір ғана өкілдігі Алматыда ашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды.
118.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз қазақстанның сыртқы саясаты қалыптастырудағы еңбегі. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: 1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету. 2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық. КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық «Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.2001 жылғы 29 тамызда Алматыда «ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, «Адам және биосфера”, «Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайдыҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері. 1993 жылғы 9 қазанда «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты: 1. Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді топтастыру тәсілі. 2. Идеология — әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі. 3. Идеология–мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі. 4. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады.Еңбектің маңызы: Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.1996 жылы » Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді.Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.2003 жылы » Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.
- Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505. - Оның ішінде әйелдер – 4.420. - Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927.Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар: - Есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне кіру. - Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру. - Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру.Әлемдік деңгейдегі » Ғасыр дертіне” қарсы күрестің Қазақстанда жүзеге асырылуға тиісті шаралары: - Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу. - Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында аймақтық, саяси құрылымдардың әрекеттестігін кеңейту. - Каспий мәселесі қарастырылды.Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды.
123.Н.Ә.НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлт көшбасшысы. НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ (1940), мемлекет қайраткері. Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы (1991), Қазақстан Республикасының Жоғары Әскери Қарулы Күштерінің басшысы (1992), экономика ғылымдарымың докторы (1992), профессор (1993), Халықаралық инженерлік академиясының академигі, (1993), Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі(1994), Ресей әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1995), Ресей Федерация Президенті жанындағы Ресей мемлекет қызметі академиясының құрметті докторы, Ломоносов атындағы ММУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің құрметті профессоры, Белоруссияның Ғылым Академиясының қурметті мүшесі. «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде дамуы мен қалыптасу стратегиясы» (1992), «Нарық және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы» (1994), «XXI ғасыр табалдырығында» (1996), «Еуразиялық кеңістік: интеграциялық потенциал мен оның жүзеге асырылуы» (1994), «Тарих толқынында» (1999) және тағы басқа ғылыми еңбектердің авторы. Қазақстан Республикасының және бірқатар шетел ордендерімен, оның ішінде "Алтын қыран" (1993) ордені және көптеген медальдармен марапатталған./Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елдің елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Бүгінгі күні Назарбаевтың есімі дүние әлемінің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің қатарында бірге аталады. Бұл тегінен болмаса керек. Және де Түркияның астанасы Анкарада Назарбаевтың ескерткішінің орнатылуы, Иорданияның астанасы Амман қаласындағы бір көшенің Назарбаевтың есімімен аталуы қазақтың бір ұлы, қазақтың перзенті, тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз дәуірінің және бүгінгі кезеңнің ұлы көшбасшысы екендігін айқын дәлелдесе керек. Назарбаевтың есімі мен ісі адамзат тарихының беттеріне мәңгі жазылғандығын айтқан да ләзім. /1992 жылы Қазақстан БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық қоғамы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып, дүниежүзі елдерімен тығыз байланыс орнатты.Біздің еліміз сыртқы саясатында Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысқа жол бермеу, ядролық қаруды қолданудан бас тартуға баса көңіл аударып отыр. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елдердің бірі.Осы мәселені БҰҰ аясындағы жиын- мәжілістерде үнемі көтеріп,басқа мемлекеттерге үлгі көрсетуде.Қазақстан Азиядағы беделді халықаралық ұйым- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құрушылардың бірі және онда белсенді қызмет атқарушы ел болып саналады. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін және басқа да көрші және алыс-жақындағы мемлекеттермен дипломатиялық достық, ынтымақтастық және өзара көмек қатынастарын орнатты.
113. Қазақстан Республикасының Ұллтық теңгесінің жасалу тарихы.Қазақстан өзінің төл валютасын қиын да күрделі жағдайда дайындап, қабылдаған болатын. 90-шы жылдардың басы біздің еліміз үшін болашақты айқындау жолындағы шешімдерді қабылдауда барынша қиын кезең болды: өндірістің кең ауқымды құлдырауы, экономикалық байланыстардың үзілуі, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы ақша-кредиттік қатынастар коллапсы. Үкімет пен Ұлттық банктің алдында барынша маңызды проблемаларды шешу міндеті тұрды. Шын мәнінде инфляция барынша қарқын алған, өндіріс құлдыраған қиыншылықтар кезеңінде ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымын қамтамасыз ету қажет болды. Басты назар ұлттық валютаны енгізудің – жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу, ақша айырбастау басталатын және жалғастырылатын күн, айырбастау коэффициенті сияқты рәсімдік мәселелеріне аударылды. Теңге айырбастау басталған бірінші күннен бастап-ақ заңды төлем құралы болды. Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады. 1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді. Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды. Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаруалардың бірі болды.1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр. Тәуелсіздіктің жиырма жылы өткен-кеткенді бажайлап, атқарылған шаруаны қорытындылап, алдағы мақсаттарды нақтылайтын кезең іспеттес. Іргелі елдің құрамынан ажырап бөлек шығу, 15 миллион халқы бар мемлекетті жаңа бағытқа салу оңай шаруа емес. Рас, бұл талай ғасыр ата-бабамыз аңсаған еркіндік еді. Білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлтарақтай жер үшін қан төгісіп, келер ұрпаққа ұлан-ғайыр даланы алып берген батыр ұлдардың ұрпағы күндердің-күнінде өз тізгінін қолына алды. Көк туын желбіретіп, әлемге Тәуелсіздігін жариялады. Бірақ шаруа көк туды желбіретіп, егемендікті жариялаумен тамамдалмаса керек. Қазақстан кеңес өкіметіндегі алдымен шикізаттық орталық еді. Сан жылдардан бері жеріміздің асты мен үстіндегі байлығы өзгенің игілігіне жарап келді. Тәуелсіздігімізді алғанда алдымен осы байлығымыз өзімізде қалды. Бірақ оны өндіретін өндірісіміз тұралай бастаған. Ресей “отау тіккен екенсің” деп қолымызға ақшасын ұстата салған жоқ. Керісінше, рубльді тауар ретінде сатып алуды ұсынды. Оны ісімен дәлелдеді. Алдымен, ТМД республикаларына түсетін қағаз ақшаға тұсау қойды. Ресми Ресей тарапынан бұрынғы кеңес елдеріне қолдау райы аса байқала қоймады. Тәуелсіздігін алған елдер бұрынғы орталыққа көз салумен болды. Экономикадан мән кетті. Өндіріс тоқтады. Ал тауар мен қызмет бағасы шарықтай түсті. Бұл уақыттағы инфляция рекордтық деңгейге көтерілді. Мәселен, 1993 жылдың соңындағы инфляция 2297 пайызды құрады. Ресейдің орталық банкінен ақша алу мүмкін болмай қалған кезде әр ел өз валютасын енгізуді ойластыра бастады. Өздерінше ақша-кредит саясатын жүргізіп, ел экономикасын реформалауы қажет болды. 1993 жылы өз валютасын енгізуді Украина мен Белоруссия, Қырғызстан мен Балтық жағалауы елдері қолға алды. Қазақстандық валютаны енгізу жоспары сол 1991 жылы жасалғандығы кейін анықталып жатыр. Алдымен қазақстандық дизайнерлер тобы құрылған. Топтың құрамына Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлелов сынды шеберлер кірген. Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеген шеберлер алдымен валютамызға атау іздеген. Әуелде “ақша”, “алтын” сияқты атаулар да ойда болса керек. Бірақ көпшілігі түркі сөзі “теңгеге” ықылас білдіре бастаған. Ал қағаз ақшаға халқымызға белгілі ақын-жазушы, ғалым, ойшылдардың бейнелерін салу ұйғарылды. 1992 жылы тамыздың 27-сі Ұлттық банкте теңге купюрасының үлгілерін бекіткен дизайнерлер тобы Англияға аттанды. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшытын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ол кезеңді “Президенттің үлкен ойыны” фильмінде “Шетелдерге бару үшін ұшаққа жанармай, аэропортты жалға алу үшін қаржы жоқ еді” деп еске алады. Осындай кезеңде елімізде қаржылық реформа жүргізіліп, ұлттық валютаның қажетті қаражаттық инфрақұрылымын жасау қолға алынды. Теңге Ұлыбританиядағы “Харрисон және оның ұлдары” деп аталатын банкнот фабрикасында басылатын болды. Ендігі уақытта осы ТМД елдерінен ескі ақшаның легі келіп қалуы мүмкін деген қауіп туды. Бұдан әрі кешіктіруге болмайтын еді.Бұл уақытта еліміздің банктері де ақша ауыстыруға даярланып жатты. 1993 жылы қарашаның 1-і Ұлттық банктің облыстардағы филиалдарына “Х” күні ашылады деген құпия конверттер жетті. Ал араға үш күн салып Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта – теңгені енгізу бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. 1993 жылдың аяғы – халық үшін ауыртпалық пен сенімсіздікке толы уақыт. Бұлыңғыр болашақ. Әзірге қолда бары – тек елдің егемендігі. Қалғанының барлығы – ертеңгі күнге деген үлкен жоспар, алып жобалар. Осындай кезде Президент пен Үкіметтің еліміздің төл валютасын енгізу туралы хабарламасы жарық көрді. Жаңа валютаның атауы – “теңге”, ал ұсағы – “тиын” еді. Қарашаның 13-і барлық газеттер жаңа валютаның суреттерін берді. Ақша купюрасы теңге мен қағаз тиындар, ауыстыру тәртібі туралы республикалық, облыстық баспасөз хабарлап жатты. Ал қарашаның 15-інен 20-сына дейінгі уақыт сомды теңгеге ауыстыру үшін берілді. Тура алты күнде халық қолдағы ақшасын тәуелсіз елдің валютасына айырбастауы керек еді. Бес жүз сомыңызға бір теңге аласыз. Қағаз ақшасын қапшықтап жинаған ағайын енді теңгенің кезегіне тұрды. Бұл күндер әр тұрғынның есінде. Қобыраған “ағаш ақшаны” жинап, сақтағанды шығарып, қолға жаңа купюраны көргендер төл теңгені бірнеше күн қызықтаған. Ағартушы Әл-Фараби, күйші Сүйінбай, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңге халықтың арасына ене берді.Тұтас бір республиканың болашағы үшін аса жауапты науқанды теңгені тікелей айналымға енгізген банк қызметкерлері де әсте ұмытпайды. Ұлттық банктің облыстық басқармасы, екінші деңгейлі он екі банктің филиалдары, есеп айырысу кассалары тәулігіне 19 сағатқа дейін тұрғындар қаржысын ауыстырып жатты. Ескі ақша түні бойы есептеліп, сұрыпталып, жөнелтуге даярланды. Жұмыстың ең ауыры облыс орталығындағы есеп-касса орталықтарына түсті. Бүгінде зейнеткер, Ұлттық банктің еңбек сіңірген қызметкері, сол кездегі бас есеп-касса орталығының бас бухгалтері Людмила Фешина: “1993 жылы қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында бізге 24 сағат та аздық етті”, дейді. Қызметкерлердің көпшілігі бұл күндері бірнеше тәуліктеп үйлеріне де бармағандарын еске алады. Сол күндері облыстағы ақша айырбастау жұмысының 65 пайызы осы есеп-касса орталығында жүргізілген. Бұл ұжым алты күннің ішінде 8 миллиард рубль ескі ақша қабылдапты. Осы күндері ақша тапсыруға 362 мың тұрғын келген. Тұрғындар 19,6 миллиард ескі рубль жинаған. 770 қапқа салынған 20 тонна рубль отқа жағылған.Ал осы жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Кейін Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады.Теңгені енгізудің дұрыстығына қарапайым халық араға бірнеше жыл салып көз жеткізді. Бірақ инфляция теңге енісімен тоқтады деп те айта алмаймыз. Дегенмен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қаржы дағдарысы кезінде теңге тегеуріні мықты екендігін көрсетті. Көрші Ресейде сол 1997 жылы рубль бір күнде мың есеге құнсызданып шыға келді. Егер сол жылы төл теңгеміз болмағанда, еліміздің жағдайы шынында да мүшкіл болып кетер еді. Бүгінде қаржыгерлер сол жылдары Қазақстан экономикасы өсім алғандығын алға тарта алады.Қажетті жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңге өз елімізде шығатын болды. Бұл 1995 жылдың мамыр айы еді. Тұңғыш банкнот фабрикасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі барып ашты.Ұлттық валюта күннен-күнге өз елімізде ғана емес, одан тысқары жерлерде де сенімді беделге ие бола бастады. Өндіріс дамыған сайын, елге шетел капиталының ағыны ұлғайып, отандық ірі инвесторлар пайда болған сайын (зейнетақы қорлары арқылы) ұлттық валюта да, сонымен қатар валюта рыногы да нығая түсті. Сонымен бірге, ұлттық валютаға да сенім арттырылды.
116. Қазақстан Республкасы көпұлтты және көп діни ағымды мемлекет ретінде.Алматыда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер форумы.Діндер үнқатысуын қамтамасыз ету, діни төзімділікті нығайту – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының бірі болып отыр. Үлкен діни форумдардың бізде өтуі – елімізге деген құрмет пен зор сенім. Бүгінде сол сенімді толық ақтай аламыз деген үміт бар. Елордамыз Астана дүние жүзіндегі барлық діндер өкілдерінің басын қосып, ортақ мәмілеге шақы¬ратын рухани орталыққа айналды. Халықаралық қатынастар тарихында Астана съездеріне бүкіл әлем көз тігіп, оның бейбітшіл бағыты мен тату¬ластырғыш әлеуетіне үлкен мән беріп отырға¬нының айғағы ретінде, бұл төртінші басқосуға тілек білдірген ірі діни бірлестіктер санының күрт өсуін айтуымыз керек. Дінбасыларының Астанадағы кезекті басқосуы қазіргі дүниежүзілік саяси ахуалға, халықтар дос¬тығы мен діндераралық бірлесуге игі ықпалын тигізді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас¬шылары съездерінің бізде өтуі Қазақ елі үшін үлкен мәртебе, көп ұлтты Қазақстандағы бейбіт өмірге, еліміздегі діни сенім бостандығына беріл¬ген жоғары баға.
Кең байтақ Қазақ елі қазіргі таңда күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулық¬тың алтын ордасы екендігін паш етіп отыр. Қазақ¬стан бүгінде Елбасы Н.Назарбаевтың басшылы¬ғымен сатылап дамып келе жатқан, экономикасы ілгеріленген, демократиялық даму жолына түскен, Орталық Азияда көшбасшы, халықаралық қоғам¬дастықта беделді әрі құрметті әріптес деп таныл¬ған мемлекетке айналды. Тәуелсіздік алғаннан бергі ең ірі жеңісіміз бен үлкен жетістіктеріміздің бірі – елімізде діни наным-сенім бостандығының толық бекуі, соның ішінде ислам дінінің өркендеуі, діні¬мізбен қайта қауышуымыз десек, артық айт¬қандық болмас. Егемен Қазақстанның ұлттық идеологиясын қалыптастыруда ата-бабаларымыз сал¬ған сара жол мен имандылықтың жаңа арналары жемісті жалғасын тауып келеді.
Дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісіДіннің еліміздегі бірліктің бір діңгегі әрі рухани тірегі болуына ел Президенті мен Үкіметі тарапынан ұдайы назар аударылып келеді. «Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген» деп жария етілгенмен, олар шын мәнінде бір-бірінен оқ¬шау¬ланбайды. Бұл қарым-қатынасты серіктестіктің ерекше түрі деп те сипаттауға болады. Мемлекет пен дін бір-бірінен тәуелсіз бола отырып, бір-бірі¬мен тығыз байланыста іс-қимыл жасайды. Еке¬уі қосылып та кетпейді, бөлініп те кетпейді. Бүгінгі таңда елімізде мемлекет пен діни бірлестіктердің арасында негізінен сенімді байланыс, сындарлы қарым-қатынас орнықты. Конфессиялардың басшылары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүше¬лері болып отыр, олардың қоғамдық-саяси шара¬ларға қатысуы, өздерінің дінге сенушілерінің мүд¬делерін жергілікті және ең жоғары биліктер деңгейінде ұсынуы дәстүрге айналды. Бізде діни бірлестіктердің ішкі діни істеріне араласпау, қандай да бір болмасын діни ұстаным¬дарды бір-бірімен сәйкестендірмеу, діндердің тең мүмкіндік мәселелерін қамтитын мемлекеттің дүниетанымында бейтараптылық қағидатына бас¬ты орын берілген. Дін туралы жаңа заңның 3 бабында көрсетілгендей, мемлекет азаматтардың дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын ай¬қындауына, ата-аналардың балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиеленуіне араласпайды. Егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Рес¬публика¬сының заңдарына қайшы келмесе, мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Бүгінде бірінші кезекте біз діни бірлікті өз дең¬гейінде ұстауымыз шарт. Өйткені, діни бірлік болмайынша ұлттық бірлік болмайды. Дінді саясатқа айналдырып, өз пайдасына жаратқысы келетіндер мен экстремистік ниеттегі діни ағым¬дар пайда бола бастаған бүгінгі кезде, дінаралық татулықты сақтау – басты мақсат екені түсінікті. Жастарға ар¬налған рухани-танымдық тәрбие және теріс пи¬ғы묬ды діни ағымдарға жол бермеу шаралары тек Діни басқарманың, не тек мемлекеттік орган¬дар¬дың ғана жұмысы емес, бүкіл қоғамның жұмысы. Барлық оқу орындарында тәрбие жұ¬мыс¬тарын күшейтіп, жастар арасында дес¬трук¬тивті идеяларды насихаттаушыларға құқық қорғау және білім беру органдары тарапынан бақылау жасалуы керек. Діни радикализм идеяларын таратушыларға этно-мәдени бірлестіктер жетек¬шілерінің беделін қарсы пайдаланған жөн. Бірлес¬тіктер жетекші¬лерінің жақсы істері арқасында елімізде ұлтаралық егес, діни текетірес жоқ. Біз осы игі тәжірибе мен күшті әрқашан да насихаттап, белсенділікпен пайдалана білуіміз қажет. Бүгінде бірінші кезекте біз діни бірлікті өз дең¬гейінде ұстауымыз шарт. Өйткені, діни бірлік болмайынша ұлттық бірлік болмайды. Дінді саясатқа айналдырып, өз пайдасына жаратқысы келетіндер мен экстремистік ниеттегі діни ағым¬дар пайда бола бастаған бүгінгі кезде, дінаралық татулықты сақтау – басты мақсат екені түсінікті. Жастарға ар¬налған рухани-танымдық тәрбие және теріс пи¬ғы묬ды діни ағымдарға жол бермеу шаралары тек Діни басқарманың, не тек мемлекеттік орган¬дар¬дың ғана жұмысы емес, бүкіл қоғамның жұмысы. Барлық оқу орындарында тәрбие жұ¬мыс¬тарын күшейтіп, жастар арасында дес¬трук¬тивті идеяларды насихаттаушыларға құқық қорғау және білім беру органдары тарапынан бақылау жасалуы керек. Діни радикализм идеяларын таратушыларға этно-мәдени бірлестіктер жетек¬шілерінің беделін қарсы пайдаланған жөн. Бірлес¬тіктер жетекші¬лерінің жақсы істері арқасында елімізде ұлтаралық егес, діни текетірес жоқ. Біз осы игі тәжірибе мен күшті әрқашан да насихаттап, белсенділікпен пайдалана білуіміз қажет. Бүгінде бірінші кезекте біз діни бірлікті өз дең¬гейінде ұстауымыз шарт. Өйткені, діни бірлік болмайынша ұлттық бірлік болмайды. Дінді саясатқа айналдырып, өз пайдасына жаратқысы келетіндер мен экстремистік ниеттегі діни ағым¬дар пайда бола бастаған бүгінгі кезде, дінаралық татулықты сақтау – басты мақсат екені түсінікті. Жастарға ар¬налған рухани-танымдық тәрбие және теріс пи¬ғы묬ды діни ағымдарға жол бермеу шаралары тек Діни басқарманың, не тек мемлекеттік орган¬дар¬дың ғана жұмысы емес, бүкіл қоғамның жұмысы. Барлық оқу орындарында тәрбие жұ¬мыс¬тарын күшейтіп, жастар арасында дес¬трук¬тивті идеяларды насихаттаушыларға құқық қорғау және білім беру органдары тарапынан бақылау жасалуы керек. Діни радикализм идеяларын таратушыларға этно-мәдени бірлестіктер жетек¬шілерінің беделін қарсы пайдаланған жөн. Бірлес¬тіктер жетекші¬лерінің жақсы істері арқасында елімізде ұлтаралық егес, діни текетірес жоқ. Біз осы игі тәжірибе мен күшті әрқашан да насихаттап, белсенділікпен пайдалана білуіміз қажет. Иман дегеніміз – Аллаға деген сенім. Иманды адам ешкімнің ала жібін аттамайды, қылдай қиянатқа бармайды. Дінге терең сенген адамның ойы түзу, сөзі түзу, ісі түзу болатыны анық. Бізді еліміз бен жеріміздің тыныштығы мен болашағы, тәуелсіздігіміздің баяндылығы, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі, дініміздің біртұтастығы мен көркеюі ойландырады да толғандырады, сол үшін бәріміз ат салысайық, ағайын.
98.Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалпына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы қатарға қосылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді.Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады.
Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды. Ұйғыр жазушысы Х.Абдуллин Гүлстан повесін жазды. К.хасанов ұйғыр драматургиясын жасауда көп еңбек етті. Ким Кван Хан бастаған корей жазушылары көзге түсе бастады.
1.Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде (пәннің мақсаты, деректемесі).Қаз тарихынын деректеи мен тарихнамасы. Бүгінде Қаз. өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Респ. Тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемл.-ке айналды. Жаңа азаматтық қоғам ж-е президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемл. дүниеге келді. Жаңа әлеуметтік саяси ж-е экон-қ шындықтар Қаз. Халықтарының сана сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықалас та қауырт өсті. Болып жатқан өзгерістерге өткен кездерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қаз.-ның тарихи өткен жолының объективті, идеялогиялық конъюнктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады. Қаз. Тар-ң міндеті өзін түркі халқының қара шаңырағы – Қаз.-ды өзінің отаны, елі, сол мемл.-тің патриоты боламын деген адамға осы жерде кімдердің мекен еткенін, олардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, солардың салт-дәстүрін, рухани ж-е материалдық байлығын, біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, билеріміз тарихи тамырымыз жайылған кең байтақ өлкені бүгінгі ұрпаққа көзінің қарашығындай етіп сақтап жеткізгені, осы күнгі жастардың осы ата-баба ізін жалғастырып, оны қасық қаны қалғанша қорғауға, дінін, тілін қорғауға тарихи әділдік беретін бір-бірден құрал. 1)Археологиялық ескерткіштер: тұрақтар, обалар, қорғандар, қалашықтар. 2) Этнографиялық ескерткіштер: үй, табақ, салт дәстүр, әдет ғұрып, құрал саймандар. 3) Халық ауыз әдебиетінің ескерткіштері: эпос, фальклор, шежіре, аңыз, қисса. 4) Жазба әдебиет ескерткіштері: а) Антик авторлар: Авеста, Геродот, Страбон, парсы тіліндегі Ахеменид кітабы, Қытай жазбалары ә) Ежелгі түркілердің руникалық ескерткіштері б) Араб-парсы авторлары в) Орыс жылнамалары. г) Европа тілдеріндегі деректер Марко Поло, Плано Карпини, Вильгельм Рубрук. ғ) Жергілікті авторлар: Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Мұхамед Дулати, Қадырғали Жалаири, Әбілғазы. д) Ресей тарихшылары: Миллер, Фишер, Балас, Левшин (қазақ тарихының Геродоты), Потанин, Уалиханов, Абай, Шәкәрім, Мәшхұр Жүсіп Көпеев е) Кеңес тарихшылары: Асфиндияров, Тынышбаев, Досмұхамедов, Галуза, Ляпкин, Рязанов, Марғұлан, Бекмаханов, Гумелев.
2.Қазақстан тарихының деректемесі, оларды топтау және түрлері./Көне парсы деректері.Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді,оң алдымен,деректер жинаудан бастайды.Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді.Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек,латын,қытай тілдерінде бізге келіп жетті.Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі "Авеста" деген ісітап атауымен белгілі.Ахура Мазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан. /Шамамен алғанда,адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап,отыз жасында жаңа дінді ойлап табады.Қазақстан,Орталық Азия,Иран,Әзірбайжан,Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жипағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады."Авестаның" сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар. /Басында Айға,Күнге,отқа,суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады.Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен.Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып,өз ілімін көрші елдерге таратады.Осылайша зороастризм діні дүниеге келді.Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын,мәдениетін танып білуде маңызы зор.Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі.Сонымен қатар "Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да айтылады. /Tурлар мен арийлер арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария,Каспий мен Арал,Еділ мен Кама өңірлерінде өрбиді.Бұл "әнұрандағы" кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың қарулары-садақ пен жебе,найза,айбалта,кәсібі-мал өсіру(өгіз,жылқы және түйе),тамағы-ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қой әкелетіндігі баяндалған. /"Авестадағы" Құдай әнұрандары Орталық Азия мен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның баұташы-егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып отыр. /Көне грек авторларының шығармалары.Келесі кезекте-Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик(көне грек) авторларының шығармалары.Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты(біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты "тарихтың атасы" деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған "Тарих" атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялық скифтер" деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар және т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді. /Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан барынша толығырақ деректер алуға болады. Геродот: "Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында", — дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елек өзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды. /"Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", — деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған " Алтын адам", "қайқы қылыш" сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады. /Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп: "Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скифтерді отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті", — деп жазды. Геродот: "Осынау көші-қон біздің заманымызға дейін VII—VI ғасырларда жүзеге асты" деп көрсетеді. Исседондарға ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстан, Жетісу мен Орталық Азияда табылған қару-жарақ үлгілерінің ұқсастығын анықтап берді. Тасмола мәдениетіндегі тайпалар (исседондар) сақ тайпаларының қуатты бөлігін құраған. /Геродот келтірген "алтын қырыққан құзғындар" туралы аңыз Алтай өңірімен байланысты шықса керек. Себебі Алтай өңірі алтын кенішіне бай екендігі белгілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекендеген деп топшылауға болады. Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлі маңын аргиппей және аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар да айғақтайды. Геродот Батыс псифтерінің Шығыстан көшкен далалық тайпалардың арасынан қолгендігін хабарлайды. Ал Шығыс Қазақстандағы сақтардың Берел, Пазырық, Шілікті қорымдары ежелгі өркениеттің қанат жайғандығын көрсетеді. Геродот сақтардың шөптен шыққан буды пайдаланатыны туралы таңғала әңгімелейді. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған. /Бұл тайпалар жайлы Страбон еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы "География" еңбегінің авторы Страбонның (біздің заманымызға дейін 64 — біздің заманымызда 23 жылдары) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасындағы барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады... аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп. Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар (көшпенділер), скифтер сияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді", — деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе Геродоттікіне ұқсас екендігін аңғаруға болады. /Скиф данасы — Анахарсис.Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген скифтердің шығыстан батысқа қоныс аударуы нәтижесінде Қара теңіздің солтүстік өңіріндегі скифтер мемлекеті пайда болды. Ал Қара теңіз жағалауы скифтері өз замандастары гректермен тығыз қарым-қатынас жасаған. Бұл аймақтағы тарихи байланыстар жөнінде бірсыпыра анық мәлімет беретін "Тарихта" Геродот Скиф даласынан шыққан ғұлама Анахарсис туралы маңызды дерек қалдырған. Анахарсис Скиф жерінен Эллада еліне біздің заманымызға дейін 594 жылы келеді. Оның шыққан тегі туралы алғашқы деректі Геродот былайша береді: "Ариапифаның сенімді кісісі, тыңшысы Тимнен естуім бойынша, Анахарсис әке жағынан Скиф патшасы Идантирстің ағасы болып келеді. Спаргапифтен Лик, Ликтен Гнур, одан Анахарсис туған". Анахарсистің басты мақсаты — Эллада еліне барып, мемлекет ісін, философия ғылымын игеру еді. /Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен қатар грек тілін де жақсы білген. Ол өзінің скиф және эллин халықтарының өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектері бар. Анахарсис Солон арқылы афинылықтардың салт-дәстүрімен, заңымен, мемлекет құрылысымен тереңірек танысады. Скиф данасы көне грек ойшылдарын, грек мәдениеті мен өнерін біліп қана қоймай, оларға сын көзбен қараған. Оның көзқарастарынан далалықтардың дәстүрлі дүниетанымы байқалады. Анахарсистің даналық сөздерінің болмыс бітімі қазақтың белгілі шешен-билерінің сөздерімен қабысып жатыр. Эллин жерінде жүрсе де, тұрмыста скифтерше өмір сүреді. /Плутархтың "Жеті данышпанның сауығы" деген әңгімесінен Анахарсистің эллиндер елінде өзінің ақылымен, адамгершілігімен, терең білімімен үлкен құрметке ие болғаны байқалады. Геродоттың баяндауына қарағанда, Анахарсис Эллада елінде оқып, білім алып, мемлекет ісіне үйреніп, еліне қайтады. Анахарсис туған Отанында оны көре алмаушылардың қолынан қаза табады. Геродот Анахарсистің қайғылы өлімінің себебін скифтердің әдет-ғұрпымен байланыстырады. Афины билеушісі, Атақты реформатор Солонның төмендегі жалынды сөздері ұлы скиф данышпаны Анахарсиске арналады: "Афинылықтар, мен сендер үшін әділетті заң жасадым, оны өздерің үшін де, мемлекет үшін де өте пайдалы деп есептеймін. Ал мына жателдік азамат... скиф бола тұра ақылға бай, дана. Ол менің көзімді ашты, ойымды байытты, көптеген пікірлерімді басқаша байыптауға көмектесті, толып жатқан кеңес беріп, білім мен пайдалы іске үйретті. Сондықтан да бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де құтты деп санап, оның мүсінін мыстан құйып, ең бір құрметті жерге қалаулыларының мүсіндерімен қатар қойыңдар!" /Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың ежелгі дүние өркениеттерімен — парсылармен, гректермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Сақтардың сол кездегі көптеген тарихи оқиғалардың бел ортасында жүргендігі байқалады. Адамзат жинақтаған мол құндылықтармен танысу әлемдік өркениеттегі Еуразия көшпенділерінің алатын орнын анықтауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде тарихтағы еуроцентристік көзқарастардан арылуға септігін тигізері сөзсіз. /Қытай жазба деректері.Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді. /Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140—87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы "Батыс өңір" деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.
Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін пазар аударып, жазып алып отырды. /Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы "Қытай тарихының атасы" Сыма Цянды (біздің заманымызға дейін 145—86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның "Тарихи жазбалар" ("Шицзи")деген еңбегінің "Сюнну туралы хикая" және "Давань туралы хикая" деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас. /Қазақстан тарихының дерек көздерінің түрлерін былайша жіктеледі: 1. археологиялық деректер; 2. Жазба деректері, 3.фольклорлық деректер және халық ауыз әдебиеті дерек ретінде (батырлар жырлары, эпостар, дастандардағы ұлтымыз тарихына байланысты мәліметтері); 4. жылнамалар, 5. Мерзімді басылымдар; 6. Заң актілері; 7. Шежіре. Бұл шартты түрлері.
38.Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары:Ақ Орда,Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы.Ак Орда Жетісудің солт. бөлігі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен төм. Сырдария бойы, Алакөл маңы. Оның астанасы – Сығынақ. Деректерде Ақ Орда еліндегі ақсүйектер жериеленушілігінің інжу,мильк, сойырғал сияқты түрлері болды. Тархандық сый тарту белгілі болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі қарыздарды өтеп тұрған. Мемл.-ті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқардыХІІІ-ХVғ-дың басында Шығ. Дешті Қыпшық аумағында Ақ Орда мемл. өмір сүрді. ХІVғ-дың 2-жар. Алтын Орда билігінің әлсіреуіне орай Ақ Орда күшейіп, өз тәуелсіздігін алды. Алғашқы ханы – Сасы бұқа. Ерзен хан, Орыс ханның (ХІVғ-дың 60-70жж) тұсында айтарлықтай күшейді. Ақсақ Темірден Ақ Орданы қорғау ауыртпалығы Орыс хан иығына түсті. Темір Мәліктен Тоқтамыс Ақ Орда билігін жаулап алды.Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығымен анықталды. Көшпелі аудандарда мал жекеменшік деп саналып, сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жері қауым иелігінде деп айтылғанмен текті бай-бағландар шын қожасы еді. Ақ Орда билеушілері ХІVғ-дың 2-жарт. өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Ақсақ Темір оған қарсы айдап отырды. Тоқтамыс 1377ж Сығанақ, Сауран қалаларын басып алып, хан болды
Хандары:Орда Ежен Сасы-БұқаЕрзен хан Мүбарақ Қожа (1320-1344)Орыс хан (1372-1380)Тоқтамыс хан
Ноғай Ордасы Солт.-шығ.-ғы өріс қоныстары Сібірге дейін, оңт.-шығ.-та кейде Сырдария бойында, Арал теңізінің жағасында көшіп-қонып жүрген. Негізгі көп қоныстанған жері Жайық, Еділ және Қара теңіздің шығ. жағалауы. Билік басында хан болды. Халық құрамы түрлі болды: түрік және түркіленген моңғол тайпалары мен тайпалық бірлестіктері болған. Ноғай Ордасына қыпшақтар, қаңлылар, қоңыраттар, найман, алшын, тамалар енетін. Ол этникалық-саяси бірлестік ретінде п.б. Бар байлықтары – мыңдаған мал – үйір-үйір жылқы, түйе, қой, ірі қара мал далалық ноғай ақсүйектерінің қолында болды. Сонда да формальды түрде жер-су рулық қауымдастықтың ортақ меншігі болып саналды. ХVІғ-да Ноғай Ордасы орыс мемл.-мен сауда-экон. және саяси байланыс орнатады. Ноғай Ордасының тарихы Еділ мен Қазақстандағы көрші мемл.-тер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар әсіресе көшпелі өзбектермен қазақтар тарихына айрықша жақын. Едіге ханның ұлы Нұраддин (1426-1440)жж
Моголстан мем
«Тарихи Рашиди» б/ша: «Моғолстанның шығ. жері қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солт.-де Көк теңізден(Балқаштан) Қараталмен, бат.-да Түркістан, Ташкентпен, оңт.-де Ферғана, Қашғар, Ақсу, Тұран мен шектеседі.»Мемл.-ң саяси басшысы ж/е жер-судың жоғары иесі хан болған. Басқару ісінде ханға ұлыс бегі көмектесті(дәстүр б-ша ол дулат тайпасы әмірлерінен таңдалынып отырған), хан жанында ақсүйектер кеңесі болған. Басқа аймақта алым-салық жинау мен әскери күшті ұйымдастыру күшейді. Моғолстанда мемл.-ң саяси бағыты, жердің ең жоғарғы билеушісі хан болды. Жерді ақсүйектер шартты түрде иеленді.Моғолстан ХІVғ-дың ортасы мен ХVІғ-дың басына дейін өмір сүрді. Моғолстанды белгілі Дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған ақсүйектер Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді жаңа мемл-тің ханы етіп сайлайды.Астанасы – Алмалық.Темір шапқ.-ғы Моғолстанның титығына жетті. Алғашқы хандар Тоғылық-Темір, Ілияс Қожа Мәуереннахрда Шағатай әулетінің билігін қайта орнатпақ болып әрекеттенді.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды.
1430ж Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұд Қожаны талқандайды. 1446ж Әбілқайыр Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Хорезмді басып алып, Үргенішті талапайға салады. 1450ж Темір ұрпағының ішкі тартысына килігіп, Самарқан, Бұхарға тонап талау шапқыншылықтарын жасайды. 1468ж жорықты жолда өледі.
67.Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714-1720ж Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков, Өскемен.
Патша үкіметінің мақсаты: қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.
Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне казак-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізу бастады.
1735ж – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.
1743ж Орск қалашығын Орынбор деп атады.
18ғ 50-60 ж – патша үкіметі Қазақ елін тәуелді ету мақсатында әр қилы шараларды жүзеге асыруға кірісті. Ресей билеушілерінің көздеген мақсаты:
1)Шырайлы, сулы мол жерлерден қазақтарды ығыстыру; 2)Жерсіз казак-орыстарды осы аймақтарға орналастыру.
Петербург билеушілерінің арнайы нұсқаулары жарияланды:
1742ж-Жайық өзені бойында қазақтарға мал жаюға тыйым салды.
1756ж 2 кыркүйек - Жайық жағасына жақын жерлерге қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды.
1757ж 24 желтоқсан-Кіші жүз ханы Нұралыға Жайықтан мал айдап өтуге қазақтарға тыйым салынғандығы жөнінде шешім тапсырылды.
Ертіс пен Жайық жағаларына мал жаю үшін қазақ феодалдарының орыс әкімшілігіне аманат тапсыруы міндеттелді.
1757-1758жылдар –Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен Л.И.Тевкелев 1756жылғы үкімет шешімін ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді. Сондықтан аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. Орынбор губернаторы А.Г.Давыдов тұсында қысым қайта күшейді. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді бекініс коменданттары иеленіп алды. бекіністерден алғашында 10 шақырым, кейін 50шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салынды.
1760ж-Ертіс өңіріне Ресейдің әр түпкірінен жерсіз шарулар, қылмыскерлер, Дон казактары әкеліп қоныстандырылды.
1799ж 21 қараша –император І Павел жарлығымен Орта жүз қазақтарына(45000 отбасы) Ертістің оң жағасына мал жаюға, қайтадан қоныстануға рұқсат етілді.
Бұл шаралар патша үкіметінің Қазақстанды «аграрлық жаулап алуының» бастамасы болды.
