Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarih_emtikhan_zhauaptary_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

84.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).

1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мақсаты Сібір, Орал казактары үшін Ертіс пен Оралдың сол жағалауындағы, Жетісу мен оңтүстік Қазақстандағы жерлерді өлкенің байырғы халқы қазақтарға қайтару болатын. Шаруалар нәтижесінде 1 млн.385 мың десятина жерге ие болды. 1921 ж. "Қосшы" атты кедейлердің одағы құрылып, олар жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылы (Жаңа экономикалық саясат). 1921 жылы 8-16 наурызда партияның х съезі болды. Онда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғырты салықпен алмастырылды, жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды, еркін саудаға рұқсат берілді, жалдамалы еңбек, жерді жалға алу, кооперация дамуына қолдау көрсетілді.Жэс-тің ңәтижесі 20-жылдардың ортасында көрінді. 1925 жылға қарай халық шаруашылығы қалғына келтірілді. Өнеркәсіптің 60 проц., транспорт қатарға қосылды. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 26 млн. жетті. Ойыл, Қоянды, Темір жәрмеңкелері қалғына келтірілді. Сөйтіп, халық жағдайы, әл-ауқаты біршама көтеріле бастады

103. Қазақстан қайта құру кезеңінде:алғашқы қадамдар,қиыншылықтар.Қайта құру мен жариялық белгілі бір дәрежеде қоғамдық өмірді демократияландыру туғызғанмен миллиондаған кеңес адамдарының тұрмыс – тіршілігін жақсартуға елеулі ықпал жасамады. Сан алуан мінбелерден шексіз құрғақ уәделер, серттер беріліп жатты, түрлі тұғырнамалар, бағдарламалар жасалынды. Олардан “жоғардағылардың” іс – әрекеттеріндегі батылсыздық жалтақтық орынсыз ымырашылдық, әр түрлі бұлтарыстар сезіліп тұрды.Қайта құру процестерінің тактикасын айқындауда өрескел қателіктер жіберілді, бірақ қайта құруды бастаушылар өздерінің кемшіліктерін дер кезінде мойындамады. Экономика мен саясаттағы дағдарыс өрши түсті. Кейбір аймақта саяси талап қойған кеншілердің ереуілдері болды. Осындай жағдайда орталықтың позициясы әлсірей берді.Халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған заңдар бірінен соң бірі шығарылып жатты. Алайда олар орындалмады, ақшаның құнсыздануы одан әрі жалғасты, халықтың тұрмысы төмендей берді. Тарауы басында екі қарама – қайшылық тұрды: біріншісі – орталық пен республикалар, екіншісі – орталықтанған бақылау мен экономиканың тізгінін босату.Кремльдің құны кеткенін көрген одақтас республикалар өздерінің егемендігі туралы Декларацияларын жариялап, өздерінің заңдарын Одақтың заңдарынан жоғары қойды. Бұл процесс “тәуелсіздердің шеруі” деген атқа ие болды. Кейбір табысы мол одақтас республикалар өз мүдделерін қорғап, басқаларға бөлуге қажет түскен пайдасының тиісті бөлігін одақтың бюджетке құймады. Одан ең алдымен шикізатты республикалар зиян шекті, олардың қатарында Қазақстан да бар. Мұндай жағдай “бюджеттер шайқасы” басталды, республикалар мен аймақтардың өзара өнім алмасу жөніндегі міндеттемелері орындалмады.Осындай жағдайда тарауының басын тең ұстау орталыққа барған сайын қиындай берді. Мәселе былайша қатал қойылды:Енді не істеу керек? Жауап беру-ақ еді: демократияландыруды одан әрі жүргізу және эканомиканың нарықтық қатынастарға көшіру. Бұл КСРО қалық үкімет эканомиканы тұрақтандырудың бағдар- ламасын жасады оны халық депутаттарының Төтенше сьезі ( 1990ж желтоқсан ) мақұлдады.Алайда мемлекеттік құрылымның бақылау қызметінің әлсіреуінен елде “көлеңкелі эканомика” мен қылмыскерлік қауырт өсті, кейбір аймақтарда ұлтаралық қақтығыстар одан әрі жалғасты. Осындай тығырыққа тірелген жағдайдан тезірек шығуды көздеген КСРО Президенті мен одақтас республиканың басшылары жаңа Одақ Шартын жасауды ойластырды. Бұл жұмыс “9+1” формуласы немесе “Новоогарев инициативасы ”аталды.Осы шартта дайындау працесіне қатысушылар КСРО мемлекеттік құрылымын “Тәуелсіз мемлекеттер одағы”ретінде реттейтін маңызды құжат әзірледі.Бұл шартқа қол қою 1991 жылдың 20 тамызында белгіленді.Бірақ бұл іс жүзеге асырылмай қалды. Республикаларға тәуелсіздікті беруді қаламаған озбыр орталықтың кертартпа күштері дәлірек айтқанда ұлыдержавалық шовинистер 1921 жылы тамызда мемлекеттік төңкеріс жасады. Бүлікшілер төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік Комитет сияқты конституциялық емес өкіметтік құрылым құрды, ол бірнеше антиконституциялық заңдар шығарды.Төңкерісшілердің империялық озбырлықты сақтап қалмақ болып алысты меңзеген залым пиғылы жүзеге аспады. Мәскеудің демократияшыл күштері Ресей Федерациясының парламенті және Конституцияға адал әскери құрамалар антиконституциялық төңкерісті жақтамады. Төңкеріс жаншылды, оны жасаушылар қамауға алынды. Күштердің ара-салмағын таразылауда төңкерісшілер есептен қатты жаңылды, олар танкілер мен коменданттық сағат шағын “экстремистер”тобын сабасына түсіреді, ал халықтың негізгі және басым бөлігі елде тәртіп орнату жөніндегі біздің ұсыныстарымызды қолдайды деп ойлаған.Төңкеріс жаншылғаннан кейін саяси оқиғалар шапшаң дамыды. Қоғамда демократиялық жолмен жаңғыртудың алты жылдан астам уақытқа созылған қайта құру тамыз күндері шырқау шегіне жеткен еді. Төңкеріс кезінде шақырылып қойған РКФСР жоғарғы Кеңесінің Төтенше сьезі бірқатар елеулі заңдылық актілерді қабылдады: ТМЖК шығарған антиконституциялық барлық қаулылар, жарлықтар күшін жойды; КОКП қызметі тоқтатылып оның мекен-жайларына, архивтеріне құлып салынды. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мекен-жайы мен оның архивтеріне де құлып салынды.М С Горбачев Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметінен бас тартты да КОКП-ға өзін-өзі тартуды ұсынды. Себебі, оның басшы орындары ТМЖК-ні тану, оның іс-әрекеттерін жақтау жөнінде төменгі партия ұйымдарына нұсқау берген Горбачевтің әлгіндей мәлімдемесі заң ды емес еді. Өйткені, тұтас саяси ұйымның миллиондаған коммунистердің тағдырын оның бір өзі шешуге құқықты еместі. Мұндай күрделі мәселе партия сьезі немесе референдум арқылы ғана шешімін табуы тиіс еді.1991 жылы тамызда демократияшыл күштердің тегеуірінімен тарихи оқиға болды: 70 жыл бойы еркін және терезесі тең республикалар одағы атанып келген мемлекеттің билеушісі Коммунистік тағынан тайды. Одақтас республикалар өздерінің асығыс шақырылған парламенттерінің сессияларында бірінен соң бірі өздерінің толық тәуелсіздігін жариялады. Орталық ұзақ жылдар бойы республикалар қарауына бермей келген одақтық бағыныстағы барлық кәсіпорындар мен мүліктер енді өздеріне бағындырылды.Украина тәуелсіздігін жариялаған соң демократияшыл, әсіресе ұлтжанды күштердің талабы бойынша одақтық жаңа шартқа қол қоюдан басталды. Ол жобадағы тәуелсіз республикалардың конфедерациялық одағынан да шығуға бағыт ұстанды.Осындай жағдайда Беларуссия башылығының инициативасы бойынша 1991жылы 8-желтоқсанда Минскіде бастағы КСР Одағының құрылтайшылары болған үш республика-Украина, Беларуссия басшыларының кездесуі болды. Онда конфедерациялық біртұтас жаңа одақ құрудың орнына басқаша құрлым-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) берілетіндерін мәлімдеді. Орта Азия республикалар мен Қазақстанның басшылары 1991жылы 12 желтоқсанда Ашхабадта бас қосып, мәлімдеме жасады. Онда “бұрынғы құқықсыз болған республикалар орнына” Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғаны қуатталды. Сонымен бірге олар ТМД өз субъектілерінің барлығының мүддесін есепке алатын болса, оның тепе-тең құрылтайшылары болса өздерінің әзір екенін білдірді.1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда тәуелсіз 11 мемлекеттің (бұрынғы одақтас республикалардың) басшылары кездесті, олар 8 желтоқсанда Минскіде ДТМД құрылғаны туралы келісім Хаттамасына өздерінің қолдарын қойды. Қабылданған Декларацияда мемлекеттік жаңа құрлым құрылғаны және осыған байланысты Кеңес Социолистік Республикалар Одағының өмір сүруінің тоқтағаны жария етілді. Достастыққа қатысушы мемлекеттер өздерінің конституциялық заңдарына сәйкес бұрынғы КСР Одағының жолдаған шарттары мен келісімдерінен туындайтын халықаралық міндеттемелердің орындалуына кепілдік жасайтындарын мәлімдеді. Сонымен қатар олар өздері қол қойған Алматы Декларациясының принциптерін бұлжытпай сақтауға міндеттенді. Республика Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялауы тәуелсіздікке жету жолындағы алғашқы батыл қадам болды. Бұл конституциялық емес, саяси акт еді, одан дербес мемлекет туындамады. Тәуелсіздік үшін әлі де жан аямай күрес жүргізу қажет еді. Сөйтсе де парламенттің осы бір батыл қадамы ұлт мәселесінде ондаған жылдар бойы қордаланып қалған күрделі де өзекті проблемаларды шешуге бағытталған, қоғамдық саяси өмір белсенділігінің артуына жол ашты.Жұртшылықтың зор қолшысы және Қазақстанның егемендікке қол жеткен жайында, 1991 жылы тамыздағы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде Кеңес Одағы құрылғаннан кейін Семей полигоны жабылды, оның негізінде Ұлттық Ғылым академиясының Ядролық зерттеу институты құрылды.Демократия мен жариялылықтың жеңісі арқасында бұрынғы одақтас республикалар тек саяси ғана емес, ең алдымен экономикалық шынайы егемендікті жеңіп алу үшін батыл қимылдар жасауға кірісті. 1990 жылы дербес мемлекеттің қауырт заң шығару кезеңі болды. “Жер кодекіс”, “Тілдер туралы”, “Мемлекеттік өкімет пен басқаруды жетілдіру туралы”, Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу жайында заңдар қабылдады.Қазақстанда орналасқан бұрынғы одақтың құрылымдардың барлық кәсіпорындары мен мүліктері 1991 жылдың 15 қарашасынан осы республиканың меншігіне өтті .Бұған дейін Кеңес одағының құрамында болып келген Қазақстан мен Ортаазиялық республикалар тәуелсіздік алғанымен басқалардан гөрі көбірек қиыншылықтарға кезікті. Осындай жағдайда Орта Азия мен Қазақстан республикаларының басшылары өзара тығыз интеграция жасауға келісім, әлеуметтік-эканомикалық тұрақтандыру және даму мәселелерін үйлестіру жөніндегі мемлекетаралық Комитет құрды. Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы маңызды оқиға. Бірақ ең бастысы оны нақты мағынамен эканомиканы нығайтумен толықтыру үшін күшті атқарушы өкіметтің қазеттілігі туды. Сондықтан да Жоғарғы Кеңес Қазақстан ПрезидентінСайлау жөнінде шешім қабылдады. Бұл бұрынғыдай республиканың орталық ұсынған басшысы белгілі бір сайлау округінен өткізу емес, шын мәнінде ішкі және сыртқы саясатты жүргізуге қабілеті бар, халық тағдыры үшін жауапты басшыны бү- кіл халық болып сайлап алу еді. Осы бір жоғары лауазымға Н. Ә Назарбаевтың бір өзі ғана ұсынылды. Оған сайлаушылар басым көпшілігі дауыс берді.1991 жылы 16-желтоқсанда жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-ін “Қазақстан Республикасы” деген атпен мемлекеттің атын өзгертті. Бұл тарихи құжат еліміз бұдан былай тәуелсіз, демократиялық және құқықты мемлекет саналды деп жарияланды. Ол өз жерлерінде толық өкімет билігін, ішкі және сыртқы саясатты өздігінше белгілейді және жүргізеді. Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш президенті сол күні көп ұлтты республика халқына қызмет етуге азаматтың құқықтары мен еркіндігінің кепілі Конституцияға адал болуға, өзіне жүктелген жоғары міндеттерді ақ ниетімен орындауға ант берді.Президент өзінің алғашқы қадамын республика халқын әлеуметтік жағынан қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы заңды актілер шығарудан бостады. Осыған сәйкес дәрігерлердің, мұғалімдердің, мектепке дейінгі балалар мекемелері тәрбиешілердің және басқа әлеуметтік саладағы қызметкерлердің еңбек ақысы көбейді. Аз қамтамасыз етілген қызметкерлер мен еңбек ардагерлеріне ақшалай және заттай көмек берілетін болды. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанындағы Алматыдағы оқиғаларға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.Тәуелсіз Қазақстанда бір жыл ішінде шын мәнінде орасан зор ревалюциялық жаңғыру шаралары жүзеге асырылды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру қоғам өмірін демократияландыру, меншік формаларының сан алуандығын қалыптастыру процесі басталды. Бұл - өтпелі кезеңнің бастамасы.

119.Қазақстан Республикасының жаңа саяси жүйесін қайта құрудағы Елбасының қосқан үлесі.Азаттыққа жету жолында елін сүйген ер­жү­рек батырлар қандай қызмет сіңірсе, алты ауыз сөзі алты алашқа жайылған арқалы ақын-жы­раулар да одан кем еңбек еткен жоқ. Тарлан та­рихтың тереңіне сүңгісек, көне дүниедегі “Күл­тегіннің көк тасында” ерлік пен елдік, бо­дандыққа бас имеу, бұғалыққа бағынбау сын­ды мәселелер алдыңғы кезекте жырланады. Кө­ненің күмбіріндей болып бүгінде аман-есен ұр­пағымен қауышқан “Күлтегін” жазуында: Көк­те көк тәңірісі, түркінің қасиетті жер, суы бы­лай депті: “Түркі халқы жойылмасын”, –  дейді, “Ел болсын”, – дейді”, – деген елдіктің өзекті сө­зі айтылады. “Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен, Республикалық кітап музейінің бірінші за­лынан бұл жолдарды оқығанда рухымыз кө­те­ріліп, кеудемізді шаттық кернейді. Арыстан жү­рек  бабаларымыз алдында бүгінгі рухты ұрпақ бас иіп тұрғандай болады. Түсімізге кірмеген тарихи бақытқа ие болдық. Сан мың ұрпақ жете алмаған тә­уел­сіздікке жеттік. Азаттық жолында қанды май­дан жорықтар мен құрбандықтар аз болған жоқ. 1991 жылғы 16-желтоқсанда жұлдызды сәт туды. Содан бері бір ұрпақ өсіп-өнген мер­зім өте шығыпты. Бас-аяғы 20 жылда заман, қо­ғам өзгерді, ой-сана өзгерді, мемлекеттігіміз қа­лып­тасты, экономикамыз нығайды, демократия ор­нықты, бізді әлем таныды.Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қа­уіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымына төр­аға­лық етуі – еліміздің биік халықаралық мәр­те­бесін айғақтайды.Азаттық тарихының басты-басты ұс­та­нымдарын қалыптастыруда Елбасымыз Н.Ә.На­зар­баевтың үлесі орасан зор. Президентіміз дә­йек­теген: «Алдымен – экономика, содан кейін – сая­сат», “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін”, Еу­разиялық одақ, Азия кеңесі, ядролық қа­ру­дан бас тарту, Астананы көшіру, әлемдік дін­дер съезін шақыру идеялары Тәуелсіздік құ­рылысына да, Отандық тарих ғылымының із­деністеріне де соны серпін бергенін ешкім бе­керлей алмайды. «Тарих толқынында», «Сын­дарлы он жыл», «Қазақстан жолы»  кі­тап­тары – заманауи үдерістің заңдылықтары мен қиыншылықтарына жаңа әдіснамасымен бой­лау­дың тамаша үлгісі.Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты шаңырақ  ас­тында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп, бұл жетістікті  20 жыл ішінде көзінің қа­рашығындай сақтап келеді. Бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің бірегей инс­ти­туты болып табылатын Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы құрылып, жұмыс істеп келеді. Осы­лай­­ша, Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тұ­­рақтылығы мен дамуының берік негізін қа­ла­ды. Тәуелсіздік жылдарында жасалған Пре­зи­дентіміз Н.Ә.Назарбаев ұсынған  әлемде тең­десі жоқ «Мәдени мұра» мемлекеттік бағ­дарламасы 2003 жылдың 4-сәуірінде Қа­зақс­тан Республикасының Ұлттық Кеңесінде қа­былданып, іске асырылуда. «Мәдени мұ­ра» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақ­са­ты ұлттық рухты ояту. Бағдарлама тарих, эт­но­графия, фольклор, ежелгі жазба мұралар жө­нін­де­гі еңбектерді ғылыми зерттеу және сериялы ба­сылым ретінде шығару, тарихи және мәдени ес­керткіштерді қалыпқа келтіру, сақтау және му­зейге топтастыру сол арқылы көп ғасырлық ұлт­тық  мәдениетімізді  тиянақтау.  Осы «Мәдени мұ­ра» мемлекеттік бағдарламасы (2004-2006, 2007-2009, 2010-2011 ж.ж.) бойынша тұңғыш рет мемлекеттік тілде жарық көріп жатқан көп­те­ген тамаша туындылар бар. Солардың ішін­де әлемдік және ұлттық еңбектер «Бабалар сө­зі», «Балалар әдебиеті», «Қазақстан ұлттық эн­цик­лопедиясы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қа­зақ мәдениеті» серияларымен т. б. шыққан кі­тап­тар музейдің қорын толықтыруда. КСРО-ның апатты түрде ыдырауына бай­ла­ныс­ты  біздің  алдымызға да  экономикалық жүйені түбірінен өзгерту ғана емес, жалпы мем­лекеттік құрылымды, оның негізгі ұс­та­ным­да­ры­нан бастап,  әрбір қазақстандықтың ойлау жү­йесіне дейін өзгерту міндеті қойылған еді. Біз­ге өз даму жолымызды табу үшін өзіміздің не­менеге ұмтылатынымызды айқындап алу қа­жет болды.Ақыр аяғында, 1997 жылы ұзақ мерзімді «Қа­зақстан – 2030» Стратегиясы өмірге кел­ді, ол құжат Президенттің халыққа жыл са­йын Жолдау арнау дәстүрін бастап берді. Ке­йінгі жылдарда «Бәсекеге қабілетті ұлт үшін» және «Қазақстанның әлемнің бәсекеге ба­рын­ша қабілетті елу елдің қатарына қосылу стра­тегиясы» елеулі құжаттарға айналды. Рес­публикалық кітап музейі осы құжаттарды бас­шылыққа ала отырып, халқымызға қызмет ету­де.Біз тәуелсіздік алған осынау 20 жылдың ішін­де көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Осы 20 жыл ішіндегі тәуелсіздік шежіресі – біз­дің халқымыздың ұлы тарихы. Жасөспірім буын, жастар тарих пен шежірені кітаптан ала­ды. Кітап – мәңгі өшпейтін рухани қазына. Сон­дықтан да музей көрермен қауымға айқара аш­қан Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне ар­нал­ған «Қазақстан Тәуелсізді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]