Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarih_emtikhan_zhauaptary_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

102. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер

Қонаев Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітірген.

Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942—52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Дінмұхамед Қонаев 1955—60 және 1962—64 жылдары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960—62 және 1964—86 жылдары. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте [[КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКПның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылы СОКП Орталық комитетінің мүшесі.

Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.

Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жылдар басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.

122. ҚР-ЕҚЫҰ-ға төраға мемлкеті.Жаңа халықаралық бастамалар.Қазіргі кезеңде үш құрлықтағы 56 мүше-елдің, соның ішінде 4 ядролық алпауыт елдің басын біріктіретін ЕҚЫҰ алдында жаңа дабылдар мен қауіптерге орай стратегиялық бағдарларға бейімделу және қазіргі заман тынысына барабар тиімді халықаралық ұйымға өзгеру қажеттілігі сияқты маңызды міндет тұр.

ЕҚЫҰ бойынша серіктестердің бағасына сәйкес, Қазақстандық төрағалық өзінің құзыреті кезеңінде Ұйымның «саяси менеджері» ретінде сенімді әрі тиімді жұмыс стилін көрсете білді. Төрағалық басында қарқынды әрі жеткілікті түрде ауқымды бағдарлама әзірленді және ол бірізділікпен іске асырылуда. ЕҚЫҰ-ның үш өлшемі – әскери-саяси, экономика-экологиялық және гуманитарлық өлшемдер шеңберінде мәлімделген барлық басымдықтар бойынша өз жемісін берген жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанға Ұйымды «жандандырудың» сәті түсті, пікірталастар күшейіп, оның институттары мен жұмысын нығайту сұрақтары бойынша жаңа идеялар мен ізденістер туындады. Сонымен қатар, Астана өз мандатын іске асыруда Ұлт көшбасшысы – Президент Н.Ә. Назарбаев мәлімдеген төрт «Т» - «trust» (сенім), «tradition» (дәстүрлер), «transparency» (ашықтық) және «tolerance» (толеранттық) ұранынан бастау алады.

Қазақстанның төрағалығының сәтті өтуіне, ең алдымен біздің Мемлекет басшымыздың өлшеусіз белсенді қатысуы ықпал етеді. Ол 2010 жылғы 14 қаңтардағы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің инаугурациялық отырысындағы ЕҚЫҰ-ына мүше-елдерге үндеуінде ауқымды бағдарлама белгіледі, бұл ЕҚЫҰ неғұрлым маңызды мәселелерін жан-жақты талқылауға қуатты серпін беріп, Астананың Ұйымның саяси көшбасшысы тұғырындағы ниетінің салмақтылығын іс жүзінде көрсетті.

Ұйымның барлық қатысушы елдерін тұрақты кеңеспен қамтамасыз етудің маңызы зор, бұл төрағалықтың шешімдерді қабылдаудың консенсустық сипаты мен әрбір қатысушы мемлекеттің пікіріне құрметтеуді ескеруінің айқын дәлелі.

ЕҚЫҰ институттарымен (Демократиялық институттар және адам құқығы бойынша бюро, аз ұлттар істері бойынша Жоғарғы комиссар, БАҚ бостандығы сұрақтары бойынша Өкіл және басқалары) тығыз жұмыстар жүргізілуде, басқа өңірлік ұйымдарға кеңес беріледі.

Төрағалықтың ағымдағы жұмысында нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған прагматикалық ниет пен бірізділік, қарқындылық көрсетілді. Төрағалық бағдарламасында Ұйым қызметінің үш өлшемі тепе-теңдігі байқалады және бұл курс сақталып отыр. Бұрынғы төрағалық қыметтерімен сабақтастық қамтамасыз етілген.

Қазақстандық төрағалық кезеңінде ЕҚЫҰ мүше мемлекеттер мен институттардың барлығымен ынтымақтастық және үйлесімділікпен ЕҚЫҰ негізінде болашақ еуро-атлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік бойынша жаңа кешендік диалог – «Корфу үдерісі» шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл үдеріс 2009 жылғы маусымда Корфу аралында ЕҚЫҰ ресми емес министрлік кездесуінде бастау алғандығы белгілі.

«Корфу үдерісі» ЕҚЫҰ-ының Еуро-Атлантика және Еуразия кеңістігінде жалпы және біртұтас қауіпсіздік қауымдастығын құрудағы шешішу рөлін нақтылай түсті. Оның шеңберінде кең ауқымды сұрақтар бойынша өткен бірқатар пікірсайыстар қауіпсіздіктің шешілмеген мәселелерін идентификациялауға септігін тигізді. Аталған мәселелерді шешуге және Ванкувер мен Владивостокқа дейінгі кеңістік елдері арасында сенімді қалпына келтіруге бағытталған көп ұсыныстар жасалды.

Қазақстандық төрағалық ЕҚЫҰ жауапкершілігі аумағында ең алдымен, бірінші – әскери-саяси өлшем бойынша қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің шешілуіне іс жүзінде ілерілетуге бағытталған.

Қазақстан қарапайым қару-жарақтар және сенім шаралары, соның ішінде Еуропадағы қарапайым әскери күштер туралы Шарт төңірегіндегі дағдарыстық жағдайдан шығу бойынша сындарлы диалогты жаңғыртуды бақылау тәртібін сақтауды аса маңызды деп санайды.

ЕҚЫҰ кеңістігінде әскери-саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту бойынша шаралар контентінде «созылмалы шиеленістерді» реттеудің қолданыстағы түрлерін ілгерілетуге басым маңыздылық беріледі. Созылмалы шиеленістерді реттеу – ұзақ мерзімге есептелген, күнделікті тынымсыз жұмыс. Әрбір жағдайда Қазақстандық төрағалық жеке тұрғыдан қарауды және ерекше келіссөз нысанын талап ететін жағдайлардың әмбебап жиынтығымен кездесіп отырады. Төрағаның міндеті – бар шиеленістерді реттеуді қамтамасыз ету және ЕҚЫҰ қатысушы елдердің қауымдастығында жаңа шиеленістердің пайда болуына жол бермеу.

Бүгінде еуропалық қауіпсіздік ұғымы құрлықтық шектеулерден шығып, ауқымды Еуразия кеңістігін қамтиды. Сондықтан Қазақстан төрағалығы Ауғанстанға айрықша назар аударып отыр. Бұл елдегі жағдай ауғандық мәселелерді жаһандық және өңірлік қауіпсіздік призмасы арқылы қарастыратын және халықаралық коалицияның жігеріне көпжылдық бірізді қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстанның сыртқы саясатының қисынды бөлігі болып табылады.

Қазақстан Орталық Азия елдері мен Ауғанстан арасындағы шекараларды басқару деңгейін арттыру, трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту, Ауғанстанның ұлттық шекаралық және полицейлік күштерінің әл-ауқатын нығайту жөніндегі ЕҚЫҰ-ның белсенді жұмысын жалғастыруда.

Қазақстан көрші мемлекеттегі жағдайдың қалыпты күйге түсуіне шынымен мүдделі және экономика мен саясатта, басқа да қоғамдық өмірдің басқа салаларында реформалар жүргізуде қажетті практикалық қолдау көрсетуде.

Осыған байланысты 2011 ж. басында Алматы қаласында Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен донорлық конференция өткізу жоспарланған, негізгі мақсаты – Қырғыз Республикасы үшін халықаралық қаржы институттары мен мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыру және қаржы-қаражат жинау.

Жалпы алғанда, Қырғызстандағы дағдарыс Еуро-Атлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кездесетін сансыз қауіпсіздік дабылдарын айқындап берді. Соңғы бес жылда бұл елдегі саяси биліктің қайта тоқтатылуы, тиімсіз әлеуметтік-экономикалық даму, жаппай жұмыссыздық, тұрғындардың төмен өмір сүру деңгейі, этносаралық мәселелер жағдайында осындай катаклизмдер ден қашып құтылу мүмкін еместігін нақты көрсетіп берді.

Қазақстандық төрағалық Ұйымның барлық үш өлшемінің, соның ішінде, екінші – экономика-экологиялық өлшемнің тепе-тең қарастырылу қажеттілігіне баса назар аударып келеді. «Корфу үдерісі» шеңберіндегі пікірсайыстар жалпы қамтитын, кооперативтік және бөлшексіз қауіпсіздік тұжырымдамасының біртұтас элементі ретінде ЕҚЫҰ екінші өлшемінің маңыздылығын байқатты. Әлеуетті экономикалық және экологиялық қауіптер мен дабылдарға уақытылы және адекватты ықпал етпей, ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ұзақ мерзімді бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз ету мүмкін емес.

ЕҚЫҰ шеңберінде жаһандық қаржы және экономика дағдарысы тақырыбы алғаш рет Қазақстан төрағалығы барысында, а.ж. шілде айында ІІІ Астана экономикалық форумында талқыланғандығын атап көрсеткен жөн. Сонда сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә. Назарбаев Бонн құжаты мен ЕҚЫҰ Маастрихт стратегиясын өзгерген талаптарға бейімдеп, «Маастрихт плюс» атты жаңа құжатты әзірлеуге аяқ басу керектігін атап көрсетті. Бұл құжатта дағдарыстан кейінгі шындық пен әлемнің орта- және ұзақмерзімді болашақтағы даму қарқынын ескерілуі қажет.

Астана форумында қазақстандық Көшбасшы ЕҚЫҰ «екінші өлшемін» - толық ауқымды Еуразичялық интеграция идеясымен нақты және мазмұнды толықтыру, оның негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындайтын бірыңғай құжат әзірлеу қажеттілігі туралы жаңа бастама көтерді.

Төрағалықтың экономика-экологиялық бағыттағы тағы бір басымдығы ретінде ЕҚЫҰ мүше мемлекеттердің көліктік әлеуетін және трансқұрлықтық көліктік дәліздерді дамыту тақырыбы таңдалып алынды. Осы ретте ЕҚЫҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ елдеріне және олардың теңіздік ірі елдермен осы саладағы ынтымақтастығына баса назар аударылуы шынайы болып табылады.

Екінші өлшем шеңберінде қазақстандық төрағалық ЕҚЫҰ-ның барлық әлеуетін қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамыту, жекелей алғанда Ұйымның жауапты аумағында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстінде Арал мәсеслесіне шешуге барлық жігерін жұмылдыруда. Осы саладағы маңызды іс-шара ретінде 2010 жылдың соңында Арал бойынша арнайы донорлық конференция өткізуге әзірлік жасалуда.

Гуманитарлық өлшемдегі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығы Ұйымның мәртебесі мен тиімділігін арттыру бойынша бастамалар көтеру белгісімен өтуде.

Қазақстандық төрағалық ЕҚЫҰ жауапкершілік аумағында мәдени, өркениетті және дінаралық диалогқа деген шұғыл қажеттілік туындап отыр деп мәлімдейді. Қазақстан көпұлтты және поликонфессионалды мемлекет ретінде ұлтшылдықты, діни төзімсіздікті, нәсілшілдікті, ксенофобияны және антисемитизмді тиімді тойтаруда ЕҚЫҰ-ның әлеуетін белсенді қолдануды қолдайды.

Толеранттық тақырыбы кең контексте тек ЕҚЫҰ шеңберінде ғана емес, оның 2011 жылы Ислам конференциясы Ұйымына төрағалығы кезінде де Қазақстанның басты назарында болады.

Бұл орайда а.ж. 29-30 маусымында Астанада өткен Толеранттық пен кемсітпеушілік бойынша жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ конференциясы негізгі оқиға болып табылады. Аталған форум ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласында тәжірибе алмасудың маңыздылығының жарқын айғағы болды. Мемлекет басшысының пікірі бойынша, «біз толеранттық саясаты бойынша соңғы онжылдықтардағы салмақты өзгерістерді саралап, «ЕҚЫҰ: толеранттыққа жаңа онжылдықта» атты шартты атаумен жалпы құжатқа қол жеткізуіміз керек».

Қазақстандық төрағалық ең алдымен азаматтық қоғаммен ынтымақтастыққа баса назар аударады. Биылғы жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жанынан ЕҚЫҰ-ның азаматтық өлшемі бойынша Консультативтік кеңес құрылды, оның құрамына Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ҮЕҰ-ның өкілдері, сондай-ақ Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Эстония және Германиядан халықаралық сарапшылар енгізілді. Қазіргі уақытта Консультативтік кеңестің екі отырысы өтті, соның бірі көшпелі – Венада өтті.

Жоғарыда аталған Толеранттық пен кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ жоғары деңгейдегі Конференциясы шеңберінде, ресми делегациялардың мүшелерімен қатар 223 ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.

Алдын-ала берілген күн тәртібінің соның ішінде үшінші өлшемі бойынша мазмұндылығына қарамастан, сондай-ақ 1-2 желтоқсанда Астана қаласында ЕҚЫҰ Саммитін өткізуге әзірленуге байланысты жұмыс ауқымының көлемділігіне елемей, іс басындағы Төрағалық ҮЕҰ қызметі бойынша екі ірі қосымша іс-шара өткізуге ниетті. Біріншіден, АҚЖДБ/ ЕҚЫҰ-ының 16-17 қарашада Алматыда ҮЕҰ мен биліктің өзара іс-қимылы мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізу жөніндегі жуырдағы бастамасын қолдау туралы шешім қабылдады. Екіншіден, а.ж. 26 қарашасында Шолу конференциясының сегменті қарсаңында Астанада ҮЕҰ Форумын өткізуге дайын екендігін білдірді.

Бұл қадамдар Қазақстанның Ұйымның барлық кеңістігінде азаматтық қоғамды дамытуды қолдау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның міндеткерліктеріне жауапты екендігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

29.Қыпшақ мемлекетінің территориясы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек, Сарысу өңірінде көшіп қонып жүрген.Қыпшақ этникалық дерекі:VI—VIIIғ.ғ Қимақ Қыпшақтар туралы мағлұматтар алғаш рет деректерінде кез. IV-VIIғҚыпшақ арғы тегі Си ордасының шығыс бөлігін мекендеген және олардың көршісі яньто тайпасы болғанын, оны қыпшақтар бағындырып, екі тайпа бірігіп Сеяньто аталған.691ж Сеяньто тайпасы Сир мемлекеті деген атауды өзгертіп. 760ж қыпшақ этнимні қабылданды.Қыпшақтар этникалық құрамы 2 бөліктен тұрады:батыс бірлестігі 11тайпадан тұрады(елбөрілі, тоқсоба,истиоба,дурут т.б);шығыс бірлестік 16 тайпадан тұрады.11-12 ғ Ұлы даланы мекендеген біртұтас болып бірікті. Бұл кейінен қазақ халқының қалыптасыунын негізгі ұйтқы болды.Шынғыс хан әскерлері ретінде Дешті қыпшықа келіп сінген түркі монғол тайпалары (керей,меркіт,нйман,уақ, жалайыр,қоңырат т.б)Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшықтармен араласып біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары «Қыпшақ ұлысы» д. а. 13ғ Алтын Орда құрамындағы қыпшақ тайпалары негізінде құрылған автономиялық бірлестік—Ақ Орда күшейе бастады.14ғ-аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары «өзбек» деген жалпылама атаумен аталды.15ғ орта тұсынан бастап «өзбек» термині «қазақ» атауы ығыстырып шығарды.

28.Қыпшақтардың мемлекеті:құрылуы,саяси тарихы.11ғ-дың басында Қимақ қағанаты құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы әскери саяси басымдылық қыпшақ тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады. 1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті. Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған.

41.Моғолстан:территориясы,саяси тарихы,қоғамдық құрылысы, шарауашылығы.«Тарихи Рашиди» б/ша: «Моғолстанның шығ. жері қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солт.-де Көк теңізден(Балқаштан) Қараталмен, бат.-да Түркістан, Ташкентпен, оңт.-де Ферғана, Қашғар, Ақсу, Тұран мен шектеседі.»Мемл.-ң саяси басшысы ж/е жер-судың жоғары иесі хан болған. Басқару ісінде ханға ұлыс бегі көмектесті(дәстүр б-ша ол дулат тайпасы әмірлерінен таңдалынып отырған), хан жанында ақсүйектер кеңесі болған. Басқа аймақта алым-салық жинау мен әскери күшті ұйымдастыру күшейді. Моғолстанда мемл.-ң саяси бағыты, жердің ең жоғарғы билеушісі хан болды. Жерді ақсүйектер шартты түрде иеленді.Моғолстан ХІVғ-дың ортасы мен ХVІғ-дың басына дейін өмір сүрді. Моғолстанды белгілі Дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған ақсүйектер Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді жаңа мемл-тің ханы етіп сайлайды.Астанасы – Алмалық.Темір шапқ.-ғы Моғолстанның титығына жетті. Алғашқы хандар Тоғылық-Темір, Ілияс Қожа Мәуереннахрда Шағатай әулетінің билігін қайта орнатпақ болып әрекеттенді.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды.Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды./Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті.Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығ. Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып қалды. Назар хан өлген соң оның балалары билік үшін тартысты бастады. Хандары:Тоғылық-Темір (1348-1360) Қамар ад-Дин Дулати (1360-1388)Қызыр Қожа (1389-1399)Мұхаммед хан (1408-1416)Уәйіс хан (1418-1428)Есенбұға хан (1433-1462)Жүніс хан (1462-1487)Сұлтан Ахмет (1484-1506)Махмуд хан (1487-1508) Рашид хан (1533-1565)Әбілқайыр мемлекеті Батысынды Жайықтан бастап, шығ-да балқаш көліне дейін, оңт-де Сырдарияның төм. Ағысы және Арал өңірінен Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді иемденді.Негізінен арғы тегі қыпшақтар мен қарлұқтардан шыққан түрік тайпалары. Ерте орта ғасырдағы Дешті Қыпшақ, қаңлы, үйсін, қарлұқ халықтарының түркіленіп кеткен моңғол тайпаларының ұрпақтары.Көшпелілер мен егіншілер өзара бір-бірімен материалдық мәдениет, тұрмыс, шаруаш. тәжірибе машықтарын әлеум. нормамен мемл. ұйымдары түрлерін, әскери өнер элементтерін алып отыруға мәдени жетістік алмасуына себепші болды. 1430ж Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұд Қожаны талқандайды. 1446ж Әбілқайыр Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Хорезмді басып алып, Үргенішті талапайға салады. 1450ж Темір ұрпағының ішкі тартысына килігіп, Самарқан, Бұхарға тонап талау шапқыншылықтарын жасайды. 1468ж жорықты жолда өледі. 42.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды. Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды.

37.Монғол мемлекетінің кұрылуы мен Қазақстан территориясындағы Шыңғысханның жаулаушылық саясаты. Қытай деректерінде Монғолия халқы татарлар деп аталған. Шыңғыс хан мен халқы өздерін монғолдар деп, ал мемелекетін Монғол мемлекеті деп атаған. 12 ғ. Монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеген. 12 -13ғғ. Басында әскери феодалдық монғол мемлекеті құрылды. Астанасы Қарақорым. Оның негізін қалаушы бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баласы Темучин. Ол 20 жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді. 1206 жылы хан болып сайланып Шыңғыс хан атанды. Монғол тайпалары Ш.х. ұлысы саналып үш қанатқа бөлінді: оң қанат баруңғар, сот қанат жоңғар, орталық гол. Әр қанатта ондыққа негізделген әскер болды: түмен, мыңдық, жүздік, ондық. Шыңғыс хан әскері 95 мыңдықтан құрылды. Ханның таңдаулы он мыңнан тұратын әскері болды. Монғол шапқ.: Шыңғыс хан: билігін күшейту, ішкі талас тартысты болдырмау, ақсүйектердің талабын орындау, халқын жаңа жайылымдармен қамьамасыз ету маөсатында жаулаушылық жорықтар бастады. Ш.х. соғысу тәсілдері: жорыққа шықпастан бұрын сауда керуенін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер жинады, дінге қысым көрсетпеген, жаулап алған елдердің соғыс техникасын, халқын шапқыншылық соғыстарды пайдаланды. 1207-1211 жылдары Сібір халықтарын, Енисей қырғыздарын, Шығыс Түркістанды бағындырды. Ұйғыр мен Тұрпан князьдықтары монғол билігін қабылдады. Солт. Қытайды жаулап, олардың әскери техникасын пайдаланды. Ендігі мақсаты Орта Азия мен Иранды, Таяу шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еурпаны бағындыру. Әлі жаулап алмаған Ертіс , Арал теңізі ме Әмудария ның батысын Жошы ұлысы етіп белгіледі. Ш.х. Жетісудың гүлденген қалалары мен жайылымдары қызықтырды. Монғолдар Жетісуды қарсылықсыз басып алды: 1210-1211 ж. Қарлұқтар билеушісі Арсылан хан Шыңғыс хан билігін мойындады. 1218 ж. Баласағұн соғыссыз берілді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды алған соң монғолдар Оңт. Қаз. арқылы Орта Азияға жол ашты. 1219 ж. 150 әскерімен Ш.х. Отырарды қоршады. Қайыр хан 80 мың әскерімен қаланы бес ай қорғады. Алтыншы айда Қараджа сатқындығынан кейін қаланы жаулады. Жошы әскері Оңт. Қаз. қалаларын басып алды: Сығанақ, Ашнас, Жент, Баршынкет, Үзгент. 1219-1221 ж. Орта Азия түгелдей жаулап алынды. 1219-1224ж. Қазақстан Мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды.

31.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.Наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе өте күрделі, қиын мәселе. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі ең жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді. Ғалымдар «найман » терминінің мәні монғол тілі тұрғысынан алғанда ашылады, ол конфедерацияға енген тайпалар санына қарап, «сегіз» деген сөз деп болжам жасайды. Көне түрік жазуларында айтылатын «сегіз-оғыздарды» зерттеушілер наймандармен теңестіреді. VIIIғ-да оғыздар тайпаларының бірлестігі Орхон өзенінен бастап, жоғарғы Ертіске дейінгі жерді алып жатқан. Керей конфедерациясының этникалық құрамы біртекті бомаған. Ол түрік тілді және монғол тілді жұрттан құралады. Керейіттер батысында – наймандар, солт. – меркіттер, шығ. – татарлар, оңт. – таңғұттармен шектесті.Керейіт тайпасының екі ордасы болған:

1.Орхон өзеніндегі – Қатынбалық;

2.Хуанхэ өзенінің иірімінде.ХІІғ-дың 2-жарт-нда Тоғырыл хан тұсында Керейіттер ұлысы солт-те Селенганың жоғарғы бойынан, оңт-те Хуанхэге дейінгі, бат-та Ханғай таунынан, шығ-та Халкин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлаған. Оның сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері, мәселен, Тимучин мен Жамуха тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болды. Наймандар мен Керейіттерде іс-қазғаздарды жүргізу өте үлкен қарқынмен дамыды. Әсіресе, алым-салық жинау мен қызмет адамдарын тағайындау құжаттарына мөр басылатын болған. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген. Керейіттердің христиан дініне енуі олардың әлеуметтік және мәдени дамудың жоғары деңгейде тұрғанын көрсетеді.Керейіт тайпаларының ыдырауына себепкер болған 1203 жылғы Шыңғыс хан шабуылы бұл тайпаның шашырауына әсер етті.

25.Оғыз және қимақ мемлекеттері.1)Оғыз- Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғаридің(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді. 10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді.2)Қимақ- Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ерт іске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды. ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған.

Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. «1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы»

1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн, Орта Жүзде билiкке үлкен ұлы Уәли хан тағайындалды. Уәлидiң қатыгездiгi халықтың наразылығын туғызды. Ресейге қосылғанға дейiн қазақ хандары халықтан салық жинағымен мемлекеттiң сыртқы-iшкi мәселелерiн өздерi шешiп отыратын. Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi хандар атқарып келген бiрқатар iстердi өз қолына алды. Хандық билiкке патша үкiметi таңдаған адамдар тағайындалды. Салық төлеу бұрынғыша сақталынып қала бердi. Хандар патша үкiметiнiң жергiлiктi жерлердегi шенеуiгiне айналды. Халықтың наразылығы күшейдi. Хандық билiктiң сақталуы үкiметтiң iс-қимылын тежеп отырды. 1815 жылы патша үкiметi Уәлиге қосарлап екiншi ханды – Бөкейдi тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейiн Орта Жүзде жаңа хан тағайындалмады. Жаңа реформаны әзiрлеудi патша Сiбiр генерал-губернаторы граф М.М.Сперанскийге жүктедi. 1822 жылғы 22 маусымда патшаның «Сiбiр қазақтарын басқару туралы» жарғысы шықты. «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiн, әкiмшiлiк, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртiптi әлсiрету едi. Бұл жарғыға сәйкес Орта Жүзде хандық билiк жойылып, оның орнына ауыл-болыс-округ түрiндегi басқару жүйесi енгiзiлдi. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс – 10-12 ауылдан, округ – 15-20 болыстан құралды. Орта Жүз қазақтары жерi Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына бағынды. Округтi басқару приказдарға жүктелдi. Оның құрамында екi аға сұлтан болды. Аға сұлтандыққа тек шыңғыс ұрпақтары сайланып, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. (Кесте). Аға сұлтан үш жылға сайланса, болыстық билiк мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлiп отырды. Ауыл старшиндары да үш жыл сайын сайланып отырды. Жарғыға сәйкес қазақтардың бiр округтен екiншi округке өз еркiмен ауысуы шектелдi. Бұл - жер алаптарын пайдаланудың қауымдық дәтүрлерiн қиратуды бiлдiрдi. Ендi қазақ ауылдары өз округтерi аумағында ғана көшiп жүруiне рұқат етiлдi. Жарғыға сәйкес барлығы 7 округ ашылды. Олар: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ (1833), Аманқарағай (1834). Патша үкiметi жүргiзген бұл реформа қазақ ақсүйек топтарының барлығының мүддесiнен шықпады. Олардың бiр бөлiгi бұл саясатқа өз наразылықтарын ашық түрде жариялады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]