
- •55.1783-1797Жж.Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс.Игельстром реформасы.
- •76. XXғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы.Тауар-ақша қатынасының енуі.
- •101.Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •22.Батыс Түрік қағанатының әкімшілік-қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •100. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •93.Крлаг,алжир Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
- •84.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •108.Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- •99. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •110.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •96. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •115.Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •106.ҚазКср-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.
- •102. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •85.Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •11.Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •10.Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •36.Тәніршілдік Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •90.Ұжымдастыруга қарсы бағытталган шаруалар көтерілістері
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •73.Ш.Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •75.Ы.Алтынсарин - педагoг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
106.ҚазКср-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.
Егемендік - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіздік болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық Заң
1991 жылғы 16 желтоқсан - республика жоғарғы Кеңесінің 7-сессиясында "Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылданды./ Бұл құжаттың бірінші бабында ҚР - тәуелсіз, демократиялықб құқықтық мемлекет деп сипатталады.
ҚР:/-Ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді./-Барлық мемлекеттермен халықаралық ұстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырады./-Территория шекарасы біртұтас, бөлінбейді және қол тигузіге жатпайды./Құжаттың екінші тарауында республика азаматтары тең құқылы деп көрсетілген. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі - республика азаматтары. Басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері тұратын елдің заңы қайшы келмесе Қазақстан азаматтығына қоса алу құқығы берілді. Республикадан тыс жерге кеткен қазақтардың елге оралуына қолайлы жағдай туғызылды. /Құжаттың үшінші тарауында мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталған. ҚР және оның атқарушы өкіметінің басшысы - президент./Құжаттың төртінші тарауындамемлекеттің экономикалық негіздеріне анықтама берілді./ҚР әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі болып жарияланды. Республиканың төл меншігі болып табылатын мәселелерді шешуге басқа елдің араласуы оның мемлекеттік тәуелсіздігне қол сұққандық болып табылады.
13.Қаңлылар мемлекеті:саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті./Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда “Кангют” деген атпен қытайға белгілі қаңлы түрік тұқымдас тайпалар да болған. Сырдария және Талас өзенінің бойында мекендеген қаңлылардың астанасы Битянь деген қала. Жаңа заман шегінде Кангюй князьдігіндегі 600 мың адамның 120 мыңы соғысқа шығатын жауынгерлер екен. Қаңлылар үйсіндер тарапынан қысым көріп, ғұндардан жәрдем сұрап, көмек алып отырған./Қаңлы тайпасының қандай кәсіппен шұғылданғаны жөнінде мағлұмат аз. Бірақ оларда мал шаруашылығы кеңінен дамыған, егіншілік кәсібімен айналысқан, қолөнер ісінде олар алтын, күміс және бұйым жасауды білген. Үйсіндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және экономикалық байланыс жасап тұрған. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни таным көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған. 26.Қарахан мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы,мәдениеті.942-1210 жж. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан (Білге Құл Қадыр ханның немересі 915-955жж.). Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғра-хан саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп шығып билікке келеді. Қарахандар тұсында Қазақстанның оңтүстік- Шығыс және Оңтүстік аудандары халқының негізгі кәсібі экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды.Мал шаруашылығында жылқыьөсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген тайпалар отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі мен ірі қара өсірді. Сиыр малын негізінен жартылай отырықшы мал өсірушілер ұстаған. Аң аулау жартылай отырықшы және жартылай көшпелі халық топтары үшін тіршілік ету көздерінің бірі болды.11-12 ғасырларда түрік тайпаларының біразы егіншілікпен айналысуға көшіп, қала мәдениетімен араласа бастады.Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының отырықшы егіншілікпен байланысы ұлғайды. Отырықшылануды негізінен халықтың ьір бөлігінің малынан айырылуы, көшпелі шонжарлардың мал табандарын өз қолдарына шоғырландыруы туғызды.Отырықшыланғандар тары және басқа дәнді дақылдар өсірді.Бұрынғы көшпелі отырықшы бола отырып, мал шаруашылығынан қол үзбеді;Алайда халықтың негізгі бұқарасы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен одан әрі шұғылданғандықтан, тіпті отырықшы- егінщілік аймақта да егіншіліктің деңгейі біршама төмен болды.
27.Қарахан мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысының ерекшеліктері.Сатұқ Боғра-хан өлген соң билікті 955 ж баласы Мұса қолға алды, ол 960ж ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жарилап, мемлекет орталығын Қашғар қаласы жасады. Сатұқ Боғра-ханның екінщі баласы Сүлеймен-ілік Баласағұн қаласында билік жүргізді. Мұса қаза болған соң орнына Әли Арсылан(960-990ж) хан болды. Ол Қашғар мен бірге Тараз және Баласағұнның да билеушісі болып саналды. Осы кезден Сатұқ Боғра ханның екі баласы Хасан Боғра хан мен Әли Арсланның арасында билік ауысып отырды.Қарахан мемлекеті Шығыс және Батыс-екі иеліктен тұрды.1.Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан. Орталығы Баласағұн қаласына жақын Орда кейін Қашғар қаласы.2.Батыс хандық Маураннахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самархан болды. Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі саналған:Шығыс хандық.Сондықтан оның ханы «ұлы хан» болып есептеледі. Бірақ бірлік онша сақталмады.12 ғасырдың 30-шы жылдарында шығыстан қарақытайлар Жетісуға басып кірді. Олар 1141ж Самарқанға жақын Қатуан даласында селжұқтар мен Қарахан әскерін жеңіп, Бұқара қаласын, Маураннахрды жаулап алады. Қарақытайлар да мемлекеттің басқару жүйесіне өзгеріс енгізбеген.Өздері тыңдайтын хандар арқылы билігін жүргізіп отырған.Селжұқтардың әлсіруіне байланысты Хорезм хандығы күшейе бастады. Текеш билігі кезінде Хорезм мемлекеті қарақытайларға соққы береді. Хорезм шахы Мұхаммед 1212ж Қарахан мемлекетін біржолата құлатады.Ал шығыстағы хандықты найман ханы Күшлік басып алады.
24. Қарлұқ мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.Қарлұқтар жайлы алғашқы деректер(Болат деген атпен белгілі) 5ғ-ға жатады. Олар Алтайдан Балқаштың шығ.жағалауына дейін жайлаған көшпелі тайпа болған. 7ғ-дың ортасында қарлұқ бірлестігінде үш ірі тайпа: болат, шігіл, ташлық енді. 742ж осы үш тайпа одағы – қарлұқ, ұйғыр және басмылдардың біріккен күші Шығ.Түріктерге қарсы шықты. Түріктер жеңілді. Олардың қағанатының орнына жаңа мемл-т Ұйғыр қағанаты п.б.(744-840)756ж қарлұқтар ұйғырлардан жеңіліп Жетісуға келді де, ерте феод. мемл-т қарлұқ қағанатын құрды. Астанасы – Суяб. 766-775жж қарлұқтар қашғарияны, ал 8ғ-дың аяғына қарай Ферғананы да жаулап алды. Қарлұқ көсемі жабғу деп аталды. 840ж-дан кейін ғана қаған атағын алды. Араб географы әл-Маруази(12ғ) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болған дейді. Қарлұқтар үстемдік еткен халық этникалық жағынан біртектес болған жоқ. Оның ішінде таяу шығыс пен орта азиядан көшіп келген иран тілдес соғдылықтар да болды. Араб географы ибн Хаукаль(10ғ): «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды»,- деп жазған. 840ж Ұйғыр қағанатының құлауы Азия даласы үшін маңызды оқиға болды. Енисей қырғыздары ұйғырларды Тұрпан жазирасы мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға мәжбүр етті. 9ғ-да арабтар қарлұқ жеріне жорық жасап Исфиджабты жаулап алды, Таразды қоршады. Ұзақ қорғаныстан кейін қала халқы исламды қабылдады. Қарлұқ қағанатының ордасы Тараздан Қашғар маңына көшірілді. Қоғамдық құрылысы. Қарлұқ мемл-нде басқарудың әскери әкімшілік жүйесі болды. Дерекке қарағанда қарлұқ елінде 25 қала мен елді мекен болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Барысхан және т.б.
5.Қола дәуіріндегі Қазақстан:қоғамдық қатынастың, еңбек құралдарының, шаруашылықтың эволюциясы (мал және егін шаруашылықтарын жетілдіру,тау-кен ісі,қолөнер,тігіншілік және кәсіпшілік,қоныстары мен үй салу үлгілері)./1913 жылы Б.В.Андрианов бастаған қазба жұмыстары нәтижесінде Еуразия даласындағы Қола дәуірінің ең алғашқы ескерткіші 1914 жылы Андроново селосы маңынан табылды. Бұл село Сібірдегі Ачинск қаласы маңында орналасқан. /Қазақстанның таулы және далалы өңірлерінде Қола дәуірі б.з.б. II мыңжылдықтың аяғында басталады. Б.з.д. II мыңжылдықтың I ширегі біткен кезде қола пайда болды. Ежелгі адамдар қоланы мыс пен қалайы қоспасынан қорытып жасады. Яғни, осыған дейін металл бұйымдараының беріктігі едәуір артады. /Қола дәуірінде Сібірдің, Жайықтың, ҚР-дың және Орта Азияның аумақтарын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Олар мәениеттің ең жарқын үлгілерін қалдырды, яғни «Андронов мәдениетін». /1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстанда тауып, Андронов мәдениетінің ескерткіштері: шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек Андронов ескерткіштері Жетісу мен Орта Азиядан да табылды. Андрон тектес қола мәдениеті Орал, Жайық өзендерінен бастап Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Солтүстік және Батыс Қазақстана Андронов мәдениетінің 80-нен аса тұрағы зерттелген. /Бұл мәдениет өзінің таралу аймағына және өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тарихи 3 кезеңге бөлінеді:/1.«Ерте кезең». Оған б.з.б. XVII-XVI ғғ. «Петров мәдениетін» жатқызады./2.«Орта кезең». Бұл кезеңге б.з.б. XV-XII ғғ. «Алакөл-Атасу», «Федоров-Нұра» мәдениеттері жатады./3.«Соңғы кезең». Аталмыш кезеңге б.з.б. XI-IX ғғ. «Сарығары», «Беғазы-Дәндібай» мәдениеттері жатады./Бұл мәдениеттің ескерткіштерн кезеңдерге бөліп, топтастыруды бастаған Теплоухов болды. Әсіресе Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Кейін К.В.Сальников Орал сыртының Андронов мәдениетіне хронологиялық топтама жасады. /Жабайы жануарлардың (елік, марал, бұғы, арқар, қабан, құндыз) сүйектерінің үлесі әр кезеңде әр түрлі болды. Алдыңғы кезеңде қола дәуірі қоныстарында 3,6% болса, соңғы қола дәуірінде аймақтарға байланысты өзгеше болды: Шығыс Қазақстанның қоныстарында (Трушниково) 4%, ал Солтүстік Қазақстанның қоныстарында (Алексеевка) 1%- ға дейін болды./Андрон мәдениеті сол дәуірде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-салтынан көп мағлұматтар береді. Орталық Қазақстан өңірінен көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орыдары мен тастағы суреттер – петроглифтер, 30-да аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып зерттелген. Андроновшылар тіршілігінде мал өсіру маңызды кәсібі болды. Жылқының әр түрлі 3 түрін, сонымен қоса, қос өркешті түйе – бактрион түйелерін де өсірді.