- •55.1783-1797Жж.Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс.Игельстром реформасы.
- •76. XXғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы.Тауар-ақша қатынасының енуі.
- •101.Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •22.Батыс Түрік қағанатының әкімшілік-қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •100. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •93.Крлаг,алжир Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
- •84.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •108.Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- •99. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •110.Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •96. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •115.Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •106.ҚазКср-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.
- •102. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •85.Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •11.Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •10.Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •36.Тәніршілдік Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •90.Ұжымдастыруга қарсы бағытталган шаруалар көтерілістері
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •73.Ш.Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •75.Ы.Алтынсарин - педагoг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
96. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін үұрыстарда.
Соғыстың алғашқы кезінде Қазақағынан КСР-інде құрамы жағынан көп ұлтты 14 атқыштар және 6 атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға аттандырылды.
Брест қамалың қорғаушылар арасында Қазақстандықтар А.Нағанов, В.Фрусов, Қ.Тұрдиев, Ш.Шолтыров және т.б. болдв.
Дивизия комиссары, Оңтустік батыс майдан Әскери Кеңесінің мушесі.
Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер 1941 жылғы 20 қыркүйекте уш тәулік бойы күші басым жаумен соғысып қаза тапты.
Мәскеу тубінде генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316 атқыштар дивзиясы ерлікпен шайқасты.
107.Қазақстанның Егемен,Тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда өтіп жатқан процестер мен мемлекет қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді. /Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады./Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар — соттар, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы зандарда анықталады./Егенмендіктің тағы бір маңызды белгісі — өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар Жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық — адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мүндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері келіп туады. Азаматтың міндеттері — Конституцияны, зандарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту./Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі — басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен саяси, экономикалық, мәдени, т.б. мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке, Парламентке және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді./Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті. Зандарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген./Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және занды жағдай. Қазақ тілі — бірден — бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілдерін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін — өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады./Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, оларды тату тұруына заңдық негіз құрады. Сондықтан Қазақстан — бүкілхалықтық мемлекет. Бүл жағдай Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның органдары қызметінің принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы қажет. Екіншіден, мемлекет өзінің экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет органдары мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуі керек. Бұл халық ең маңызды мемлекеттік мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер енгізуді референдум арқылы шешеді деген сөз,Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мүндай мемлекет құрудың негізгі шарты-барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негзде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «халық» деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада «халық» деген-мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы./Демократияның бір көрінісі — азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, діни қажеттіктерін қанағаттандыру үшін қүрады. Қазақстан Республикасы — зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет етуде. Азаматтардың қандай дінге сенгісі келсе өз еркі, тіпті, ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған./Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол- құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. /Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғандай, әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге, т.с.с. тиісінше қамқорлық жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал- жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. /Мемлекеттің сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қамқорлық жасап, олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызғанына қарап анықталады./Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, ол біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы — оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихы және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді./Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында лауазымды болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы). Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар Жарлық қабылдай алады./Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті бөлу принципін бекітті. Мемлекеттік билік үш буынға бөлінеді: Заң шығаратын, атқарушы және сот. Заң шығарушы қызметімен Праламент шүғылданады. Атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет. Ал сот билігін Жоғарғы Сот, облыстық, аудандық соттар жүзеге асырады. Аталған органдар біртұтас мемлекеттік биліктің әр буыны өз қызметін дербес жүзеге асырады, атқарады және басқа буындардың қызметіне араласпауы керек. Ондай жағдай бола қалған күнде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметі орнынан түсіру мәселесін қоя алады, ал Президент Парламент тарқата алады.
109. Қазақстан-халықаралық қатынаста тәуелсіз субъект.Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халыкаралык-кұқықтық шеңберде болады. 1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар: халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғас артықшылықтары мен құнды, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау. БҰҰ мен оның органдарының негізгі күш-жігері қақтығысқа алып келетін жағдайларды зерттеуге, қақтығысушы тараптардың позицияларын анықтау мен айқындауға, оларды құқықтық және моральдық тұрғыдан бағалауға және қақтығысты шешу бойынша нұсқауларды дайындауға, ал қажет болған жағдайда куш қолдануға бағытталынған. Өйткені БҰҰ ерікті халықаралық ұйым болғандықтан ол өзіне мүше елдердің еркі негізінде ғана қызмет ете алады. Оның шешімдері, нұсқаулары мен қабылдаған шаралары халықаралық құқық нормаларымен, сондай-ақ БҰҰ жарғысында көрсетілген мақсаттар мен принциптерге сәйкес болуы керек. Аталмыш шаралар экономикалық және дипломатиялық қатынастарды, коммуникациялық байланыстарды толықтай немесе жеке л ей үзу тұрінде болуы мүмкін. Егер бұл әрекет жеткіліксіз болса, онда Қауіпсіздік Кеңесі "халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен қайтадан қалпына келтіру үшін қажетті әуе, теңіз және құрлықтағы күштердің өрекетін пайдалануға өкілетті". БҰҰ қарулы күштері жауласушы тараптардың армиялары арасындағы қарулы буфер, қарауыл-күзет қызметін атқару, қарулы террордан бейбіт тұрғындарды қорғау және т.б. қызметтерді атқарады. БҰҰ өз алдына адамдар арасында бейбітшілік пен әділеттілік салтанат құру үшін және экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық мөселелерді шешетін әлеуметтік прогреске жету үшін қолайлы жағдайлар жасау проблемасын мақсат етіп қояды. БҰҰ басты назар аударатын салалар әлеуметтік және саяси қақтығыстар аумағындарын алатын кедейшілік, эпидемиялар, апаттар мен террорлық ұлттықдың әрекетінен туындайтын салдарлар. БҰҰ — басты проблемасы гуманитарлық және басқа да апаттардың салдарын тоқтату, көмек көрсету және жою үшін мемлекеттердің күшін біріктіру. " БҰҰ және оның органдары өз алдарына іргелі мәселелер қоятын кең дамыған саяси жүйені көрсетеді. Ол мәселелер: Жер планетасындағы бейбітшілікті сақтау, әлеуметтік прогреске жан-жақты көмек көрсету және кең көлемдегі іргелі мәселелерді шешу. Халықаралық қатынастар субъектісі ретінде БҰҰ және оның органдарымен қатар, аймақтық келісімге түсетін және соған сәйкес өз органдарын құратын мемлекеттер аса елеулі рөл атқарады. Қазіргі кезде мемлекетке саяси маневр, өз мүдделерін қорғау, халықаралық қатынастардағы күш пен құралдар балансын реттеу үшін жеткілікті кеңістікке ие болуға мүмкіндік беретін әрдайым дамып отыратын екі жақты және көпжақты келісімдер жүйесі және органдары бар. Азаматтық қоғам ұлттықы да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады. Олардың алдында тұрған мәселелер ұлттық-мемлекеттік ауқымда (экологиялық, құқық қорғау және басқа да ұйымдар) тиімді шешілмеуі мүмкін. Олар өздерінің мәселелерін шешу үшін бұқаралық қозғалыстар ұйымдастыру және үкімет пен халықаралық ұйымдарға қысым көрсету жағдайында болады. Халықаралық қатынастар субъектілері ретінде саяси бастаманы қоғамдық пікірді көтеруге қабілетті, үкіметтің жүргізіп отырған саясатын реттеу мақсатында оларға ықпалын тигізуге мүмкіндігі бар беделді адамдар да түсе алады. Бұлардан басқа, қазіргі кезде аймақтық, мемлекетішілік қақтығысты жағдайды туғызуға қабілетті, жеткілікті түрде ықпалды халықаралық және мемлекетішілік саяси процестерге өсерін тигізе алатын заңсыз ұлттық мен құрылымдар да бар. бұл ұлттық мен құрылымдар кең көлемде қызмет істеуге қажетті материалдық-қаржылай, адам ресурстарына, өзінің идеологиясына, қарулы отрядтарға ие. Олардың саяси міндеті жартылай заңды ахуалға өтіп алу. Ол үшін, ең алдымен, өздерінің заңсыз, қылмыстық өрекеттерін ақтау және дамыту жолында мемлекеттік билікті пайдалану үшін мемлекеттік-билікгік құрылымдарға еніп алу қажетті. Осы қатермен күрес терроризмге, заңсыз бизнеске және басқаларына қарсы қажетті акцияларды қолдану үшін мемлекеттермен, БҰҰ күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың шынайы өзегі, ядросы мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі болып табылады, өйткені мемлекет халықаралық аренада халықаралық байланыстар мен қатынастарға түсетін халықтардың тәуелсіздігін көрсетеді және осыған орай халықаралық қатынастар мемлекетаралық қатынастармен тығыз байланыста көрінеді. Халықаралық істерге қатысушы мемлекеттен тыс құрылымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, жеке беделді тұлғалар халықаралық келісімдер негізінде қабылданған және мемлекет іске асыратын құқықтық нормалар мен принңиптер шеңберінде әрекет етеді. Тек мемлекет қана осы үшін қажетті билік өкілеттіктеріне және күшпен құралдары арсеналын тарату құқығына ие. Міне, қазіргі халықаралық қатынастардың субъектілері осындай, олардың өзара әрекеті субъект-субъектілік қатынастар шеңберінде қазіргі халықаралық саяси шынайылықты құрайды. Казіргі кездегі халықаралық қатынастар мемлекеттің сыртқы саясатына өз ізін қалдыратын дамудың басты тенденцияларының қатарымен сипатталынады. Казіргі адамзаттың өмірі үшін шаруашылық байланыстардың болуы және қарқынды дамуы, тауар мен қызметтің әлемдік рыногының калыптасуы, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелдігіне, олардың мүдцелерінің өзара түйісуіне алып келетін жалпығаламдық шаруашылық кешенінің біртіндеп калыптасуы аса өзекті. Осы негізде әлемдік сауда дамиды, қаржы инвестициялары жүзеге асады, казіргі заманға сай технологиялар игеріледі және ендіріледі, коммуникациямен ақпараттық камтамасыз етудің Қазіргі заманғы құралдары жасалынады және т.б. яғни постиндустриалды өркениетке тән сипаттағы істер атқарылады.Постиндустриализм экономикалық ахуалдың деңгейі ретінде кейбір дамыған елдердің өмірі үшін ғана тән болса да, көптеген мемлекеттер мен елдер индустриалдық және индустриалдыққа дейінгі даму процесін басынан кешіруде. Постиндустриализм экономикалық және өлеуметтік дамудың іргелі және басты ағымы болып табылады. Ол экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайының деңгейімен санаспай барлық елдерді өзінің түңғиығына тартып алады. Постиндустриализм өзінің экономикалық мүмкіншіліктері мен әлеуметтік-мәдени ықпалы бойынша ұлттық-мемлекеттік және аймақтық шеңберде тұйықталынып қалуы мүмкін емес. Ол ұлттық-мемлекеттік, аймақтық шеңберден шыға отырып, белсенді түрде жалпығаламдық мәртебеге ие болады. Постиндустриализмнің қазіргі халықаралық қатынастарга ерекше ықпалын тигізетін адамзат өркениеті дамуының жаңа сатысы екені даусыз. Демек, жалпығаламдық дамудың осы ағынына ілесуге және онда өз орнын табуға ұмтылу қазіргі мемлекеттердің аса маңызды сыртқы саяси мәселесі болып отыр. Бұл үшін басқа елдермен тең дәрежелі серіктес болуға ұмтылатын, қазіргі халықаралық кұндылықтарды (БҰҰ, оның мақсаттары мен принциптері, халықаралық құқық, консенсуалды саяси мәдениет, күш қолданудан бас тарту, эквивалентті экономикалық айырбасқа ұмтылу және т.б.) танитын ашық, демократиялық қоғам болуы шарт. Қазақстан Республикасы өзін ашық демократиялық қоғам ретінде жариялай отырып, осы ережелердің барлығын өз Конституциясының баптары ретінде тіркеді, осыған орай жаңа халықаралық жағдайларға бейімделудің жалпықұқықтық негізін қалады. Постиндустриализм Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану проблемасымен тығыз байланысты, бұл — халықаралық қатынастарға проблемалық қолтаңбасын қалдыратын қазіргі кездегі әлеуметтіліктің дамуының басты кезеңі. Қазіргі жағдайда Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану тенденциясын мүдделері ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберіне сыймайтын ұлттық емес экономикалық құрылымдар жүзеге асырады. бұл ар — постиндустриалдық өркениеттің алыптары — транс ұлтгық компаниялар (ТНТ), трансұлттық банктер (ТНБ) және басқа да мемлекеттік емес және ұлттық емес құрылымдар. Халықаралық қатынастарда олардың ықпалы барған сайын өсе түсуде, бірақ тұтастай алғанда қазіргі адамзат бізді осы әлемге алып баратын жолдың алғашқы баспалдағында түр деп айтуға болады. Тарихи және дәстүрлі тұрғыдағы ұлттық отандарда (дүниені мәдени қабылдау мен оның проблемалары елеулі тұрғыда осымен анықталынады) өмір сүрген адамзат үшін постиндустриалдық өркениет алып келетін жаңа құндылықтың бағдарларға бейімделу және игеру өте қиын болады. Бірақ, көзжетерлік нәрсе, XXI ғасыр халықаралық қатынастарға өз ықпалын тигізетін бейімделу кезеңі болатындығы сөзсіз. Біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа постиндустриалдық жағдай жалпы адамзаттық мәртебеге ие (БҰҰ төрізді ұлттық) құрылымдар мен нормалардың мәнін көтеруі керек, олардың одан ары дамуы және проблемалық толығуы халықаралық құқыққа ие болуы қажет. Енді осы жаңа жағдайларға бейімделудегі — Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды мәселесін қарастырайық. Біз өзімізге, өз жерімізге және оның қойнауларына өкім жүргізе алатын тәуелсіз мемлекет боддық. Бірақ мыңдаған жылдар бойы жер қойнауы ашылмай жатты, біздің ата-бабаларымыз жердің үстіңгі қабатын ғана пайдаланды. Біздің ұлттық байлығымыз көпқатпарлы екендігін, оның ең маңыздысы оның қойнауында жатқандығын түсіне бастадық. Алайда қазіргі кезде бұл — менікі, оны мен ешкімге бермеймін принңипімен өмір сүруге болмайды. Бізге жатын алып жақсы өмір туралы аңсауға тағы болмайды. Жер қойнауының табиғи байлықтары шектеулі. Сондықтан қажет болған жағдайда оны алуға болады, бірақ ысырапқа жол берілмеуі керек. Біздің ұлы даламыз қаншалықты кең болса да Қазіргі кездегі каруланған әскерге оны жаулап алу түкке тұрмайтындығын ескергеніміз жөн. Сол себептен Қазақстан үшін өз кауіпсіздігінің халықаралық кепілдігін алу аса маңызды, ал бұл үшін ұлттық байлығымызды басқалармен бөлісу кажет. Қазіргі халықаралық қатынастар дүниедегі екі саяси жүйені, (капитализм және социализм) жокқа шығару жағдайында дамуда және мемлекеттер өзінің сыртқы саясатын анықтағанда халықаралық қатынастардың осы ерекшелігін басшылықка алуы керек.Мемлекеттер арасындағы іргелі идеологиялық және саяси ерекшеліктердің негізінде пайда болатын әлемнің биполярлығы мемлекетеаралық кэтынастарға идеологияшылдықты енгізді, халықаралық сауданың, экономикалық байланыстардың калыпты дамуына кедергі келтірді, экономикалық мүдделердің (тауарға, қызметке, технологияға және т.б. эмбарго) жүзеге асу сферасын тарылтты, автаркияның дамуына алып келді. Осының барлығы елдердің, аймақтардың экономикалық прогресін тоқтатты, өмірдің милитарлануына әкеліп соқты. Бүгінгі күнде бұрынғы биполярлық келмеске кетсе де, оның салдары мемлекет басшыларының өзара сенбестігінде, халықаралық акциялардың шиеленіскен бағасында, тұтастай алғанда, халықаралық өмірді дұрыс қабылдамауда әлі де болса сақталынып отыр. Екі әлеуметтік жүйенің теке-тіресі екі өскери блоктың құрылуына өкеліп соқты: НАТО және Варшава Шарты ұйымы. бұл ар жауласушы екі жүйенің қаруы болған өскери-саяси одақтар еді. Әлемдік социалистік жүйенің күйреуі Варшава Шарты елдерінің өскери блогының тарауына алып келді.
50. Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
