Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarih_emtikhan_zhauaptary_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

82."Aлаш" автономиясы жане "Алаш Орда" үкіметі(1917-1919жж.).1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде ұлттың өзі-өзі билеу проблемасын шешу мәселесін қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды. Бірден қазақ зиялылары Уақытша Үкіметімен тығыз байланыс жасап, сол арқылы түп мақсаттарын жүзеге асырмақшы болды.1917 жылғы 7 сәуірде кадет Н.Щепкин басқарған Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Оның құрамына басқалармен бірге Ә.Бөкейханов пен Мұхаметжан Тынышбаев енді. Көп кешікпей Ә.Бөкейханов Торғай облысындағы, ал халықшыл О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысындағы Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Ал М.Шоқаев, А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялылары Түркістан мен Қазақстандағы Уақытша Үкіметтің органдарында жауапты қызметтерге ие болды. Қазақ комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Аталған үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі болған. Түпкі мақсаты – ұлттық мақстат-мүддені қорғайтын, автономиялық мемлекеттік құрылымға жету жолында қазақ халқының ұлттық ұйымы ретінде қарастыру еді . Бұл комитет болашақ Алаш қозғалысының қайраткерлерінің, соның ішінде тікелей ұсыныс жасаған, ұлттық интелегенциясының көпшілік тыныған жетекшісі Ә.Бөкейханов және қазақ қоғамының белсенді азаматтарының бірлескен еңбектерінің нәтижесінде құрылған. Қазақ комитеттері 1917 жылдың наурыз айының екінші жартысынан бастап облыстық, уездік және болыстық деңгейде құрыла бастады. Қазақ комитеттері барлық дерлік аймақтарында құрылған. Құрылу процесін туралы хабарларды «Қазақ» газеті таратты. 1917 ж. 17 наурызда Орал қаласында облыстық комитет құрылды. Алғашқы төрағасы Ғ.Әлібеков болды. Ең басты іс-шара съездер ұйымдастыру. Ә.Бөкейхановтың тікелей бастамасымен 1917 жылғы көктемде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Съезд аяқталғаннан кейін ауылдық азаматтық комитеттерді құру ісіне жетекшілік жасау үшін облыстық басқарма құрған комиссия Ә.Бөкейхановпен келісе отырып Ахмет Қадырғалиевты белгіледі. Кеңес үкіметі(наурыз-сәуір 1918 ж. және 1919 ж.- наурыз 1920) сияқты ресейлік саяси күштермен байланыстарында Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін ресми мойындатуға алдыңғы кезектегі міндет етіп қойды.Осы кезде қазақ зиялылары басқа да партиялар мен ұйымдарға бірігіп жатты.1917 ж. қараша айында Омбыда «Үш жүз» атты социалистік партия ашылды. Сонымен қатар жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарымен (сауық кештерін қою, жазба газет шығару, т.с.) айналысқан ұйымдарды атап кетсек: Омбыда «Бірлік», Қызылжарда «Талап», Ақтөбеде «Жас тілек», Павлодарда «Ғылым», Орынборда «Еркін дала» тағы басқа. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары динамикалық түрде дамыды бірақ, империялистік құрсаудан босанған Ресейлік саяси күштердің 1918-1919 жылдардағы қызметі алғашқы кезеңде демократиялық сипатта өрбігенмен бірте-бірте әскери-саяси сипаттағы диктатураға қарай бет бұрып кетуі ұлттық аймақтардағы, соның ішінде қазақ өлкесіндегі саяси күштердің ұлттық-демократиялық бағытты дамуына жасаған қызметтерің баянды етуге кедергі болды.

49."Жеті жарғы"-XVI-XVII-ғғ. Қазақ қоғамының құқықтық негізі.Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшыратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Қасым ханның (1510-1523) кезіндегі "Қасым ханның қасқа жолы", Есім ханның кезіндегі (1598-1628) "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның кезіндегі (1680-1718) "Жеті жарғы" атты заңдар жинағы белгілі.тәуке  хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бip жүйегекелтіріліп толықтырылды. Тұжырымдалған заңдар «Жеті Жарғы» деген атпен мәлім,мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. Оларда орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық - феодалдық құқығының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заң құжаты «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Ереженің» авторы кім болғаны жөнінде мәліметтер жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы «Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсыбір тиянақты пікip айту қиын; кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті Жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Яса әдеттегі құқықтық жүйесі болғандықтан, өз кезінде Ясаның кұрамына түсіріп, XVII ғасырдың аяғындағы қазақ қоғамы жағдайында өз маңызын жоғалтпаған оның дәстүрлі нормаларын «Жеті Жарғыны» жасаушылардың ескepгенi, өз заманының талаптарына сәйкес пайдаланған табиғи нәрсе. Тегінде, «Жеті Жарғының» негізгі көзі деп берген бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы құқығын, сондай-ақ Тәукеден бұрын өмip сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери - саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне сәйкес келетін ережелер енгізілген. «Жеті Жарғыны» жасау қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал шонжарлардың мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді Сөйтіп, Тәуке ханның «Ережеде» сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік және құқықтық нормалары заң жүзінде баянды етеді. «Жеті Жарғыға» әкімшілік, қылмысты icтep, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған. «Жеті Жарғы» хан мен билердің пайдасына түрлі алымдар жинауды заңдастырады. Заңдардың бip ережесінде: «Сұлтандардан басқа қару асына алатын әpбip адам ханға және халық билеушілеріне жыл сайын өзінің мал - мүлкін жиырмадан бip бөлік мөлшерінде салық төлеп отыратын болсын», -делінген. Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды. /Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды./Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді.Олардын 1711-12,1714,1717 жылдардағылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі кауіп төндірді.1718 жылы қазақтын барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді. /Тәуке хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардынәдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. Тұжырымдалған зандар « Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда « жіті ереже» деген сөз.Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нориалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған./Әкімшілік–құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы. Жеті жарғы бойынша, жоғарғы билік ханның қолында шығарлануға тиіс болды. Зандардын жекелеген баптарына қарағанда, хан жоғары судья болған, ол қылмысы және теріс қылықтары үшін соттап, жазаға тартқан, шығымдары қараған, салық салу тәртібін белгілеген./Жасаған қылмыстары үшін кінәлілер түрлі жазаларға тартылған. Жеті жарғыда « қанға қанмен, мертіктірсе мертіктірумен кек қайтару» заңы сақталады. Бірақ билердін үкімі бойынша немесе талапкерлердің келісуі бойынша жаза жеңілдетілетін болған, мұндайда қылмыскер кез келген қылмысы үшін тек қана белгіленгн құн төлеп жазаланатын./Жазалаудын ең көп тараған түрі құн төлеу болған. Талапкерлердің келісіу бойынша, тіпті кісі өлтірген адамдар да құн төлеу арқылы өмірін сақтап қала алған. Қылмыскердің жіне өлген адамның ( атақты адам-кедей адам, мырза –құл) әлеуметік тегіне байланысты құн мөлшелерін өзгеріп отыруы Жеті жарғынын таптық сипатық дәлелдейді./Отбасы-неке қатынастары саласында ата-анасының өз балаларының өміріне құқығы орнықтырылып, әйелдер тең құқықсыздақ жағдайы нығайтыла түскен./Мұрагерлік құқық мәселерінде Жеті жарғы, сірә, әдеттері құқық нормаларын баянды еткен сияқты. Баласы жоқ бөлек тұрған ұлы қайтыс болса, оның мал-мүлкі әкесіне берілетін болды. Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары ең жақын туыстарының, алондай туыстары болмаған жағдайда « бөгде сенімді адамдардың» қамқорлығына берілетін болған./Сот. Соттау құқығы тек ханның, билер мен рубасаларын қолында ғана болды: «Дауды шешу және кінәлі адамға үкім шығару ханның өзі болмаса, талапкер мен жауапкер тұратын ауылдардын билеушілерін не ақсақалдырдан қолына болып, істі қарауға екі жақтан да сайланған арада жүруші тағы да екі адам шақырылуға тиіс./Жеті жарғының біздің заманымызға дейін жеткен мәтіні мазмұнының жалпы сипаты осындай. Тәуке хан « Ережесінің» жалпы бағыты-қазықтын феодалдық жоғары тобының артықшылық жағдайларын, оның саяси үстемдігін қорғау, феодалдық меншікті және патриарғатық әулетте үстем болған тәртіптерді қорғау, мұсылман дінін қолдау. Феодалдық құқытары бұзған әрбір адамға қатан жазаға ұшырау қауыпі төнген./Осы заңдарға қосымша Тәуке ханның мынадай есе қаларлық баптары өосылуға тиіс: /*"Ханың, өзі сондайақ барлық сүлтандар, олардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау ұшін қүзде ортадағы бір жерге жиналып отырсын./*Бірде – бір қазақ халық жиналысына қару – жарақсыз келмейтін болсын. Қарусыз адамның даусы болмаған және оған сасы кішілер орын бермеген./*Қару ұстап жүре алатын кез келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал – мүлкінің 20 дан бір болігін алымға төлеп отыратын болсын./*Әр бір тармақтың, румен бөлімшенің өз таңбасы болсын. Таңбалар сол кезде – ақ үлестіріліп, бұкіл мал – мүліктің кімдікі екенін ашырату ұшін олардың бәріне таңба салауға міндетелген".

55.1783-1797Жж.Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс.Игельстром реформасы.

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783-1797).

Көтеріліс себептері

18 ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды.

Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тыйым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды.

Көтеріліс

Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С.харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді.

1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізді. Қазақ жасақтары Нижневральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды. 1785 ж. көктемде қазақ даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады. Оларды шекара бойына қалдырып, Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ Сырым бекіністі ала алмады. 1785 ж. жазында тағы да адамдар қосылады. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр, Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жІгіттері Сырымды қолдап, орыс әскерлеріне қарсы күреседі.

1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастаған әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.

Ресейдің саясаты

Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекіністерін паналады. Сырым он екі ата Байұлының аға старшыны болды. Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.

Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды. Бұл саясат кейін өзін ақтады. 1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, Хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұт халықты қажытты.

1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді. Сырымға енді Ерсалы, Қайсарлы деген батырлар қосылды. 1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Алайда Сырым жасақтары Ойыл өзені бойына көшіп кетті. Жазалау сәтсіз аяқталды.

Дағдарыс

Есім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі - Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым батыр да бұл мәселеден сырт қалмады. Ол халықтың пікірімен санасуды айтты. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор генерал-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді.

Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адаммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым Хиуа жеріне өтіп кетті. Оны 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.

Игельстром реформасы (1786) – Кіші жүзді басқарудың 1786 жылы Екатерина ІІ қуаттаған жобасы.

1775 жылғы реформаға сәйкес О.А. Игельстром далалық жерлерді жалпыимпериялық негізде басқару мақсатында, Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынып, патшайымның мақұлдауынан соң ол “Игельстром Реформасы” деп аталды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губерниясы басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей өкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді “бас старшын” деген атақ енгізді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөніндегі шаралары нәтижелі болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғышарты қалыптасуында болатын. Расправалардың басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды. 1789 жылғы Француз революциясынан шошынған патша үкіметі Игельстром реформасын туғызған наразылықтардың монархиялық басқару негізін шайқалтуы ықтималдығын ойлап, Игельстром реформасын аяғына жеткізуден бас тартты

59.1836-1838 жж. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған Кіші жүздегі қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. сқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды.Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады.Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастапан әскер күші көмекке келді. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді.Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. өлтірді.

81.1917 жыл.Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.Петроградтағы Қазан төңкерісі./1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.Оның себептері:/1) Монархияның ауыр мұрасы /2)Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді./3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс./Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды./Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:/1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен./2.Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен./1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты./1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады./Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.

91.1931-1932жж.Қазақстандағы аштық: себептері мен зардаптары/Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді.Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді.Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды: 1. 1930 жылы – 313 мың адам; 2. 1931 жылы – 755 мың адам; 3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды. 4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды. 1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.Онда көтерілген мәселелер: 1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. 2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда. 3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. 4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді.Ақтөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.Аштық зардаптары: 1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді. Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы.1929 – 1931 жылдары Қазақстан жарінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі - халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан – мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті.Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды.Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2 -10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды.Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.Жазалау шараларының салдары: 1) 1929 – 1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды. 2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті. 1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды. 2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды. 3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды. 4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді. 5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. 6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді. 7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді. 8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) – 200 - ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.

104.1986ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы.Қазіргі көзқарас./Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады./Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды./Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. /Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді./Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ./Көтеріліс хронологиясы/17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды./18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды./Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар./Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты./Тарихи маңызы/Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.

111.1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы:сипаты,нысаны.Бұл негізгі Заңымызда респ ның экон қ күш қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін мәселелерді шешу ескерілді. Конституция 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. Ерекшеліктері 1. демократиялық Презденттік басқаруға жол ашылды. 2, парламент екі палаталы болды: сенат, мәжіліс. Депутаттар саны 177ден 114 ке қысқартылды. 3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол соғуға болмайды, судьялар нақты істері б-ша есеп бермейді, тек Конституция мен заңға бағынады. Билік тармақтарына , мемлекеттәк лауазым иелеріне конституцялық құқықтарды бұзуға жол берлмейді. ҚР ұлтына қарамастан барлық азаматтардың үддесін қорғайды, қос азаматтыққа жол берілмейді. 1995 ж Конституцияның тарихи маңызы : Егеменді Қ ның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы , өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері , әлемдік демократиялық көріінс тапқан. Респ ның одан ары даму кезеңіне арналған тарихи құжат.

9.Cақтардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы. Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерігнің бірі-тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Заррине ел билеп, қалаларды салуға және жорықтарға қатысқан.Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де болмайды. Сондықтан бұл жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп қонып жүрді.Сақтардың мал шаруашылығын негізгі бағыты қой шаруашылығы еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөль атқарады. Өйткені ол мінсе көлік, жесе тамақ, ім-шсе сүті сусын қымыз.Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Иппократ скифтер- дің тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді: «Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды… бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстінде жүретін». Оңтүстік Қазақстан жеріндегі (Сырдария аңғары, Арыс, Келес т.б. өзендер бойы) сақ тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Олар тары, арпа, бидай еккен. Кейбір жерлерде (Сырдария) суармалы егін шаруашылығы дамыған.Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа аңшылық пен балық аулау кәсіптерімен де шұғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен қоршалып аулайтыны бейнеленген.

79. I дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс./Бірінші дүние жүзілік соғыс./Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):/Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия)./Антанта (Англия, Франция, Россия)./Соғыстың сипаты-басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды./Соғыстың себептері:/Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. /Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. /Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы./Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:/Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс./Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді. /Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды./Көтерілістің негізгі себептері:1.Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);2.Салықтар мен алымдардың кобеюі;3.Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;4.Ұлттық араздықтың өршітілуі;5.Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;6.Орыстандыру саясаты./Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды. /Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. /Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 3.Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды. /Жетісудағы көтеріліс.1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды. /Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:1.қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 2.қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 3.котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды./Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. /Торғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты./1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:1.Көтеріліс бытыраңқы болды.2.Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.3.Әскери қарудың жеткіліксіздігі.4.Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.5.Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады.6.Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.7.Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды./1783-1797 ж.ж Сырым Датов бастаған кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс.Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. 1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізп,Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды.1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады.1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылды. Сырым он екі ата бай ұлының аға старшыны болды.Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды.1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұтта халықты қажытты.1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді.1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Жазалау сәтсіз аяқталды.Есім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі - Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор ген-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді.Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.

32.VI-XIғ. Қазақстан территорясындағы мәдениет пен ғылымның дамуы Қазақстандағы ерте ортағасырлық қалалар эәне оның рөлі(VI-XIIғ.)

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.

Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Таныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді.

Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды.

65.ХIХ ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.ХІХғ ортасы-Қазақ жеруне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері:1) Отырықшы мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. 2) Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы. 3)Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі./ХІХ ғ. 60ж-ресейлік кісіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтарын мол қазақ аймақтарында өндіріс орындарын салуға жұмасады./ХІХғ 70-80ж-кедейленген қазақтар тау-кен орындарына, кәсіпорындарға тартыла бастады. Өлкедегі жалпы экономикалық ахуал:•Тау-кен өндірісі: 1)Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс,Орталық Қазақстанда ашылды. 2)ХІХғ соңы-ХХғ басындағы 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп орындары-Спасск мыс қорыту зауыты (1857ж), Успен кеніші,Қарағанды көмір алабы,Екібастұз,Риддер кәсіпшілігі. 3) 1898ж-Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен-өнеркәсіп қоғамы құрылды. Кен кәсіпшілігінің орталығы-Қарқаралы уезі. 4) Химия өнеркәсібінің бастамасы-Шымкент сантонин зауыты (1822ж) 5) Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі ХІХғ.90ж кеңінен пайдаланды. 16жасқа дейінгі жұмысшы балалар үлесі -14%/•Темір жолы: 1) 1893-1895жылдар-Сібір темір жолы (ұз.3138км) салынды. Оның 178 шақырымы Қазақ жерін басып өтті. 2)1893-1897ж-Рязань-Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырым қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті. 3) 1899-1905ж-Орынбор-Ташкент темір жолы (ұз.1656км) салынды. Орынбор-Ташкент темір жолында 30мың жұмысшы болды. (1902-1904ж) . Патша үкіметінің темір жолдар салудағы көздеген мақсаты: 1) Жалпыресейлік жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанды тартуды тездету. 2) Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану.3)Қазақстан мен Орта Азияны Ресей өнеркәсіп орталықтарымен байланыстыру. 4)Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Ресейден қарулы күштерді тез жеткізу./•Ауыл шаруашылық өндірісі: 1)Балық аулау кәсіпшілігі-Каспий,Арал теңіздері, Балқаш көлі. 2)Тұз өндіру-батыс, солтүстік-шығыс аймақтағы тұзды көлдер. 1867ж-Басқұншақ кәсіпорнында-55мың пұтқа жуық тұз өндірілді. 1900ж-20млн.пұт тұз өндірілді. 3)1875,1900ж-Верныйда темекі кәсіпорындары ашылды. 4)Арал,Қарабас-тұз өндіру орны ашылды. 5)Мал шаруашылығы шикізатын өндеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың негізгі ошақтары-Ақмола және Семей облыстары. Семей облысында 13былғары, 9 сабын қайнататын,1шарап ашытатын,1май қорытатын,2сыра ашытатын,23кірпіш зауыты болды. Торғай облысында 42былғары, тон, май қорыту,сабын қайнату зауыты,202диірмен,май шайқау зауыты болды.(1898ж)

66.ХIХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстандағы жұмысшылардың жағдайы.Өнеркәсіп орындарының салынуы жұмысшылар санының өсуіне және ұлттық құрамының өзгеруіне әсер етті./Қазақ жұмысшыларының негізгі шоғырланған жері – тау-кен өнеркәсібі./ХІХ ғ.соңында – 19 мың. 1902 ж – 30мың жұмысшы./Кейбір өндіріс орындарында қазақтар жұмыс күшінің 60-70% құрап, ауыр еңбектерге тартылды./Әлеуметтік теңсіздікке, жалақының төмендігіне, еңбек жағдайының ауырлығына шыдамаған қазақ, орыс жұмысшылары қарсылықтар білдіре бастады. Қарсылық түрлері: 1)Шағым, арыз жазу. 2)Өндіріс орындарын тастап кету. 3)Ереуілге шығу. 4)Жұмысшылар мен өндіріс иелері арасындағы қақтығыстар. Семей облысы кәсіпшіліктерінде жұмысшылар өндіріс орындарын қаша бастады: 1)1880 ж-2,7% 2)1890ж-4,7% 3)1896ж-6,4%/Қашқан жұмысшыларды ұстаған жағдайда 3 айға абақтыға жапқан./Алғашқы ереуіл 1849ж қазанда Көкшетау кен орнында болды./1888ж-Өскемен уезіндегі кен өндірісінде қазақ жұмысшылары ереуілге көтеріліп, жалақыны арттыруға мүмкіндік алды./1893,1895,1899 жылдар Батыс Сібір теміржолында, 1899ж Омбы теміржолында ереуілдер болды./1890ж ереуілде Алтайдағы Асташево кен орнының басқарушысы өлтірілді./Жұмысшылар қарсылықтарының әлсіз жақтары:1)Стихиялылығы 2)Өндіріс орындарының ұсақтығы 3)Жұмысшылар санының аздығы 4)Өзара бірлік пен түсінушіліктің жетіспеуі 5)Саяси талаптардың аздығы 6)Саяси ұйымдардың жоқтығы/Жұмысшы қарсылықтарының тарихи маңызы./1)ХХғ басында революциялық оқиғаларға алғышарт қалыптастырды. 2)Өлке жұмыскерлерінің әлеуметтік күресі біртіндеп тәжірибе жинады.

63.ХIХғ. 60-90ж. Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары:маңызы мен салдары. Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды.Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен,әскери-уездік соттардың рөлі басым болды.Әскери –губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты-отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны.Сот ісіндегі басты өзгеріс –ескі шариғаттық салттардың шектелуі.Реформа нәтижесіӨлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.Феодалық-патриалхалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады(кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).Отарлық басқару күшейді.Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.Орыс шаруаларын жаппайм қоныстандыру басталды.1867-68 жылдардағы реформалар екі жылға уақытша енгізілгенімен, бұл ‘‘тәжірибе’’20 жылға созылды. 1886-91жылғы 17 баптан тұратын жаңа заң: 1.Ресейдің үстем тап өкілдерінің мүдделерін; 2.отарлаушы әкішілік пен жергілікті ақсүйектердің мүдделерін қорғау1891ж 25наурыз “Ақмола, Семей, Жетісу Торғай облыстарын басқару туралы ереже”бекітілді:1.Түркістан өлкесінде 3 облыс:Сырдария. Ферғана, Самарқанд құрылып, орталығы-Ташкент.2.Дала өлкесінде 3 облыс:Ақмола, Семей, Жетісу, орт-Омбы.Отаршылдық басқарманың күштеу аппарты:Ірі облыстық орталықтарды қалалық полийия басқармасы уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылыр мен ауыл старшындарын бекіту облыс әскери-губернатордың құзырында болды. Қазақ өлкесінің жер байлығы мемлекеттік меншігі болып жарияланды. Жайылымдық жерді пайдалану дәстүрін ережелермен шектеді.

64. ХIХғ. аяғы мен ХХғ. басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері/Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары:Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету.Жер тапшылығын шешу.Ұлттық аймақтарда әлеуметтік тipeк жасау. XIX ғ. 60 жылдарының ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. \1868ж Жетісу губернаторы Колпаковский басшылығымен “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы “уақытша ереже қабылданды. Қоныс аударушылар:1)15ж-ға алық төлеуден, әскери міндеттен босатылды. 2)Жан басына 30десятина жер берілді. 1883ж Жетісуда Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар,дүнгендерді орналастыру жөнінде жңа ереже бекітілді.1)Жан басына 10 десятина жер беру 2)Қоныстанушыларды салық пен міндеткерліктерден 3 ж босату. 1889ж 13 шілде”Село тұрғындарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуды, бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру жөнінде ереже”қабылданды.:1)Қоныс аударатын ааймақтар-Тобыл, Том губерниясы, Жетісу,Ақмола,Семей обл.2)Жан басына 15 дес жер беру. 2)Қоныстанушылардан арнайы рұқсат алуды талап ету. Бұл ереже күші 1891-92жж Торғай мен Орал обл-на таралды.Қогыс аудару басты аймағы Жетісу,Шымкент,Ташкент, Әулиеата уез-де37қоныс құрылды. 1886ж 2 маусым-«Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралыереже»бекітілді.1)Түркістанда Ресейлік үлгімен жааңа соттар құрылды.2)Төменгі сот халықтық сот. 1891ж 25науры «Ақмола,Семей,Жетісу,ОралТорғай обл басқару туралы ереже» бекітілді.1)Түркістан өлкесінде 3обл(Ақмола.Семей,Жетсу)орт Ташкент.

69.XIХ ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.ХІХ ғасырдың ортасында Ресей-Қытай қатынасында Қазақстан маңызды рөл атқара бастады. Бұл кезде Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай мемлекеттері арасындағы шекераларды белгілеу мәселесі пісіп жетілді. Орталық Азиядағы Қытай мен Ресей арасындағы шекераны жүргізу туралы алғашқы ресми құжат 1860 жылы 2 қарашада қабылданғаан Пекин келісімі болды. /Екі мемлекет аралығында шекаралық белгі қойылған кең көлемді аумақ су бөліністерінің негізінде қабылданды: Оңтүстік пен Шығысқа қарай ағатын өзендер мен барлық жерді Қытай елі межелеп алды, ал Солтүстік және Батыс қарай ағатын өзендер мен барлық жерді Ресей елі межелеп алады./Бірақ Ресей мен Қытай арасындағы мемлекеттік территориялар өзара межеленіп түзетілді. Сөйтіп 1869 жылы Хобды хаттамасына, ал 1870 жылы Тарбағатай демократиялық хаттамасына қол қойылды. /Цин империясына қарсы Шыңжан ұлт-азаттық қозғалысы осы өлкенің саяси өміріндегі маңызды рөл атқарды. 1864 жылы 7 маусымда Кугар қаласында дүнгендердің көтерілісі басталып, ол бүкіл Шыңжан өлкесін қамтыды. Оған қытай емес халықтар – ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар қатысты . Шыңжанда 1865 жылы Маньчжоу билігі құтылып, онда ұйғырлар мен дүнгендердің бірнеше тәуелсіз мемлекеті құрылды./Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісу және Солтүстік Қырғыз жерлеріне қоныстандыру 1881-1883 жылдары жүзеге асырылды. Барлығы 45 мың ұйғыр және 5 мың дүнген қоныс аударды. Олар Шарын, Шелек, Талғар өзендерінің бойына орналастырылды. Сондай-ақ Жаркент, Ақкент, Ақсу – Шарын, Малбай, Құрам және Қарасу болыстары құрылды. Ресей империясының 1897 жылы бірінші жалпы халық санағы бойынша дүнгендердің саны 14136 – ға , ұйғырлар 55999 –ға жеткен.

70.XIХғ. бірінші жартысы ХХ ғ. бас. ағарту ісі.ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде оқытылған діни пәндер:Шариғат, яғни ислам дінінің ережелері. Әптиек, яғни Құран кәрімнің бөлігі. Араб тілі, араб философиясы.Діни қағидалар т.б. Мұсылмандық білімді ауыл молдасынан, Самарқан, Бұқара,Ташкент, Түркістан сияқты қалаларды алды.Білім беру ісіне Ресейдің ықпалы Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарынан ХІХ ғасырың 80 жылдарына дейінгі Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер әкелді. 1789 жыл Азиялық училище ашылды. Бұл оқу орнында орта Азиямен, Қытаймен сауда байланысының дамуына қатысқан қытай, монғол, парсы тілдерін меңгерген тілмаштар дайындалды. 1813 жылы патша өкімнтіне қызмет ететін шенеуніктерді даярлау мақсатында Орынбор учиищесі ашылды. 1831 жылы Омбы, Семей қалаларында орысша білім беретін училищелер ашылды. 1836 жылы Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат училище ашылды. 1837 ж Сібір кадет курпусы ашылды.1841 ж Бөкей ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына арналған орысша жіне татарша білім беретн мектеп ашылды.1844 ж Орынбор училищесі негізінде Орынбор Неплюев кадет курпусы ашылды. 1850 ж Орынборда қазақ балаларына орыс тілінде білім беретін мектеп ашылды.

72.XIХғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақ халқының музыкалық мәдениеті (Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Біржан, Ақан Сері т.б.). Құрмангазы Сагырбайулы(1818-1889)1818 жылы Бөкей ордасындагы Жиделі деген жерде туған күйші, сазгер. Музыка өнеріндегі алгашқы ұстазы Ханбазар болған. Курманғазы артына көп күйлер қалдырған (60).«Кішкентай» күйі Исатай Тайманұлына арналған.«Сарыарқа» күйі қазвқтын кең өлкесін, халык өмірін сипаттайды.•Кызылкайын», «Балбьрауын" куйлер! би күйлер! болып есептеледі. Курмангазыньң будан баска «Адай», «Көбік: шашкан», «Турмеден кашкан», «Ақсақ киік», «Акбай» т.б. күйлер! бізге жеткен. Курмангазы жаламен Иркутск, Орынбор, Орал түрмелерінде отырған. Өмірінің соңы Астрахань жерінде өткен. Оның Дина, Ерғали, Сүгірәлі, Шора, Көкбала, Меңдіғали сияқты белгілі шәкірттері болған.Дэулеткерей Шығайулы(1820-1887)1820 жылы дүниеге келген күйші, сазгер. Бөкей ордасының жерінде өмір сүрген. Исатай Тайманұлы баскарған шаруалар көтерілісі оның шығармашылығына әсер етеді. Дәулеткерей Мәскеу, Петербург, Орынбор калаларында болады.Дәулеткерейдің 40-қа жуық күйі бізге,жеткен.Күйлері: «Желдірме», «Құдаша», «Жұмабике», «Ыскырма», «Косалқа», «Тартыс», «Акбала кыз».Орыс әскери маршы әсерінен туындаған күйлері:«Ващенко», «Топан», «Коңыр», «Косішек»Тәттімбет Қазанғапулы(1815-1862) 1815 жылы дуниеге келген күйші. Күйлерінің саны 40-тан астам. Тәттімбет «Бестөре» күйінде карапайым халыкты езген аксуйектерді сынайды.Күйлері: «Балбырауын», «Сал қоңыр», «Былқылдақ», «Алшағыр» т.б.1855 жылы Петербург каласында ұйымдастырылған өнерлік сайыста Тәттімбет күміс медальға ие болады.Ықылас Дүкенұлы (1843-1916)1843 жылы дүниеге келген күйші, қобызшы, сазгер. Кобызда ойнауды жаксы көрген.«Жарым патша» куйі - патша укіметі шенеуніктерін сынайтын туынды. Онын күйлері:«Қорқыт»,«Коңыркүй»,т.б. Біржан Сал Кожагулулы (1834-1897)1834 жылы Көкшетау жерінде дүниеге келген ақын, әнші, сазгер. Оның 40-қа жуық әні сакталған. 1865 жылы Біржанның. Абаймен кездесуі оның әншілік, сазгерлік өнерінің дамуына әсер етеді.Біржан әндері: «Жанбота», «Айтбай», «Ғашығым», «Біржан сал» т.б. Біржанның суырыпсалма акындық. өнерінің дәлелі - оның Сарамен айтысы. Біржан шәкірттері: Акан сері, Үкілі Ыбырай, т.б.Ақан Сері Қорамсаұлы (1843-1913) 1843 жылы Көкшетау жерінде дүннеге келген әнші, сазгер» акын. Ол өзінің қасына әнші, өнерпаз адамдарды жинай білген. Сонысымен ол сері атанған. Әншілік өнері 16 жасынан басталды. Акан өмірінің соңы трагедияларға толы. Акын өзі заманының үстем тап өкілдеріне батыл қарсы шыға алатын тұлға болды.Аканның әндері»: «Манмаңгер*. «Кұлагер», «Балқадиша». «Сырымбет», «Сұрағанға», Көкшетау», «Шағырмаққа», «Смағұлға» т.б.Акан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ. Естай, Біржан сал сияқты әншілер-мен дос болған.

71.XIХғ.жартысы мен ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің даму (А.Құнанбаев,Ш.Құдайбердіұлы,М.Дулатов,С.Торайғұров т.б).Төңкерістен бұрыңғы әдебиетте көркем аударманың шебер үлгілерін қалдырған Абай, Ыбырай болса, сол кездегі «Түркістан уалаяты» газеті мен «Дала уалаяты» газетіінде басылған аудармалардың көркемдік сапасы жағынан құнды аудармалар тууына себін тигізгенін атап өту керек. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ тіліне аударыла бастаған ұлы жазушы Л. Н. Толстойдың шығармаларын солардың қатарына жатқызуға болады. Л.Н. Толстой «Ясная Полянада» өзі ашқан мектепте орыс шаруаларының балаларын оқытумен шұғылданған болатын. Соған байланысты педагогика саласында оқу құралы ретінде 1872-1875 жылдары «Новая азбука», «Русские книги для чтения» деген оқулықтар шығарды. Солардан және ұсақ әңгіме, мақал-мәтел, ертегі, нақыл сөздерден аударылып, «Дала уалаяты» газетіінде басылған Л.Н. Толстойдың «Ұзақ пен көгершін», Бұғы мен қарақаттың сабағы, «Бұғы», «Қоян», «Өтпес пышақ», «Мұжық пен жасауыл», «Құмырсқа мен көгершін», «Арыстан, һәм қасқыр мен түлкі», «Сурат кофейнасы», т.б. шығармалары түп нұсқаға сай келетін, тілі жатық, жақсы аудармалар болды.  ХІХ ғасырдың басынан бастап татар баспаханаларынан шығып, қазақ арасына тараған ислам дінін уағыздайтын кітаптармен бірге шығыстың классикалық әдебиет нұсқалары да ел ішінде кең тарады.  Бұл шығармалардың көбінің сюжеті араб аңыздары неігізінде болды, оларға жалпы адамгершілік, сүйіспеншілік мәселелерін қазақ топырағына лпйықтап, жаңа арнамен қайта жырлау оларды жұртшылыққа түсінікті етті.Шығыстың классикалық әдебиетінен келген аңыз-әңгімелерден кейбір үзінділер, халық арасына кең тараған нұсқалары сол кезде шығып тұрған қазақ газет-журналдарының бетінде үзбей басылып тұрды. Олардың арасында «Мың бір түн», «Шахнама», «Фархат-Шырын», «Ескендір» т.б. шығыс әдебиетіне көп тараған әңгімелердің әр түрлі нұсқалары, Абайдың «Ескендір» поэмасы да бар еді. Ескендірді басқа ел ақындары да жырлаған болатын. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің қасиетті тұлғаларын сөз еткенде олардың ішіндегі ең ірісі, ең өнімдісі де, өзектісі де деп Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамбет Салық Бабажанов сияқты есімдерді, ел білген, орасан зор ойшылдығымен танылған тамаша тұлғаларды ауызға аламыз.ХҮІІІғ. аяғы – ХІХ ғ. бірінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің дамуында жаңа дәуір басталды. Бұл кекзде қазақ әдебиетіндегі бұрыңғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнына жеке поэтикалық шығармашылық басты. Ақындар өздерінің өлеңдер мен жырларында өмірдің нақты шындығына үңіліп тануға, жеке көзқарастарын еркін білдіруге тырысты, осымен байланысты ақындардың шығармашылығы дамып, жеке толғаныстарында көркемдік шеберлікке жетудің жолдарын іздестірді. Осының нәтижесінде қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен ерекшеленеді. Олардың ішінен поэтикалық зор небір суырып салма, импровизаторлар дараланып шықты. Солардың арсынан жауынгер аық Махамбет Өтемісовтың (1803-1846) творчествосын ерекше бөліп айтқан жөн. Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, атақты әншілер Мұхит, Әсет, Ақан сері, біржаг сал, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра – бүгігі таңда да қазақ халқының игілігіне айналып отыр. Қазақтың жазба әдебиетінің неігізін салушы – Абай Құнанбаев (1845-1904) артында өлеңдер, дасмтандар, қара сөзбен жазылған ғақлиялардың мол мұрасын қалдырды. Ол өз шыармаларында адамгершілікке, рухани тазалыққа үндеді. Халыққа жат қулық-сұмдықты залымдықты шенеді. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды надан молдаларда жек көріп, әшкерелеп отырды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының саяси өмірі де жарық жұлдыздай көзге түскен, әмір-әкімшіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген А. Байтұрсынов (1893-1938), Ж. Аймауытов (1889-1931), М. Жұмабаев (1893-1938), М. Дулатов (1885-1935) сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейінгі кезде ғана танысуға мүмкіндік алды. Олардың еңбектері мен олар ту ралы деректер қазір көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы «Жалын» баспасы шығарған «Бес арыс» жинағын атауға болады.

48.XVI–XVII ғғ.қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару жүйесі. Қазақ қоғамы 2 негізгі әлеуметтік топтан тұрды:1)ақсүйектер – Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар (асыл сүйектер)2) қарасүйектер – мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары.Шыңғыс ұрпағы қоғамның билік етуші тобы, рулық шежіреге енбейді. Қазақ ұлысындағы сұлтандардың «арқар» деп айтылатын ерекше ұраны болды. Оны қарасүйектердің қолдануына болмайтын еді. Шыңғыс ұрпақтарын билер соты соттамады, хан немесе сұлтан соттайды. Қарасүйектер өкілделінде жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну берік сақталды. Қарасүйектер тобына билердің ғана ерекше құқықтары болды.Билер – ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген,сот қызметіе атқарушылар, әскери билік жүргізушілер.Ең ықпалды ру басшылары хан жанындағы «билер кенесіне» кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған:1)әскербасы 2)әкімшілік адамы3)би4)дала ақсүйектерінің өкілі. Батырлар – қазақ жасақтарының бастаған қолбасшылар, кәсіби әскерилер. Ақсақалдар – іс жүзінде белгілі бір заңдық өкілеттігі жоқ, жасына, сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөленген адамдар. Қарапайым халықтар- алым-салықты төлеп, міндеткерліктерді өтеушілер. Құлдар- ең құқықсыз әлеуметтік топ. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады.

Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.

45.XVIғ.Қазақ хандығы территориясынынң кеңеюі және оның бекітуі: Ақназар,Тәуекел,Есім хандар.16ғ. 2ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді. Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады. Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауераннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті. Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған»./Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден – Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды. Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады. Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетінін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады. 1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилықтар- дың жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады. Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды./Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды. Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады. Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетінін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады. 1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилықтар- дың жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады. Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.

86.XXғ. 20-30ж. Қазақстандағы мәдени жаңару,жаңа құрылыстың басталуы.Қазақстанды жаңғыртудың кеңестік үлгісі XX ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нәтижесінде республиканың өнеркәсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркәсіп пен көлік құрылысы бойынша жазылған жұмыстар саны айтарлықтай өсті. Қазақстан аймақтарының өнеркәсіптің дамуына қосқан занды үлесі болып табылатын республиканың жекелеген кәсіпорындарын зерттеп білу осы проблемаға қатысты тарихнаманың сипатты белгісі болып табылады [1].30-жылдардың сонына қарай бұл проблема жөніндегі жұмыстар саны артты, дегенмен ірі монографиялық зерттеулер әлі шыға қоймаған болатын. Ғылыми жұмыстардын негізгі түрін — құнды деректерге сүйене жазылған мақалалар құрады [2].Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Қазақстанға қоныс аударған белгілі ғалымдар Д.А. Баевский, С.В. Бахрушин, М.П. Вяткин, Н.М. Дружинин, М.П. Ким, М. Панкратова, А.П. Кучкин, С.В. Юшковтар тарих пен экономиканың өзекті проблемаларын зерттеуде, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Олардың тікелей қатысуымен 1943 жылы «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы» деп аталатын іргелі еңбек дүниеге келді. Кәсіби тарихшылар катарының аздығына қарамастан, соғыстың соңына қарай Қазақстандағы социализмнің экономикалық негізін жасау проблемасы бойынша зерттеулер санынын өсу үрдісі айқын байқалды [3].Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары аталған проблема бойынша зерттеулер саны өсе түсті, бұл ретте тарихшы-ғалымдар мен қоғамтанушылар республиканың индустриялық өзгерістер кезеңіндегі дамуының жалпы зандылықтары мен ұлттық ерекшеліктерін зерттеуге көңіл аударды. Осы кезең әдебиетіндегі жаңа нақты-тарихи материалдар негізінде «Қазақстанның халық шаруашылығы бүкіл Кеңес Одағы халық шаруашылығының жалпы дамуымен органикалық байланыста, соның негізінде және оның көмегімен дамып, алға жылжи алды» [4]. деген тұжырымға келді.XX ғасырдың 60—70-жылдарына қарай, ең алдымен А.Н. Нүсіпбековтің, С.Б. Бәйішевтің, С.А. Нейштадттың, Б.Н. Әбішеваның, М.Х. Асылбековтің, Н.Г. Панның, С.Б. Нұрмұхамедовтің, В.К. Савоськоның, Р.Б. Сүлейменовтің, А.Е. Ержановтың және басқалардың монографиялық зерттеулерімен байланысты экономиканы, республика өнеркәсібінің даму тарихын зерттеу проблематикасының ауқымы айтарлықтай кеңейді. Жекелеген фабрикалар мен зауыттардың тарихын зерттеумен бір мезгілде, ғалымдар жұмысшы кадрлардың, оның ішінде ұлттық кадрлардың қалыптасу мәселесіне көңіл аударды.Бұл ретте академик А.Н. Нүсіпбековтің «Қазақстандағы кеңестік жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы» (А., 1966) атты іргелі монографиясын және ғалымның басқа да зерттеулерін ерекше атап өтуге болады, бұл еңбектерде XX ғасырдың 20-40-жылдарында республикадағы кәсіби жұмысшыларды дайындау үрдісі отандық тарихнамада алғаш рет егжей-тегжелі сараланды. Республика жұмысшы табының тарихы «Қазақ КСР тарихы. Социализм дәуірі» (А., 1963, 1967); «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктері» (А., 1963) тәрізді іргелі енбектерде көрініс тапты. Аталмыш проблемаға арналған жұмыстардың ішінде М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмүхамедов, Н.Г. Панның «Қазақстандағы жұмысшы табы индустриялық кадрларының өсуі (1946—1965 жылдар)» [5].деп аталатын ұжымдық монографиясын айтуға болады. Сондай-ақ М.Х. Асылбековтің теміржол көлігі кадрларын, оның ішінде ұлттық кадрларды дайындау үрдісі алғаш рет талданған «Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы мен дамуы (1917-1970)» (А., 1973) деген монографиялық зерттеуін айта кету керек.Жоғарыда аталған жұмыстардың жарық көруі зерттеу аясы мәселесінің тарихнамасын елеулі түрде байытты. Оларда республика жұмысшыларының құрамында болған сандық және сапалық өзгерістер көрсетілген. Бұл ретте өнеркәсіпте, құрылыста және көлік қатынасы саласында жұмыс істейтін нақты индустрия жұмысшыларына ерекше назар аударылды. Республика жұмысшы табының жекелеген отрядтарының қалыптасуы мен дамуы, оның мәдени техникалық деңгейі тақырыбын зерттеу дағдылы іске айналды. Социалистік жарысты ұйымдастыру, жұмысшылардың еңбекке деген құлшынысына арналған көріністер сол жылдар зерттеулерінен көрнекті орын алды [6].Авторлар ұжымының «Лениндік идея туы астында (Қазақстандағы пролетарлық революция мен социализмның жеңісі жолындағы күреске партиялықбасшылықтың тәжірибесінен)». (А., 1973); «Капитализмге соқпай социализмге апарар жол (1917-1937 жылдары Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген социализм кұрылысы мәселесі бойынша КОКП-ның тарихи тәжірибесі)» (М., 1974) деп аталған еңбектері Қазақстандағы социалистік құрылыс проблемасыныңтарихнамасында үлкен рөл атқарды. Оларда 1926—1937 жылдары республикада жүргізілген социалистік құрылысқа басшылық жөнінде айтарлықтай нақты-тарихи материал қамтылған. 1987—1988 жылдары академик М.Х. Асылбековтің жетекшілігімен жарық көрген авторлар ұжымының «Кеңестік Қазақстан жұмысшы табының тарихы» деп аталатын 2 томдық еңбегінде бай фактілік материалдар негізінде Қазақстандағы өнеркәсіп құрылысы мен жұмысшы кадрлардың қалыптасу үрдісі кешенді түрде зерттелінді. С.К. Жақыпбековтің «Жеңіл индустрия тарихы» (А., 1984) монографиясында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің даму тарихы қарастырылды.Алайда, айта кету керек, аталған проблема бойынша тарихи білімнің қордалану үрдісі Компартияның идеялық-саяси басшылығымен тікелей байланысты болды, сондықтан Қазақстан өнеркәсібі дамуының тарихы, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы айқын белгіленген партиялық нұсқаулар тұрғысынан қарастырылды. Тарихнамалық еңбектерде «зерттеушілердің негізгі міндеті партияның өсіп келе жатқан басшылық және бағыттаушылық рөлін көрсетуде, КОКП-ның лениндік ұлтсаясатын бұрмалаушы буржуазиялық жалған сыншыларға соққы беруде» [7].екендігі атап айтылды.Сол кездегі зерттеулердің тұғырнамалық көзқарастары мен бағыттарын неғұрлым толық бейнелейтін тарихи-партиялық жұмыстар аталмыш проблема бойынша кеңестік кезеңдегі жүмыстардың негізгі шоғырын құрағандығы кездейсоқ емес. Деректемелік негіздің кеңеюі проблеманы зерттеудің дерекнамалық жағын байытты, алайда үстем идеологияның қатаң шектеуі оқиғалар мен құбылыстарға объективті талдау жасауға мүмкіндік бермеді.Жоғарыда аталған үрдіс, большевиктік тұғырнама бойынша «республиканың аграрлық саласын социалистік қайта құрудың» бірден-бір мүмкін сара жолы деп саналған ұжымдастыру тарихына қатысты жұмыстарда да барынша айқын көрініс тапты. Бұл проблеманың тарихнамасында 30-жылдардан бастап, шамамен 80-жылдардың сонына дейін «ауыл мен селоны социалистік қайта құру» тұжырымдамасын он бағалаған бірынғай тұғырнама үстемдік етті.Айта кету керек, XX ғасырдың 20-жылдарының басындағы аграрлық секторды түбірлі өзгерістерге дайындаудың бастапқы кезеңінде әдебиеттерде республиканың ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын анықтауға сәйкес екі көзкарас орын алды. Радикалдық бағытты жақаушылар «1925 жылға дейін қазан төнкерісінің ауылмен ісі... болмады», «Қазан дауылы ауылға соқпай, оны жанап өтті» деген оймен, көшпелі ауылды қысқа мерзім ішінде отырықшыландыру қажет деп санады. Осы себептен байларды түбірімен жоюды, көздеген мақсатқа жетудің алғышарты ретінде қарастырды. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылык ауылдысоциалистік қайта құруға кедергі келтіреді деген тұжырымдамаға сүйене отырып, радикалды бағытты жақтаушылар тек өндіріс құралдарын (малды) қайта болу ғана кедейлердің орташаға айналуына мүмкіндік туғызады, ал отырықшылыққа көшу — өркениет жолы деп есептеді [8].Қазақ ауылын өркендетудің дәстүрлі баламалы жолын жақтаушылар объективті талдауларды негізге ала отырып, материалдық-техникалық базаның болмауы және өндіргіш күштердің жеткіліксіз дамуы жағдайында байырғы тұрғындарды шұғыл отырықшыландыруға және экстенсивті мал шаруашылығын шектеуге жол беруге болмайды деп санады. Олар қазақ шаруаларының әлеуметтік жіктелісінің әралуандығын жоққа шығармай, байшылдыққа экономикалық әдістермен шек қоюдың мүмкіндіктерін қарастырды. С. Сәдуақасовтың сөзімен айтқанда, «қазіргі кезде ел тіпті де сілкіністерді тілеп отырған жоқ, керісінше, жасампаздық жұмыстарды күтеді және оны жаңа экспроприациялар емес, енбек пен ғылым ғана құтқарады» [9]. деген сындарлы тұжырым айтылды. Алайда бұл тұжырымға бірден тойтарыс берілді және оны жақтаушылар буржуазиялық ұлтшылдарға жатқызылды. Іс жүзінде 50-жылдардың орта тұсына дейін аграрлық тақырып ұжымдастыру науқанының қорытындыларына және деревня мен ауылды социалистік қайта құрудағы Компартияның жетекшілік рөліне негізінен он баға берді. Қазақстандық тарихнама да бүкілодақтық тұғырнамалық көзқарасқа арқа сүйеді. Зерттеушілік жұмыстар республикадағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды жүзеге асыру, ұжымшар қозғалысын дамыту жөніндегі жаңа материалдармен толыққан көптеген диссертациялар және монографиялар санының өсуімен сипатталды Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:

*қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т.б. мәселелерін қарастыру; І

*ұлттық өнерді зерттеу;

*қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;

*қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;

*қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.1925 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті.Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады.Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады.Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.1934 жылы 12—18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды.Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846—1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нүрпейіс Байғанин (1860—1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900—1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.20—30-жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І.Жансүгіров «Жолдастар» романын жазды, С.Мұқанов «Байдың ұлы», «Достар», «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты.Ресми билік құптаған негізгі тақырып — кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т.б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды.Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері — И.Шухов, П.Кузнецов, Г.Шарипов, т.б. жазушылар көпшілікке танылды. Д.Снегиннің «Шығыстан соққан жел», «Жетісу» жөне «Менің қалам» атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының «Таңғы сәуле» атты өлеңдер жинағын құрастырды.Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937—1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды.Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері — Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ө.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері — С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді.

77. ХХғ. басындағы қазақ интеллигенциясы: қалыптасуы, саяси-қоғамдық қызметі (М. Қаратаев, А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, Ж. Ақпаев т.б.). Қазақстан ұлттық интеллигенциясы 1917 ж. Қазан төңкерісінен бұрын қалыптасты. Төңкеріске дейінгі толық емес мәлімет бойынша өлкеде 3 мың мұғалім, 590 ауылшаруашылық маманы, 244 дәрігер, 393 орта дәрежелі медициналық қызметкер болған.Ескі интеллигенция өкілдерін кеңестік құрылысқа тарту қоғамның алға басуына үлкен пайдасы болды. Алайда Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия ұйымының басшылығына сайлануымен байланысты, оларға деген көзқарас күрт өзгерді. 1926 ж. БКП(б)-нің Қазақстан Өлкелік комитетінің ІІІ Пленумында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, С.Қожанов т.б. дөрекі сынға алынды. Кешікпей оларды саяси қуғындау басталды.20-30 жж. жоғары мектеп сан жағынан өскенімен, мамандар әлі де болса жетіспеді. Жұмысшылар мен шаруаларды жаппай ой еңбегі саласына көшіру интеллигенция санын өсірді. 1926-1939 жж. олардың саны 7,9 есе, 54 мыңнан 429,8 мың адамға дейін өсті.Соғыстан кейінгі жылдары (1945-1957) Қазақстанның жоғары оқу орындары 43,5 мың маман даярлады, олардың 16,5 мыңы қазақтар болды.60-70 жж. түйісер кезінде қазақтың ұлттық интеллигенциясы толық қалыптасты. Интеллигенция 1959 ж. 16 проц. болса, 1970 ж. 25,1 проц. болды. 1970 жж. қазақ интеллигенттер саны 30 проц. дейін жетті.Сонымен, білімі жоғары, саны көп тұрақты ұлттық интеллигенция Қазақстанда Қазан төңкерісінен кейін жарты ғасырдан астам уақыттан соң қалыптасты./Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев (1910 ж. т.) - әдебиет зерттеушісі, сыншы-ғалым, Қазақстан Республикасы ҮҒА-ның академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қаратаев Абай шығармаларын 30-жылдардан зерттей бастады. Абай мен Пушкиннің ақындық Ұлылығын, идеялықтуыстығын, Пушкиннің Абайға және қазақ ақындарына әсерін сөзетті. Қаратаев «Ұлы Абай» деген мақаласында ақынды өз заманының прогресшіл, алдыңғы қатардағы қоғам күрескері деп бағалады.Сыншы Абай туралы жазғандарында оның халық мұңын жоқтаушы екенін, орыстың зиялыларынан өзі үйреніп, өзгөлерді де соған үндейтінін қуаттап отырады. Қаратаевқа «Шығар шың алда» кітабы үшін Абай атындағы Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1974).

Байтұрсынұлы, Ахмет(1873—1938) — ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.Өлеңдерінде халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді./Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан.1866 жылы 25 наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген.Әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мүнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]