Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор флора фауна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать

14.Қарақұм және Қызылқұм шөл далалары туралы баяндаңыз

Қарақұм, Түрікмен Қарақұмы (түрікменше – Гарагум) – Орталық Азияда, Түрікмен мемлекетінің 80%-дай аумағын алып жатқан құмды алқап, шөл. Солтүстік және солтүстік-шығысы Сарықамыс ойысы, Әмудария аңғары, оңтүстік-шығысы Қарабел және Бадхыз қыраттары, оңтүстігі Копетдаг етегі, батысы Батыс Узбоймен шектелген. Ауданы 350 мың км2. Қарақұм солтүстік Унгуз, Орталық және Оңтүстік-шығыс Қарақұмдарға бөлінеді. Жер беті төбелі жазық. Негізінен, осы жерлер арқылы өткен ежелгі Әмудария, оңтүстігінде Мургаб және Теджен өзендерімен келген құм шөгінділерінен түзілген. Шөлде тақыр жерлер мен сортаңды қазаншұңқырлар, құм төбелер және қырқалар жиі кездеседі. Оңтүстік-шығыс және Орталық Қарақұмдардағы құмды қырқалардың биіктігі 3 – 30 м.Қарақұмның климаты қоңыржай континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы 3°С-тан (оңтүстікте) –5°С-қа (солтүстікте) дейін. Шілдеде орташа температура солтүстігінде 28°С, оңтүстігінде 34°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 60 – 150 мм. Құмды алқаптың солтүстік-шығысымен Әмудария өзені ағып өтеді. Оңтүстік және оңтүстік-батысындағы Мургаб және Теджен өзендері құмға сіңіп кетеді. Эфемерлі өсімдіктер, өлеңшөп, ақ және қара сексеуіл, қараған, астрагал, қылша өседі. Киік, түлкі, қасқыр, қарсақ, шибөрі, т.б. аңдар, бауырымен жорғалаушылар, кемірушілер өте көп; құстардан бозторғай, шіл, т.б. кездеседі. Қарақұм аумағында Түрікменнің негізгі кен байлықтары (газ, мұнай, күкірт) жатыр. Шөлді аумақтың орталық бөлігінен Түрікменбашы (Қарақұм) каналы (ұзындығы 450 км) ағып өтеді. Оңтүстік-шығыс Қарақұмда дүние жүзіндегі ең байырғы Репетек құм ғылыми-зерттеу стансасы және осы аттас қорық бар. Шөлде 6 мыңнан астам құдық орналасқан Қызылқұм шөлі [1] — Әмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап. Ауданы 300 мың км² (оның 1/3 -інен астамы Қазақстан аумағында. Қызылқұм шөлі Өзбекстан, Қазақстан (солтүстік бөлігі) және шағын оңтүстік-батыс бөлігі Түркіменстан республикасында жатыр. Солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратау тауларына ұласады.Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 53 м-ден (Қызылорда облысы Арал теңізі жағалауы) 300 м-ге дейін (Оңтүстік Қазақстан облысы Қайрақтау таулары, 388 м). Қызылқұмның орта бөлігінде палеозой кезеңінде пайда болған бұйратты қалдық тау жұрнақтары(Бұқантау, Тамдытау, Құлжықтау т.б. Өзбекстанда) кездеседі. Олардың ең биік жері 992 м (Тамдытау тауы, Өзбекстан аумағында). Жалпы, шөлдің жер бедері жазық. Геологиялық тұрғысынан 3 құрылымдық ярустан тұрады. Олар бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық тау жыныстары құрайды. Жер қыртысында қалыңдығы 500-2000 м болатын юра және бор жүйелері мен кайнозойдың құмды-сазды, мергельді шөгінділерінен тұрады. Тақыр жерлерде де кездеседі. Юра және бор қабаттарында мұнай-газ кен орындарының барлығы анықталды (Қызылорда облысында). Бор, палеозой қабаттарында артезиан сулары бар. Қызылқұм шөлінің басым бөлігін қырқалы-ұялы және қырқалы құм төбелер алып жатыр. Кейде биіктігі 10-15 м болатын шағыл құмдар да кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]