Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор флора фауна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать

1деңгей

1,Флора туралы түсінік Флора (латынша flora — Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы, Солтүстік жарты шардың қоңыржай салқын аймағының флорада тал, қияқөлең, қоңырбас, сарғалдақ, т.б., ал қылқан жапырақтылардан: қарағай, кипарис, т.б. тән болса, өсімдіктер бірлестігінде — тундралық, тайгалық, далалық, т.б. өсімдіктер қауымдастығы кең тараған. Флораның тарихи дамуы түр түзілу процестерімен, бір түрді екінші түрдің ығыстыруымен, өсімдіктердің миграциясымен және түрлердің жойылуымен тығыз байланысты.Әр Флораның өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері бар. Оған: Флораны құрайтын түрлердің сан алуандығы (Флораның байлығы), жасы, автохондық және эндемизм деңгейі, т.б. жатады. Флораның өзара айырмашылығы ең алдымен әр өңірдің геология тарихына, орография, климаттық жағдайларына және топырағының құнарлылығына байланысты. Аумақтық деңгейіне қарай: Жер Флорасы (500 мыңға жуық түр, оның ішінде 330 мыңға жуығы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер: гүлді өсімдіктер, ашық тұқымдылар, споралылар), жекелеген құрлықтар мен олардың бөліктерінің Флорасы, аралдық Флолалар, тау жүйелерінің Флорасы, сондай-ақ мемлекеттер мен жекелеген әкімшілік аудандардың Флорасы болып ажыратылады. Сонымен қатар, жекеленген жүйелік Флора, топтардың Флорасы, т.б. бар. Мыс., балдырлар Флорасы, мүктер Флорасы, т.б

2.Флораны зерттейтін ғылым саласы Флораны зерттейтін ғылым саласы — флористика деп аталады. Қандай да бір Флораны зерттеу оның аумағындағы түрлер мен туыстардың құрамын анықтаудан басталады. География таралуына ұқсас түрлер Флораның географиялық элементін (геоэлемент) құрайды, кейбір зерттеушілер геоэлемент терминінің орнына ареалдар типі (тропик., бореалдық, голарктик., палеоарктик., т.б.) деген атауды қолданады. Шығу тегі ұқсас түрлердің тобы Флораның генет. элементтері не генет. қатпарлары деп аталады. Теор. тұрғыдан алғанда кез келген Флора. 4 генет. қатпарлардан тұрады: f1 — реликтер (мыс., гинкго); f2 — Флораның ежелгі ядросы, өткен геология дәуірлерден осы аумақта өсетін, қазіргі табиғи жағдайлармен үйлесімді түрлер; f3 — мигранттар (шығу тегі бойынша басқа өңірлерде пайда болып, осы аумаққа әр түрлі себептермен көшіп келген түрлер); f4 — автохтонды жаңа құрылымдар (ежелгі жерінде пайда болған жаңа түрлер). Кез келген Ф-ны F=f1+f2+f3+f4 деп кескіндеуге болады. Осы генет. қатпарлардың арақатынасына қарай: реликті Ф. (F=f1), миграц. Ф. (F=f3), эндемиктік Ф. (F=f4), т.б. бөлуге болады.

3.Фитоциноздардың флоралық құрамын,байлығын сипаттаныз Фитоценоздың құрамын оның мынадай элементтері және белгілері сипаттайды: 1) флоралық құрамы; 2) экобиоморфтық құрамы; 3) түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы; 4) фитоценозды құратын түрлердің ценопопуляцияларының қасиеттері. Экобиоморфа /экоморфа және биоморфадан: Быков; 1988/ - белгілі бір сыртқы және биоценотикалық ортаның жағдайында табиғи сұрыптау нәтижесінде өсу формалары, биологиялық ритмдері және экофизиологиялық, соның ішінде ортаны жасаушылық ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. Түрлердің және формалардың ұқсастығы олардың жақындығымен /туыстығымен/, ал оданда жиірек адаптациялық конвергенциясымен қамтамасыз етіледі. Соның салдарынан бір экобиоморфаға жататын түрлердің популяциялары биоценоздың құрылысын түзуде бір бағытта ұқсас қызметтер атқарады /заттар және энергия тасымалдауда, биоценотикалық ортаны жасауда тағы с.с./. Экобиоморфа – бұл биоморфа және экоморфаның бірлігі. Кәбінесе биоморфа /гректің bios – өмір және morphe – форма/ түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы. Биоморфаның ерекше тобына мысалы, қыналар, мүктер, плаундар, папоротниктер жатады. Күрделі жоғары сатыдағы/ өсімдіктердің ішінде негізгі биоморфаларға ағаштар, бұталар, бұташалар, шөптер жатады. Фитоценоздар әдетте әртүрлі экобиоморфтарға жататын түрлерден тұрады. Бұл фитоценоздың құрылуының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамының біркелкі еместігі ормандарда айқын көрінеді. Үйткені орман фитоценоздарының құрамына ағаштардан басқа бұталар, бұташалар, шөптер, мүктер, қыналар және балдырлар кіреді. Сонымен бірге көптеген орман типтерінде жоғарыда аты аталған тіршілік формаларының әрқайсысы өз кезегінде бірнеше экобиоморфалардан тұрады /мәңгіжасыл қылқанжапырақтылар, жапырағы түсетін ағаштар және тағы с.с./.

4.Флораның типтері Флора (латынша flora — Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы, Солтүстік жарты шардың қоңыржай салқын аймағының флорада тал, қияқөлең, қоңырбас, сарғалдақ, т.б., ал қылқан жапырақтылардан: қарағай, кипарис, т.б. тән болса, өсімдіктер бірлестігінде — тундралық, тайгалық, далалық, т.б. өсімдіктер қауымдастығы кең тараған. Флораның тарихи дамуы түр түзілу процестерімен, бір түрді екінші түрдің ығыстыруымен, өсімдіктердің миграциясымен және түрлердің жойылуымен тығыз байланысты.Әр Флораның өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері бар. Оған: Флораны құрайтын түрлердің сан алуандығы (Флораның байлығы), жасы, автохондық және эндемизм деңгейі, т.б. жатады. Флораның өзара айырмашылығы ең алдымен әр өңірдің геология тарихына, орография, климаттық жағдайларына және топырағының құнарлылығына байланысты. Аумақтық деңгейіне қарай: Жер Флорасы (500 мыңға жуық түр, оның ішінде 330 мыңға жуығы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер: гүлді өсімдіктер, ашық тұқымдылар, споралылар), жекелеген құрлықтар мен олардың бөліктерінің Флорасы, аралдық Флолалар, тау жүйелерінің Флорасы, сондай-ақ мемлекеттер мен жекелеген әкімшілік аудандардың Флорасы болып ажыратылады. Сонымен қатар, жекеленген жүйелік Флора, топтардың Флорасы, т.б. бар. Мыс., балдырлар Флорасы, мүктер Флорасы, т.б. Флораны зерттейтін ғылым саласы — флористика деп аталады. Қандай да бір Флораны зерттеу оның аумағындағы түрлер мен туыстардың құрамын анықтаудан басталады. География таралуына ұқсас түрлер Флораның географиялық элементін (геоэлемент) құрайды, кейбір зерттеушілер геоэлемент терминінің орнына ареалдар типі (тропик., бореалдық, голарктик., палеоарктик., т.б.) деген атауды қолданады.

5.Фаунаның типтері

6.Ареал туралы түсінік жайында баяндаңыз Ареал — (лат. area – алаң, кеңістік) – өсімдіктер мен жануарлар түрінің, туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы таралған аймағы; берілген таксон таралып және оның дамуынын толық циклі өтетеін жердің немесе теңіздің беті (түр, топ, қатар және т.б.). Ареал онда ағзалар соның бойымен немесе бірқалыпты орналасса ол тұтас болады, егер ағзалардың таралуы екі немесе бірнеше бір-бірінен оқшауланған аймақтармен шектелсе онда бөлінген болады. Ареалдар космополитті олар жер шарының көптеген аумағын алып жатыр. Өсімдіктердің эндемикалық түрлері осыларға қарама кайшы келетін жіңішке ареалдар бөледі; жер бетінде қандай да бір табиғи құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері және тағы да басқалары) таралған атырабы[1]; физикалық және қоғамдық географияда қолданылатын ұғым. Мысалы, биогеографияда Ареал — тірі организм топтарының (түрдің, туыстың және тағы да басқалары), экономикалық географияда — әр ауыл шаруашылығы да немесе өнеркәсіп саласының таралған атырабы және тағы да басқалары

8.Флористикалық облыстар туралы ФЛОРИСТИКАЛЫҚ АУДАНДАУ — Жер бетін эндемик таксондардың құрамы, флорасының қалыптасуы, тарихы мен даму ерекшелігі бойынша өңірлерге бөлу. Флористика аудандау иерархиялық қағида бойынша құрылып, бір-біріне бағынышты, деңгейі әр түрлі кеңістік бірліктерге (фитохориялар) — патшалықтар, облыстар, провинциялар, округтерге, т.б. бөлінеді. Флористика аудандаудың негізі өсімдіктердің әр түрлі жүйелік топтарының (әдетте жақсы зерттелген гүлді өсімдіктер мен қырыққұлақтәрізділер) миграция мен география оқшаулануы нәтижесіндегі таралуын салыстырмалы зерттеу болып табылады. Флористика аудандау бірлігінің деңгейі қаншалықты жоғары болса, оларға тән таксондардың да дәрежесі жоғары болады. Мыс., флористик. патшалыққа эндемик тұқымдас тармақтары, трибалар; провинциялар үшін — эндемик туыстар; округ үшін — эндемик түрлер тән. Патшалықтар, облыстар және провинциялар арасындағы шекараны анықтауда — флораны статист. талдау нәтижелерінің, осы аумақтың палеогрия сипаттамалары (негізінен бор кезеңінен бастап) есебінің, сонымен қатар, Флористика аудандаудың геоботаника және ландшафттық ауданмен өзара байланысты болуының маңызы зор. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар, оның ішінде орыс ғалымы А.Л. Тахтаджян құрлықтағы флораны 6 патшалыққа, 34 — 37 облысқа, 150-ге жуық провинцияға бөледі (1974, 1978). Кейбір зерттеушілер барлық мұхиттарды 7 мұхиттық ерекше патшалыққа бөліп қарастыруды ұсынады. Флористик. патшалықтардың орналасуында мынадай заңдылықтар байқалады: оңтүстікке қарай олардың жер ауқымы кішірейіп, бөлшектену деңгейі жоғарылай бастайды. Солтүстік жарты шардың тропиктерден тыс бөлігінің барлығы Голарктика патшалықты құрайды, Жердің тропик. және кейбір субтропик. аудандары — Палеотропик. және Неотропик патшалықтарға жатады, Оңтүстік жарты шардың басқа бөлігі 3 патшалыққа бөлінеді: Кап, Австралиялық және Голантарктик. Мұндай бөліну — Жердің даму тарихы және онымен байланысты флоралардың даму тарихының көрінісі. Флористика аудандау арқылы Жердің өсімдіктер дүниесі генофондының география орналасуы анық көрінеді, сондықтан ол әр түрлі биомдардың флорасын қорғаудың теория негізі болып табылады. Қазақстанның иерархиялық қағида бойынша дайындалған Флористика аудандау жобасы бар. Қазақстан Голарктика патшалықта орналасып, Бореалдық және Ежелгі жерортатеңіздік 2 тармаққа бөлінген. Қазақстан аумағы 3 флористиктік облысқа (Далалық Қазақстан, Шөлдік Қазақстан, Таулы Қазақстан), 10 провинцияға (Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Тұран, Оңтүстік Тұран, Жоңғар Алатау Зайсан, Алтай, Сауыр — Тарбағатай), 54 — 58 (60) округке бөлінеді; қ. Қазақстанның флористикалық аудандау картасы.

9.Голарктикалық облыс осімдіктері мен жануарларын сипаттаныз Голарктикалық облыстан оңтүстікке қарай екі тропиканың арасында (аздап Рак тропикасының солтүстігіне және Козерог тропикасының оңтүстігіне енеді) шығыс жарты шарда — палеотропикалық, ал батыс жарты шарда неотропикалық облыстар жатады.

10.Неотропикалық облысты сипаттаныз Неотропикалық (Меігорһ) облыс Орталық жөне Оңтүстік Американы (континенттің қиыр оңтүстігінен, Чили мен Патагониядан басқа жерлерде), Флорида жартылай түбегінің оңтүстік бөлігін, Антиль аралдарын алып жатады. Флоралық жағынан алып қарағанда бұл ең ертеде пайда болған жөне өзіңдік ерекшелігі бар облыс. Оның көлеміңде 1800-дей түрі бар кактустар тұқымдасының; пальмаларға жақын цикланталар тұқымдасының); сонымен бірге пальмалардың бірнеше туыстарының, оның ішіңде кокос пальмасының (Сосоз туысы) ареалдары жатады. Бұл жерде хин ағашының (Сіпсһопа туысы) 40 түрі және рияндар тұқымдасының (мареновые ) туыстары таралған. Тропикалық ормандарға өртүрлі эпифиттер ерекше сән береді. Олардың біреулері бромелилер тұқымдасына (Вготеііасеае), екіншілері — сүйсіндер тұқымдасына жатады. Бромелилер тек Американың ылғалды тропикалық ормандарына тән. Сүйсіңдер (архидные) бұл жерде ерекше кең таралған. Кейбір туыстары тек тропикалық Америкада кездеседі.Австралия облысы оңтүстік жарты шардың үш тропикаға жатпайтын облыстарының ішіңдегі ең үлкені. Ол Австралияны түгелдей дерлік және Тасмания аралын алып жатады. Бұл жерде шамамен 10 мыңдай жабық тұқымды өсімдіктердің түрлері кездеседі, олардың 8 мыңдайы эндемдік түрлер. Көп тараған тұқымдастарына: бұшақтар тұқымдасы, мирталар тұқымдасы астра гүлділер тұқымдасы қияқөлеңдер тұқымдасы, қоңырбастар тұқымдасы жатады. Тұқымдастардың тұтастай бір қатары тек Австралияға ғана төн. 300-дей түрді папоротник тәрізділер түзеді. Келесі флористикалық облыстағы секілді, бұл жерде өсімдіктер қауымдастықтарының ксерофитті типтері қалыптасқан жөне олар негізінен басым болып келеді.

11.Кап облысында кездесетін өсімдіктерге жататындарды сипаттаңыз Кап (Сарепт) облысы — ең кішкентай флоралық облыс, ол Африканың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан (Қызғылт өзеннен оңтүстікке қарай және шығыста Айдаһар тауына дейін). Осы аздаған территорияда жоғары сатыдағы өсімдіктердің көптеген түрлері кездеседі (15 мыңдай). Олардың 3 мыңнан астамы эндемдер болып келеді. Салыстыру мақсатында айта кеткен жөн, Евразия континентінің көптеген территориясын алып жатқан БОР-дың өзіңде бары-жоғы 19 мыңдай-ақ жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлері өседі. Антарктикалык, флоралык облыс Оңтүстік Американың оңтүстік-батыс шетінде, Отты Жерде, Фолкленд аралдарында, сонымен бірге Тристанда-Кунья, Кембелла аралдарында және т.б. Осыған дейінгі екі флоралық облыстарға керісінше бүл жерде ормаңдар басым болып келеді, ал ашық жерлерді — мүкті тундра алып жатады. Антарктикалық ормандардың флорасы түрлерінің саны жағынан бай болмайды. Мұнда 2 мыңдай өсімдіктердің түрлері өседі, олардың 75% эндемдер болып келеді. Антарктика аралдарының флорасы өте кедей болады. Олардың кейбіреулеріңде жабық тұқымды өсімдіктердің бары-жоғы 20—25-тей ғана түрі өседі. Споралы өсімдіктер айқын басым болып келеді. Оңтүстік еңдікте 62°-тан жоғары тек мүк тәрізділер, қыналар жөне балдырлар өседі.Полыпа ботаник-географы В.Шафер жетінші — жерорта теңізі (Мешіеггагш) флоралық облысын бөледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]