Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методика даристер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.48 Кб
Скачать

Дәрістік материал

Дәріс 1

Кіріспе. Экологияны әдістемесі ғылым ретінде. ЭОӘ - пәні және мақсаттары. Оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланасы. Орта мектептегі биологияны оқудың білім беру және тәрбиелік маңызы.

Дәріс 2

Экология әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері. Биологиялық білімдердің адм өміріндегі алатын орны. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша ғылыми негіздер және ғылыми зерттеулер негіздері. Принциптер: жүйелілк, теория және практика байланысы, көрнекілік, тиімділік және т.б.

Дәріс 3

Әдістемелік ғылымныңнегізгі мәселелерін шешуге түсініктердің дамуының тигізетін әсері.

Дәріс 4

Сабақтың дидактикалық - әдістемелік құрылымы. Сабақ экологияны оқытудың негізгі формасы. Сабақты дайындауға өткізуге деген бүгінгі күнгі талаптар. Сабақтың құрылымы.

Дәріс 5

Экологияны оқыту қаражаттары. Көрнекілік қаражаттардың жіктелуі. Экологиялық түсініктерді меңгеруге оқытудың табиғи қаражаттарын қолданудың тигізетін әсері. Оқушылардыңдамуы мен тәрбиелеуіндегі көрнекіліктердің атқаратын ролі.

Дәріс 6

Экологияны оқыту әдістері және әдістемелік тәсілдері. Әдістер туралы түсініктер және олардың жіктелуі. Оқыту әдістерінің білім бастауы және мұғалім мен оқушы әрекетіне байланысты мінезделуі. Аузша, көрнекілік және тәжірибелек оқыту әдістемелеріне мінездеме. Әдістемелік тәсілдер. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдердің дамуы мен үйлесуі.

Дәріс 7

Экологияда оқыту жұмыстарының құрылымы және ұйымдастыру формалары. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Экология сабақтарының типтері және түрлері, олардың құрылымы. Зертханалық жұмыстар, экскурсиялар, сыныптан тыс үй жұмысы, олардың байланысы.

Дәріс 8

Дәстүрлік сабақтың құрылысы. Дәстүрлік сабақ оқыту процессінің ұйымдастыру формасы ретінде. Бүгінгі күнгі сабақтың құрылымына, дайындалуына, ұйымдастырылуына және өткізілуіне қойылатын талаптар жүйесі. Бүгінгі күн сабағының өткізу техникасы.

Дәріс 9

Бүгінгі күн сабағының құрылымы. Бүгінгі күн сабағы - оқыту процессінің ұйымдастыру формасы ретінде. Бүгінгі күнгі сабақтың құрылымына, дайындалуына, ұйымдастырылуына және өткізілуіне қойылатын талаптар жүйесі. Бүгінгі күн сабағының өткізу техникасы.

Дәріс 10

Әрекеттік негізіне байланысты сабақ құрылымы. Әрекеттік негізіне байланысты сабақ - оқыту процессінің ұйымдастыру формасы ретінде. Бүгінгі күнгі сабақтың құрылымына, дайындалуына, ұйымдастырылуына және өткізілуіне қойылатын талаптар жүйесі. Бүгінгі күн сабағының өткізу техникасы.

Дәріс11

Оқыту сапасын бағалау жүйесі және бақылау. Білімді бақылау түрлері. Білімді жазбаша және аызша бақылау формалары.

Дәріс 12

Білім беру жүйелері және педагогикалық технологиялар.

Эоә бойынша практикалық жұмыстардың тақырыптары

Тақырып 1 ЭОӘ пәні. Мектептегі биологиялық білімнің ролі.

ЭОӘ -педегогикалық ғылым. ЭОӘ басқа ғылымдармен байланысы. ЭОӘ мәмелелері. Еліміздің жаратылыстану әдістемесінің дамуындағы негізгі этаптары мен бағыттары.

Тақырып 2 Экология курсындағы түсініктердің даму теориясы.

Түсініктердің даму теориясы. Түсініктердің пайда болу жағдайлары. Түсініктерді дамыту әдістемесі. Дағдылар мен икемдердің түсініктердің қалыптасуына байланысты дамуы. Қайталаулар жүйесі. Әдістемелік негізгі мәселелерін шешуге байланысты түсініктердің дамуының тигізетін әсері.

Тақырып 3 Экологияны оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу.

Экологияны оқутуда идеялық бағыттылығы. Табиғат құбылыстарын оқытуға жол беруші пәндерді оқытуға : әлемнің материалдығы, тірі организмдердің жасушадан тұратындылығы. Еңбек мәдениетін және ойлауды тәрбиелеу, Патриоттылық, эстетика, мәдениеттілік, Табиғатты қорғаушылық тәрбие.

Тақырып 4 Экология кабинеті. Экскурсиялар.

экология кабинетіне және басқа оқу жабдықтануларға қойылатын талаптар. Сынып, зерханалық бөлме, табиғат бұрышы. Оқу зертханалық құралдарды сақтау. Экскустық құралдар. Жасанды және табиғи материалдардан оқу құралдарын өзіндік жасау. Тірі және табиғи құралдары. Мектепті және сыныпты көгалдандыру.

Тақырып 5 Өсімдіктердің экологиялық топтары курсына дидактикалық талдау

Орта мектептерге арналған оқулық пен бағдарламаға әдістемелік талдау. Жылдық, тақырыптық, сабақ жоспарларын талдау. Морфологиялық мазмұны бар сабақтардың әдістемесі. Таратылатын материалдармен оқушылырдың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Қосымша көрнекілік құралдар, оларды қолдану әдістемесі. Анатомиялық мазмұны бар сабақтардың әдістемесі. Қарапайым микропрепараттарды дайындау. Тақырыптың физиологиялық мазмұны бар сабақтардың әдістемесі.

Тақырып 6 Өсімдік организмінде өтетін физиологиялық процестерді оқыту сабақтарының әдістемесі

Экологиялық эксперименттерді сабақта қолданудың әртүрлі әдістемесі. Мектеп экспериментінің техникасымен қолдану әдістемесімен меңгеру бойынша практикалық жұмыстар (өркеннің қоректенуі, өсіп келе жатқан тұқымның тыныс алуы, фотосинтезді анықтау).

Сынып жетекшісінің жұмысы:

Сынақтан өтуші жас маман жетекшісінің жұмысын атқаруға міндетті.

Бұл үшін сынақтан өтуші:

  • Сыныптың құрамын (құжаттарды,ата-аналар құрамын және т.б,)

және оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп,сыныптың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастырып,оны өз жетекшісіне ұсынады.

  • Сыныптың құрамын зерттеу негізінде мұғалімдер мен ата-аналардың тарапынан оқушыларға деген бірегей педагогикалық талапты қамтамасыз етеді.

  • Психологиялық және педагогикалық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып балалар ұжымын ұйымдастырады,оқушылардың шығармашылығын,белсенділігін,ынтымақтығын арттырады.

  • Топтардың жиналысына қатысып,сынып жиналыстарын өткізеді

  • Оқушылардың денсаулығын нығайтып және мәдени ой-өрісін кеңейту үшін(театрға,мұражайға,көрмелерге орманға серуендеуге т.б.)іс-шараларын ұйымдастырады.

  • Оқушылардың қоғамға пайдалы еңбегінің(оқушылардың өндірістік бригадалары қызметіне,студенттік құрылыс жұмыстарына қатысуын,аудандық,қалалық көлемдегі іс- шараларға)түрлі нысандарын ұйымдастырады.

  • Оқушылар арасында кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырып,өзі де тікелей қатысады.

  • Оқушылардың ата-аналармен жұмыс жасап олармен байланыста болады,ата аналар жиналысын өткізеді,ата-аналарға арнап педагогикалық тақырыптарда дәрістер оқиды.

Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер

1. Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз

2. Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз

3. Оқу материалын талдаңыз

4. Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз.Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар деген сауалға жауап беріңіз.

5. Сынып ұжымын,жеке оқушыларды елестетіңіз,олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.

6. Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап алыңыз.

7. Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып,сабақтағы өзіңіздің іс-әрекеттеріңізді анықтаңыз.

8. Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.

9. Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.

10.Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.

11.Өзіңізді тексеріңіз.

а/сабақта қандай деректер, жалпы түсініктер,себеп-салдарлық байланыстар болу керек;

ә/берілген сабақта қандай білім қалыптасады;

б/қандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және эстетикалық бағалауларды қалыптасады;

в/берілген материалды оку барысында окушылардың бойында қандай сезім-күй тудыру керек.

1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын жиһаздын дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін,

ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.

Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық окушының ұйымдаса карсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жугіртіп, әсіресе тәртібі нашар окушыларға міндетті түрде көз салыңыз. Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз.

2.Сынып журналынан өз пәніңізді іздесуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты калдыруға үйретіңіз.

3.Сабақты батыл бастаңыз. Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді ? деген сұрақты қоймаңыз. Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күнделікті іс сияқы қылып көрсету мүмкін. Сабақ балалрдың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік – тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.

4.Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылып, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз. Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз. Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.

5.Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.

6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетімен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс керектегіне нұсқау беріп,аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауакершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйретеді.

7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының білімін объективті түрде бағалаңыз.

8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз,дегенменде бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауда жиі қайталамауға тырысыңыз.

9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз. Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.

10. Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.

11. Басқалардың көмегіне сүйеңбеніз. Педагогикалық практикада тәртіпке шақыру – мұғалімінің пайдасына шешілмейтін ескертіңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.

12. Сыныптын бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.

13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.

14. Н.А.Добролюбованың ”Оқушылардың көз алдында ақталған мұғалім- бұл әділ мұғалім” деген сөзін есте сақтаңыз.