Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сит.задачи каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.9 Кб
Скачать

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

КЕЗЕҢ №2

Есеп №1

Науқас 23 жаста, слесарь, завод жатақханасында тұрады, завод асханасында тамақтанады. Ауруы бір апта алдын басталған. Алғашқы 1-2-ші күні қызбасы 39-39,50С көтерілген.

Объектвиті: науқастың жалпы жағдайы орта ауырлықта, қызбасы 37-37,20С. жұмсақ таңдай, тіл асты кілегей қабытың үсті түсі тері жамылғылары сарғайған. Пульс 54 рет 1 минутына, АҚ 90/60 мм сын.бағ. Жүрек тондары әлсіреген, өкпе жағынан патологиялық өзгерістер жоқ.

Іш жұмсақ, оң жақ қабырға астында сәл ауырғандық бар. Бауыр қабырға иенінен 2 см түскен. Талақ қабырға иені қырынан пальпацияланады. Зәр түсі «қою қайнатылған шай».

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.

  4. Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.

  5. Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.

Жауап №1

  1. Вирусты гепатит А, типтік сарғаю түрі, орта ауырлық дәрежесі.

  2. а) ЖҚА, ЖЗА, копрология. Биохимия: билирубин, АЛаТ, АСаТ, холестерин, сілтілі фосфатаза, протромбинді индекс, тимол сынамасы, сулема сынамасы.

б) ИФА әдісімен вирусты гепатиттердің маркерлері.

в) УЗИ кұрсақ қуысына.

  1. Базистік терапия.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. Абуова Г.Н.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

КЕЗЕҢ №2

Есеп №2

Науқас 38 жаста. Қалада өмір сүреді. 4-5 айдан соң ауырып қалды. Фибриома операциясынан кейін. Операция кезінде қан құйылған соңғы жылдарда әлсіздік сезініп жүр, тізе, шынтақ, бел буындарында ауырғандық, тәбеті төмен, жүрегі айниды.

Қарағанда температурасы 37,50С, тері жамылғысы, склерасы сарғыштанған, аздаған тырналған іздері. Тілінде жамылғысы бар, бауыры тығыз консистенциялы, пальпациядада 4 см қабырға доғасынан орналасқан. Талағы ұлғаймаған, кіші дәреті қара түсті, үлкен дәреті түссізденген.

Қан анализі: лейкоциты – 4,5 х 109/л, Эоз – 2%, тяқша тәрізділер – 1%, сегмент тәрізділер – 41%, лимфоциттер – 41%, моноциттер – 9%, СОЭ – 9 мл/сағ, жалпы билирубин: 87,5 мкмоль/тікелей 45,00 мкмоль/л, тимол сынамасы – 7 бірлікте, Сулена сынамасы – 1,5 мл, АЛТ – 13,5 мкмоль/л.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.

  4. Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.

  5. Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.

Жауап №2

  1. Жедел вирусты гепатит В, типтік сарғаю түрі, орта ауырлық дәрежесі.

  2. а) ЖҚА, ЖЗА, копрология. Биохимия: билирубин, АЛаТ, АСаТ, холестерин, сілтілі фосфатаза, протромбинді индекс, тимол сынамасы, сулема сынамасы.

б) ИФА әдісімен вирусты гепатиттердің маркерлері.

в) УЗИ кұрсақ қуысына.

  1. Базистік терапия.

Дезинтоксикациялық ем, гепатопротекторлар, спазмолитиктер, өт айдайтын препараттар, витаминдер.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. Абуова Г.Н.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

КЕЗЕҢ №2

ЕСЕП№3

Науқас С., 34 жаста, инженер, эпигастрий аймағында аздаған ауырсынусезімі, жүрек айну,тәбетінің төмендеу, жалпы әлсіздік, денесінің қақсауына шағымданады. Дәрігерге қаралған, диагноз – гастрит, холецистит қойылған. Үш күннен кейін зәрінің қараюын байқап, емханаға қаралады. Дуаденальді зондтау жүргізіледі – алынған өттің құрамы патологиялық өзгеріссіз. Келесі күндері жағдайы өзгеріссіз, тек екі рет құсу болған. Ауруының 20-шы күнінде науқас осыдан 3 жыл бұрын жатырдан қан кету себебінен қан құйылғанын есіне түсірді. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына госпитализацияланады. Ауруханада алғышқы күннен бастап тері және склерада жеңіл сарғаю белгілері, көкірек терісінде біреу – сараң телеангиэктазазиялар, анық емес пальмаларды эритем, бауырдың 2-3 см ұлғаюы, брадикардия (1мин 60 рет) анықталады. Барлық уақытта билирубин деңгейі 47,1 мкмоль/л аспаған, АЛТ активтілігі 268; 342; 231; 148 білікте (зерттеу динамикасында). Қанда anti HCV IgM табылған.

  1. Сіздің диагнозыңыз?

  2. Зерттеу жоспары?

  3. Емдеу жоспары?

Жауап №3

  1. Дs: Созылмалы вирусты гепатит С, репликативті сатысы, айқын активтілік дәрежесі.

  2. А) жқа, жза, копрология. Биохимия: билирубин, аЛаТ, аСаТ, холестерин, сілтілі фосфатаза, протромбинді индекс, тимол сынамасы, сулема сынамасы.

б) ИФА әдісімен вирусты гепатиттердің маркерлері.

в) УЗИ кұрсақ қуысына.

3. Емі: Төсектік режим, №5 диета. Вирусқа қарсы препараттар: интрон немесе роферон 3

млн. ЕД тері астына 3 рет аптасына, емдік курс – 3-6-9 ай.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. Абуова Г.Н.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

КЕЗЕҢ №2

Есеп № 4

Науқас М., 16 жаста, ПТУ оқушысы. Ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті. Жедел басталды, тоңып қалтырау, температурасы 39,3С, басы ауырды. Парацетомол 1 таб. Ішкен, 3 рет құсқан.

Түскендегі шағымдары: басының бірден ауырсынуы жағдайы ауыр, әлсізденген. Бас ауруынан ыңыранады, температурасы 39,3С, бөртпелер жоқ. Қабылдау бөлмесінде құсқан. Жүрек тондары айқын, таза. Пульсі минутына 90 АҚ – 130/95. Іші жұмсақ, ауырмайды. Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі бар және Кернинг симптомы екі жағынан оң мәнді.

Қан анализі: эр.- 4,2 х 10 12/л Нв – 150 г/л, реңдік көрсеткіш – 0,9 л лейкоциттер 23 х 10 12/л ЭТЖ – 003-30 мм/сағ.