Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия жауап сонгы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
402.94 Кб
Скачать

51.Екі және одан көп гетероатомы бар гетероциклдер.

Алкалоидтар. Никотин, оның туындылары. Пуриндік алкоидтар. Алкалоидтар- құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеті бар. Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөлініп шығарылған. Көбісі жабық тұқымдылар арасында кең таралған. Алкалоид молекуласына C, H, N, атомдарынан басқа S, Cl, Br атомдары болуы мүмкін. Алынатын зат атауының түбіріне «ин» жалғауы жалғанады. Жіктелімі молекуланың көміртек-азотты құрылымына негізделген. Туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Мысалы, морфин, эфедрин, атропин, папаверин. Никотин- өсімдіктердің Solanaceae тобында кездесетін алкалоид. Көбіне темекіде, аз мөлшерде қызанақта, картопта, кәдіде болады. Никотин биосинтезі- тамырда, жиналуы- жапырақта жүреді. Ол қатты әсер ететін күші бар нейротоксин және кардиотоксин. Қазірге дейін инсектицид есебінде қолданылды. Никотин- жағымсыз иісі бар сумен оңай араласатын ылғал тартқыш, ащы дәмі бар, майлы зат. Амин ретінде никотин қышқылдармен әрекеттесіп қатты, суда ерігіш заттар түзеді. Тері арқылы денеге оңай кіреді. Тотығып PP витаминін оңай түзеді. Орта есеппен 7 секунд оның миға жетуіне жеткілікті. Пуриндік алкалоид тобына кофеин, теобромин, теофиллин жатады. Олар ксинтиннің метилденген туындылары. Кофеин және теобромин шоколад құрамында, теофиллин демікпе, пневмония, бронхитке қарсы дәрі ретінде қолданылады.

53.Пириминді және пуринді азотты негіздер.

54.Рибо- және дезоксирибонуклеозидтер. Құрылысы, номенклатурасы, гидролизі.

Нуклеозидтер- көмірсу және азоттық негіздің қалдықтарынан құралады. Көмірсулы компоненттің табиғатына байланысты 2-ге бөлінеді. Рибонуклеозидтер- азоттық негізден, β-рибофуранозаның қалдығынан құралған гликозидтер. Рибонуклеозидтерді атау үшін азоттық негіздің атына пириминді болса-идин, пуринді болса-озин жалғауы жалғанады. Мұндай нуклеозидтерге уридин, цитидин, аденозин, гуанозин жатады. Дезоксирибонуклеозидтер- азоттық негізден және β-дезоксирибофуранозадан құралған гликозидтер. Оларды атау үшін азоттық негіздің атына пириминді болса-идин, пуринді болса-озин жалғауы жалғанып, алдына дезокси- жұрнағы қосылады. Мұндай нуклеозидтерге дезокситимидин, дезоксицитидин, дезокиаденозин жатады. N- гликозидтерге жататын нуклеозидтер қышқылдық ортада жақсы гидролизденеді де, әлсіз сілтілік ортада тұрақты болады. Пуринділер оңай, пириминділер қиындау гидролизденеді.кейбір жасушада кездесетін нуклеозидтердің антибиотикалық қассиеті болады, сол себепті антиметаболиттердің ролін атқарады.

55.Нуклеозидтердің моно-, ди-, трифосфаттары. АМФ, АДФ, АТФ. Аденозимонофосфат(АМФ) айналымдық нуклеотид. Организмдегі маңызды биологиялық реттегіш. Рибонуклеин қышқылын құрайды. Аденозидифосфат(АДФ) -аденозин және фосфор қышқылының 2 қалдығынан тұратын нуклеотид. Органикалық заттардың тотығуы нәтежиесінде бөлінген бос химиялық қуатты пайдаланып, бейорганикалық фосфаттпен фосфорлану реакциясына түсіп, АТФ-ті түзеді. Фосфорлану реакциясы- митохондрияда жүреді. Аденозитрифосфат (АТФ) - организм жасушаларындағы биологиялық түзілу процестеріне және жасушалардың белсенді қимылына қажет химиялық энергиямен қамтамасыз ететін , артық энергияны жинақтайтын күрделі қосылыс. АДФ молекуласы АТФ түзілуі үшін қажетті бастапқы субстанция болып табылады. Адениннің 3 фосфатты эфирі АТФ, басқа нуклеотидтерге қарағанда, энергияның жүздеген дербес жасушаішілік реакциялардың арасында тасымалдануына жиірек қатысады. АТФ-тің реакцияға қабілетті және оңай гидролизденетін 2 шеткі фосфаттық тобы қоректік заттардың тотығу барысында ковалентті байланыстар түзеді.

56.ДНҚ және РНҚ-ның нуклеотидтік құрамы. Нуклеин қышқылдарының гидролизі. Нуклеин қышқылы барлық тірі ағзалардың жасушаларындағы генетикалық ақпаратты тасушы болып есептеледі. Олар күрделі биополимерлер, ал мономері- нуклеотидтер. әр нуклеотид 3 компоненттен тұрады: пентоза, фосфор қышқылының қалдығы, азоттық негіздер. ДНҚ-ның нуклеотид құрамы: азоттық негіздері -аденин, гуанин, тимин, цитозин, монаосахарид түрі- дезоксирибоза, фосфор қышқылы қалдығы. ДНҚ бір-біріне комплементарлы 2 тізбектен тұрады. ДНҚ 2 спиральді тізбектен тұрады, егер 1 тізбекте орналасқан азоттық негіздер белгілі болса, 2-тізбектегі азоттық негіздерді комплементарлық принциппен анықтауға болады. Негізгі тізбек фосфор қфшқылының қалдығы және дезоксирибозадан құралған. Азотты негіздер активтілігі өте жоғары атомдар тобын көрсетеді. РНҚ-ның нуклеотид құрамы: азоттық негіздердің түрлері- урацил, аденин, цитозин, гуанин; моносахарид түрі- рибоза, фосфор қышқылының қалдығы. Жекеленген рибонуклеотидтердің арасындағы байланыс күрделі эфирлік жалғасулар арқылы орындалады. Негізгі тізбекте фосфор қышқылы мен рибоза қалдығы орналасады. Ал азоттық негіздер жоғары жоғары химиялық белсенділік көрсететін «бүйірлік» атомдар тобын құрайды. Нуклеин қышқылының толық емес гидролизі нәтежиесінде нуклеотидтер түзіледі. Ал нуклеотидтер оданәрі гидролизденсе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді. ДНҚ мен РНҚ құрамының айырмашылығы- нуклеин қышқылын толық гидролиздеу арқылы анықталады.

57.ДНҚ-ның 1-, 2-, 3-, 4-лік құрылысы. ДНҚ-ның биологиялық функциясындағы комплементарлық әсерлердің ролі.

58.Липидтер және олардың жіктелуі. Сабынданатын липидтер. Липидтер бүкіл тірі жасушалардың құрамына енетін, майдан және май тәрізді заттардан тұратын, суда ерімейтін, полюстілігі төмен органикалық заттар тобы. Липидтер қуат көзі. Липидтер тірі ағзалардың ішкі органдарының мөлшері мен сапалы әрқашан бір қалыпты және тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Бұны гомеостаз деп атайды. Липидтер жасушада бос күйінде емес, ақуыздармен комплекс түрінде кездеседі. Сондықтан оларды липопротеиндер дейді. Олардың физикалық-химиялық қасиеті құрамындағы май қышқылына байланысты. Май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болып 2-ге бөлінеді.Гидролиздену қабілетіне байланысты сабындалатын (2-3 компоненттен тұрады, оңай гидролизденеді) және сабындалмайтын (1 компоненттен тұрады, гидролизге ұшырамайды) болып 2-ге бөлінеді. Сабындар жоғары карбон қышқылдарының тұздары болып табылады. Мысалы, натрийлі тұздар қатты, ал калийлі тұздар сұйық сабындарды түзеді. Майлардың гидролизденуі маңызды, ол қайтымды процесс. Сілтілердің қатысуымен бір бағытта жүріп сабын алынады. Фосфолипидтердің биосинтез кезіндегі негізгі аралық өнімі- фосфотид қышқылы. Ол глицериннің жоғары майлы қышқылдың 2 молекуласынан және фосфор қышқылынан тұрады.

59.Сабынданбайтын липидтер. Терпендер және стероидтар. Стероидтардың биологиялық ролі. Изопрен фрагменттерінен түзілген қосылыстарды изопреноидтар деп атайды. Изопреноидтардың туындысы терпендер кейбір көмірсутектерден, құрамында оттегі бар спирттердің, альдегидтердің, кетондардың туындыларынан және 2,3 одан да көп изопрен буындарынан құралады. Терпендердің ең маңызды тобы А,Е,К витаминдері жатады. Е,К витаминдері құрамы бойынша убихиноиндарға ұқсас. Олар липидтермен жасуша мембраналарында тотығу- тотықсыздану процестеріне қатысуымен қатар электрондарды тасымалдайды. Стероидтар табиғатта ең көп таралған. Ағзада атқаратын қызметі әртүрлі, құрылыстары циклді болып келеді. Стероидтардың жалпы қаңқасы стеран циклопентан және пергидрофенантрен ядроларынан құралған. Стероидтық спирттердің, яғни стериндердің не стеролдардың А сақинасында ОН тобы болады. Ол ең маңызды қосылыстарда (холестерин, өт қышқылдары, гормондар) кездеседі. Стероидтардың медицинада, ветеринарияда, мал шаруашылығында маңызы үлкен болғандықтан, ол кең зерттелуде. өнеркәсіп жағдайында синтез жолымен алу әдісі игерілді. Стероид сапониндері мен стероид гликоалкалоидтарының агликондары, лалагүл, сабынкөк алқа тұқымдастарына тән және бұлар гликозидтер түрінде әсер етеді. Стероидтардың барлық түрі дерлік кристалл заттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]