Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия жауап сонгы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
402.94 Кб
Скачать

29.Электрофорез, электроосмос, медицинада қолданылуы.

Электроосмос-сұйықтың капиллярлар арқылы қозғалуы. Электроосмос-электрокинетикалық құбылыстардың негізгілерінің бірі. Электроосмос құбылысын 1-болып 1807 ж Мәскеу университетінің профессоры Ф.Ф.Рейсс ашқан. Электроосмос құбылысы физиологиялық эксперименттерде жеке жасуша ішіне микроэлектрод арқылы заттардың өтуінде қолданылады. Электроосмос гидротехникалық құрылыста және транспорт магистралдарын құруда артық суды шығаруда, торфты құрытуда, суды таартуда, техникалық сұйықтарда пайдаланылады.

30.Ірі дисперсті жүйелер, аэрозольдер, суспензия, эмульсия.

Аэрозоль [1] (немісше: sol — ерітінді) — газды ортада (ауада) қалықтаған сұйық не қатты бөлшектерден тұратын дисперстік жүйелер. Терминді алғаш 1945 жылы ағылшын химигі Ф.Дж. Доннан енгізген.

Аэрозоль - шашырату жүйесінің газдық ортада өлшенген жағдайда болатын сұйық тамшысы немесе қатты дененің бөлшегінен тұрады.[2]

Аэрозольдің мөлшері оның массасы мен бөлшек саны бойынша анықталады. Олардың сұйық бөлшегінің радиусы 10-5 — 10-1 см, ал қатты бөлшектерінікі 10-8 — 10-3 см болады. Аэрозоль дисперстену (ірі бөлшектердің ұсағырақ бөлшектерге айналуы, мысалы, шахта шаң-тозаңы) және конденсаттану (ұсақ бөлшектердің ірірек бөлшектерге бірігуі, мысалы, тұманнан бұлт пайда болуы) салдарынан түзіледі.

Дисперстену жолмен көбінде полидисперстік және тұрпайы дисперстік аэрозоль түзіледі, ал жоғары дисперстік және біртекті (монодисперстік) аэрозоль конденсаттану арқылы алынады. Көбінесе аэрозольдың түзілуі зиянды болады. Мысалы, өндірістік процестерде қажетті заттар тозаңмен бірге кетеді (металлургия, цемент, химия өндірістері); атмосферадағы аэрозольмен азық-түлік ластанады; кейбір аэрозольдар ауамен қосылып қопарылғыш қоспалар түзеді (көмір, қант, ұн тозаңдары). Аэрозоль медицинада (организмге дәрі-дәрмек енгізуде, жұқпалы микробтарды залалсыздандыруда), метеорологияда (тұманды сейілту, жасанды жаңбыр жауғызуда) ауыл шаруашылығында (инсектицидтер шашуда) тұрмыста т.б. қолданылады.

Суспензия — дисперсиялық фазасы қатты зат түрінде, ал дисперсиялык ортасы сұйықтар күйінде ұшырасатын қалқыма не дисперсиялык жүйе. Суспензияның дисперсиялық шекарасы коллоидті атыраптар шекарасымен және қалыпты жағдайда тез тұнатын бөлшектердің мөлшерлік көрсеткіштерімен анықталады. Суспензияның дисперсиялылығы әдетте седименттік талдау әдістері арқылы немесе дисперсиялық ортаға енгізілген қосымшалардың адсорбция мөлшері тұрғысынан анықталады.

Эмульсия (лат. emulgere – сауу және франц. emulsіon – сүт), медицинада – сұйық түріндегі дәрілік қалыптар. Эмульсияда суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т.б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді. Эмульсияның құрамындағы ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дәмін шығармайды. Эмульсиялар ұзақ сақтауға келмейтін дәрілік зат болғандықтан, оларды 3 – 4 күн ішінде пайдалану керек. Эмульсиялар шыны ыдысқа құйылады, оған міндетті түрде: “Ішердің алдында шайқаңыз” және “Салқын жерде сақтаңыз” деген ескерту жазылады. Д. Қияшев Эмульсия — екі сұйықтың бір-бірінде еріген микрогетерогенді системасы. Эмульсиядағы дисперсті фаза да, дисперстік орта да бірдей агрегаттық күйде, атап айтқанда сұйық коллоидты система екен. Егер мұндай системаларды бірі екінші-сінде ерімейтін сұйықтар қүрайтын болса, онда ұзақ уақыт сақталады. Эмульсиялардағы дисиерсті фазаны құрайтын шар тәрізді бөл-шектердің өлшемі әр түрлі болады: кәдімгі көзге көрінетін бөлшек-тен бастап коллоидтық дәрежедегі дисперстілікке дейін эмульсия-дағы дисперстік фазаның бөлшектері көбінесе 0,1 —10,0 мкм ара-лығында болады. Сондықтан да оларды кәдімгі жай опгакалық микроскоп арқылы байқауға болады. Эмульсиялар да суспензия-лар тәрізді табиғат пен өндірісте кең таралған. Мысалы, сүт, жұ-мыртқаның сары уызы, қүрамында дисперстелген суы бар мұнай, каучук өсімдіктерінің шырыны, салқын күйдегі металды өңдеуге қолданатын техникалық эмульсиялар және басқалар.

31.Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Функциональды топтар бойынша органикалық қосылыстардың жіктелуі. Органикалық қосылыстар құрылымына қарай ашық тізбекті (алифаттық қатар немесе май қатары) және циклдік қосылыстарға жіктеледі. Кейінгілердің өзі карбоциклдік және гетероциклдік қосылыстар болып екі топқа бөлінеді.Карбоциклдік қосылыстар өз алдына алициклдік және ароматтық болып екі қатарға бөлінеді.Ароматтық қатарға  бензол және оның туындылары, сол сияқты көп бензол сақиналы қосылыстар да жатады, айталық нафталин, антрацен  және т.б.Бірнеше мыңдаған органикалық қосылыстарды үлкен екі топқа бөліп қарастырған ыңғайлы:Молекуласының құрамында тұйық тізбегі жоқ ациклді заттар.Құрамында тұйық тізбегі бар циклді органикалық қосылыстар.Ациклді заттардың молекуласын құрастырып тұратын көміртегі атомдары кеңістіктік бір түзудің бойында немесе алуан түрлі тармақталып орналасуы мүмкін. Алайда, олар бір-бірімен ешуақытта тұйық тізбек түзбейді.Органикалық заттардың молекуладағы көміртегі қаңқасының орналасуына қарай екі топқа бөледі.а) қаныққан көмірсутектері; б) қанықпаған көмірсутектері. Циклді органикалық заттар да екі топқа бөлінеді: 1.карбоциклді қосылыстар;      2.гетероциклді қосылыстар. Өз кезегінде карбоциклді органикалық қосылыстардың өзі екі топшаға бөлінеді:а) алициклді қосылыстар    ә) ароматты қосылыстар (арендер) деп бөлінеді.Алициклді қосылыстардың молекулалық құрылысында циклдер (тұйық тізбек) болғанымен, олардың физикалық және химиялық қасиеттері ациклді заттардың қасиеттеріне өте ұқсас.Карбоциклді заттардың да екі түрі бар: қаныққан карбоциклдер және қанықпаған карбоциклдер.Органикалық қосылыстардың, оның ішінде алифатты қатардағы қосылыстардың жіктелуінің бір түрі ол олардың құрамындағы функциональды топтардың табиғатына байланысты жіктелуі. Белгілі кластарға жататын заттардың химиялық қасиеттерін құрамындағы функциональдық топ анықтайды. Функциональ дық топ Қосылыстардың аты Қарапайым өкілдері Аталуы формуласы Галоген Галогентуындылар йодты метил CH3J Гидроксил -ОН Спирттер метил спирті CH3OH Фенолдар Фенол C6H5OH Карбонил =С=О Альдегидтер сірке альдегиді CH3- COH Кетондар Ацетон CH3-CO-CH3 Карбоксил - СООН Карбон қышқылдары сірке қышқылы CH3COOH Нитротоп - NO2 Нитроқосылыстар Нитрометан CH3NO2 Аминотоп -NH2 Аминдер Этиламин CH3-CH2-NH2 Меркаптан тобы - SH Меркаптандар (тиоспирттер) метилмеркаптан, метантиол CH3SH Сульфотоп - SO3H Сульфоқышқылдар метансульфо- қышқылы CH3SO3H Егер органикалық қосылыстың молекуласында бірдей бірнеше функционалды топтар болса, ондай молекуланы полифункциональдық деп, әртүрлі функциональдық топтар болса гетерофункциональдық деп атайды.Органикалық химияда өте маңызды жайт – гомолықтық қатар туралы түсінік. Химиялық қасиеттері ұқсас, бір-бірінен бір немесе бірнеше  СН2 топқа айырмашылығы  бар қатарды гомолықтық деп атайды. Мысал, метан СН4 және этан С2Н4, метил спирті СН3ОН және пропил спирті С3Н7ОН өзара гомолықтар. Сонымен гомолықтық қатарға функционалдық топтары бірдей тек көмірсутек радикалдарының шамасы әртүрлі қосылыстар жатады.

32.Спирттер, олардың жіктелуі. Бір атомды спирттердің гомологиялық қатары. Спирттер немесе алкогольдер деп құрамында бір немесе бірнеше гидроксил топтары бар көмірсутектерді айтады. Көмірсутек радикалдарының құрылымына қарай қаныққан спирттер, қанықпаған спирттер, ароматты оксиқосылыстар деп бөлінеді. Ароматты көмірсутектерде гидроксил тобы тікелей бензол сақинасымен байланысса-фенолдар, ал гидроксил тобы бүйір тізбекте орналасса-спирттер деп аталады. Гидроксил топтарының санына байланысты спирттер 1 атомды, көп атомды (2,3 және т.б.) болып бөлінеді.

Қаныққан 1 атомды спирттердің жалпы ф.сы: СnH2n+1OH. Олар қалыпты темп.да С1 ден С12-ге дейін сұйықтықтар, С13-тен бастап және одан жоғарылары-қатты заттар. Барлық спирттер жеңіл, төменгі гомологтары суда жақсы ериді, өздеріне тән иістері болады.

1 атомды спирттердің гомологиялық қатары:

Метил-СН2-ОН

Этил-С2Н5ОН

Пропил-С3Н7ОН

Бутил-С4Н9ОН

Пентил-С5Н11ОН

Гексил-С6Н13ОН

Гептил-С7Н15ОН

Октил-С8Н17ОН

Нонил С9Н19ОН

Децил-С10Н21ОН

33.Коп атомдыспирттер.Глицерин.Фенолдар.молекулаларындагы гидроксил тобынын санына байланысты копатомды спирттер,екиатомдык,ушатомдык жане т.с.с. болып болінеді.Екіатомдык спирттерді диолдар не гликолдар,ушатомдык спирттерді триолдар не глицериндер,ал егер гидроксил тобының саны уштен жоғары болса полиолдар деп атайды.Көп атомды спирттер суда жаксы еритін,ал органикалық еріткіштерде нашар еритін заттарға жатады,олардыңқайнау температурасы өте жоғары.Бір гидроксил тобының екінші гидроксил тобына тигізетін 1-эффектіне байланысты біратомдык спирттерге қарағанда ,қышқылдық қасиеті жоғары болады.Алу жолдары біратомды спирттерге уксас келеді.Молекулаларында бензол ядросымен тікелей байланысқан гидроксил топтары бар ароматтық көмірсутектерінің туындыларын фенолдар деп атайды.Гидроксил тобының санына байланысты фенолдар бір,екі,көп атомдық болып бөлінеді.Радикалы С6H5 фенил деп аталады.Фенол(С6H5OH)-ерекше иісі бар түссіз кристалды зат.Көбіне ауада оңай тотығатындығына байла.ты фенолдың түсі қызғылттау болып келеді.43градуста балқиды,бөлмелік температурада суда нашар ериді.Улы зат,ол теріге тигенде куйдірумен қатар организмді улайды.

34. Аминдер.Аминдердің негіздікі қасиеттері.Аминдер-аммиак молекуласындағы сутек атомдары комірсутек радикалдарына алмасудан түзілген органикалық заттар деп қарастыруға болатын қосылыстар.Аминдердің негіздік және де баска химиялық байланыс түзуге жұмсалмаған бір жұп электрондары болуына байланысты .Көбіне аминдер электрофильдік реагенттермен бос электрон жұбы арқылы реакцияға туседі.Алкилгологендермен жане алкисульфон тұздарымен алкилдеу реакцияларына түседі,Бром суымен әрекеттесіп,триброманили түзеді.35.Триолдар,Триолдар деп спирттерге ж»не фенолдарға ұқсас құрамында оттектің орнына кукірт атомы бар қосылыстарды айтады,Олардың жалпы формуласы R-SH.Жай эфирлер мен органикалық пероксидтерге ұқсас қосылыстарды сульфидтер ж»не дисульфидтер деп атайды.Тиолдар алкилгалогенидтерді натрий гиддросульфидімен әрекеттестіру арңылы,Қыздырылған катализатор арқылы спирт пен кукіртсутектін буын өткізгенде,қышқылды ортада алкендерді кукіртсутекпен реакциялау аркылы.

35.Триолдар, меркаптандар. Триолдардың гомологиялық қатары.Триолдар деп спирттерге ж»не фенолдарға ұқсас құрамында оттектің орнына кукірт атомы бар қосылыстарды айтады,Олардың жалпы формуласы R-SH.Жай эфирлер мен органикалық пероксидтерге ұқсас қосылыстарды сульфидтер ж»не дисульфидтер деп атайды.Тиолдар алкилгалогенидтерді натрий гиддросульфидімен әрекеттестіру арңылы,Қыздырылған катализатор арқылы спирт пен кукіртсутектін буын өткізгенде,қышқылды ортада алкендерді кукіртсутекпен реакциялау аркылы.

36. Кетондар. . Кетондар дегеніміз карбонил тобы арқылы байланысқан екі коміртек радикалынан тұратын органикалық заттар.Оларды құрамына кіретін радикалдар атына кетон созі қосып атайды, ал халықаралық атау бойынша құрамындағы көміртек атомына сәйкес алканның атына –он жұрнағын жалғау арқылы айтылады.Кетондардың ең қарапайым өкілі-ацетон. Ол –өткір иісті, түссіз сұйыктык,судан жеңіл, бірак суда жаксы ериді, ұшқыш. Көптеген органикалық заттарды жақсы ерітеді. Мысалы.лакты, нитроцеллюлозаны т.б. Кетондарды екіншілік спирттерден алады. Алкендерді тотықтыру арқылы алуға болады....Кетондардағы карбонил топшасы кушті полюстенген топша.Карбонилди қосылыстардың химиялық қасиеттерін қарастырғанда, альдегидтер мен кетондардың реакциялық қабілеттерінің айырмашылықтарына көңіл бөлу керек, Альдегидтер кетондарға қарағанда активтілеу болып келеді.

Жалпы ф.сы:

R-C-R`

Егер кетонның құрамындағы радикалдары бірдей болса, симметриялы, ал егер әр түрлі болса, аралас деп аталады. Мысалы, ацетон (диметилкетон, пропанон) симметриялы, ал ацетофенон (метилфенилкетон) аралас кетондарға жатады. Кетондарда халықаралық ИЮПАК номенклатурасы бойынша көмірсутегінің атына –он суффиксі жалғанып, карбонил тобының орны көрсетіледі. Радикалдық номенклатура бойынша радикалдардың атына кетон деген сөз жалғанып айтылады.

37.Альдегидтер.Альдегидтердің изомериясы мен номенклатурасы.Нуклеофильді орынбасу реакциялары. Альдегидтердің жалпы формуласы R-CH=O. Альдегидтердің изомериясы радикалдардың құрылысына байланысты. Альдегидтер өздері тотыққанда түзілетін қышқылдардың атымен немесе соңына аль деген жалғау қосып қаныққан көмірсутектердің атымен аталады. Альдегидтер реакциялық қабілеттілігі жоғары. Альдегидтер спирттерди тотықтыру және дегидрлеу ,алкиндерді гидратациялау ,дигалогеналкандарды гидролиздеу арқылы алады, Ең қарапайым альдегид құмырсқа альдегиді. Альдегидтерге қысқа толқынды српектрлер сәйкес келеді, Альдегидтер кетонға қарағанда активтілеу.

ИЮПАК халықаралық номенклатурасы бойынша альдегидтердің аты көмірсутегінің атынан және аль суффикісінен құралады. Мысалы, НСНО метаналь, СН3СНО этаналь. Атомдардың санмен белгіленуі альдегид тобындағы көміртегі атомынан басталады. Сонымен қатар, альдегидтердің тарихи немесе ескі аттары да сақталған, мысалы, НСНО құмырсқа альдегиді немесе формальдегид, СН3СНО сірке альдегиді, немесе ацетальдегид. Алициклды альдегидтердің аты карбоциклдың атынан және карбальдегид суффиксінен тұрады.

Жалпы ф.сы:

R-C-R`

38.Карбон қышқылдары .Карбон қышқылдары дегеніміз құрамында бір не бірнеше карбоксил тобы СООН болатын органикалық қосылыстар.Карбоксил тобының саныны байланысты карбон қышқылдары бір негізді ,екі негізді және көп негізді болып жіктеледі.Бұл қышқылдар өз кезегінде қаныққан және қанықпаған болып бөлінеді.Ал молекуласындағы көміртек атомының санына қарай төменгі және жоғары не майлы қышқылдар болып классификацияланады.Көміртек атомдары 3 жеңіл қышқылдар өзіндік өткір иісті түссіз сұйықтық.олар сумен кез келген мөлшерде араласады.Қышқылдыардың қайнау температурасы молекулалык салмағы өскен сайын арта береді.Карбон қышқылдарының қышқылдық қысиеттері айқын байқалады.Оны карбоксил тобындағы атомдарының өз ара әсері деп түсіну керек,карбоксил тобындағы электрондық тығыздығы куштірек атом

. Карбон қышқылдары дегеніміз құрамында бір не бірнеше карбоксил тобы (СООН) болатын органикалық қосылыстар. Карбоксил тобының саныны байланысты карбон қышқылдары бір негізді, екі негізді және көп негізді болып жіктеледі. Бұл қышқылдар өз кезегінде қаныққан және қанықпаған болып бөлінеді. Ал молекуласындағы көміртек атомының санына қарай төменгі және жоғары, не майлы қышқылдар болып классификацияланады. Көміртек атомдары 3 жеңіл қышқылдар өзіндік өткір иісті түссіз сұйықтық. Олар сумен кез келген мөлшерде араласады. Қышқылдардың қайнау температурасы молекулалық салмағы өскен сайын арта береді. Карбон қышқылдарының қышқылдық қысиеттері айқын байқалады. Оны карбоксил тобындағы атомдарының өз ара әсері деп түсіну керек, карбоксил тобындағы электрондық тығыздығы куштірек атом.

39. Оксиқышқылдар және оксоқышқылдар. Олардың қасиеттері, қолданылуы. Оксиқышқылдар деп-қурамында карбоксил топтарынан басқа бір не бірнеше гидроксил топтары бар органикалық карбон қышқылдарын айтады.Оксиқышқылдар аттарын көбінесе, өздеріне сәйкес карбон қышқылдарының окситуындылары ретінде алады. Гидроксил және карбоксил топтарының орналасу орындары грек алфавитінің әріптерімен көрсетіледі. Бір негізді оксиқышқылдардың гомолоктық қатары оксиқұмырсқа немесе көмір қышқылынан басталады. Оксиқышқылдардың арасында ассиметрлік көміртек атомдарының болуына байланысты оптикалық изомерияның өте жиі кездесетіндігі байқалады. Оксиқышқылдар қышқылдардың да спирттердің де қасиеттерін көрсетеді. Бұлар қышқылдар тәрізді тұздар, күрделі эфирлер, амидтер және т.б. өнімдерді береді.

ОКСОҚЫШҚЫЛДАР деп құрамында карбоксил тобынан басқа карбонил тобы бар қосылыстарды айтады. Оксоқышқылдар аралас функциялық қосылыс болғандықтан олар бір жағынан карбон қышқылдарының қасиеттерін көрсетіп, тұздар, күрделі эфирлер береді, Екінші жағынан альдегидтер мен кетондарға тән реакцияларға түседі. Атап айтқанда, олар тотықсызданғанда спирт түзетін альдегид пен кетондар сияқты тотықсызданып гидроксиқықылдарға айналады. Глиоксил қышқылы ең қарапайым окскқышқыл болып табылады: НООС-СНО. Көптеген оксоқышқылдар организмде Кребс циклына қатысады. Оларға пирожүзім СН2-С(ОН)-СООН, қымыздық сірке НООС- СН2-С(О)-СООН, а-кетоглутар Ноос-С(О)- СН2 -СН2-СООН қышқылдары жатады. Организмде майлы қышқылдардың метаболизмі нәтижесінде ацетосірке қышқылы СН2 -С(О)- СН2-СООН түзіледі.

40.а- aминоқышқылдар, олардың биологиялық ролі. Молекуласында амин және карбоксил топтары бар қосылыстар аминқышқылдар деп атайды. Екі функциялық топтың орналасуына байланысты алфа, бетта және гамма аминқышқылдары болады. Бір амин және карбоксил топтары бар қышқылдарды моноаминмонокарбон қышқылдары, ал молекуласында екі амин бір карбоксил топтары бар қышқылдарды диаминкарбон, бір амин және карбоксил топтары барларды аминдикарбон қышқылдары деп атайды. Аминқышқылдардың маңызы өте зор, өйткені солардың қалдықтарынан белок заттары құрылған. Алфа аминқышқылдары белоктардың негізгі мономерлері болып табылады. Аминқышқылдардың бірқатары организмде синтезделеді, ал кейбірі организмге тамақтану арқылы келеді. Ондай аминқышқылдарды алмастырылмайтын аминқышқылдары деп атайды. Химиялық құрамына байланысты аминқышқылдары полярлы (гидрофобты) және полярсыз (гидрофатты) деп жіктеледі. Немесе оларды бейтарап, қышқылдық және негіздік аминқышқылдары деп бөледі. Белоктардың құрамында кездестін аминқышқылдары, алфа аминқышқылдары деп аталады.

а-аминқышқылдары:

Аминокислота

Формула

Условное обозначение

Тпл0C

Глицин

Гли

292

Аланин

Ала

297

Валин

Вал

315

Лейцин

Лей

337

Изолейцин

Илей

284

Аспаргиновая кислота

Асп

270

Глутаминовая кислота

Глу

249

Орнитин

Орн

140

Лизин

Лиз

224

Серин

Сер

228

Треонин

Тре

253

Цистеин

цис-SH

178

Цистин

цис-S        | цис-S

260

Метионин

Мет

283

Фенилаланин

Фен

275

Тирозин

Тир

344

Триптофан

Три

382

Пролин

Про

299

Оксипролин

Про-ОН

270

Гистидин

Гис

277

Аргинин

Арг

238

Аспаргин

Асн

236

Глутамин

Глн

185

46.Дисахаридтер. Дисахаридтердің түзілуі мен құрылысы, сақиналы тізбекті таутомериясы. Тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын дисахаридтер. Олисахаридтердің ішіндегі ең маңыздысы-дисахаридтер. Олар 2 молекула моносахаридтердің конденсациялану өнімі. Табиғатта бос күйінде таралған. Жоғары олисахарид не полисахаридті біртіндеп гидролиздеу арқылы алады. Молекулалары өзара оттек атомы арқылы жалғасқан моносахаридтің 2 қалдығынан құралады. Құрылысы жай эфирді еске түсіреді. R-O-R. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза, мальтоза, т.б жатады. Егер дисахаридтегі жартылай ацеталь гидроксил тобы альдегид тобына айналса, онда альдегидтерге тән химиялық қасиеттер, яғни тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Олар жай және күрделі эфирлер түзеді. Тотықсыздандырғыш қасиет дисахаридтің арасында

мальтоза, лактоза, целлобиозаларға тән. Сахароза тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді. Мальтозаны крахмалдан алуға болады. Ол альдегид пен спирттерге тән барлық реакцияларға қатысады және тотықсыздандырғыш қасиеті болғандықтан Троммер реакциясына түседі. Лактоза ас қорыту процесі кезінде ішек клеткаларында болатын лактаза ферментінің әсерінен ферменттік гидролизге ұшырайды. Сахарозаның ерекшелігі жартылай ацеталь гидроксил тобы болмайды сондықтан тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді. Басқаға қарағанда гидролизі жеіңл жүреді.

47.Полисахаридтер. Биологиялық маңызы. Гомополисахаридтер. Крахмал, гликоген. Полисахаридтер- молекуласында гликозидті байланысқан 10-нан артық моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Жалпы формуласы:(C6H10O5)n. Олар сілтіге төзімді, суда жақсы ериді. өсімдіктер мен жануарлар ағзасында ферменттердің әсерінен түзілген моносахарид поликонденсацияланып, полисахарид түзеді. Үлкен 2 топқа бөлінеді: гомополисахаридтер және гетерополисахаридтер. Гомополисахаридтер- құрамы бірдей моносахарид молекулаларынан тұрады. Оларға: крахмал, гликоген мен декстранандар жатады. Крахмал- табиғи полимер. Ол амилоза мен аминопектиннен тұрады. Табиғатта кең тараған: күріште 80, бидай мен жүгеріде 70-75, картоп түйінінде 20% крахмал болады. Салқын суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ. Крахмалдан глюкоза, этил спирті, ацетон, лимон қышқылы алынады. Бактериялық негізді полисахаридтер декстрандар деп аталады. Гликоген-глюкоза қалдықтарынан құралған, адам мен жануар организмінде қорға жиналатын күрделі көмірсу. Ол жануар организміндегі өсімдік крахмалының структуралық аналогы болып саналады. Тармақталған тізбегі ұзын. Гликогеннің түзілуін жүйке жүйесі реттеп отырады. Ол бұлшықет талшықтары мен бауыр жасушалары цитоплазмасында дән түрінде жинақталады. Гетерополисахаридтердің маңыздылары: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфаттары және гепарин.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]