Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по политологии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.09 Кб
Скачать

19. Саяси жүйенің типтері мен функциялары.

Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.

Саяси жүйе төмендегідей қызметтеді атқарады:

1.Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде,қалыптарда бекітілген, яғни институтционалданған түрі. Сондықтан ол конститутцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды.Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

2.Саяси жүйе қоғамдық қатнастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3.Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық қызметті атқарады.Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттармен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар,таптар,жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

4.Экономиканың қалыпты жұмыс істеп,прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы,саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді,қаржы жүйесін реттейді,салық саясатын жүргізеді.

20. Д. Истон, г. Алмонд, к.Дойч бойынша саяси жүйелердің модельдері

аяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американын саясаттанушысы Давид Истонойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен кіріс,шығыс принциптері арқылы байланысады.Кірістің екі түрі бар ол талап және қолдау болып бөлінеді.Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың,қазынамен қаржының ,қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз,бұрыс бөліну туралы пікір,билік оргондарына үндеуі деуге болады.Мысалы,еңбек ақыны көтеру,жұмыс күнін қысқарту,әлеуметтік салаға қаржыны көбейту білім алу мүмкіндігін арттыру,азаматтардың құқықтарымен еркіндігін қорғау.т.б.Мұндай талаптар көбейіп,оларға билік органдары назар аудармаса,саяси жүйе әлсірейді.

Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін,адалдығын,саяси институттарға сенетіндігін білдіреді.Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару,ұлтжандылық білдіру,сайлауға белсене қатысу ,қабылданған шешімдерді,заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.

Д.Истонның идеяларын одан әрі дамытқан Г.Алмонд болатын.Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар.Д.Истон мен Г.Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді.

1.Топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі

2.Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі

3.Қорлады игіліктерді қызметті үздік белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі

4.Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік,өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]