Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по политологии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.09 Кб
Скачать

15. Саяси билік: түсінігі, мәні, типологиясы мен қызметтері.

Саяси билік – дара адамның, таптың, топтың, ұйымдасқан әлеуметтік күштің(қозғалыс, партия, мемлекет) саясат арқылы өз еркін іске асыру қабілеті.

Түрлі белгілері бойынша биліктің типологиясы:– институциялану дәрежесі бойынша билік үкіметтік, қалалық, аудандық, облыстық, мектептік және т.б. болады;

– субъектісі бойынша таптық, партиялық, халықтық, президенттік, парламенттік және т.б.  – сандық белгілері бойынша – жекеленген, олигархиялық (бір жерге жұмылған топтың билігі), полиархиялық (көптеген институттардың немесе адамдардың билігі);  – басқарудың әлеуметтік типі бойынша – монархиялық, республикалық;  – саяси режимі бойынша – демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық;  – қолданатын құралы бойынша – үстемдік ету, күш көрсету, бедел, ымыраға келу және т.б.;  – қызметі бойынша – қадағалау, бақылау, ұйымдастыру, басқару және т.б.

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қорғау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.

16. Биліктің анықтамалары және ресурстары.

Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар бар:

Телеологиялық анықтама ( гр.сөзі teleos – мақсат + logos - түсінік,ілім) билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

Құрылымдық-функционалдық анықтама. Бұл анықтама адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы анықтама билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін айқындауға мүмкіндік береді.

Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

Саяси билік ресурстары- субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу,демографиялық. Экономикалық -қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б. Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі. Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б. Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратурақұрайды. Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]