Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по политологии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.09 Кб
Скачать

78. Саяси манипуляциялау мақсатында бақ-ты пайдалану

Саясатта манипуляция ретінде манипулятордың адамды өзі жасауға ықылас білдірмеген əрекетті жасауына итермелеуі

сипатындағы əсер ету түрін түсінеді.Адамға манипуляциялық əсер ету барысында ол сыртқы мəжбүрлеуді сезінбейді, өзі шешім қабылдап, өзінің жүріс-тұрысының нысанын өзі таңдаған сияқты əсерде болады.азаматтар мен демократиялық мемлекет құрылымына бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) саяси манипуляция, яғни адамдардың саяси санасы мен жүріс-тұрысына олардың өз мүддесіне сəйкестігіне қарамастан əрекет немесе əрекетсіздік жасауы мақсатында жасырын басқару жасау үшін пайдалану үлкен қауіп төндіреді. Оның үстіне манипуляция тек өтірікке негізделеді. Ал, бұл өтірік құтқаруға бағытталмаған, керісінше пайдакүнемдікке қызмет етеді.Қазіргі саяси кеңістікте нақты жағдай жайлы білу əрқашан БАҚ-пен байланысты, азаматтар болған жайды содан көріп біледі, сондықтан да орын алған жағдай мен берілген ақпаратты айыру қиын.Саяси манипуляцияның тек БАҚ қызметіндегі басым бағыт болып табылатын тоталитарлық жəне авторитарлық мемлекеттерде ғана кең пайдаланылмайтындығын, сонымен қатар, партиялық насихаттау шаралары мен сайлау алды науқандарда қазіргі батыстық демократиялық мемлекеттерде де көп қолданылатындығын айта кету қажет. Бүгінгі күні батыс жəне өзге көптеген мемлекеттердегі президенттік немесе парламенттік сайлау науқандары бір-бірімен астасып, нақты саясаткер жайлы шындықтан алыс түсінік қалыптастыратын жарнама мен саяси манипуляция тəсілдерінсіз өткізілмейді.

79. Қазақстандық қоғамның демократиялануы: жетістіктері мен болашағы

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шетелде орын алған тарихи маңызы зор түбегейлі өзгерістер тұсында төзімділік мәселесін, әсіресе мемле кеттің саясатын жүзеге асыруға жауапты  буын өкілдерінің – яғни мемлекет тік қызметшілердің төзімділігі мәселесін зерттеу қисынды қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады.Қазақстан Республикасында төзімділік қағидаттарына негізделген демократиялық қоғамның қалыптасып, дамуына әрбір қазақстандық, әрбір мемлекеттік қызметші өз деңгейінде үлес қосуда. Соның нәтижесінде ең күрделі кезеңдерде қазақ халқының кемеңгерлігі мен төзімділігі жаңа мемлекеттің азаматтарының этностық шығу тегіне қарамастан саяси тұрақтылықты сақтап қала білді.

80. Қазақстандағы президенттік басқарудың ерекшеліктері

Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент — Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен — «тыйым салу»).

Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]