Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по политологии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.09 Кб
Скачать

56.Саяси модернизация түсінігі мен мәні.

Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің,соған бейімделудің әртүрлі қыры бар.1)Құрылымдық бейімделу.Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік экономикалық,саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды.2)Азаматтық.Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды.Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі – азаматтылық,азаматтық құқықтар.3)Саяси қатынасу.Жоғарыда айтылған азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады.Солардың ішінде ең маңыздылардың бірі – сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы.4)Қазіргі адам.Мемлекеттік,қоғамдық жұмсытарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады.Бұрынғыдай әдет ғұрып,салт дәстүрді,діни қағидаларды басшылыққа алмайды,өмірдің өркениеті талабына сай,іскерлік көрсетіп,білімді қорытындылар жасап,іс істеуге тура келеді.

57.Саяси модернизация теориялары мен модельдері.

Саяси модернизация теориялары: 1)50-60жж. Кең тарағанның бірі – бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша,дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме,кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Мысалы,саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату,билікті тармақтау,оның жаңа шығарушы және атқарушы органдарын,көппартиялық жүйені жаңғырту.Бұл мағынада бейімделу-осы жолға түскен елдердің әлеуметтік экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарты.60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша,әртүрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын,мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.2)Сондықтан 70-80жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты қөзқарас қайта қаралды.Бейімделуді дамудың шарты емес,қызметі ретінде қарайтын болды. Бейімделудің либералдық және консерваториялық қөзқарастары бар.Либералдар жаңа жағдайға көшуге орта тапқа,халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады.Консерваториялық бұған керісінше қарайды.олардың ойынша,демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген,билік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі жоқ.

58.Қр саяси модернизациясы.

Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:1)ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;2)әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау;3)құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;4)ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]