
- •Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы
- •2. Саясаттану пәні және оның негізгі әдістері
- •3.Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары.
- •4. Саясат субъектілері мен объектілері, олардың арақатынасы.
- •5. Платон мен Аристотельдің саяси концепциялары.
- •6. Ортағасырлардағы саяси ілімдер (а. Аврелий, ф. Аквинский).
- •9.М.Вебердің саяси көзқарастары?
- •10.Хх ғасырдағы саяси ілімдер?
- •11.Саясат ұғымы,пайда болуы, саясаттың деңгейлері?
- •12.Саясаттанудың негізгі парадигмалары?
- •13. Тұлға саясаттың субъектісі мен объектісі
- •14. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары
- •15. Саяси билік: түсінігі, мәні, типологиясы мен қызметтері.
- •16. Биліктің анықтамалары және ресурстары.
- •17. Биліктің легитимділігі, саяси билік және мемлекеттік билік.
- •18. Саяси жүйе: түсінігі, мәні мен құрылымы.
- •19. Саяси жүйенің типтері мен функциялары.
- •20. Д. Истон, г. Алмонд, к.Дойч бойынша саяси жүйелердің модельдері
- •21.Саяси тәртіп түсінігі мен типтері
- •22.Тоталитаризм саяси тәртіп ретінде
- •23. Авторитарлы саяси тәртіп
- •24.Демокртаия теориялары мен модельдері
- •25. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
- •26. Мемлекет саяси жүйенің басты институты ретінде
- •28. Мемлекеттің жіктелуі
- •30. Азаматтық қоғам: түсінігі мен мәні. Мемлекет және азаматтық қоғам.
- •31. 2006-2011 Жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту концепциясы.
- •32.Саяси идеология түсінігі, оның мәні мен қызметтері.
- •Қазіргі уақыттағы негізгі идеологиялық ағымдар: либерализм, консерватизм, социализм, фашизм, феминизм, энвайронментализм.
- •«Саяси партия» түсінігі. Партияның пайда болуы мен мәні
- •Партиялар мен партиялық жүйелердің типтері
- •Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар.
- •37. Саясаттағы мүдде топтар мен қысым топтары
- •38. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі
- •40. Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы
- •41. Саяси жетекшілік архетиптері.
- •42. Саяси элита, оның функциялары мен қалыптасу механизмдері
- •43. Қазіргі элитарлық теориялардың негізгі бағыттары.
- •44. Қазіргі Қазақстандағы саяси элита
- •45. Саяси мәдениеттің мәні. Құрылымы мен функциялары
- •46. Саяси мәдениеттің типологиясы
- •47. Саяси сана түсінігі, құрылымы мен функциялары
- •48. Саяси әлеуметтену, мәні мен негізгі кезеңдері
- •49. Саяси шиеленіс түсінігі
- •50. Саяси шиеленіс типологиясы
- •51. Саяси шиеленістерді басқару және шешу логикасы
- •52. Саяси процесс түсінігі
- •53. Саяси процестердің жіктелуі. Саяси процеске қатысу түрлері
- •54. Саяси даму және модернизация
- •55.Қоғам және саяси жүйенің бейімделу жолдары.
- •56.Саяси модернизация түсінігі мен мәні.
- •57.Саяси модернизация теориялары мен модельдері.
- •58.Қр саяси модернизациясы.
- •59.Тоталитаризмнан демократияға көшу.
- •60.Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі.
- •61. Сайлау жүйелерінің типтері
- •62. Сайлау технологиялары
- •63. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •64. Қоғамды саяси басқару түсінігі
- •66. Ақпараттық технологиялар түсінігі, олардың саясаттағы рөлі
- •67.Әлемдік саясат және жаһандану түсінігі
- •68.Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі
- •69.Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны.
- •70.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
- •71.Халықаралық саясаттың мәні мен функциялары.
- •73. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесіндегі гуманизация
- •74. Қауіпсіздіктің халықаралық жүйесінің құрылуы және адамды қорғауды қамтамасыз ету
- •75. Саясаттағы қазіргі халықаралық ұйымдар
- •76. Саяси психология. Саяси мінез-құлықтың негізгі типтері
- •77. Бақ түсінігі, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі функциялары
- •78. Саяси манипуляциялау мақсатында бақ-ты пайдалану
- •79. Қазақстандық қоғамның демократиялануы: жетістіктері мен болашағы
- •80. Қазақстандағы президенттік басқарудың ерекшеліктері
- •81. Қр ұлттық саясатының қазіргі концепциясының мәні
- •82. Қазақстан Республикасында парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы
- •83. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері мен қалыптасуының кезеңдері
- •84. Әлемдік қауымдастықтағы қр
- •85. Саяси әлеуметтену агенттері.
- •86. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны.
- •87. Көпэтникалық қоғамда тұрақтылықты сақтаудағы қазақстандық модель.
- •88. Этникалық жанжалдар
- •89. Халықаралық қатынастардағы жаңаша саяси ойлау.
46. Саяси мәдениеттің типологиясы
Американдық саясаттанушылар Г.Алмонд пен С.Верба өздерінің “Азаматтық мәдениет” деген еңбектерінде саяси мәдениеттің типологиясын жасай отырып, оларды қоғамдағы негізгі саяси құндылықтармен тығыз байланыста болатынын көрсетеді. Бұл зерттеушілер АҚШ, Англия, Германия, Мексика және Италия елдерінде кең тараған саяси құндылықтарға компаративистік талдау арқылы саяси мәдениеттің үш типін анықтады.
1.“Патрархиалдық” саяси мәдениет (дәстүрлі,патриархалды).Саяси мәдениеттің бұл типі тұрғын халықтың саяси жүйе туралы мүлдем хабарсыздығымен ол туралы ештеңе білмейтіндігімен сипаттайды.
2. “Азаматтылық” саяси мәдениет.Саяси мәдениеттің бұл типіне сылбырт саяси жүріс-тұрысты,ресми басым құндылықтар және құндылықтардың мәнін дербес ұғына алмауы тән.
3.“Парсипаторлық” саяси мәдениет.Саяси мәдениеттің немесе қатынасу мәдениеті (белсенділік саяси мәдениет).Саяси мәдениеттің мұндай типіне индивиттердің саяси өмірге белсенді қатысуы, азаматтардың жоғары деңгейлік саяси сауаттылығына негізделген және олардың тікелей өздерінің қатысуларымен саяси шешімдері қабылдау процесіне ықпал ете алатын қабілеттеріне сену тән.
47. Саяси сана түсінігі, құрылымы мен функциялары
Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.
Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.
Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі.
48. Саяси әлеуметтену, мәні мен негізгі кезеңдері
Саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді,ережелерді,құндылықтарды бойына сіңіріп,оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып,сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыпастыру,саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады.Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:1)қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;2)қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға,саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;3)саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.
Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:1)саясаттану,яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғыну;2)жекелену,мұнда бала саяси билікті президент,полицейский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі;3) дәріптеу,яғни саяси қайраткерлерге тек жақсы қасиетерді тану;4)институционалдандыру,саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес,иесіз институттар арқылы қабылдау.
Сонымен, адам жас кезінен әлеуметтене бастайды. Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде ол әкесі немесе шешесі, бала бақшада тәрбиеші, мектепте мұғалім арқылы әлеуметтенеді. Ол дау-жанжалдың қалай шешілетінін байқайды, бағыну немесе жадында бағынбауға үйренеді.
Қазақтар «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп тегін айтпаған, үйде қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына жадында қалады.
Саяси әлеуметтенуді келесі сатысы –мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер алады. Жастар ұйымдарына қатыса бастайды.
Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 16-40 жастар аралығы. 16 жастан адам сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Көбісі жоғары оқу орнына түсіп, терең саяси білім алады. Саяси партияларға мүше болулары да мүмкін. Жастардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.
Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жастардағы аралық. Бұл – адамның есейген шағы. Адамдардың саяси іс-әркетіне өмір тәжірибесі, балалары мен немерелері, тұрақты көзқарастары әсер етеді.
Ең соңына зейнеткерлердің саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды. Қайсыбірі қоғамдық өмірге аз да болса қатысқанына риза болады, көңіліне медет табады.