- •Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы
- •2. Саясаттану пәні және оның негізгі әдістері
- •3.Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары.
- •4. Саясат субъектілері мен объектілері, олардың арақатынасы.
- •5. Платон мен Аристотельдің саяси концепциялары.
- •6. Ортағасырлардағы саяси ілімдер (а. Аврелий, ф. Аквинский).
- •9.М.Вебердің саяси көзқарастары?
- •10.Хх ғасырдағы саяси ілімдер?
- •11.Саясат ұғымы,пайда болуы, саясаттың деңгейлері?
- •12.Саясаттанудың негізгі парадигмалары?
- •13. Тұлға саясаттың субъектісі мен объектісі
- •14. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары
- •15. Саяси билік: түсінігі, мәні, типологиясы мен қызметтері.
- •16. Биліктің анықтамалары және ресурстары.
- •17. Биліктің легитимділігі, саяси билік және мемлекеттік билік.
- •18. Саяси жүйе: түсінігі, мәні мен құрылымы.
- •19. Саяси жүйенің типтері мен функциялары.
- •20. Д. Истон, г. Алмонд, к.Дойч бойынша саяси жүйелердің модельдері
- •21.Саяси тәртіп түсінігі мен типтері
- •22.Тоталитаризм саяси тәртіп ретінде
- •23. Авторитарлы саяси тәртіп
- •24.Демокртаия теориялары мен модельдері
- •25. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
- •26. Мемлекет саяси жүйенің басты институты ретінде
- •28. Мемлекеттің жіктелуі
- •30. Азаматтық қоғам: түсінігі мен мәні. Мемлекет және азаматтық қоғам.
- •31. 2006-2011 Жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту концепциясы.
- •32.Саяси идеология түсінігі, оның мәні мен қызметтері.
- •Қазіргі уақыттағы негізгі идеологиялық ағымдар: либерализм, консерватизм, социализм, фашизм, феминизм, энвайронментализм.
- •«Саяси партия» түсінігі. Партияның пайда болуы мен мәні
- •Партиялар мен партиялық жүйелердің типтері
- •Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар.
- •37. Саясаттағы мүдде топтар мен қысым топтары
- •38. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі
- •40. Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы
- •41. Саяси жетекшілік архетиптері.
- •42. Саяси элита, оның функциялары мен қалыптасу механизмдері
- •43. Қазіргі элитарлық теориялардың негізгі бағыттары.
- •44. Қазіргі Қазақстандағы саяси элита
- •45. Саяси мәдениеттің мәні. Құрылымы мен функциялары
- •46. Саяси мәдениеттің типологиясы
- •47. Саяси сана түсінігі, құрылымы мен функциялары
- •48. Саяси әлеуметтену, мәні мен негізгі кезеңдері
- •49. Саяси шиеленіс түсінігі
- •50. Саяси шиеленіс типологиясы
- •51. Саяси шиеленістерді басқару және шешу логикасы
- •52. Саяси процесс түсінігі
- •53. Саяси процестердің жіктелуі. Саяси процеске қатысу түрлері
- •54. Саяси даму және модернизация
- •55.Қоғам және саяси жүйенің бейімделу жолдары.
- •56.Саяси модернизация түсінігі мен мәні.
- •57.Саяси модернизация теориялары мен модельдері.
- •58.Қр саяси модернизациясы.
- •59.Тоталитаризмнан демократияға көшу.
- •60.Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі.
- •61. Сайлау жүйелерінің типтері
- •62. Сайлау технологиялары
- •63. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •64. Қоғамды саяси басқару түсінігі
- •66. Ақпараттық технологиялар түсінігі, олардың саясаттағы рөлі
- •67.Әлемдік саясат және жаһандану түсінігі
- •68.Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі
- •69.Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны.
- •70.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
- •71.Халықаралық саясаттың мәні мен функциялары.
- •73. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесіндегі гуманизация
- •74. Қауіпсіздіктің халықаралық жүйесінің құрылуы және адамды қорғауды қамтамасыз ету
- •75. Саясаттағы қазіргі халықаралық ұйымдар
- •76. Саяси психология. Саяси мінез-құлықтың негізгі типтері
- •77. Бақ түсінігі, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі функциялары
- •78. Саяси манипуляциялау мақсатында бақ-ты пайдалану
- •79. Қазақстандық қоғамның демократиялануы: жетістіктері мен болашағы
- •80. Қазақстандағы президенттік басқарудың ерекшеліктері
- •81. Қр ұлттық саясатының қазіргі концепциясының мәні
- •82. Қазақстан Республикасында парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы
- •83. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері мен қалыптасуының кезеңдері
- •84. Әлемдік қауымдастықтағы қр
- •85. Саяси әлеуметтену агенттері.
- •86. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны.
- •87. Көпэтникалық қоғамда тұрақтылықты сақтаудағы қазақстандық модель.
- •88. Этникалық жанжалдар
- •89. Халықаралық қатынастардағы жаңаша саяси ойлау.
40. Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы
Лидерлерді өздерінің лидерлік функцияларын жүзеге асыру тәсілдері бойынша авторитарлық және демократиялық деп бөлуге болады.Авторитарлық лидер өз қызметінде қысым көрсету, мәжбүрлеу, бағындыру әдістеріне басымдық беріп, бағынушысының жақсы атқарушы болуын талап етеді. Демократиялық лидер бағыныштыларына еркіндік пен жауапкершіліктің белгілі бір дәрежесін бере отырып, олардың дербестігін, бастамасын қолдауға ұмтылады. Макс Вебер лидерліктің келесідегідей түрлерін бөліп көрсетеді:
І. Дәстүрлі лидерлік. Әлеуметтік топтың тұлғаны лидер деп тануы қалыптасқан дәстүрдің негізінде өтеді.
ІІ. Харизматикалық лидерлік. Елден ерек, айрықша жеке қасиеттерінің арқасында тұлғаның ерекше құндылығын әлеуметтік топтың тануы.
ІІІ. Ресми-бюрократиялық лидерлік. Ол бюрократиялық жүйеде болады және лауазымдық лидерлік болып табылады.
Саяси лидерлік – саясат сферасында жүзеге асатын әлеуметтік лидерліктің бір формасы. Саяси лидерлік тұлғадан кәсіби қызмет үшін қажетті қасиеттердің бар болуын талап етеді. Бұл қасиеттер әртүрлі болып келеді. Оларды жалпы түрде былай топтауға болады:
1. Салмақты саяси шешімдер қабылдауға қажетті дағдылардың, іскерлік пен білімнің болуы. Бұл үшін адамдардың мүдделерін білуі, оларды біріктіре әрі саясат сферасына икемдей алуы керек.
2. Мақсаттылықты, ерік пен ұйымдастырушылық талантты талап ететін шешімдерді жүзеге асыра білу қабілеттілігі.
41. Саяси жетекшілік архетиптері.
Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнүсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, казіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Архетип туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Выготскийдің «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К. Юнгтің аналитикалықпсихологиясында архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталды.
42. Саяси элита, оның функциялары мен қалыптасу механизмдері
Элита” термины француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған іріктелген , таңдалған деген мағынаны білдіреді. «Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923).
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.
Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:Еңбектік бөлінуі;Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:Жоғарғы элита;Ортаңғы элита;Әкімшілік элита.
Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.
Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады.
