- •Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы
- •2. Саясаттану пәні және оның негізгі әдістері
- •3.Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары.
- •4. Саясат субъектілері мен объектілері, олардың арақатынасы.
- •5. Платон мен Аристотельдің саяси концепциялары.
- •6. Ортағасырлардағы саяси ілімдер (а. Аврелий, ф. Аквинский).
- •9.М.Вебердің саяси көзқарастары?
- •10.Хх ғасырдағы саяси ілімдер?
- •11.Саясат ұғымы,пайда болуы, саясаттың деңгейлері?
- •12.Саясаттанудың негізгі парадигмалары?
- •13. Тұлға саясаттың субъектісі мен объектісі
- •14. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары
- •15. Саяси билік: түсінігі, мәні, типологиясы мен қызметтері.
- •16. Биліктің анықтамалары және ресурстары.
- •17. Биліктің легитимділігі, саяси билік және мемлекеттік билік.
- •18. Саяси жүйе: түсінігі, мәні мен құрылымы.
- •19. Саяси жүйенің типтері мен функциялары.
- •20. Д. Истон, г. Алмонд, к.Дойч бойынша саяси жүйелердің модельдері
- •21.Саяси тәртіп түсінігі мен типтері
- •22.Тоталитаризм саяси тәртіп ретінде
- •23. Авторитарлы саяси тәртіп
- •24.Демокртаия теориялары мен модельдері
- •25. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
- •26. Мемлекет саяси жүйенің басты институты ретінде
- •28. Мемлекеттің жіктелуі
- •30. Азаматтық қоғам: түсінігі мен мәні. Мемлекет және азаматтық қоғам.
- •31. 2006-2011 Жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту концепциясы.
- •32.Саяси идеология түсінігі, оның мәні мен қызметтері.
- •Қазіргі уақыттағы негізгі идеологиялық ағымдар: либерализм, консерватизм, социализм, фашизм, феминизм, энвайронментализм.
- •«Саяси партия» түсінігі. Партияның пайда болуы мен мәні
- •Партиялар мен партиялық жүйелердің типтері
- •Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар.
- •37. Саясаттағы мүдде топтар мен қысым топтары
- •38. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі
- •40. Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы
- •41. Саяси жетекшілік архетиптері.
- •42. Саяси элита, оның функциялары мен қалыптасу механизмдері
- •43. Қазіргі элитарлық теориялардың негізгі бағыттары.
- •44. Қазіргі Қазақстандағы саяси элита
- •45. Саяси мәдениеттің мәні. Құрылымы мен функциялары
- •46. Саяси мәдениеттің типологиясы
- •47. Саяси сана түсінігі, құрылымы мен функциялары
- •48. Саяси әлеуметтену, мәні мен негізгі кезеңдері
- •49. Саяси шиеленіс түсінігі
- •50. Саяси шиеленіс типологиясы
- •51. Саяси шиеленістерді басқару және шешу логикасы
- •52. Саяси процесс түсінігі
- •53. Саяси процестердің жіктелуі. Саяси процеске қатысу түрлері
- •54. Саяси даму және модернизация
- •55.Қоғам және саяси жүйенің бейімделу жолдары.
- •56.Саяси модернизация түсінігі мен мәні.
- •57.Саяси модернизация теориялары мен модельдері.
- •58.Қр саяси модернизациясы.
- •59.Тоталитаризмнан демократияға көшу.
- •60.Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі.
- •61. Сайлау жүйелерінің типтері
- •62. Сайлау технологиялары
- •63. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •64. Қоғамды саяси басқару түсінігі
- •66. Ақпараттық технологиялар түсінігі, олардың саясаттағы рөлі
- •67.Әлемдік саясат және жаһандану түсінігі
- •68.Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі
- •69.Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны.
- •70.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
- •71.Халықаралық саясаттың мәні мен функциялары.
- •73. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесіндегі гуманизация
- •74. Қауіпсіздіктің халықаралық жүйесінің құрылуы және адамды қорғауды қамтамасыз ету
- •75. Саясаттағы қазіргі халықаралық ұйымдар
- •76. Саяси психология. Саяси мінез-құлықтың негізгі типтері
- •77. Бақ түсінігі, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі функциялары
- •78. Саяси манипуляциялау мақсатында бақ-ты пайдалану
- •79. Қазақстандық қоғамның демократиялануы: жетістіктері мен болашағы
- •80. Қазақстандағы президенттік басқарудың ерекшеліктері
- •81. Қр ұлттық саясатының қазіргі концепциясының мәні
- •82. Қазақстан Республикасында парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы
- •83. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері мен қалыптасуының кезеңдері
- •84. Әлемдік қауымдастықтағы қр
- •85. Саяси әлеуметтену агенттері.
- •86. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны.
- •87. Көпэтникалық қоғамда тұрақтылықты сақтаудағы қазақстандық модель.
- •88. Этникалық жанжалдар
- •89. Халықаралық қатынастардағы жаңаша саяси ойлау.
Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар.
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: 1. Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы:
2.Үгіт-насихат,әрекет ету сатысы:
3. Дамыған жұмыс кезеңі:
4. Саяси қозғалыстың өшу сатысы.
37. Саясаттағы мүдде топтар мен қысым топтары
Саяси мүдде - адамның, әлеуметтік топтың қандай да бір саяси құбылыстарға, үрдістерге өзінің дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері, ұстанымдары негізіндегі ерекше қатынасы.
Саясаттағы топтар:
1.Еңбекші шаруалар табы (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен);
2.Жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін);
3.Жер иеленушілер табы (кәсібі - жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай);
4.Капиталистер табы (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі - жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай). Саяси ғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады.
Қысым топтары- мемлекеттік органдардың нақты шешім қабылдауына қолдау көрсететін немесе кедергі келтіретін ұйымдарды білдіретін мүдделер тобының түрі.
38. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі
Қазіргі кезде елімізде 12 саяси партия әрекет етеді. Олар – “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық, “Ауыл”, Патриоттар, “Әділет”, “Руханият”, “Ақ жол”, “Нағыз Ақ жол”, Коммунистік, Коммунистік халықтық партиялары. “Алға” партиясы тіркелу үдерісінен өтуде. Бірқатар қоғамдық қозғалыстар (“Ақорда”, “Табиғат” және басқалары) оқтын-оқтын партия болып құрыламыз деп мәлімдеумен келеді. Бұл партиялардағы мүшелерінің жалпы саны шамамен 1,3 млн. адамға жетеді, яғни елдегі сайлаушылар санының 15,1%-ын құрайды.
«Асар» қозғалысы 2003 жылы 25 қазанда саяси партияға айналды. «Асар» партиясының құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты.Партия жетекшісі Дариға Назарбаева. «Асар» партиясыны центристік бағыт ұстанады. Қазақстанның демократиялық партиясы 2004 жылы 29 сәуірде «Құқықтық Қазақстан» азаматтық қозғалысы өзін Қазақстанның демократиялық партиясы деп жариялады.Партия қатарында 50000 –нан астам мүше бар. Мақсаты: азаматтардың ел тәуелсіздігін баянды ету жолындағы топтасуы деп санайды. КДП-ның төрағасы – Мақсұт Нәрікбаев.
Нұр Отан партиясы,(Н.Ә.Назарбаев) Қазақстанның АҚ ЖОЛ Демократиялық партиясы(Перуашев Азат Турлыбекулы), Жалпыұлттық социал демократилық партия (ЖСДП) (Тұяқбай Жармахан Айтбайқлы), Қазақстан социал демократилық ауыл партиясы (Қалиев Ғани Әлімұлы), Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы), Қазақстан патриотты партиясы (Қасымов Ғани Есенкелдіұлы) Қазақстанның АЗАТ Демократиялық партиясы (Әбілов Болат Мүқышұлы), Бірлік саяси партиясы (Сұлтанғалиев Серік Сұлтанғалиұлы), Қазақстан Коммунистік партиясы (Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы). Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды. 39. Саяси жетекшілік және оның дамуындағы қазіргі тенденциялар
Саяси жетекшілік.Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың ,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр. Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын,сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін-- соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері,қабілеті болуға тиіс; 4)басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек. Саяси жетекшіге қарама -қарсы ұғым -саяси бастаушы, көсемсымақ.Ол ұғым ХIХ ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа,қастыққа,қорқынышқы,үрейге,өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігінде шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай,ығында жүреді.
