Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по политологии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.09 Кб
Скачать

23. Авторитарлы саяси тәртіп

Авторитарлық режим тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезең, бұл күшті тәртіпке негізделген, жеке адамның билігі қалыптасқан режим.

Авторитарлық режим Иордания, Индонезия, Морокко, Сауд Аравиясында, бұрынғы Кеңес мемлекеттерінде және т.б. елдерде қалыптасқан.

Авторитарлық режим кезінде тоталитаризмнің де демократияның да белгілері кездесе береді бұл қоғам өзінің қатаң тәртібі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі мұнда қоғамды өзгеріске ұшырататын идеялар мен топтарға жол бермейді, заң жүзінде оларға қатаң бақылау жасалынға. Авторитарлық режим. Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел – билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақталуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады..

Авторитаризм, авторитарлық саяси режим – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, - онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анықталынған, саяси жинақылық төмен.

24.Демокртаия теориялары мен модельдері

Демократия ұғымын бірнеше мағынада қолдануға болады: 1) мемлекеттің типі мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлтгық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін.

Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Онын, маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Демократияның классикалық теориясы антикалық дәуірден бастау алады. Бірақ өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.

Иозеф Шумпетер (1883-1950) австрия әлеуметтанушысы өзі аттас «шумпетерлік» теорияның негізін қалады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы болған емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шектейді. Сондықтан демократиялық тәсіл – Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]