Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛОГОПЕДИЯ кітап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
821.55 Кб
Скачать

X дыбысының айтылуының бұзылуы хитизм немесе басқа дыбыспен к

алмасуы парахитизм деп аталады. Біріншісінде, дем ауасы өз жолында тіл

мен таңдай жақындасқанда пайда болатын саңылауды кездестірмей дауыс

перделерінің жақындасуынан туатын әлсіз тамақ шуы естіледі. Яғни халва,

хат, орнына «һалва», «һат» естіледі. X дыбысының бұлай айтылуы көптеген

тілдерге соның ішінде орыс тіліне де тән.

Екінші жағдайда тіл артикуляцияға белсене қатысады, бірақ қуыс

орнына тіл мен таңдай жабысады. Онын екеуінде де X дыбысын К

дыбысынан алуға ұмтылу керек, сонда тілдік-таңдай түбірлік КХ дыбыс

шығады. Одан соң фрикативтік бөлігін ажырату және жаттығу арқылы

артикуляцияны бекіту жүзеге асады.

104

Егер бұл нәтиже бермесе, нәтиже кепілдік беретін күрделі тәсіл

қолданады. Онда Т дыбысынан К дыбысын ажыратқандай механикалық әдіс

пайдаланылады. Балаға дауыстыны соза с-а буынын айтқызады. Осы буынды

қайталағанда тіл үстін шпательмен тіске қысады. Сонда са орнына ся, ща

буыны пайда болады. Одан соң шпательді ауызға сұғындыра отырып хя

буынына айналдырады, одан да сұғындырып ха буынын алады. Бұған К

дыбысын алғандағы сияқты түрлі балаға түрліше уақыт жұмсайды. Тілді

қажет қалпында бала өз қолымен ұстауына болады. Парахитизм жағдайында

/х мен к алмасқанда/ жаттығулар дыбысты бекітумен қатар, қате дыбысты

ажыратуға бағытталады.

Г дыбысын айтудың кемшіліктері жоғарыда айтылған каппацизм мен

хитизм түрлеріне ұқсас. Бірінде-тамақ шырт ертпесі екіншіде-у дыбысы

үшіншіде-дауыс перделерінің жақындауы мен тербелуінен туатын тамақтың

үнді фрикативтік дыбыс /украйнша Г/ естіледі.

Мектепке дейінгі балаларда Г мен Д алмасуы /гүл-дүл/ кездеседі. Егер

К дыбысы дұрыс айтылған болса гаммацизмді түзетудің басы - Г дыбысының

үнсіз жұбынан айырмасын түсіндіру, онда баланың қолын мойнына

/тамақтан жоғары/ қойылуын, дауыс пердесінің тербелісімен тамақтың

қабырғасының қозғалысын сездіреді/.

Балаға афа-ава, аса-ата, аса-ака буындарын айтқызып, одан ака-аға

буын жұбын алуға тырысу керек. Бала буындарды логопедке ілесе айтып,

буын жұптарының үнділігін тамаққа қойған қолымен сезінуге тиіс.

Егер ол нәтиже бермесе Т дыбысынан К дыбысындағыдай

механикалық әдіс қолданылады. Онда дя буынына, сосын гя буыны,

ақырында га буынына ауысады.

Г дыбысы Д дыбысымен алмасатын парагаммацизм жағдайында

жаттығулар дыбысты бекітуге және кемшілікті дыбысты ажыратуға

бағытталады.

/Й/ дыбысының айтылу кемшілігі мектепке дейінгі балаларда кездеседі,

көбінесе Л дыбысымен ауысатын түрде болады.

/Й/ дыбысына тән артикуляция орнына Л дыбысының төменгі жоғарғы

артикуляциялары пайдаланылады.

Қарапайым жағдайда кемшілікті түзету үшін /Й/ орнына дауысты и

қолданылады. Балаға и дыбысын созып иа, аиа, аи дауысты тіркестіре

айтқызады. Біртіндеп и дауыстының ұзақтығы қысқарып, буынды дыбыстан

буынсыз дыбысқа айналады.

Егер нәтиже болмаса С дыбысынан X дыбысын алғандай етіп 3

дыбысынан /Й/ дыбысын алатын механикалық әдіс қолданылады. Балаға за

буынын /дауыстап созып/ айтқызады және шпательмен тілдің ең ұшын

басады, сонда 3' А мен Ж' А буындары арасындағы дыбыс алынады. Сосын

JА дыбысы алынғанға дейін шпательді тереңдете береді.

Осындай әдіспен аза буынынан аj, а тіркесі алынады. Одан соң jo, зе,

зу тіркестерінен jо, /ё/, я /jе/, /jу/ю/ тіркесі алынады.

105

Бала артикуляцияны механикалық көмексіз игерген кезде әуелі яма,

елка, юбка сияқты қарапайым сөздер, сосын күрделі сөздер айтылып

үйретіледі.

Үнді дауыссыздардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері

Жасау әдісі мен орны түрліше, қатаң немесе жұмсақ үнді дыбыстарға

ортақ тән кемшілік, олардың жұптық үнсіз дыбыс түрінде айтылуы. Бұл

кейде есту кемістіктерінің салдарынан фонологиялық кемшілік түрінде

қарастырылады. Ол жазу сауатына да әсер етеді.

Кемшілікті тиісті меңгерілуі жеңіл Ж және 3 дыбыстарынан

басталғаны дұрыс. Негізі ретінде дұрыс, үнді айтылатын В дыбысын алу

керек.

Логопед Ф дыбысын созып айтады да демді таратпастан В дыбысына

көшеді. /Ф-В/. Баланың назары дыбыс ерекшелігіне аударылады және

қолымен тербелісті бақылатады. Тербелісті виброскоптың көмегімен

ажыратуға болады.

Келесі сәтте бала жаттығуды логопедпен бірге жасап, тербелісті бір

қолымен өз тамағын, екінші қолымен логопедтің тамағын байқайды.

Осылай етіп С дыбысы айтылады да дауысты қосқанда 3 дыбысын

береді /С-3/.

Фрикативтік дауыссыздар мен жұмыс Ж дыбысын қалыптастырудан

басталады, ол да Ш дыбысын созып айтуда 3 дауысты қосуға негізделген /Ш-Ж/.