- •4. Символикалық праксисті тексеру үлгі, содан соң нұсқау бойынша
- •1874Ж. Вернике осыған ұқсас жаңалық ашты: түсіну мен ми қыртысының
- •20 Ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі
- •2) Артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен дыбысты шығару үшін
- •X дыбысының айтылуының бұзылуы хитизм немесе басқа дыбыспен к
- •3 Және ж дыбыстары қалыптасқан соң буын, сөз жаттығулары
- •4.Дыбыс айтудың тотальді бұзылуы.
- •1 Кезең. Оқытудың басында баланың физиологиялық тыныс алуын белгілеу
- •2 Кезең. Екінші кезеңде ауыз арқылы дем шығарудың жаңа түрі
- •70 Жылдары психиатрия саласында невротикалық және неврозға
- •XX ғасырдың 70 жылдарынан бастап арнайы ғылыми әдебиеттерде
- •1Жастан 6-7жасқа дейін ата-аналардың дұрыс сөйлеу үлгісінің балалар үшін
- •1. Жүйке жүйесін сауықтыру.
- •3. Үй жағдайында сөйлеу жұмысын жүргізу
- •1977 Және басқалары) алалияның этиологиясындағы тұқым қуалаушылық,
- •1864 Жылы енгізді. Афазия жөніндегі ілімнің дамуын үш кезеңге бөлуге
- •22 Алаң). Тіл дыбыстарының акустикалық талдау мен жинақтауының
- •1. Акустикалық агнозия мен фонематикалық естуінің дефектісі
- •1. Артикулярлы-акустикалық дисграфия м. Е. Хватцевтің бөлген ауызша
- •2. Фонемді тану бұзылысы негізіндегі дисграфия (фонемді
- •3. Тілдік талдау мен жинақтау бұзылысы салдарындағы дисграфия.
- •4. Аграмматикалық дисграфия р. Е. Левина, и. К. Колпаковская, р. И.
- •29.10.2003Ж. Қр БжҒм №787 бұйрығымен бекітілген арнайы білім
1. Жүйке жүйесін сауықтыру.
Сөйлеу организмінің жалпы физикалық жағдайы мен нерв жүйесінің
жағдайына тығыз байланысты. Сондықтан төмендегідей ережелерді
сақтау қажет:
- Жүйке жүйесіне зақым келтіретін темекіден , алкогольдан бас тарту;
- Организмді сауықтыру үшін дұрыс тамақтану, дем алу мен еңбекті,
ұйқыны, сергуді ойдағыдай алмастыру ( ұйқының бұзылуы өте зиян).
- Эмоциялық салмақ түсіруден сақтану;
- Жүйке жүйесін шынықтыру үшін таңғы гимнастика, шынықтыру
шараларының пайдасы көп;
Орынды дене шынықтыру, организмді шынықтыру қимылдың
үйлесімділігіне жақсы ықпал етеді және сөйлеу функциясын жақсартады.
236
2. Тұтықпаны тудыратын психикалық реакцияларды жеңілдету
Сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету барысында басты кедергі жағымсыз
эмоциялық қайғыру болып табылады. Сондықтан өзін мазалайтын
жағдайларды жан-жақты ойластыру қажет. Күнделікті өмірде өзін байсалды,
салмақты, сенімді болуға тырысу.
Өмірдегі кездесетін қиыншылықтардың бтұтықпаның себебінен деп
есептемеңдер жолдастардан, жақындарыңнан, әріптестеріңнен сөйлеудегі
қиыншылықтарды жасырмай, оларға ем алып жүргендерінді түсіндіру керек.
Өздеріңде батылдылықты, қатаңдықты, шыдамдылықты және ерікті
тәрбиелеңдер. Қойған мақсаттан бас тартпай, өз күштеріңе және
мүмкіншіліктеріне сеңіндер. Өздеріңді әр жағдайда байсалды ұстауға
үйреңіңдер. Егер аутогендік жаттығуларды ұдайы қолдансаңыз ол бұған
көмектеседі.
3. Үй жағдайында сөйлеу жұмысын жүргізу
Жатық сөйлеу дағдысын бекіту үшін күнделікті дұрыс сөйлеуді жаттықтыру
қажет:
- Жаттығуға қолайлы уақыт бұл таңертеңгі жұмысқа немесе оқуға
дейінгі кезең;
- Сөйлеу жұмысын өлеңнен бастау керек (көңілді, ырғақты өлеңдерді
пайдалану);
- Орташа жылдамдықпен, ережелерді сақтап, тақпақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді және кішірек мәтіндермен жұмыс;
- Өзіндік жұмысқа логопедиялық сабақтарды қосу керек.
Естеріңде болсын! Ырғақтылық қимылдар сөйлеу функциясын қалыпқа
келтіруге жағымды әсер етеді.
Меңгерген сөйлеу дағдыларын біртіндеп адамдармен қарым-қатынас
функцияларында бекіту.
4. Сөйлеудің негізгі ережелері
1. Дененің дұрыс кейпі тіршілік процестерін жақсартады және
сөйлеуді ұйымдастыруға әсер етеді. Сөйлеу кезінде денеге байсалды
және ыңғайлы кейіп беру керек.
2. Сөйлеу кезінде әңгімелеушіге қарап, өзін сенімді және байсалды
ұстау.
3. Айтатын фразаны алдымен ойлап, баяу, бөліп айту.
4. Мәнерлеп айтыңыз: ол үшін буындық, логикалық екпіндерді,
интонацияны сақтап, сөйлемнің мазмұнына сай айту.
5. Сөздің және сөйлемнің басын ақырын, жатық, дауысты
дыбыстарды жеңіл айту.
6. Ұзын сөйлемді мазмұнды бөліктерге бөлу. Әрбір бөлімін қысқа
фразадай айту.
7. Байсалды және баяу сөйлеуге тырысыңдар.
8. Сәтсіз сөйлеуден кейін – тоқтаңыз, сосын баяу сөйлеп
жалғастырыңыз.
Естеріңізде болсын, тұтықпаны түзету сөйлеу дағдыларын қайта
қалыптастыруды талап ететін күрделі жұмыс.
237
Жетістікке жету үшін уақыт, білім және тұтықпаны түзету тәсілдерін білу
қажет.
Ерікті, күшті, қажырлы адамдар туралы әңгіме, кітаптарды жиі оқыңдар.
Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Мектепке дейінгі балалардың тұтықпасын түзету әдістемелерін
атаңыздар.
2. Н.А. Чевелеваның методикасының мазмұнын ашыңыздар.
3. В.И. Селиверстовтың әдістемесінің ерекшелігін атаңыздар.
Ұсынылған әдебиет
1. Логопедия. Л.С. Волкованың ред . М., 1989.
2. Өмірбекова Қ.Қ.,Серкебаев Қ. Логопедия. Алматы, 1996.
3. Белякова Л.И., Дьякова Е.А. Заикание. М., 1998
4. Селиверстов В.И. Заикание у детей. М., 2002
5. Чевелева Н.А. Исправление заикания у школьников в процессе обучения.
М., 1978.
6. Волкова Г.А. Игровая деятельность в устранении заикания у
дошкольников. М., 1983
11. БӨЛІМ. АЛАЛИЯ
Алалия – туылғанға дейін немесе бала дамуының ерте кезеңінде бас ми
қабығының сөйлеу аяларының органикалық зақымдану салдарынан болған
сөйлеу тілінің дамымауы немесе мүлдем жоқ болуы.
Алалия термині (грек тілінің а- жоқ мағына, lalio –сөйлеу, тіл) – аудармасы –
сөйлеу тілінің жоқтығы, бұл термин сөйлеу тілі бұзылыстарына арналған
әдебиеттерде бұрыннан бері беріліп келеді. «Алалия» терминінен басқа,
сөйлеу тілі бұзылысының бұл түрін белгілеу үшін (әсіресе медициналық
және шет елдік) басқа да көптеген терминдер қолданылады: туа біткен
афазия, дамудың афазиясы, онтогенетикалық афазия, дисфазия, сөйлеу тілі
дамуының тежелуі, сөйлеу тілінің конституциональды тежелуі, сөйлеу тілін
меңгерудің бұзылуы, ( мылқау- естімей сөйлей алмау) т.б. Статикалық
деректер бойынша алалия 0,1% тұрғындарда кездеседі. Мектеп жасына
дейінгі балаларда 1%, ал мектеп жасындағы балаларда - 0,6 - 0,2% кездеседі.
Ер балаларда қыздарға қарағанда алалия екі есе жиі кездеседі деген деректер
бар.
А.Куссмаульдың (1877) айтуы бойынша, бұрыңғы кездегі және ХІХ ғ. басына
дейін дәрігерлердің көбі сөйлеу тілінің жоқ болуының барлық түрін алалия
терминімен байланыстырып афониямен қатар айтып жүрді, алайда,
біртіндеп, ол түрлерді ажырата бастады. Бұл түрлердің арасындағы
айырмашылық туралы алғаш атағандардың бірі И.Франк болып табылады,
ол алалияны артикуляциялай алмау салдарынан болған мылқаулық ретінде
және оны магилалияға (артикуляциялаудығы қиындықтар салдарынан болған
238
дыбыс айту бұзылыстары) қарама қарсы етіп қарастырады. Алалияны да,
магилалияны да (орыс тіліне бұл сөз косноязычие деп аударылған) И.Франк
дислалияның деңгейі ретінде қарастырған. Ондай дислалияда дыбыс айту
бұзылысы артикуляциялық (артикуляторлық) қиындықтармен күрделенген
деген.
1830ж. Р.Шультесс алалияны (мылқаулықты) сөйлеу тілінің жеке бұзылысы
ретінде қарастырған, бірақ, И.Франк сияқты, оны артикуляциялық
бұзылыстармен байланыстыратын. Алалия, мүлдем артикуляциялай алмау
ретіндегі дислалияға қарама қарсы қойылып, кейіннен анартрия деп аталған.
А.Куссмаульдің топтастыруында артикуляциялаудың бұзылуын жалпы атау
үшін (дизартрия және дислалия, және де мәнерлеп сөйлеудің бұзылуы -
дисфазия) «лалопатия» түсінігі еңгізілді. Мүнда, А.Куссмауль, оған дейінгі
ғалымдар сияқты, алалияны артикуляциялық қиындықтармен байланысты
сөйлеу тілі бұзылыстарына жатқызып, anartria literalis (дыбыстарды
артикуляциялаудың жоқ болуы) термині сай деп есептеді. Сонымен,
алалияға А.Куссмауль дыбысты мүлдем айта алмауы тән сөйлеу тіл
бұзылыстарын жатқызды. Кейіннен, осы жағдайды белгілеу үшін басқа
артикуляторлы бұзылыстармен бірге «анартрия» термині қолданыла бастады.
А.Куссмауль мәнерлеп сөйлеудің ақауы сияқты бұзылыстарды атады. Оларға
грамматикалық формалармен синтаксистік айтуларыдың бұзылыстарын
жатқызды. Мұндай бұзылыстарды зерттеуші дисфазия деп атады.
ХІХ ғ. 60-шы жылдары Труссо «афазия» терминін ұсынды, ол бұрын Брока
қолданған «афемия» (сөйлеу қабілетін жоғалту) терминінінің орнын басты.
«Афазия» термині медицинада бекіп, кеңінен таралды. Кейбір шет ел
авторлары (Orton,Travis) «алалия», немесе «афазия» түсініктерін
ересектердің сөйлеу қабілетінен айырылуынан балалардың сөйлеу тілінің
дамымау ерекшелігін ескеріп «балалық афазия», немесе «дамудың афазиясы»
деген жалпы терминімен белгілейді.
Фониатр Р.Коэн (1888) еңбектерінде «алалия» терминін артикуляциялық
бұзылыстармен байланысты емес мылқаулықты белгілеу үшін қолданылады.
Ол бұл бұзылысты (естімеу сөйлей алмау) мылқау (есту қабілеті қалыпты
болған кездегі мылқаулықпен салыстырғандағы естімеу сөйлемеу, яғни есту
қабілеті жоқ болған жағдайдағы мылқаулық) немесе идиопатиялық алалия
(пайда болуы белгісіз сөйлеу мүмкіндігінің жоқтығы).
Әр түрлі авторлардың кейінгі еңбектерінде «алалия» және «афазия»
(«дисфазия») терминдері ұзақ уақытқа дейін жеткілікті деңгейде ажыратусыз
қолданылды. Тек ХХғ. 30-шы жылдарында ресейлік логопедияда «алалия»
мен «афазия» түсініктері тоығынан ажыратылады: алалия – сөйлеу тілінің
дамымауы, афазия – сөйлеу мүмкіндігінің тоқырауы жоғалуы деген. 50-60-шы жылдары бұл ажырату бекіп, терминологиялық сөздердің саны көбейсе
де, бүгінгі күні зерттеушілердің көбі осы терминді қолданады.
Алалияны зерттеуге үлкен үлес қосқандар Г.Гутцман (1894), А.Либманн
(1900), М.В. Богданов-Березовский (1909), Э.Фрешельс (1931), ал кейінгі
кезде М.Е.Хватцев, Н.Н.Трауготт, В.К.Орфинская, Р.Е.Левина,
239
Б.М.Гриншпун, Л.В.Мелехова, Г.В.Мациевская, Е.Ф.Соботович,
В.А.Ковшиков, С.Н. Шаховская, В.К.Воробьева және басқа зерттеушілер.
Әр түрлі авторлардың еңбектерінде әр түрлі критерийлерді
(физиологиялық, клиникалық, психологиялық, лингвистикалық,
психолингвистикалық т.б.) қолдану арқылы алалиядағы сөйлеу тілі
дамуының және ақаудың құрылымының ерекшеліктері айқындалған.
Алалияның бірнеше түрлері сипатталып, сөйлеу тілі дамымауының әр
түрлерінде логопедиялық әсер ету әдістемесі құрастырылған.
Қазіргі кезде алалияны зерттеудің барлық мәселесі ашыла қойған жоқ.
В.К.Орфинскаяның айтуы бойынша, қазіргі кезде өткен кезеңдермен
салыстырғанда, алалияны зерттеушілердің арасында ақауды түсінуде, оның
механизміне, түзету жолдарындағы негізгі қағидалы ұстанымдарына деген
жалпы көзқарастар келіспеушіктерге қарағанда көбірек.
Алалияның себептері
Алалияның пайда болу себептері жөнінде көп уақытқа дейін әр түрлі
пікірлер айтылды. Атап айтсақ, Р.Коэн (1888), А.Гутцман (1924), Э.Фрешельс
(1931), М.Зееман (1962) т.б., бұл бұзылыстың негізгі себебі туылғанға дейінгі
кезде және бала дамуының ерте кезеңіндегі қабыну және алиментарлы-трофикалық ауысу патологиялары деп есептеген.
А.Трейтель (1901) алалияны зейінмен есте сақтау қабілетінің
жеткіліксіздігінің салдары деп есептеген. А.Либман (1901) алалиядағы
сөйлеу тілінің жетілмеуін зияттың жеткіліксіздігімен байланыстырған.
А.Ивинг (1963) бұл балаларда бас миының зақымдануындағы сөйлеу тілінің
жеткіліксіздігінің басты белгісі ретінде сөздің моторлы бейнесінің жоқтығын
атап көрсеткен. М.Зееман (1962) сөйлеу тілі бас миындағы сөйлеу
орталықтарының (сөйлеу тілінің ми аялары) бұзылыстыры салдырынан
дамымайды деген. Р.Лухзингер (1970), М.Берри (1957), М.Б.Эйдинова (1961),
В.А.Ковшиков (1985) және басқалар алалияның пайда болуында туылған
кездегі нәрестелердің бас ми жарақаттары мен асфиксиясы негізгі рөлге ие
деген.
Туылған кездегі жарақаттар мен асфиксиялар туылғанға дейінгі
патологиялардың салдары болып табылады. Осылардың бәрі оттегінің
жетіспеуіне, тыныс алу орталығының функциясының төмендеуіне әкеп
соғады. Ең бірінші, бас миының филоонтогенетикалық жағынан жас, үшінші
қабығының клеткалары оттегі жетіспеуіне сезімтал болады. Бас миының
үшінші қабығының клеткалары ассоциациялық байланыстардың күрделі
жүйесінің басы болып, адамның жоғарғы қабықша функцияларының, ең
алдымен – сөз және психикасының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Этиологиялық факторлар ішінде іште жатқан кездегі энцефалиттер,
менингиттер, дамудың жағымсыз жағдайлары, құрсақтағы нәрестенің
интоксикациялары, туа біткен себептер, іштегі және ерте жастағы нәресте
миының жарақаттары, ерте жастағы аурулардың бас миына тигізген әсері.
Іште жатқандағы патология бас миының диффузды зақымдануына әкеп
соғады, ал туылған кездегі ми жарақаттары мен асфиксия өте шоғырланған
240
бұзылыстарға себепші болады. Бас миының әртүрлі аяларының
зақымданулары сөз және сөзсіз функциональды жүйелердің дамуын бұзады.
Е.М.Мастюкова (1981), алалияны нейроонтогенез тұрғысынан сипаттай
келе, пренатальды және ерте постнатальды кезеңде кез келген зиянды
фактордың әсерінен, бас миының қабығы әлі де қалыптасу деңгейінде
болғанда, шоғырланған ақауды белгілеу өте қиын деген. Себебі зақым
көбірек таралған немесе диффузды сипатта болады деген. Бұл жағдайда
балада ММД - минимальды ми дисфункциясы байқалады.
С.А.Корсаков пен Н.И. Красногорскийдің байқауынша, алалия орталық
жүйке жүйесінің әлсіздігінен, ең алдымен гипотрофияға себепші болатын
соматикалық аурулардың салдарынан болады. Ю.А. Флоренская алалияның
патогенезінде рахит, ерте жаста тамақтану мен ұйқының бұзылуы, тыныс
мүшелерінің жиі ауырулары орын алады деген. Бұл пікірмен барлық
авторлар келісе бермейді. Соматикалық ауырулар негізгі емес болып
табылатын, тек неврологиялық сипаттағы патологиялық процестердің әсерін
асқындыратын болуы керек.
Кейбір авторлар (Р.Коэн, 1888; М.Зееман, 1961; Р.Лухзингер, А.Салей,
