- •Жұмыстың мазмұны:
- •Delphi ортасымен танысу. Delphi ортасы туралы жалпы түсінік
- •Форманың кейбір қасиеттері. Оқиғалар. Программалық код терезесі
- •Стандартты типті түрлендіру функциялары
- •Берілгендерді формада енгізу және шығару Проектіні сақтау және ашу. Компиляциялау
- •Компонеттер палитрасы жөнінде
- •Жобалардың негізгі файлдары Файлдардың келесі тобы компилятормен құрылады:
- •Datebase Desktop- тың көмегімен кестелер құру
- •InterBase пішімінің кестелер өрісі төмендегідей типтерді қабылдауы мүмкін:
- •Validity Checks (дұрыстықты тексеру) – бұл жазбалар өрісіне қатысты болады және минимал, максимал мәндерін, сонымен қатар келісім бойынша алынған мәндерді анықтайды;
- •Графикалық мәліметтерді баспаға шығару (tPrint объектісі)
- •Printer қасиеті:
- •Қорытынды
Берілгендерді формада енгізу және шығару Проектіні сақтау және ашу. Компиляциялау
Delphi-де компоненттер панеліне формаға түрлі компоненттер орнатып, олардың оқиғаларын өңдеуіш процедураларын құру – визуальды программалаудың түйінді негізі.
Мысалы, берілгендерді енгізу және шығару үшін компоненттер панелінің Standard қосымша бетіндегі мәтіндермен жұмыс істейтін TEdit (енгізу өрісі), TLabel (шығару өрісі) және TButton (командалық түйме) компоненттері жиі пайдаланылады. Мысалы, формада Edit1 өрісін орнатқан соң іске қосу командасын беріп және сәйкес өріске меңзерді енгізіп, пернелер тақтасы арқылы бір жолдық мәтін енгізуге және оны редакциялауға болады.
Формада орнатылған TEdit, TLabel компоненттерінің Caption, Text қасиеттерінің мәндерін программа арқылы өзгертуге болады. Ол үшін сәйкес операторларға объект атауы жазылып, нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгізіледі. Қасиетке мән меншіктеу тәсілі әдеттегідей. Мысалы:
Label1.Color:=clGreen;//Green-жасыл түс
Label1.Caption:= ’Біз студенттерміз’;
Edit1өрісіне енгізілген қарапайым мәтінді (S) Label1 өрісіне шығаруға болады. Ол үшін процедура денесін мынадай етіп алу жеткілікті (Edit1.Text - Edit1 объектісінің Text қасиетін программа арқылы орнату әдісі):
Var s:string;
Begin
S:=Edit1.Text;
Label1.Caption :=s;
End;
Формаға TButton компонентін орнатып, оны программаны іске қосу түймесі ретінде пайдалану қиын емес.
Проектіні дайындап болған соң оны сақтау үшін File- Save All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып жатса, онда модульді сақтау үшін сұралатын Save Unit1.As атаулы терезе көрінеді. Проект сақталу үшін арнайы бума дайындалмаған болса, ол Projects (C:\Program Files\ Borland\ Delphi 5\Projects) бумасында сақталады. Бірақ пайдаланушы Сақтау терезесінде жаңа бума құрып, проектіні сонда сақтағаны жөн. Ол оны іздеп табуды жеңілдетеді. Терезенің Файл аты өрісіне модуль атауын енгізіп, Сақтау түймесін шерту керек. Модуль .pas кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады да, экранда проект аты сұралатын терезе көрінеді.
Файл аты өрісіне проект атын енгізіп, Сақтау түймесін шерту керек. Проект файлы .dpr кеңейтілуі бойынша сақталады да, негізгі модуль атауы осы атауға өзгертіледі. Ол программа атауы ретінде қабылданады.
4-сурет. Модульді сақтау терезесі
Компонеттер палитрасы жөнінде
Delphi-де программа дайындау үшін компоненттік тәсіл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясында нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.
Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы ( Visual Component Library, VCL) деп атайды. Компонент дегеніміз – белгілі қасиеттерге ие функционалды элемент. Компоненттер арқылы бағдарламаның негізі қаланады.
Компоненттер палитрасында келесі парақтар болады:
Standard – жиі қолданылатын құраушылардан тұратын стандартты парақ. Standard бетіне енгізілген кейбір компоненттер 1-кестеде көрсетілген.
Аталуы |
Іс-әрекеті |
MainMenu PopupMenu
Edit
Label Button
ScroоlBar
|
Программа мәзірін құру Тышқанның оң түймесін шерткен кезде экранға шығатын (контекстік) мәзір құру Жолдық мәнді енгізу, редакциялау (мәтіндік редактор). Бір жолдық мәтінді (жазбаны) шығару Командалық түйме. Оның OnClick оқиғасын өңдеуіш процедурасы бір іс- әрекетті орындайды. Басқару белдеушесі (Windows терезесіндегі сияқты)
|
1-кесте
Additional (Қосымша) бетіне енгізілген компоненттер сұхбаттық терезелердің көрінісін түрлендіру үшін пайдаланылады.
Timer (Таймер) – нақты уақыт аралықтарын есептеу;
System (Жүйе) бетіне OLE (байланыстыру және орнату) течнологиясы бойынша берілгендерді түрлі программалар арасында алмастыратын және т.б. іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер енгізілген. Мысалы,
PaintBox (Сурет қорабы) – графикалық кескіндер енгізілген төртбұрышты облыс құру;
OLEContainer (OLE контейнер) – байланыстыратын және орнатылатын объектілерді қабылдау контейнері;
MediaPlayer – Мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару;
Win32-бетіне -32-разрядты операциялық жүйелермен жұмыс жасауға арналған компонентер енгізілген ;
Animate (жандандыру, қозғалыс әсерін ұйымдастыру)-қозғалыс әсерін ұйымдастырады. Компонент формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын алады.
Samples (Модель) бетіне енгізілген компоненттер:
ColorGrid (Түстер торы) –түстер кестесі. Ол 16 түстік палитрадан негізгі және фон түсін таңдау;
Calendar (Календарь) – ағымдық күн белгіленген ай календарын көрсету (жылдық календарды Win32 панелінің MonthCalendar компонентін формада орнату арқылы шығаруға болады), т.б.
Interfase – Borland Database Engine (BDE) және Active Data Objects арқылы (ADO) Interfase- пен тікелей байланыс;
Midas – паралель ағымдармен деректер базасының қосымшасын тұрғызу;
Internet Express – Internet Express қосымшаларын құру;
Internet – Internet- пен бірге жұмыс істейтін қосымшалар үшін арналған компоненттер;
FastNet – Internet- ке жетудің әртүрлі хаттамалары;
Decision Cube – мәліметтерді талдау;
Qreport – есеп берулерді жедел дайындау;
Dialogs – « Файлды ашу » типіндегі сұхбаттар, жүйелік сұхбаттар;
Win 3.1 – Windows 3.x стиліндегі компоненттер;
Samples – аяқталмаған құжаттық компоненттер үлгілері;
ActiveX – ActiveX- тің активті элементтері;
Servers – кең таралған COM серверлеріне арналған VCL қабықшалары;
