- •Жұмыстың мазмұны:
- •Delphi ортасымен танысу. Delphi ортасы туралы жалпы түсінік
- •Форманың кейбір қасиеттері. Оқиғалар. Программалық код терезесі
- •Стандартты типті түрлендіру функциялары
- •Берілгендерді формада енгізу және шығару Проектіні сақтау және ашу. Компиляциялау
- •Компонеттер палитрасы жөнінде
- •Жобалардың негізгі файлдары Файлдардың келесі тобы компилятормен құрылады:
- •Datebase Desktop- тың көмегімен кестелер құру
- •InterBase пішімінің кестелер өрісі төмендегідей типтерді қабылдауы мүмкін:
- •Validity Checks (дұрыстықты тексеру) – бұл жазбалар өрісіне қатысты болады және минимал, максимал мәндерін, сонымен қатар келісім бойынша алынған мәндерді анықтайды;
- •Графикалық мәліметтерді баспаға шығару (tPrint объектісі)
- •Printer қасиеті:
- •Қорытынды
Стандартты типті түрлендіру функциялары
Функция |
Орындайтын іс-әрекеті |
StrToFloat(x)-
FloatToStr(x)- FloadToStrF(x,f,s,o)-
StrToInt(x)-
IntToStr(x)- |
Жолдық типті х айнымалысын нақты санға түрлендіру; х нақты санын жолдық типті етіп түрлендіру; х нақты санын форматты жолдық типке түрлендіру. Мұндағы f формат (кескіндеу форматы). Ол көбінесе ffGeneral не ffFixed түрінде жазылады; s-барлық цифрлар саны (дәлдік); o- ондық нүктеден соң жазылатын цифрлар саны (ондық дәлдік), мысалы, FloattostrF(x,ffFixed,7,3); Жолдық типті х айнымалысын бүтін санға түрлендіру; х бүтін санын жолдық типті етіп түрлендіру;
|
Кесте 1 Стандартты типті түрлендіру функциялары
Delphi-де нәтижені ShowMessage прцедурасының терезесіне шығаруға болады. Процедураның жазылу түрі:
ShowMessage(s);
Мұндағы, s- жолдық типті өрнек. Егер ол сандық типті болса, оны жолдық типке түрлендіру үшін s аргументінің орнына типті түрлендірудің сәйкес функциясын енгізу керек. Мысалы, s нақты типті сан болса, оны шығару терезесінде көрсету операторының мынадай түрде жазылуы мүмкін: ShowMessage (FloatStr(s)) немесе ShowMessage (FloatToStrF(s, ffgeneral,7,3));
Жүйе соңғы операторды оқып шығып, жеті цифрдан тұратын нақты санды символдық типте ShowMessage терезесінде көрсетеді.
1-мысал. x=4.8 үшін y=3x+5/3 функциясының мәнін есептеу керек. X мәні InputBox терезесі арқылы енгізілсін, y мәні ShowMessage терезесінде көрсетілсін.
1. File-New Application командасын беріп, жаңа проект ашу. Form1терезесі көрінеді.
2. Форманы екі рет шерту. Unit1.pas атаулы модуль құрылады да, код терезесінде OnCreate оқиғасын өңдеуіш процедурасының дайындамасы көрінеді.
TForm1.FormCreate форманы екі рет шерту оқиғасынан жауап ретінде құрылатын процедураның құрама атауы. Ол нүкте арқылы ажыратылған екі бөлімнен құралған: біріншісі – класс атауы (TForm1) (Delphi-де әрқайсысы ұқсас толық бір іс-әрекетті орындайтын программалар тобы не, басқаша айтқанда, әдістер немесе қасиеттер ортақтығымен сипатталатын объектілер жиынтығы класс деп, олардың біреуі класс данасы делінеді. Объект орындай алатын әрекет әдіс деп аталады); екіншісі процедураның өз аты.Олобъект және оқиға атауларының қосындысынан тұрады(оқиға атауының алдына On қосымшасы жазылмайды).
Компоненттер палитрасына енгізілген әр компонент жеке класқа тиісті. Ол формаға кірістірілгенде сандық индекс қосылып, класс атауын алады. Барлық класс атауларын Т әрпінен бастап жазу келісілген. Мысалы, TForm1-TForm стандартты класының үлгісі бойынша құрылған класс атауы, 1-оның индексі.
3.Процедура дайындамасына процедура денесін жазу:
Procedure Tform1.FormCreate ( sender:Tobject);
Var x,y:real; x1:string;
Begin
X1:=InputBox(‘ ’,’x=’,’ ’);
X:=StrToFloat (x1); y:=3*x+5/3;
ShowMessage (FloatToStr(y));
End;
Бұл форманы екі рет шерту (OnCreate) оқиғасына сәйкес жазылған оқиғаны өңдеу процедурасы.
4.Іске қосу командасын беру. Ол Run мәзірінің Run пункті арқылы не F9 клавишін басу арқылы іске асырылады.
5.Терезеге 4,8 мәнін енгізіп, OK түймесін шерту. Ішінде функцияның символдық мәні жазылған Project1 тақырыпты шығару терезесі көрінеді. Оның OK түймесі шертілсе, терезе жабылады.
