Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих!.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.57 Mб
Скачать

§9. Индустрияландыру.

1928-1932 жж – І бесжылдық. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі денгейінен 61℅-ға дейін жетті. Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыды. Ауыл шаруашылығы басым болды.

Индустрияландыру үрдісі басқару жүйесіне әміршіл-әкімшілік басқару жүйесі әдісінің енгізілуімен байланысты еді.

Индустряиландыру Қазақстанда табиғи байлықтарын зерттеуден басталды.

  1. Курнаков – Орт.Қазақстанды зерттеді. ҚР-сы туралы «Кеңес одағының тұтас металлогенді аймағы» деп тұжырым жасады.

  2. Губкин – Орал-Ембі мұнай аудандарын зерттеді.

  3. Сәтпаев – Жезқазғанды зерттеді.

КСРО ғылым академиясының 1920 соңы – 1930 басы көрнекті ғалымдардың қатысуымен кещенді экспедициялар ұйымдастырылды.

«Кіші қазан» төнкерісі – Голощекин, Сталин оны тікелей қолдады. Оппозиция топтарына ұлтшыл деген кінә тағылды. Олар Садуақасов, Мынбаев.

1925-1933 жж- Голощекин Қазақстанды басқарды. Капиталистік емес даму жолындағы, социализмның теоретигі болды.

1927 ж – Түркістан-Сібір темір жол магистралі салынды. Орта Азияны Сібір аудандарымен байланыстырды. Шығыс аудандардың экономикасын көтерді. Жолды салуда 100 000 адам еңбек етті. Орыс, қазақ, украин, қырғыз, дүнген, татар, башқұрттар еңбек етті. 10 000 қазақ жұмысшылары – теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын игерді.

Д.Омаров – қатардағы жұмысшыдан Түрксіб теміржолының бастығына көтерілді.

Қазыбеков – Қазақ көлік тресінің бастығына дейін көтерілді.

Жұмысшы Тимофеев – «жұмыстың ауырлығы» туралы жазды.

Жоспарланған 5 жылдың орнына 3 жылда салынды.

1930ж 28 сәуір – Солтүстік пен Оңтүстік Айнабұлақ станциясында түйісті.

1931 қантар – тұрақты пайдалануға берілді.

Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда Қазақстанда жұмыс істеп отырған ірі өнеркәсіптер:

  • Түрксіб темір жолы.

  • Қарағанды шахталары.

  • Ембі-Мұнай кәсіпшіліктері.

  • Шымкент қорғасын заводы.

  • Балқаш және Жезқазған кен металлургия комбинаты.

  • Кенді Алтай.

  • Ащысайдағы полиметалл кенді орындары.

  • Ақтөбе комбинаты.

Орал – мыс, Сібір – мыс, Қазақстан – қорғасын.

Балқаштың, Қарсақпайдың, Жезқазғанның түсті металлургия кәсіпорындарымен бірге көмірлі Қарағанды алып өнеркәсіп кешеніне айналды.

Ембіде мұнай өндірілсе, мұнайды өндейтін кәсіпорын Орскіде салынды. Балқаштың мысы, Шымкенттің қорғасыны, Алтайдың сирек кездесетін металдары - Қазақстаннан тыс жерге әкетілді.

Темір жолмен табиғи байлықтарды тасу 1913 жылғы денгеймен 21,3℅ есе асып түсті.

1939 ж – қалаларда 375 000 қазақ түрді. 1926 жылмен салыстырғанда 5 есе өсті.

Соғыс қарсанында қалада тұратын халықтың үлесі 16℅. Қалаларда Мәскеуден, Ленинградтан, Киев, Харьковтен, Сверловск, Ресей мен Украинадан, Әзірбайжаннан келген техник-инженерлер тұрды. Энергетика базасы, құрылыс материалдар өнеркәсібі едәуір артта қалды.

§10,11 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

ЖЭС жылдарында Республикада жақсы істер атқарылды. Кооперативтік қозғалыс дамыды, қазақ даласына тұтыну қоғамдары, сауда орындары құрылды.

Қазақ шаруалары: (коммунада, артель, жер өндейтін серіктестер), ұжымдық шаруашылықтарда бірікті. 

Голощекин «ауылдарлы кенестендіру» ұранымен, Қазақстанда жаңа революцияны жүргізу идеясын жасады.

Қарсы шыққандар: Садуақасов, Мынбаев, Сейфуллин, Қожанов. «Ұлтшыл» деген кінә тағылды.

Шабындық және Егістік жерлерді қайта бөлу ауылдағы жағдайды бұрынғыдан да ушықтыра түсті.

Сталиннің нұсқауымен астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Голощекин ауылдарға 4800 уәкілін жіберді.

1928 ж- 31000 шаруа жазаланды. 277 атылды. ЖЭС жылдары орныққан азаматтық татулық бұзылды.

1928 ж 27 тамыз - «Аса ірі бай шаруашылықтарды мен жартылай феодалдарды» тәркілеу және жер аудару туралы декрет шықты. Ең ірі 657 феодал мен байлар жер аударылды. 145 000 ірі қара мал тартып алынды.

1927 ж – Компартияның 15 сьезінде, ауыл шаруашылығының ұжымдастыру бағытын жариялады. Өркениетті кооператорлар қоғамын «құру идеясы» КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды. Ауылда кооперативтік қозғалыс даму барысында – еріктілік, дербестік, материалдық мүдделік, ынта, шаруаларды кооперативтендірудың жоғарғы формаларға кезеңмен өту – ұстанымдары жарияланды.

1932 ж көктем- Ұжымдастыру аяқтау белгіленді.

1929 ж – ІІ жартысынан бастап – Ұжымшар құрылысы жедел дамыды.

1929 ж – МТС-тер құрылды.

1929 ж – Республикада 56498 шаруа жауапқа тартылды. 34000 сотталды.

1929 ж – салғырт енгізілді.

1931-1932 жж – Шұбартау ауданында малдың 80℅-ы мемлекетке өткізілді.

Балқаш ауданында 173000 мал болды, 297000 малды тапсыруға тиіс болды.

Торғай – 1 млн малдан – 98000 мыны ғана қалды «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын».

Ұжымдастыруды жүргізу үшін жергіліуті белсенділерге қосымша 8000 жұмысшы келді. 1204 адам Мәскеуден, Ленинградтан, Иванов-Вознесецкийден, Харьковтен келді.

1932 ж ақпан – Шу ауданының 150 шақырым жерден шаруашылықтар жиналып, 400 киіз үй қала үлгісіндегі поселка боп тігілді.

Абыралы ауданы 70℅, Жымпиты 60℅, Жәнібек ауданында 95℅ шаруашылық ұжымдастырылды.

1928 ж – Қазақстанда барлық шаруашылықтын 21℅, 1931 жылы 65℅ ұжымдастырылды.

Асыра сілтеушіліктердің зардаптары.

Кулак қожалықтарының жалпы шаруашылықтардан 3-5℅ аспауы тиіс болды. Темір шатырлы үй, екі аты бар адам – кулак боп саналды.

1929 -1933 ж- Қазақстан жерінде Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма (БМСБ) уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректері бойынша 9805 іс қаралды. Үштік: Голощекин, Құрамысов, Рошаль.

1933 – БМСБ уәкілеттері 21 мыннан астам адамды қамауға алды.

1930-1932 ж- Аштық етек алды. Аштықтан халықтың 40℅ қырылды. 1 млн астам қазақ республикадан тыс жерге көшіп кетті.

1969 ж – 40 жыл өткеннен кейін ғана халық саны қалпына келді.

616000 қайтып ораған ждоқ, 414000 ғана оралды.

1931-1933 ж – республиканың 6,2 млн тұрғындарынын 2,1 млн аштықтын қырылды. Басқа халықтың шығыны 0,4℅. 40,5 млн малдан - 4,5 млн қалды.

Сталин және оның төнірегіндегілер Қазақстанда, Украинада, Еділ бойында, Солт.Кавказда аштық болғанын біліп отырды.

1932 шілде – Мүсірепов, Қуанышев, Алтынбеков, Дәулетқалиев, Ғатауллин Голощекинге хат жазды.

1933 ж- Рұсқылов Сталинге хат жолдады. Ол Сталинге, Молотовқа, Когоновичке жолдаған.

1932 наурыз – Ақтөбеде, Қызылордада қызмет еткен Мәскеу қызыл крест оотрядының баяндамасынан «Торғай мен Балқашта аштық жайлады» айтылды.

Ұжымдастыруға қарсы қарсылықтың түрлері: Қала мен құүрылыстарға кету; шетелге көшіп кету; ұжымшар белсенділерін өлттіру; өзін-өзі қорғайтын қарулы отряд құру; көтеріліс жасау.

1929-1931 жж – ұжымдастыруға қарсы көтерілістер болды.

1929 ж – Қарақалпақстандағы Тақтай көпірде; Сырдария округіндегі Бостандықта; қараша айында – Қостайан округіндегі Батпаққара – «қазақ өлкелік комитеті, бандиттік – басмашы қозғалыстың көрінісі» деп баға берді.

1930ж -1. Ақпан –сырдария округіндегі Созақта көтеріліс табандылғмен ерекшеленді. Көтеріліс талаптарында :өкімет орындарын заңсыздықтарын айыптуамен қатар, діни сарындар да байқалды. Көтерілісшілер аудан орталығын басып алды. 2. Ақтөбе округіндегі Ырғызда. 3. Наурыз-Алматы округіндегі сарқантта.

1930ж- Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды.

1930ж Ақпан-мамыр Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай.

Қарақұм көтерілісін Орынборда орналасқан 8 дивизия басып тастады.

Маңғыстау, Жылқоссын, Ойыл, Табын аудандарының халқы Түркіменстан, Қарақалпақстан, Иран, Ауғанстанға көшңп кетті.

Қытайға ауып кетті: алматы округінің Балқаш, Еңбекші-қазақ, Іле, Шоқпар, Биеқақсу, Сарқант, Жаркент, Бәрібаев аудандары.

1931ж көктем Қарқаралы округінен, абыралы, шыңғыстау, шұбартау аудандарынан көтеріліс жасаған шаруалар түгелдей қырылды.

372 көтеріліс болды.

1916 жылғы көтерілісті басу сияқты далаға жазалау экспидициялар жіберілді. Патша үкіметінің тәжірибесін қайталады.

1932 ж - Қыркүйек ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылданды. Қаулыда: «ұжымдастыруды жүргізген кезде республиканың шаруашылық және мәдени даму деңгейі, шаруалардың даярлық дәрежесін ескеру керек» екенін көрсетті.

Саяси жағынан сәтсіздікке ұшыраған басшылар: Голощекин, Исаев, Құрамысов, Ерназаров, Голюдов. Халықтың алдында ешқандай жауапқа тартылмады.

1935 ж - ақпан Екпінеді ұжымшар мүшелерінің сьезі болды. Онда ауыл шаруашылық артелінің жаңа жарғысы қабылданды.

1938 ж - Қиыр шығыстан корей ұлты көшірілді. Посьет ауданынан 100 мың. Қызылорда мен алматы облысында 57 ұжымшар құрылды. Корей отбасыларының 1 бөлігі өзбек КСРО-ның суармалы егіншілік ауданына көшіп кетті.