Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих!.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.57 Mб
Скачать

§7. Қазақтың ұлттық мемлекетінің қайта қалпына келтірілуі.

Азамат соғысы шет аймақтар халықтарынынң ұлт мемлекеттігі идеяларымен санаспауға болмайтынын большевиктерге тағы да көрсетті.

Қазақ халқының ұлт мәселесін қолдаған – Ленин.

1919 ж 10 шілде – Революциялық комитет туралы декретке қол қойды, қырғыз өлкесін басқару жөнінде. Қолында әскери-азаматтық билік болды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері айтылды:

  1. Контреволюцияға мен интервенцияға қарсы күрес.

  2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау.

Ревкомның құрамында: Астрахань, Орал, Торғай, Ақмола, Семей.

Ревком мүшелері: Пестковский (поляк), Байтұрсынов, Жангельдин, Мендешев, Қаратаев, Сейфуллин, Радус-Зенькович, Әйтиев, Әлібеков, Ғаппасов, Седельников, Лукашев.

Ревкомның газеты: «Ұшқын».

1920 – 20 тамыз – РКФСР құрамында қырғыз автономиялы кеңестік социалистік республикасын құру туралы декрет шықты.

1920 – 4 қазан – Орынборда Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік республика құрылды. Құрылтай сьезі болды. Сьезд өкімет органдарын сайлады.

Орталық Атқару Комитеті – Меңдещев. Халық Комиссарлар Кеңесі – Радус-Зенькович.

Қазақ жерінің Қазақ АКСР-нің құрамына бірігуі. Арнайы комиссия құрылды:

  1. Отаршылдық психологиялық санасын менгергендер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарын қосылуына қарсы шықты.

  2. Республика қарамағына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Баянауыл уезін, Алтай өлкесін қосып араластырып жіберу арқылы, ұлттық республиканын болашағын бұлынғыралндыруды көздеді.

Қостанай уезін Қазақстан аумақтарына қосу қажет екенін жан-жақты дәлелденген А.Байтұрсынов пен М.Сералин. Пікірталастар барысында өз халқының тарихын тамаша білетін Ә.Бөкейханов, Ермеков, Байтұрсынов, Сералин Ресми деректерге сүйене отырып жер қазақтікі екендігін дәледейтін айғақтарын алға тартты.

1921 ж – Ақмола мен Семей Қырғыз Автономиясына қосылды. Батыс Сібір ревкомнан алынды.

Ертіс пен Жайықтың бойындағы казактар пайдаланып келген он шақырымдық жер қазақтарға қайтарылды.

1924 ж – Орта Азияны ұлттық мемлекеттік жағынан межелеу барысында Кеңестік шығыста ұлт республикалары құрылып, қазақ жерінің біртұтас қазақ республикасы болып қалыптасу аяқталды.

1924 ж қосылды. Сырдария: Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Мырзашөл, Самарқан, Жизақ.

Жетісу: Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал, Пішкек.

Республика аумағының 1/3-ке дейін кеңейіп, жері 2,7 мың млн шаршы болды.

Халқы – 1 млн 468 мың адамға көбейіп, жалпы саны – 5 млн 230 мың болды.

1926 ж санақ бойынша – Қазақтардың саны – 61, 3 ℅

1920-1924 жж – Орынбор астана болды.

1924-1929 жж – Қызылорда астана болды.

1929 ж – Алмата астана болды.

1925 ж – Кеңестердің Бүкілқазақстандық 5 сьезінен кейін «қырғыз-қазақ» деп атала бастады.

§8. Жаңа өмірдің қиындықтары.

1925 ақпан – Қырғыз облыстық партия ұйымы Өлкелік партия ұйымы боп өзгертілді.

1921 ж – Орынборда Қазақстан комсомолының І сьезі болды. Жетекшісі – Ғани Мұратбаев (1902-1924жж өмір сүрді).

Қанаушы элементтер деп қарастырылған байлар, имамдар, мұсылмандардың діни басқармалар мүшелері сайлаудан қатысуға шектелді.

Тыйым салу туралы декрет:

  1. Қалың мал алуды жойды.

  2. Көп әйел алушылыққа тыйым салу.

  3. Әмеңгерлікке қарсы.

Әйелдер қозғалысы: А.Оразбаева, Н.Құлжанова(журналист), Ш.Иманбаева. Есова.

Қызыл отаулар – ағарту ісін ұйымдастырды.

Ашаршылыққа қарсы күрес:

1921 ж – Қуаншылық болды. Малдың 80℅ қырылды.

1921 ж – қараша – 1 млн 508 мың адам аштыққа ұшырады.

1922 ж – наурыз – 2 млн 303 мың 200 адам адам аштыққа ұшырады. Мамыр – маусым айларында бұл сан кеми бастады.

1922 ж – Батыс Қазақстанда ашығушылар саны 82℅. !!!

1921 ж – Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің дикретімен Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары аштық жайлаған аудандарға жатқызылды. Аштыққа індет қосылды.

Ақмола мен Семей астықты Мәскеуге, Петроградқа, Самараға, Қазанға, Саратовқа жіберді.

Еділ бойынан ашыққан халық – Батыс Қазақстанға, Түркістанға келді. Олардың үздіксіз ағып келуі жағдайды қиындатты.

1921 ж 14 маусым- «Нақты ет салығы» туралы декрет бойынша, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары ет салығынан босатылды.

Еңбек және қорғаныс кенестері комитеттерінің шешімімен қазақ АКСР-іне ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін несие бөлінді. 1922 ж 4 тамыз- 25 млн сом.

Кеңес үкіметі егін шықпау салдарынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алу үшін аз да болса, қаражат бөлді.

Қайыршылық пен аштық Кеңес үкіметі органдарынан өлкенін 2 млн астам халқына көмек көрсету жөнінде төтенше шаралар қабылдады.

БОАК декретімен республиканың егін шықпаған аудандарының халықтары азық салығынан босатылды.

1922 ж – егіс көлемінің 60℅-ға жуығы, Кеңес үкіметі берген дәні себілді.

Кеңестік-Түркістандық туысқандық көмек көрсетті, 20 мың ашыққан адамды қабылдады.

1921-1922 жж- аштық демографияға қатты әсерін тигізді.

Кеңес үкіметі ашыққан халқына көмек көрсету кеш бастады.

1922 ж- Орынбор, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларының халқының саны 1/3 – ке азайып кетті.

Ресей мен Украинадан келген 700 000 астам адам Республикадан тыс басқа жерге көшіп кетті.

Жер-су реформасы.

1921 сәуірде – Сібір және Орал казак әскерлеріне берген жерді, қазақ енбекшілеріне қайтару туралы декрет шықты. Осы декрет бойынша қазақ шаруалары Ертіс жағалауындағы жерлерді қайтарып алды.

1921 ж – Жетісуда жер-су реформасы жүргізілді. Қазақ, қырғыз, ұйығыр еңбекшілеріне 1916 жылы тартып алынған жерлер қайтарылды.

Жетісу мен Оңт.Қазақстанда 1 млн десятина жер қоры құрылды.

1921 ж –«қосшы одағы» құрылды. Ауылдарды Кеңес үкіметінің нығаюымен қазақ еңбекшілерін мемлекеттік және шаруашылық құрылысқа тартуда маңызды роль атқарды. Қосшы одағы кедейлерге артельдер құруға, жер беруге қамқорлық жасады.

1930 ж – «Қосшы одағы» - «Кедей» боп атала бастады.

1921 ж – ЖЭС. РК(б)П –ның Х сьезі азық-түлік салғыртын – азық-түлік салығына ауыстырды.

Белгілері: 1.Жерді жалға беруге және алуға.

  1. Жалдама енбекті қолдануға рұқсат етті.

  2. Ауылшаруашылық несие қоғамы- ауылшаруашылығын қалпына келтіруде- ауылшаруашылығынаң несие қоғамы құрылды.

  3. Түтіну кооперациясын дамытты.

  4. Әскери коммунизм тұсында енгізілген еңбек міндеткерлігі жойылды.

  5. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді.

  6. Машиналарды жалға берудің алғашқы пункттері пайда болды.

  7. Базалар ашылды.

  8. Темір жол және автомобиль тасымалының өндіруші өнеркәсіптің орындары шаруашылық есепке көшірілді.

Малы 6-ға жетпейтін қожалықтар салықтан босатылды.

1921 ж- Көлік салығы мен ақшалай түтін салығының орнына бірыңғай заттай салық белгіленді.

1924 ж 1 қантар –тек ақшалай салық енгізілді. Салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражат қорғаныс ісіне, халық ағарту ісін дамытуға, ауыл шаруашылығына қолдау көрсету, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды.

Ұсақ кәсіпорындар дамыды: диірмендер, наубайханалар, асханалар, май шайқайтын, мал соятын орындары, кірпіш заводтары сатып алуға «Қосшы» одағы көмектесті.

1924-1925 ж- республикаға тракторлар цкеліне бастады. Оларды кооперативтер мен коммуналар сатып алды.

1928 ж – Егіс көлемі 4,4 млн гектар. Қазақ АКСР-нде 1913 жылғы денгеймен салыстырғанда.

1924 ж – 24,8 млн мал басы. Мал шаруашылығы жоғары қарқынмиен дамыды.

1928 ж – 41 млн мал болды.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіпте де оң өзгерістер болды. Жалпы одақтық трестер республиканың бюджетіне өз табысының едәуір бөлігін аударып отырды. Елдің қорғаныс қуатын арттыруға қажет болатын өнеркәсіпке шамадан тыс одақтық трестердің, кейін халық комиссариаты және ведомстволардың монополиялық өктемдігі қалыптасты.

Түсті металлдың басты ауданы(ЖЭС жылдары) – Кенді Алтай.

  1. 1920 ж – қоғасынның 40 ℅ берген – Риддер.

  2. Доссор – мұный кәсіпшілігі, мақта кәсіпорындары жұмыс істеді. Осы кәсіпорындарды Атыраумен байланыстыратын жол салынды.

  3. 1920 ж – Шымкентте Сантонин (дәрмене заводы) салынды.

  4. 1927 ж – Қарсақпай өзінің мысын берді.

Жәрменкелер:

  1. Қоянды мен Баянауылда (Семей губерниясы)

  2. Атбасар (Ақмола облысы)

  3. Ойыл мен Темір (Ақтөбе)

  4. Бөкей Ордасында

1927 ж – Республикада: 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрменке жұмыс істеп отырды.