
- •1. Ағымдағы шот бойынша бірлесіп қаржыландырудың шығыс операциясын жүргізу
- •2. Азқұндық және тез тозғыш заттардын түсінігі мен анықтамасы және олардың есебі
- •3. Баланстын тыс шоттарында есеп жүргізу ұйымдастыруы
- •4. Бухгалтерлік есебінің құжаттары
- •5.Бухгалтерлік есебің есеп циклы
- •6.Бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік баланс және есеп шоттары
- •7.Бухгалтерлік есеп беру.
- •8.Бюджет төлемдері бойынша есеп айырысу.
- •9.Бюджетпен есеп айырсу
- •10.Бюджеттен тыс,валюталық және сыртқы займ бойынша арнайы қаражаттардың есебі және бірлесіп қаржыландырудың есебі
- •11.Бюджеттік мекемелер қолданатын есеп формасы
- •12.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар аналитикалық есебі
- •13.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізуы
- •14.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар синтетикалық есебі
- •15.Бюджеттік мекемелердегі кассалық есеп айырысу қызметінің реті
- •16.Бюджеттік мекемелердегі кассалық орындалу туралы есеп беру
- •17.Бюджеттік мекемелердегі ақша қаражаттары мен ассигнованиесінің есебі
- •18.Бюджеттік мекемелердегі қаржыландыру есебі.
- •19.Бюджеттік мекемелердегі шығыс есебі
- •20.Бюджеттік мекемелердін негізгі құралдарыдын жүктілеуі және құрамы
- •21.Бюджеттік мекемелердің бас бухгалтерледің құқығы және міндеттері
- •22.Бюджеттік мекемелердің бухгалтерлік балансы
- •23.Бюджеттік мекемелердің есеп шоттары
- •Шоттар жоспарының бөлімдері
- •7. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары
- •8. 5 «Таза активтер/капитал» бөлімінің шоттары
- •9. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары
- •10. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары
- •11. 8 «Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар» бөлімінің шоттары
- •24.Бюджеттік мекемелердің есеп шотына ақша қаражатының түсуі
- •25.Бюджеттік мекемелердің құжаттануы
- •26.Бюджеттік мекемелердің негізгі қағидалары және қаражатталау тәсілдері (әдістері)
- •27.Бюджеттік мекемелердің шығыстарының есебі
- •28.Бюджеттік ұйымдағы дебитормен есеп айырсу
- •29.Бюджеттің орындалуы туралы қаржы органдарының есеп беруі.
- •30.Еңбек ақы және стипендия шығындарын бақылау және оның есебі.
- •31.Кәсіпорының тмқ құжаттауы
- •32.Кірістердің аналитикалық есебі. Қаржы нәтижесін анықтау.
- •33.Кірістің аналитикалық есебі
- •34.Материал емес активтердің есебі
- •35.Материал емес активтердің түсінігі және жіктеуі
- •36.Материалдардың қозғалысының құжаттау есебі
- •37.Материалдардың құрамы мен құрылымы
- •38.Материалды емес активтердін кіріс және шығыс есебі
- •39.Мемелекеттік бюджет есебінен қаржыланатын мекеменің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және оның мақсаты
- •40.Негізгі құралдардын кіріс және шығыс есебі
- •41.Негізгі құралдардын тозу есебі: түсінігі, есебің ұйымдастыруы
- •42.Негізгі құралдардың есептен шығару есебі
- •43Республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша кассалық орындалуы
- •44.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі
- •46.Сметаның қолдануы бойынша бухгалтерлік құжаттар және олардың реквизиттері
- •47.Тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі.
- •48.Түгендеу: түсінігі, турлері, өткезудің ұйымдастыруы
- •49.Ұзақ мерзімді активтерді түгендеу
- •50.Ұзақ мерзімді активтердің тозуын есептеу әдістері
- •51.Шығыс бойынша құжаттаныдру
- •52.Шығыстар сметасының орындалуы туралы бюджеттік мекемелердің есеп беруі.
18.Бюджеттік мекемелердегі қаржыландыру есебі.
Бюджеттік қаржыландыру. Ол арнайы құжат- смета арқылы жүргізлетін әлеуметтік-мәдени шараларды, мемлекеттік билік органдарын, қорғаныс саласын қаржыландыруда пайдаланылады. Мұндай мекемелер бюджеттік деп аталады. Сонымен қатар бюджеттің қаржыландырудың келесідей нысандары бар: • Дотация. Ақшалай қаражаттар қайтарымсыз тұрғыда бюджет пен бюджеттік емес қорлардан кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін қолданылады • Субвенция. Қаржылық көмектің бұл түрі халықты әлеуметтік қолдау бойынша бойынша дайындалатын бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. • Субсидия. бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсыз жәрдемақы.
Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:
мемлекеттік мекемелер – мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан əрі – міндеттемелер бойынша жеке жоспар) жəне мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан əрі – төлемдер бойынша жеке жоспар);
бюджеттік бағдарламалар əкімшісі – міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын жəне төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан əрі – бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің қаржыландыру жоспары);
бюджетті атқару жөніндегі уəкілетті орган – түсімдердің жəне төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын əзірлейді.
Қаржыландырудың жеке жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар əкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің жəне төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға жəне жергілікті бюджеттер туралы мəслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық жəне жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларына, бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан əрі - ҚР ББС), Республикалық жəне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан əрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сəйкес жəне осы Ережеде белгіленген тəртіппен əзірленеді.
Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың əкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің жəне төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін
сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.
5000 «Қаржыландыру» кіші бөлімі қаржыландыру көзін есепке алуға арналған. Бұл кіші бөлім мына шоттан тұрады: 5010 - «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шоты мелекеттік бюджеттен бөлінген қаржыландыру бойынша негізгі құралдар, материалдық емес активтер инвестициалық жылжымайтын мүлікті қаржыландыру көзін есепке алуға арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды: 5011 - «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімі активтерге күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыруды есепке алуға арналған. 5012 - «Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар есебінен қаржыландыру» бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімі активтерге күрделі салымдарды сыртқы қарыздар есебінен қаржыландыруды есепке алуға арналған. 5100 «Резервтер» кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған. Бұл кіші бөлім мына шоттардан тұрады: 5110 - «Резервтер» шоты активтерді қайта бағалауға, топтың есептілігін шоғырландыру үшін шетелдік мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қайта есептеуге арналған резервтерді есепке алуға арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды: 5111 - «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», мұнда негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижелері есепке алынады. 5112 - «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв», мұнда материалдық емес активтерді қайта бағалау нәтижелері есепке алынады. 5113 - «Қаржылық инвестицияларын қайта бағалауға арналған резерв», мұнда қаржылық салымдарды қайта бағалау нәтижелері есепке алынады. 5114 - «Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв», мұнда негізгі мемлекеттік мекемемен қаржылық есептілікті шоғырландыру үшін шетелдік мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілік элементтерін қайта есептеуден базалық нәтиже есепке алынады. 5115 - «Өзге резервтер», мұнда алдыңғы шоттар топтарында көрсетілмеген резервтер есепке алынады. 5200 «Қаржылық нәтиже» кіші бөлімі мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметтен жинақталған қаржылық нәтижелерді есепке алуға арналған. Бұл кіші бөлім мына шоттардан тұрады: 5210 - «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шоты мемлекеттік мекеме бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесін есепке алу үшін арналған. 5220 - «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шоты мемлекеттік мекеме бойынша өткен жылдардың қаржылық нәтижелерін есепке алу үшін арналған.