Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджет билет қосылған.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.79 Кб
Скачать

17.Бюджеттік мекемелердегі ақша қаражаттары мен ассигнованиесінің есебі

Мемлекеттік мекемелер шығыс операцияларын жүзеге асыруды ағымдағы қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары шегiндегi шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жүргiзедi

Бюджет қаражатын пайдалану нысаналы мақсатына сай қатаң жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанының аяғына дейін пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады.

Есепті кезеңдегі ақшалай қаражат ағындары туралы ақпарат мемлекеттік мекеменің ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінен ағындарға бөле отырып, беріледі.

Ақша қаражатымен және олардың баламаларымен жасалатын операцияларды есепке алу үшін «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімінің шоттары пайдаланылады:

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»;

1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты»;

1030 «Есеп айырысу шоты»;

1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ»;

1050 «Шетелдік валютадағы шот»;

1060 «Арнайы шот»;

1070 «Өзге де ақша қаражаты»;

1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»;

1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары».

1010 «Кассадағы ақша қаражаты».

Мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған артық сомасы бюджет кірісі болып табылады:

Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

Кт 6360 «Өзге кірістер»

бір уақытта

Дт 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар»

Кт 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек».

Бюджетке ақша қаражатын аудару:

Дт 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты».

Корпоративтік төлем карточкасын қолдану арқылы есеп айырысуды іске асыру рұқсат етілетін шығыстар мен лимиттердің экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің тізбесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен анықталған.

Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын толықтыру сомасына:

Дт 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты»

Кт 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» немесе 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ».

Ағымдағы шоттан кассалық операцияларды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган (есеп беретін тұлға) алған ақшаның сомасына:

Дт 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» дебеті және

Кт 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

Кассаға енгізілген ақшаның сомасына:

Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

Кт 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі».

1030 «Есеп айырысу шоты» шотында Қазақстан Республикасының елшіліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) және басқа ұйымдар алған бюджет қаражатын есепке алу жүзеге асырылады.

Түскен сома мынадай жазбамен көрсетiледi:

Дт 1030 «Есеп айырысу шоты»

Кт 6010 «Ағымдағы қызметтi қаржыландырудан алынатын кiрiстер» шотының кредитi.